Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы қағидалардан тұратын осы арнайы оқу пәнінің мақсаты және құрылымы айқындалады



бет22/31
Дата21.09.2023
өлшемі0,54 Mb.
#109529
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Байланысты:
Глава 1новый

Педагогика және дидактика

Педагогика ғылымының дамуы негізінде дидактика білім беру мен оқытудың теориясын шоғырландыруға көңіл бөле отырып, ғылыми ілім саласында өзіндік мәртебеге ие бола бастады. Бүгін дидактика білім беру және оқыту туралы ғылым ретінде танылып отыр. «Дидактика» түсінігі мазмұнын толық түсіну үшін, қысқаша ғана бұл ғылыми пәннің дамуына тарихи шолу берген жөн. Тарихта былай болған, яғни, уақыттар бойы «педагогика» терминімен қатар «дидактика» термині бір мағынада қолдалынып жүрген. Ең алғаш рет оны ғылымға неміс педагогы В. Ратке (1571-1635) кіргізген және өзінің дәріс курсына «Дидактикадан қысқаша ғана есеп нәтижесі немесе Ратихияның оқыту шеберлігі» деп атаған. Осындай мағынаны ұлы чех педагогы Ян Амос Коменский де қолданған. Ол 1657 ж Амстердамда өзінің «Ұлы дидактика» атты белгілі еңбегін бастырып шығрды.


«Дидактика» термині грек тілінен шыққан, яғни «didaktikos»-үйренуші, ал «didasko»-зерттеуші. Я.А.Коменскийдің дидактиканы «бәрін бәріне оқыту өнері» ретінде қарастыруын осы сөздер оятқан болар. Оның құрамында ол «жан-жақты моралға бағытталған ойлардың қалыптасуы» туралы оқыту мен тәрбиелеу сұрақтарын қарастырады.
Педагогика ғылымының дамуы барысында дидактика білім беру мен оқытуға көңіл қоя бастайды. Әлемдік дидактиканың дамуына Иоганн Фридрих Гербарт (1776-1841), И.Г.Песталоцци (746-1827), А.Дистерверг (1790-1816), К.Д.Ушинский (1824-1870), Д.Дьюи (1859-1952), Г.Кершенштейнер (1854-1932), В.Лай (1862-1926) және т.б. үлкен еңбек сіңірді.
XIX-XX ғғ. аралығында отандық дидактиканың дамуына П.Ф.Каптерев, С.Т.Шацкий, П.П: Блонский, А.К. Гастев, А.П. Пинкевич, М.М. Пистрак және т.б. көңіл бөлді. Әсіресе КСРО кезінде отандық дидактикада П.Н.Груздев, М.А. Данилов, Ш.И. Ганелин, Е.Я. Голант, Л.В.Занков, Б.П. Есипов, М.Н. Скаткин және т.б. табысты жұмыс істеді. Оқытудың ғылыми негіздемесіне, объектісі мен дидактиканың пәнін анықтауға, педагогикалық ғылымдармен емес ғылымдармен байланысын табуға, дидактикалық зерттеудің әдіснамасын, оқыту әдістері мен дидактиканың басқа өзекті мәселелерінің дамуына В.С. Ильин, В.И.Загвязинский, В.В. Краевский, И.Я. Лернер, М.М. Махмутов, П.И. Пидкасистый және т.б. маңызды үлес енгізді. Олардың дидактикаға үлесі, басқа зерттеушілер үлесі сияқты, қазіргі уақыттағы педагогикада туындайтын өзекті мәселелерге жауап табуға мүмкінік жасайды.
Дидактиканың негізгі міндеті оқу үдерісіне әсер ететін заңдылықтарды анықтау және бұл заңдылықтарды білім беру мақсатында неғұрлым табысқа жету жолында пайдалану. Дидактика білім беру мазмұнын ғылыми негіздеумен, яғни «нені оқыту керек», оқытуды ұйымдастырудың формалары, әдістері мен ұстанымдарын зерттеумен, яғни «қалай оқыту керек», сол сияқты оқушының шығармашылықпен белсенді еңбектенуіне, жеке басының дамуына мүмкіндік жасаумен айналысады. Ұлы ойшыл ғұламалар Әбу-Насыр Әл - Фараби, Ибн-Сина, Қожа-Ахмет Иассауи, Әл-Хорезми, Махмут Қашқари, Жүсіп Баласағұни қазақ жерінде дидактиканың философиялық-әдіснамалық заңдылықтары, өзіндік ерекшеліктері туралы өз еңбектерінде жазып, кейінгі ұрпаққа өте бай мұра қалдырды.
Қазақстан топырағынан шыққан, әлемдік мәдениет пен ғылымның дамуына зор үлес қосқан, данышпан ғалым Әл-Фараби адамды тек оқу білім арқылы жаңартуға, жетілдіре түсуге болады, мұның өзі барша халыққа бірдей ортақ нәрсе деп түсінді. Оның сан-салалы трактаттары ғылымның барлық дерлік саласын қамтыды. Ұлы ойшыл еңбектерінде педагогика мен психологияның, математика мен оны оқыту әдістемесі мәселелері де үлкен орын алады. Әсіресе, «Ғылымдардың классификациясы» деген еңбегінде сол кезеңдегі белгілі ғылымдардың әрқайсысын жеке-жеке саралап, олардың мазмұнын толық баяндады. Ол математика ғылымын жеті тарауға бөлген: арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка салмақ туралы ғылым, айла - әрекет туралы ғылым. Ол математика ғылымын осылай реттеп, жүйелей отырып, оның салаларының әрқайсысының зерттеу обьектісі мен пәнін тағайындайды. Арифметика мен геометрияны теориялық және практикалық деп екіге бөле отырып, олардың әрқайсысының мәні мен мазмұнын тығыз бірлікте, байланыста қарастырады.
Ж. Баласағұни «Құтты білік» атты еңбегінде ғылым мен білімнің адам өмірінде шешуші рөл атқаратындығын айқындай отырып, өмірмен байланысты білімнің өлшеусіз байлық, мол мұра екенін төмендегіше тұжырымдаған: «Білімнің де білімі бар, жаттап алған құрғақ білімнен пайда аз. Адамды адам ететін, оның өмір сүруін жетілдіретін, іс-әрекетпен, тәжірибемен байланысқан білім ғана нағыз білім болып саналады».
Қазақтың ұлы ақын, ойшылдары А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, этнограф–ғалым Ш. Уәлиханов, ағартушылар Ы. Алтынсарин, С. Көбеев, С. Торайғыров өздерінің философиялық еңбектеріндегі қазақ халқының дүниетанымын қалыптастыру, ағарту, сауат ашу, білім беру, мәдениетке үйрету, өзге елдердің озық мәдениетінен үйрену туралы айтқан құнды пікірлері қазіргі кезде де өз мәнін жоймағанын, қайта осы заманғы білім беру ісімен үндесіп тұрған өзекті мәселе екенін аңғарамыз.
Одан бергі кезде ХХ ғасырдың басында қазақ зиялылары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамедов, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, К. Жәленұлы, С. Қожанұлы, Ә. Қасымұлы, Т. Шонанұлы, Е. Омарұлы т.б. білім беру мен оқыту үдерісін жетілдіру, оқулықтар даярлау, білім мазмұнын іріктеу, оқушылардың таным әрекетін арттыру мәселелерін тереңінен зерттеп, дидактиканы одан әрі дамытуға өз үлестерін қосты. М. Жұмабаев оқыту үдерісіне қатысты іс-әрекет, амал жүйесін құрып, бірқатар «индукция», «дедукция», «талдау», «жинақтау» т.б. сияқты терминдерді өзінің «Педагогика» атты еңбегінде қолданған. Ж.Аймауытов көптеген «ынта», «мүдде», «берне», «бағам», «перцептив», «апперсепсе» және т.б. атауларды дидактикаға алғаш енгізген. Ол таным теориясының тірегі пәлсапалық жадты үздіксіз дамыту деп есептеген. Адамның ойлау іс-әрекетін «ойсандығы» деп атаған.
Кеңес дәуірінде Қазақстан ғалымдары педагогиканың жалпы мәселелерімен қатар дидактикалық мәселелерді де зерттеді. Республика мектептерінің практикалық материалдарына сүйене отырып, жалпы педагогикалық, дидактикалық маңызы бар түрлі жастағы оқушылармен жұмыс істеудің ерекшеліктері, оқытудың дамуына байланысты мектептерді политехникаландыру, мектеп жағдайындағы оқыту, білім беру үдерісінің ерекшеліктері сияқты тақырыптар бойынша көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. Солардың бірі профессор Р.Г. Лемберг болды. Ол 1938 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқытушы, кафедра меңгерушісі бола жүріп, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды, нұсқауларды зерттеді, жас ғалымдарды тәрбиелеуге елеулі үлес қосты. Отызға таяу ғылым кандидаттарын, бірнеше ғылым докторларын дайындады. Педагогиканың теориялық және практикалық маңызы бар мәселелері туралы көптеген еңбектер жазды. Ол еңбектердің ішінде бастауыш білім беру мәселелері де қамтылған. «Бастауыш мектептегі сабақ», «Сабақ методикасының мәселелері», «Дидактикалық очерктер», «Мектеп оқушыларын жалпы дамыту жұмыстары», «Сабақты құру мәселелері», «Сабақта білім беру мен білімді пысықтау», «Мектептегі оқыту әдістері» атты еңбектерінде сабақтың тақырыбы мен мазмұнының ішкі бірлігі, жаңа материалдың сабақтағы рөлі мен маңызы, сабақта жаттығулар жүргізудің жолдары, білімді есепке алу мен материалды пысықтаудың жаңа түрлері ұсынылды. Оқыту әдістерінің жалпы теориясына тоқтала келе, ол оқыту әдістерінің тиімділігі оқушыларды біліммен қаруландырып қана қоймай, олардың дүниеге көзқарастарын қалыптастырып, сабаққа ынтасының, білуге құштарлығының артуына, жан-жақты дамуына тікелей әсер ететінін айтады.
Белгілі ғалым С. Қожахметовтың «Совет мектебінің негізгі дидактикалық принциптері» тақырыбындағы зерттеу жұмысында оқушылар білімінің саналы және жинақты болуының дидактикалық ұстанымдары, бастауыш мектепте оқушылар білімін тексеріп, бағалай білудің әдістемелік жолдары, сабақтан тыс мезгілдегі және сабақ үстіндегі оқушылардың кітаппен жұмыс істей білуі, сабақтан тыс уақытта оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жолдары қарастырылған. Ғалым сабаққа қойылатын дидактикалық талаптарды нақтылап, мұғалімнің оқушылармен тығыз қарым–қатынасы арқылы сабақтың тиімділігін арттыру жолдарын көрсетіп берген болатын.
Н. Көшекбаевтың «Оқыту теориясы» деп аталатын еңбегі сол кездегі педагогтар, мектеп мұғалімдері мен әдіскерлер үшін аса құнды еңбектердің бірі болды. Бес тараудан тұратын оқу құралында оқыту теориясының басты – басты маңызды мәселелері баяндалған. Оқытудың ғылымилық, білімнің берік болуы, жүйелілік, көрнекілік, теория мен практиканың байланыстылық, саналылық, сияқты дидактикалық ұстанымдарын талдап түсіндірген. Дидактика тарихын зерттеуге Р.Б. Вендеровская, Ш.А. Ганелин, С.Ф. Егоров, З.И. Равкин, Л.А. Степашко, Қ.Б. Сейталиев, Е.Ү. Жұматаева, Б.К. Әбдіғұлова өз еңбектерін арнады.
Дидактика өзінің пәні шеңберіндегі заңдылықтарды зерттейді, оқыту үдерісі мен оның барысында туындаған нәтиженің бір-біріне тәуелділігін талдайды, жоспарланған мақсаттың орындалуын қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру формалары мен құралдарын анықтай отырып, екі маңызды қызмет атқарады: теориялық және практикалық.
Дидактика мәселесі М.А. Данилов, М.Н. Скаткин, В.В. Краевский, А.В. Хуторской, И.К. Журавлев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелді. Сонымен қатар, дидактика саласында белгілі ғалым педагогтар, М.А. Құдайқұлов, Н.Д. Хмель, А.Е. Әбілқасымова, А.А. Бейсенбаева, Б.Б. Баймұқанов, М.Ж. Жадрина, С.Е. Шәкілікова, Е.У. Медеуов, Т.С. Сабыров, Г.Т. Хайруллин және т.б. орта және жоғары мектеп дидактикасының ерекшеліктері, оқушылар мен студенттердің өзіндік танымдық әрекеті, кәсіби білімді дамыту, білім мазмұнын анықтау оқытудың жаңа технологияларын қолдану жолдары, түрлі пәндердің оқыту заңдылықтары мен ұстанымдары және басқа да дидактиканың біртұтас жүйесіне қажетті өзекті мәселелерді шығармашылықпен зерттеп, елімізде дидактиканың дамуына үлес қосты.
Дидактика – оқытудың педагогикалық теориясы. Білім беру - адамның, қоғамның және мемлекеттің мүддесіне сай тәрбие мен білім беру мақсатына бағытталған үдеріс.Оқытуды толығырақ деңгейде теория жағынан зерттейтін педагогикалық пәнді дидактика деп атайды
Негізінен, дидактиканы білім беру мен оқыту теориясы ретінде анықтайды. Мұндай жағдайда білім оқытудың нәтижесі ретінде, ал оқыту – «білім беру жолы» ретінде көрсетіледі.
Сонымен, дидактика - бұл оқытуды теориялық деңгейде зерттейтін педагогикалық пән. Сондықтан, практикалық әрекет теориясы, яғни оқыту әрекетінің теориясы қажет. Бұл – дидактиканың дәл өзі.
Дидактиканың пәні мен объектісі. Педагогикада дидактикалық талдаудың басты салаларының ұғымы – оқытудың мазмұны мен үдерісі (әдістері, ұйымдастыру тәртіптері). Қайткенмен де оқытуды түсіну де бір мағынада емес. Кейбір анықтамаларды келтірейік. Біреулер дидактиканың объектісі ретінде оқытуды білім беру мен тәрбиелеу құралы ретінде қарастырса; екіншілері – оқытудың заңдылықтары мен ұстанымдарын, олардың мақсатын, білім мазмұнының ғылыми негіздерін, әдістерін, формаларын, оқыту құралдарын; үшіншілері – оқытудың және білім берудің бірлескен өзара әрекетін; төртіншілері – жалпы дидактиканың пәні деп тек оқыту үдерісі ғана емес, оның дамуына қажет жағдайлар (мазмұны, ұйымы, құралы, т.б.) да, сонымен қатар бұл жағдайларды жүзеге асыратын әртүрлі тұрақты нәтижелер деп есептейді.
Қорыта келе, бүкіл осы анықтамаларды жинақтасақ, онда дидактиканың оқытудың мақсаттары, мазмұны, заңдылықтары, әдістері және оқыту ұстанымдары зерттейтіні мойындалады. Дидактика білім берудің жалпы мақсатын оқытудың жағдайына қолданылатын етіп педагогика тіліне аударады. Бірақ мұндай мақсаттардың анықталуы мен қалыптасуына тек дидактика ғана қатыспайды, басқа да: философия, социология, психология және т.б. сияқты ғылымдар қатысады. Әрі қарай, оқытуда тек дидактикалық заңдылықтар ғана емес, басқалары да, мысалы, психологиялық және физиологиялық заңдылықтар әрекеттенеді. Ақпараттың айналымының жалпы заңдылықтарын көбінесе информатика, кибернетика, синергетика зерттейді. Оқыту ұстанымдары көптеген ғылымдардың оқыту құбылыстарын зерттеуі нәтижесінде белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет