Оқулықтар мен әдебиеттер. «ҚР әлемдік қауымдастықта» пәні «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



бет8/50
Дата26.09.2022
өлшемі1,41 Mb.
#40403
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50
Байланысты:
«Қ Р әлемдік қауымдастықта» курсы бойынша дәрістер Смағұлов С 09

7 – лекция. 1 сағат.
Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының аясында.

  1. Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси қарым-қатынастар.

  2. Екі ел арасындағы экономикалық және мәдени байланыстар.

Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекет – Ресеймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. ҚР Президенті Н.Назарбаев өзінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» деген Қазақстан халқына Жолдауында былай деп атап көрсетті: «Қазақстан-Ресей қатынастары сенім мен стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейінде тұр. Ресейлік бағыт – Қазақстан сыртқы саясатының аса маңызды басымдығы. Қазақстан мен Ресей арасында сындарлы үнқатысу жолымен және өзара мүдделерді ескеру арқылы шешілмейтін проблемалар жоқ. Бұл саяси, сондай-ақ экономикалық мәселелерге де қатысты. … Қазақстан мен Ресейдің ұстанымдары ұқсас әрі жақын» (ЕҚ, 2006 ж. 2 наурыз).


Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. 1994 жылғы наурызда болван ҚР Президентінің Ресей Федерациясына жасаған тұңғыш мемлекеттік сапары екі жақты қарым-қатынасты кеңейту мен тереңдетуде елеулі рөл атқарды, оның барысында 22 ірі ауқымды құжаттарға қол қойылды. Олардың ішінде экономикалық ынтымақтастық пен интеграцияны одан әрі тереңдету туралы шартты бөліп көрсету қажет. Осы құжатқа сәйкес Тараптар экономикалық интеграцияны қамтамасыз етуде, ортақ рынокты қалыптастыруда, шаруашылық заңнамаларын жақындастыруда өзара тығыз үйлестіру Ісі жүзеге асару туралы уағдаласты. Сол сапарда бір-бірінің аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан мен Ресей азаматтарының азаматтығы мен құқықтық мәртебесіне байланысты мәселелерді шешудің негізгі принциптері туралы меморандумға, Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы келісімге қол қойылды. Байқоңыр жөнінде, жалға алу шарты (жыл сайын 115 млн. доллар) мен ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану туралы шешім қабылданды. 1994 ж. наурыздағы жоғары деңгейдегі Қазақстан-Ресей кездесуі мемлекетаралық қатынастардың серпінді дамуына қатысты берік шарттық базаны құруға әкелді. Бұл келіссөздер экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы тығыз интеграцияның жаңа кезеңін ашты.
Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді. Екі мемлекет басшылары Каспий проблемаларына айрықша назар аударды. Кездесудің қорытындылары бойынша Каспий теңізін пайдалану жөніндегі ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Тараптар Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы мәселені шешуде және теңіздің минералдық, биологиялық ресурстарын пайдалануда тығыз ынтымақтасуға уағдаласты.
Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан әрі дамуында 1998 ж. 6-шілдеде Мәскеуде қол қойылған мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл атқарды. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді. Ресей өзінің ғарыштық бағдарламасының 70 пайызын Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланып жүзеге асырады. Байқоңырда Қазақстан Ресеймен бірлесіп, өзінің ұлттық ғарыштық бағдарламасын жүзеге асыруда. Осы кездесуде Каспий жөніндегі келіссөздер процесінде жаңа тұрпатты жаңалық болды. Президенттер Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге қол қойды. Тараптар теңіздің түбі бойынша жетілдірілген орта сызықты жүргізу туралы принципті уағдаластыққа қол жеткізді.
2000 ж. 25 қаңтарында Қазақстан Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты одан әрі жетілдіре түсуге жете мән берілді. Ресей Федерациясының Президенті В.Путиннің 2000 жылғы 9-10 қазанда болған Қазақстан Республикасына ресми сапары екі мемлекеттің тату көршілік және стратегиялық әріптестігі бағытының сабақтастығын, сондай-ақ екі жақты ынтымақтастықтың нақты проблемаларын шешуде ілгері жүрудің өзектілігін көрнекі түрде паш етті. Ал 2002 ж. желтоқсанда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары барысында екі ел арасында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса айтылды. Сондай-ақ, аймақтық және халықаралық көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды. Екі жақты деңгейдегі, ТМД, ЕурАзЭқ, ШЫҰ шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-қатынастар аймақтағы елдер қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты кепілі болып табылатыны атап көрсетілді.
Әскери-саяси салада Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас екі жақты келісімдерге ғана емес, сонымен бірге ТМД елдерінің ұжымдық қауіпсіздік туралы шартына (ҰҚШ) негізделеді. 2001 ж. 25 мамырда Ереванда Шартқа қатысушы мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясының мәжілісі өтті. Кездесу кезінде әскери-саяси ынтымақтастықты нығайту қажеттілігі атап өтілді. Орталық Азия аймағы үшін жедел өрістетілетін ұжымдық күштерді құру бандалық құрылымдар мен терроризмге қарсы іс-қимылдың нақты акциясы болды (ЖӨҰК). Осы ұжымдық күштерді қалыптастыруға ҰҚК-ның төрт мүшесі – Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан қатысты.
Қазақстан Достастықты тиімді мемлекетаралық бірлестікке айналдыру мақсатында ТМД-ны реформалау мәселелерінде Ресеймен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Сонымен бірге осындай жұмысты жүргізе отырып, Қазақстан ТМД-да талқыланатын барлық проблемалар бойынша шешім қабылдаған кезде, сөз жоқ, басымдық берілетін өзінің ұлттық мүдделерін дәйекті түрде қорғап келеді.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты көңіл аударып отырған мәселелердің бірі – елдің шекаралық қауіпсіздігін сақтау. Бізбен солтүстікте бірнеше мың шақырым шекараласатын Ресеймен, оңтүстік-шығыста Қытаймен шекараны тұрақтандырып бекіту өте қажет іс еді. Шекара – мемлекеттік егемендіктің басты белгілерінің бірі. Сондықтан бұл маңызды саяси проблема Ресей мен Қазақстан үкіметтері арасындағы кездесулерде әлденеше рет әңгіме арқауы болды. Осының нәтижесінде екі ел арасында 1992 ж. 15 мамырда ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа және 1999 ж. 28 наурызда Қазақстан мен Ресей арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Бұл шарттар бойынша Қазақстан мен Ресей әрі қарай да аймақтық қауіпсіздікті бірлесіп нығайту және қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сөйтіп сыртқы саясат саласында өзара бірлесіп әрекет ету көзделген. Ресей мен Қазақстан арасындағы қауіпсіздік және сыртқы саясат мәселесі екі ел арасындағы 1998 жылы шілдеде қабылданған “Мәңгі достық және одақтастық туралы декларацияда”, сондай-ақ, экономикалық ынтымақтастық туралы алдағы 10 жылға (1998-2007 жж.) арналған экономикалық бағдарламада өзінің даму көрінісін тапты. Осы келісімдер негізінде Қазақстан-Ресей шекара белдеулерінде делимитациялау шаралары жүргізіле бастады. Ал 2000 жылы қаңтарда Мәскеуде өткен екі мемлекет басшыларының кездесуінде басты үш бағыт туралы келісім жасалды. Біріншісі – екі ел саясатындағы қарым-қатынастың сабақтастығы. Екіншісі - қауіпсіздік мәселесіндегі ынтымақтастық. Үшіншісі – шекараны нақтылау мәселесі.
Қазақстанның көрші мемлекеттермен шекарасының жалпы ұзындығы 15 мыңға жуық шақырымды құрайды. Соның ішінде Қазақстанның Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекарасы шамамен 1050 шақырым, Ресей Федерациясымен – 7,5 мыңнан астам шақырым, Туркменстанмен – 400 шақырым, Өзбекстанмен – 1660 шақырым. Ресеймен шекараны делимитациялау мәселесі 1998 жылғы 6 шілдеде екі ел басшыларының бірлескен мәлімдемесінен және сол жылғы 12 желтоқсандағы мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі хаттамадан басталды. Алты жыл аралығындағы құжаттарды әзірлеумен тыңғылықты айналысқан сарапшылар шекаралық сызықтың барлық нүктелері бойынша ортақ келісімге келді. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Ресей президенті В.Путин 2005 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойды. Шын мәнінде, тарихи деп бағалауға болатын осы құжат бойынша екі ел үшін де айрықша маңызы бар шекара мәселесі халықаралық нормаларға сәйкес шешімін тапты. Елбасы атап өткендей, “қадым замандардан қазақ-орыс елдері арасында шекара бірінші рет заңды түрде тартылып отыр”. Әлемдегі жерүстілік ең ұзын саналатын, жалпы аралығы 7591 шақырымды құрайтын бұл шекара сызықтары белгіленіп және мойындалып, екі мемлекет арасындағы мызғымас достықтың сенімді кепілі ретінде бағаланды.
Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықта сауда-экономикалық байланыстардың мәні зор, маңызы ерекше. Өйткені, Ресей Қазақстанның аса ірі сауда әріптесі болып табылады. Оны мынадан көруге болады: 2004 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 7 млрд. долларға жетті, мұның өзі 2003 жылғы сондай көрсеткіштен 40% дерлік көп (Егемен Қазақстан, 12.01.2005). 2005 жылдың басында Қазақстанда тұтастай жарғылық қоры 250 миллион АҚШ долларынан асатын, Ресеймен бірлескен 1100 кәсіпорын болды. Бүгінде Қазақстанның сыртқы саудадағы жалпы үлесінің 18 пайыздан астамын Қазақстан-Ресей арасындағы екіжақты тауар айналымы құрайды. Екі мемлекет арасындағы тауар айналымы өткен жылы 16,3 млрд. АҚШ долларына жеткен болса, үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылында ол 9,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Міне, бұл жарты жыл ішінде елдер арасындағы өзара тауар айналымы 31,1 пайызға артқанын білдіреді (ЕҚ, 20.09.2008).
Екі ел арасындағы экономикалық байланыс нығайып келеді. Үстіміздегі жылғы 7 айдағы тауар айналымы 12 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 32 пайызға артық (ЕҚ, 23.09.2008).
Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық жемісті түрде дамуда. Білім беру және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы өзара тиімді байланыстар өнімді сипатта дамып келеді. 1998 ж. маусымда М.Ломоносов атындағы мемлекеттік университеті мен Ғылым министрлігі – Қазақстан Ғылым академиясы арасында бірлескен ғылыми-зерттеу мекемесін – Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясын құру жөніндегі шартқа қол қойылды. Қазақстандық мамандарды Ресей Федерациясында даярлау шеңберінде МГУ-дің түрлі факультеттерінде түрлі қазақстандық жоғарғы оқу орындарынан арнайы іріктелген бір мың студенттер оқуда. Жалпы, қазіргі уақытта Ресейде 16 мыңнан астам қазақстандықтар оқиды. Олардың ішінде 2 мыңға жуық студенттер, аспиранттар және докторанттар Мәскеудің жоғары оқу орындарында білім алуда. Астанада МГУ-дің филиалы ашылды. Мәдениет пен ғылым қайраткерлерінің «Қазақстан мен Ресей арасындағы мәңгілік достық үшін» қоғамдық қауымдастығының жұмысы екі елдің халықтарын біріктіруге бағытталған.
2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтті. Екі жақтың шешімі бойынша 2006 жыл Ресейде Абай жылы, ал Қазақстанда Пушкин жылы болып аталып өтті. Осы жылы Мәскеуде Абайға, ал Алматыда Пушкинге ескерткіш орнатылды. Ресейде Абай мұрасына арналған халықаралық конференция өткізілді. Мәскеуде және Ресейдің басқа қалаларында қазақстандық театрлардың гастрольдері болып өтті. Тиісінше, ресейлік шығармашылық және өнер ұжымдары біздің елде өз өнерлерін көрсетті.
Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты тату көршілік қатынас Еуразияның ұлан-ғайыр кеңістігіндегі ұзақ мерзімді және берік қауіпсіздіктің салмақты факторы болып табылады. Оның үстіне көршілес екі ел арасындағы ынтымақтастық ірі аймақтық бірлестік ретінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының тұрақтылығын елеулі деңгейде қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет