орналасып, мықты бір тұтас құрылысты болып келеді. Жылы теңіздерде,
Атлант, Үнді, Тынық мұхиттарының тропикалық аймағында кең тараған.
Негізгі туыстары: Madrepora, Coeloria, Leptoria. Meandrivia. Олардың триас
дәуірінен бастап тіршілік еткені белгілі.
Цериантария - Ceriantharia-отрядының өкілдері актинияларға ұқсас,
қаңқасы дамымаған, жеке особьтары теңіздің түбіне көміліп тіршілік етеді.
Тропиктік жылы теңіздерде мекендейді.
Зоантария - Zoantharia-отрядына жеке тіршілік ететін немесе
колониальды полиптер жатады. Қаңқасы жоқ. Тропиктік жылы теңіздерде
мекендейді, өте сирек кездеседі.
Антипатария - Antipataria-отрядының өкілдері колониальды формалар,
қаңқасы мүйізді органикалық заттардан құралған, құрамында йод пен бром
6% мөлшерінде. Тропиктік мүхиттарда кең тараған.
Достарыңызбен бөлісу: