Оқулықтар мен әдебиеттер. «ҚР әлемдік қауымдастықта» пәні «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



бет34/62
Дата08.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#25034
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   62
БҰҰ-ның Әйелдер Қоры (ЮНИФЕМ) әйелдердің құқығын қорғауға және олардың қоғамдағы экономикалық және саяси жағдайын жақсартуға арналған инновациялық бағдарламаларға қаржылық қолдау мен техникалық көмек көрсетеді. БҰҰ шеңберінің жүйесінде ЮНИФЕМ әйелдердің мүдделерін білдіреді және оларды ұлттық, аймақтық және ғаламдық деңгейдегі барлық маңызды мәселелермен байланыстырады. Қор өзінің жұмысын елдік деңгейде жұмылдырып, әлеуметтік-жыныстық (гендерлік) проблемаларды елдің негізгі бағдарламаларына енгізу үшін Резидент-үйлестірушінің жүйесіне қолдау көрсетеді.

1999 жылғы маусымда Қазақстанда Өкілдігі ашылған кезден бастап ЮНИФЕМ БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен бірлесіп "Пекин іс-қимыл тұғырнамасын орындауда БҰҰ-ның Резидент-үйлестірушісінің қызметіне қолдау көрсету" жобасын жүзеге асырды. Бұл жобаның негізгі мақсаттары төмендегілерді қамтиды:

- әйелдердің рөлін күшейтуді және гендерлік проблемаларды есепке алуды қолдау әрі көмек көрсету;



  • гендерлік саясат пен бағдарламаларды қалыптастыру және жүзеге асыру;

  • Пекин іс-қимыл тұғырнамасының стратегиясын орындау жөніндегі іс-шараларды жоспарлауды және жүзеге асыруды үйлестіру кезінде БҰҰ агенттіктерінің, азаматтық қоғамдар мен үкіметтің арасындағы іскерлік және нәтижелі қарым-қатынасты дамыту;

  • БҰҰ материалдары мен құжаттарында гендерлік көзқарасты ескеру, мәселен ЮНДАФ (Даму мақсатында көмек
    көрсету жөніндегі БҰҰ-ның негізгі бағдарламасы), ОСО (Жал-
    пы елдік бағалау) және ССЗ (Елдік стратегиялық жазба), сондай-ақ ЮНИФЕМ-нің түсіндіру-ағарту жұмысына жәрдем
    көрсету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет