Оқулықтар, кесте «Оқыту әдістерінің түрлері»



Дата18.10.2023
өлшемі16,96 Kb.
#117928
түріОқулық
Байланысты:
Зертханалық сабақ 13,14


Зертханалық жұмыс №13,14
Сабақтың тақырыбы: Биологияны оқыту әдістері.
Сабақтың мақсаты: Биология сабағын оқытуда оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекетін меңзейтін оқыту әдістерімен танысу.
Көрнекіліктер: оқулықтар, кесте «Оқыту әдістерінің түрлері» т.б.


Тапсырмалар:
1.Түсіндірмелі көрнекілік әдісті 7-сыныпқа арналған биология оқулығынан белгілі бір тақырыпқа пайдалану жолын көрсетіп, дәптерлеріңізге жазыңыз.
2. Нұсқаушы-ойға түсіруші, зерттеушілік әдісті 8-сыныпқа арналған биология оқулығынан белгілі бір тақырыпқа пайдалану жолын көрсетіп, дәптерлеріңізге жазыңыз.
3.Проблемалық мазмұндау әдісіне мысал келтіріңіз.
4.Биология сабағында мультимедиялық дәрісті өткізу жоспарының үлгісін құру.
5. Интерактивті әдістерді түрлерін анықтап, сипаттамасын кестеге толтыру.


Қысқаша мағлұмат
Әдіс (грек тілінен-бағыт, таным тәсілі, зерттеу) ретінде оқыту әдістері көптеген белгілермен анықталатын күрделі құбылыс. Оқыту әдістері-биологияны оқыту әдістемесінде маңызды да күрделі проблемалардың бірі. Оқыту әдісі-бұл оқыту тәрбие үрдісінің мақсаттарына жетуге бастайтын ұстаз бен оқушының ретпен ұйымдастырылған әрекеттестігі. Жаңа ақпаратты алудың ең алғашқы тәсілі-қабылдау және қабылдағанды түйсіну, есте сақтау.
Жекелеген оқыту әдістері
Түсіндірмелі көрнекілік әдіс, бұл-дайын ақпаратты хабарлау, яғни плакаттар көрсету, сызбанұсқалар, слайдтар, тәжірибелер көрсету, жазылған құстар дауыстарын тыңдату. Мұғалім дайын ақпаратты әртүрлі формада, әр түрлі жолмен береді. Осы кездерде оқушылар дайынды қабылдайды, оны бұрынғы белгілермен қатынастырады, ұғынады, есте сақтайды да сұраған кезде естігендерін қайталайды, танысты еске түсіреді.
Нұсқаушы-ойға түсіруші әдіс, мұғалім оқушыға оқу материалын қайталау жөнінде тапсырма береді, яғни істелетін немесе орындалатын жұмысқа нұсқау береді, ал оқушылар ойға түсіреді, яғни оларға жүктелінген істі еске түсіреді, қайта жаңғыртады.
Демеу ізденушілік әдіс немесе эвристикалық әдіс, бұл әдісте ұстаз проблемалық жағдаят тудырады, эвристикалық әдістің мәні сол, онда мұғалім өзінің кішкене демеуімен, көмегімен іздеу аясын қысқартады немесе проблемалығын сақтай отырып тапсырманы ұсақ тапсырмаларға бөлшектеп, соңғы нәтижеге оқушының қадамдап жылжып, жақындауын жеңілдетеді. Соңғы нәтижеге жетуді ұсына отырып ұстаз оқушыны ішінара шешім табуға кірістіреді.
Зерттеушілік әдістің мәні - ұстаз өзі зерттеушілік тұрғыда тапсырма құрады немесе біреудің құрастырған зерттеушілік тапсырмасын алып пайдаланады, ал оқушы оны шешу жолдарын іздестіреді. Осы шешімді іздестіру үрдісі кезінде бала еріксіз шығармашылық әрекет қырларын танытады, яғни дербестік, ойдың икемділігі, болжамдар құру, көптеген жауап жолдарын, варианттарын табу т.б.
Проблемалық мазмұндау әдісі-проблемалық оқыту дамытушы оқытудың бір түрі. Проблемалық тапсырмалар әр түрлі деңгейдегі қиындықта болуы мүмкін. Оны шешу барысында оқушылар жаңа білім игереді, ал оның нәтижесінде шығармашылық қабілеттер, жемісті ойлану, елестету, қиял қалыптасады. Әрбір тапсырманың өзінің іздеу аясы бар. Проблемалық оқытудың сызбанұсқасын былай көрсетуге болады: ұстаз жағдаятқа байланысты, белгісізді іздеуге талпындыратын бағытталған проблемалық тапсырманы қояды, болжам құру және оны тексеру негізінде қойылған проблеманы сезіну, шешу, нақты тапсырмаларды шешу үшін білімді қолдану.
Мультимедиа - ақпараттар ортасының, каналдарының көптігі. Компьютердің және мультимедиалық бағдарламаның көмегімен жасалған жағдайлар оқушыға автоматттық жүйемен жұмыс барысында виртуалды оқыту ортасын (яғни, тек өзара әрекеттестік үрдісі кезінде ғана болатын) нобайлауға мүмкіндік береді. Ол үшін мультимедиалық құралдармен жабдықталған компьютерлер қолданады.
Биологияны оқытудың мультимедиалық әдістерінің ерекшеліктері. Мультимедиалық оқыту әдістері бір мезгілде ауызша белгілермен (мұғалім айтады, оқушылар тыңдайды), көрсетумен (оқушылар бақылайды, мұғалім көрсетеді), және практикалық (оқушылар әрекет етеді, мұғалім жетекшілік етеді, нұсқау жасайды). Әдістермен жүзеге асырылатындықтан оларды кешенді деп атауға болады, бірақ осы әдістерді жеке топқа бөліп және қалыптасқан әдістер жүйесін қайта құрудың керегі жоқ. Білім көзінің сипатына қарай (ақпарат) көзіне кешенді (мультимедиалық) аталған әдістер ауызша немесе көрнекі, немесе практикалық әді стер тобына кіре алады.
Биологияны оқытуда осы кешенді әдістердің ішінен мультимедиалық дәрісті (лекция) және биологиядан зертханалық сабақты жүргізуге мүмкіндік тудыратын, тіпті табиғатқа виртуалды таным жорыққа шығатын мультимедиалық практикалық сабақты айтуға болады.
Әдісті мұғалімнен оқушыға ақпарат беру тәсілі деп сонымен бір мезгілде оқушының ақпаратты меңгеру жолы. Сөз ақпаратты беру жөнінде болғандықтан, оны беру жолын ақпараттық жол деп немесе ақпараттық канал деуге болады және осы жол шын мәнінде білім көзі болады. «Ақпараттық канал» деген ұғымның артықшылығы сол, ол психологияда, педагогикалық технологияларда бұрыннан бар және жоғарыда келтірілген анықтамаға қайшы келмейді. Практикада белгілі болғандай, мультимедиалық ақпаратты алу үшін үш канал қажет: көзбен көру, есту және дене түйсігі арқылы сезіну.
Мультимедиалық дәріс. Техникалық жағынан мультимедиалық дәріс компьютерлік сыныпта әрбір оқушының жеке компьютер алдында немесе екі адамнан бір компьютерге, ал мультимедиалық проекциялық жүйеде-барлық сыныптың жұмысы кезінде. Бұл виртуалдық ақпарат ортасына толыққанды шому үшін және барлық тапсырмаларды орындау үшін қажет.
Пысықтау сұрақтары
1.Әдіс дегеніміз не?
2.Оқыту әдістері деген не ?
3.Түсіндірмелі-көрнекілік әдістің педагогикалық мәні неде?
4.Нұсқаушы-ойға түсіру әдісін қандай жағдайда пайдаланады?
5.Демеу-ізденушілік немесе эвристикалық әдістің мәні неде ?
6.Зерттеушілік әдістің мәні неде?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет