Топан судың сарқыты
Каспий теңізі бір кездегі топан судан қалған қалдық су ретінде есептеледі. Оның дәлелі – Маңғыстау мен Үстірттегі әктас шөгінділері. Ал шөгіндінің су басқан жерде қалатыны белгілі. Сол әктасты жағалаудағы жұрт тәп-тәуір кәдеге жаратып отыр. Қазақ жеріндегі тарихи ескерткіштердің жартысынан көбіне мекен болған осы өлкедегі мазарлар мен қойтастардың дені әктастардан салынған.
Әктастың қасиеті су мен жел тиген сайын шымырлана түседі екен. Мысыр пирамидаларының да әктастан қалануы талайды аңдатса керек. Каспий суының бүгінгі деңгейі де салыстырмалы мөлшер болып табылады. Өйткені су деңгейі әр жүз жылда бір көтеріліп, бір қайтып тұрған. Белгілі су маманы Нариман Қыпшақбаевтың айтуынша, ХІХ ғасырда Каспий суы көтерілген кезінде Құрманғазы «Топан» күйін шығарған екен. Бұл күндері Қазақстан жағалауындағы су деңгейі тұрақтанғанымен, Иран жағалауындағы су көтеріліп барады. Ғалымдар оны геосинклиналь құбылысымен байланыстырып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |