Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы қағидалардан тұратын осы арнайы оқу пәнінің мақсаты және құрылымы айқындалады


-сурет Педагогиканың философиясы және әдіснамасының оқу пәні ретіндегі құрылымы



бет12/31
Дата21.09.2023
өлшемі0,54 Mb.
#109529
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Байланысты:
Глава 1новый

3-сурет Педагогиканың философиясы және әдіснамасының оқу пәні ретіндегі құрылымы

  1. Педагогика әдіснамасының қазіргі кезеңдегі бағыты (әдіснамалық проблема, әдіснамалық білім, әдіснамалық зерттеу, әдіснамалық тұжырымдама, әдіснамалық зерттеудің ұстанымдары, инновациялық зерттеу, мұғалімнің инновациялық даярлығы);

  2. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері (педагогикалық зерттеу логикасы, педагогикалық зерттеу әдістері, педагогикалық зерттеу нәтижесі, педагогикалық зерттеу сапасы, әдіснамалық негіздер).

Ғалымдар педагогика әдіснамасын төрт деңгейде қарастырады:
1-деңгей - гносеологиялық: педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді талдауға қатысты жалпы ғылымилық бағыттылықты қалыптастырады;
2-деңгей – дүниетанымдық: баланың білім алу, тәрбиелену, оқу, жеке тұлға ретінде қалыптасып даму факторларын қарастырады;
3- деңгей - ғылыми-мазмұндық: педагогика ғылымының заңдылықтарын негіздейді және адамды тәрибиелеу, оқытудың теориясы мен әдістемесін қарастырады;
4- деңгей - логикалық-гносеологиялық: педагогиканың пәні мен объектісін, оның негізгі ұғымдарын қарастырады, педагогикалық теория мен практика арасындағы арақатынасты анықтайды, педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысын қарастырып, іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізіп, педагогиканың дамуына болжам жасайды.
Әдіснамалық мәселелерді ғалым В.И. Загвязинский шартты түрде 5 топқа бөледі: жалпы әдіснамалық, жалпы ғылымилық, жеке әдіснамалық мәселелер; зерттеудің әдістерін үйрену, бағалау, пайдалану және жетілдіру мәселелері; педагогикадағы буржуазиялық-идеологиялық тұжырымдамаларды сынауға қатысты мәселелер.
Педагогиканың жалыпы әдіснамалық мәселелері М.А. Данилов, Ю.К.Бабанский, С.Я. Батышев, Б.С. Гершунский, В.Е. Гмурман, Т.А. Ильина, Ф.Ф. Королев, Б.Т. Лихачев, Н.Д. Никандров, Я.С. Турбовской, Г.Н. Филонов, В.С. Шубинский және т.б ғалымдар еңбектерінде зерделенді. Тәрбие теориясының әдіснамалық мәселелері Б.П. Битинас, В.С. Ильин, Б.Т. Лихачев және т.б ғалымдар еңбектерінде қарастырылады. Дидактиканың әдіснамалық мәселелері Ю.К. Бабанский, М.А. Данилов, Л.В. Занков, В.В.Краевский, И.Я. Лернер, М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин және т.б еңбектерінде көрініс тапты.
Сонымен қатар, ғылым әдіснамасы - ғылыми білімнің құрылымын, негіздеу және дамыту әдістерін, ғылыми танымның зерттеу әдістері мен тәсілдерін зерттейтін ғылымның бөлімі.
Педагогика ғылымының әдіснамасының мәнін және мәртебесі нақтыланды (4-cурет. Педагогика әдіснамалық негіздері).
Педагогика әдіснамасы ғылымның философиясымен, ғылымның әдіснамасымен, ғылымның парадигмасымен тығыз байланыста жүйеленеді. Өйткені педагогика әдіснамасы саласындағы ізденістер ғылым әдіснамасы жетістіктеріне негізделіп жүргізіледі. Бұл ретте, ғылымның әдіснамасынан:

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет