Горгонария немесе мүйізді маржандар - Gorgonaria
- отрядының ерекшелігі
-ағааш тәрізді колонияларының осінде спикулалардан басқа жартылай
ізбестелген мүйізді діңгегі (стержень) болады. Олардың құрамында йодтың,
мөлшсрі мол болып келеді, сол себептен орта
ғасырда горгомариялардың
қаңқасын үгітіп дәрі-дәрмек ретінде қолданған. Ең маңыздысы қызыл немесе
асыл маржандар - Corallium rubrum. Ол Жерорта теңізінде және Атлант
мүхитының Канар аралдарында 50 м тереңдігінде кездеседі. Қаңқасы ізбесті
спикулалардың бір-бірімсн өзара берік қосылуынан пайда болады.
Колонияның ішінде цилиндр тәрізді ізбесті діңгек өтеді, ал сырты ценосарк
деп аталатын жұмсақ қабықпсн қапталынған. Сыртқы қабығы мен ішкі
қаңқасы қызыл, кейде алқызыл түсті болады, осындай түсті
болуы
спикулаларына темір тұздарының жинақталуына байланысты. Қызыл
маржандардың кәсіптік маңызы бар, олардан зергерлік бұйымдар жасайды.
Теңіз қауырсыны - Pennatularia - отрядына әсем түсті, тарамдалмаған
ірі колонияльді полиптер жатады. Колонияның негізгі діңгегі алғашқы
полиптің ұзарған денесінен құралып, оның
жоғарғы жағында екі қатар
параллель тәртіпте өте нәзік полиптері орналасқан. Колония төменгі сабақ
жағымен су түбіне батып тұрады, Колонияның ұзындығы 40-60 см, ал
Umbellula encrinus, Um. magniflora-ның - 200 см.
Umbellula туысының
өкілдері Атлант мүхитының солтүстігінде, терең жерлерде мекен етеді.
Атлант мүхитында және Жерорта теңізіндс 20-40 м тереңдікте Veretillum
cynomurium, ал Атлант, Тынық, Үнді мұхиттарында әр түрлі тереңдікге
Pennatula phosphorea кездеседі. Колониялары қызыл сары түсті. Pennatula,
Veretillum туыстарының өкілдері өз денесінен жарық шығарады. Жарықты
шығаратын эктодерма без клеткаларының сілекейлері.
Достарыңызбен бөлісу: