Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы қағидалардан тұратын осы арнайы оқу пәнінің мақсаты және құрылымы айқындалады



бет6/31
Дата24.10.2022
өлшемі0,54 Mb.
#45187
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Глава 1новый

Антик дәуіріндегі адам. Антик дәуірінің философтары «оқып үйренуші- адам» оқыту мен тәрбие аясында ізгілікті өмір сүру қабілетін игереді деп тұжырымдады.
Орта ғасыр және қайта өрлеу дәуіріндегі адам. Бұл тарихи дәуірде сенім арқылы тәрбиелеу педагогикасы адам жанына бағытталды. Орта ғасырдың діни педагогикасы білім берудің антиктік мұратын жоққа шығарды. Олар оқытуды Құдайды және жанның құдайлық мәнін танудың бірден – бір жолы деп түсінді. Ренессанс дәуіріне «гуманизм» ұғымы тән болды.
Жаңа дәуірдегі адам. Бұл дәуірдің философтары Ф. Бэкон, Р. Декарт,
Б. Спиноза, Г.В. Лейбниц, Д. Юм, Дж. Локк және басқалардың еңбектерінде білім берудің адамның интеллектуалдық қабілетін дамытуда және дене күштерін нығайтуға қажеттілігін түсіну негізделеді. «Оқып-үйренуші» адам бейнесін немістің классикалық философиясы дамыта алды. Білім беру адамның өзін және әлемді жасау құралы, білім беру өзіндік санасын қалыптастыра алады деп пайымдалды.
Қазіргі заман адамы. ХХ ғасырда білім беру мәселелерін шешудің түрлі нұсқалары ұсынылды. Білім беру туралы ойлардың теориялық негіздеріне феноменология, герменевтика, философиялық және педагогикалық антропология, персонализм, экзистенциализм, тіл философиясы, структурализм, психоанализ, бихевиоризм, когнитивті психология және т.б. алынды.
ХХ ғасырда «оқып-үйренуші адам» білім беру үдерісінде мәдениет тілдерін пайдалануға, мәдениет мәтіндерін түсіндіруге, өзгелермен және өзімен қарым-қатынасқа түсу дағдыларын меңгеруге қабілетті адам деп танылды.
Адамдарды тарихи-мәдени даму субъектісі ретінде зерделеу ғылыми білімдердің қазіргі шындық болмысты бейнелеуі туралы ғылыми деңгейдегі білімдердің дамуын қалыптастыруды талап етеді. Ғылыми білім шындық болмысты бейнелейтін жаңа деректермен толыққанда ғана өзінің өрістегенін көрсетеді. Осы деректермен толығу үдерісі зерттеудің ғылыми негізделген жаңа әдістерін пайдалануды талап етеді. Бұл әдістер, өз кезегінде, ғылымтанудағы әдіснамалық деп аталатын теориялық қағидалар жиынтығынан құрылады.
Білім беру жүйесінің әрекетінің тиімділігі педагогика ғылымының жетістіктеріне тікелей байланысты. Әрбір келесі ұрпақты қалайша оқытуды және тәрбиелеу керектігін білім беру саласына жеткізу туралы күмән жайттарды азайту үшін педагогика ұзақ тарихи кезеңді басынан кешірді. Әйтсе де, педагогика бірден өзін қалыптасқан ғылым деп атай алмады. Педагогиканың ғылымилық мәртебесін алуының ұзақ жолы – көп рет тексерілген теориялық негіздер, бұл қағидаларды тексеру және қайта тексерулер, адамзаттың мәдени және өркениеттік жетістіктерін сақтау және көбейтуге жауапты әлеуметтік институтқа қызмет ететіндей, оны шындық болмыста қайта құруға қабілетті болуы қажет еді.
Педагогика басқа ғылымдармен тығыз ынтымақтастықта дамыды. Ол үнемі өзінің ғылыми құрал-жабдықтарын, ғылыми аппаратын басқа ғылымдардағы ғылыми аппаратпен, әдіс-тәсілдермен салыстыруға мүмкіндігі болды. Педагогика нақты теориялық және қолданбалы жасалымдарға қажет жалпы ғылымилық негіздерді өңдеп, терең зерделеп отырды. Педагогиканың жалпы ғылымилық негіздері оның көпғасырлық болмысында мәнді өзгерістерге ұшырады. Демек, педагогика үшін заманауи сұрақ: бүгінгі күні педагогиканың жалпы ғылымилық базасы қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет