“Мұғалім екіні оқушыға тапсырманы түгелдей дерлік орындамағанда ғана қоюы керек, мұндай баға алғаны оқушы өзін айыпты екенін сезгендей болсын” В.А.Сухомлинский
Оқушы біліміндегі олқылықты жою жолдары
Бастауыш класс мұғалімі Р.А.Чинбаева
Тәрбие - жалпы халыктық іс. Бұл ұран емес, өмірдің талабы. Мұнсыз жарқын болашақтың саналы азаматын қалыптастыру мүмкін емес. Баланы адам да,зат та,құбылыс та тәрбиелейді. Бірақ бәрінен бұрын және бәрінен көбірек тәрбие беретін - адам. Олардың бірінші орында тұратыны ата-аналар мен педагогтар”
Оқушы сабақта болған жоқ. Осының өзі педагогикалық проблема, ол мұғалімге ой салсын. Сенің жәрдемің қажет, оны тез арада өзінің немесе оқушылармен ұйымдастыр, сабақка катыспау себебін зерттеп біл. Қайтіп көмектесуді ойлан. Жаңа оқу жылының алғашқы күндеріндегі сьшып жиналыстарында, әсіресе бірінші сыныптарда олардьщ ата-аналарын, мектеп ережесімен таныстырып онда оқушы сабаққа қатыспаса, өтілген материалды өзінше оқып үйренуге міндетті екені жазылғанын түсіндіру керек. Оқушылардың білімін тексеруге міндетті. Оқушы сабаққа келмесе, ол сол күнгі өтілген тақырып бойынша, арнайы сынақ тапсыруы керек. Бұл қашанда мүғалім мен оқушыға заң. Дегенмен дәл осылайша бүл проблеманы толық шешуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан мүғалімдер оқуға нақты жәрдем беру жолдарының басқа әдістерін қарастырған жөн. Әдетте орталықтанған жүйені қолдану пайдалы. Мектепте бас кезекшінің, оның әрбір сыныптағы жәрдемшілерінің, оқу төрайымының атқарар ісі кыруар. Бұлар күн сайын сабаққа қатыспағандардың, қанағаттанғысыз баға алғандардың тізімін алып сынып жетекшіге береді. Міне осындай жанды әрекеттен соң мектеп басшылары апта сайынғы жоспарларьша, ең қажеттілерін қосып іс-шаралар белгілейді. Оқушылармен әңгімеселесу белсенділермен пікірлесу әр түрлі формада өткізілгені жөн.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу жолдары жаңа оқу жылы басталмай тұрып жұмыс жоспары мен оны жүргізудің әдіс-тәсілдері бірлестік отырысында талқыланып белгіленіп алады үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу үшін алдымен олар арнайы зерттеледі. Оқушыны зерттеуде мына мәселелерге баса назар аударылады. Ұжыммен, ортамен карым-қатынасы оқу- тәрбие процесіне семьяның ықпалы. Қоғамдық және үй жүмыстарына араласуы. Үйде күн режимінің жоспарлануы және оның орындалу барысы. Денсаулығы туралы медициналық анықтамалар мен ұсыныстар. Сабаққа қатысуы мен бірыңғай талапты орындауы. Дара ерекшеліктері. Ойлау қабілетінің деңгейі. Зейіні мен есте сақтауы. Ерік жігері. Табандылығы. Қызығушылығы. Жеке пәндер бойынша үлгерімінің көрсеткіштері. Үлгермеу себептері.Осы мәселелер анықталғаннан кейін баланың жеке пәндер бойынша білімі мен дағдыларын есепке ала отырып, ондағы негізгі олқылықтар анықталады. Жеке жұмыстар сол кемшіліктерді жоюға бағытталып оңайдан қиынға карай сатылап жүргізіледі. Зерттеу жұмыстарының қорытындыларына сәйкес алдағы уақытта жүргізілетін педагогикалық жұмыстар белгіленеді. Мысалы, Қанат деген оқушыға зерттеу нәтижелеріне орай мынадай педагогикалық жүмыстар жүргізу керек деп үйғарды. Оқушының ұжыммен байланысын нығайту мақсатында арнайы әңгімелер, тәрбие сағатын өткізу, мінез-құлқының жақсы жақтарын жетілдіру сабақта жүмыстар жүргізу белсенділігін жетілдіру оқуға ынталы, алғыр балалардың жолдастық көмегін ұйымдастыру. Баланың кабілетін, зейінін, қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтерін пайдалану, оқушының оған белсенділігін арттыру. Сабақты дидактикалық материалдарды техникалық құралдарды мейлінше молынан пайдаланып жүргізу, жеке жұмыста да көрнекіліктер пайдалану. Есте сақтауын дамыту мақсатында шағын да тілге жеңіл материалдарды мақал-мәтелдер мен жұмбақ жаңылтпаштарды жаттауға ұсынып отыру. Барлық жеке жұмыстарда “Оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге” принципін басшылыққа алып қайталауға көбірек мән беру. Оқушының еңбектерінің жақсы жақтарын дер кезінде байқап, тиісінше мақтап, өз күшіне сенімін ояту, т.б. Жұмыс барысында үлгерімі төмен оқушылардың жеке пәндер бойынша біліміндегі олқылықтар анықталып жүргізілетін жұмыстар соларға орай нақты белгіленеді, олардың нәтижелері жазылып отырады. Үлгерімі төмен оқушыларға өткен материал мен өтілетін материал арасындағы сабақтастықты білдіруге баса назар аударылды. Жеке жұмыстардың мақсаты ең алдымен баланың білімді саналы меңгеруі ойлау қабілетін дамыту. Оның алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын дамыту.
Оқушылардың үйдегі оқу жұмысы, олардың сабағындағы жұмысымен тығыз байланысты. Мұның табысты болуы сабақтың калай өткенін мұғалімнің үйге тапсырманы қалай бергеніне байланысты. Сондықтан сабақтың сапасы жоғары болса оқушылардың үй жұмысы соғұрлым табысты болады. Үйге берілген тапсырманы үш топқа бөлуге болады. Олар: ауызша (оқушының материалын оқып үйренуі, өлеңдер, ережелер жаттау), жазбаша (жазбаша жаттығуды, есеп шығаруды, шығарма т.б.), оқу-практикалық тапсырмалар, (тәжірибелер, бақылаулар т.б.).
Ата-аналар тарапынан олардың оқуына, мінез-құлқына бақылау болмағандықтан оқушылардың үлгермеуі мүмкін. Артта қалу үлгермеу оқушыға қатты әсер етеді. Ол өз күшіне сенуден қалады, оқуды жиі тастап кетеді. Артта қалуды жою құралдарының бірі - қосымша сабақ. Оқушылармен бұл жұмысты бастамас бұрын артта қалудың себебі мен сипатын анықтау керек. Егер оқушы ауырып артта қалса, бірақ жақсы үлгеретін болса, мұғалімнің басшылығымен істелетін өзіндік жұмыс, ұштастырылуы керек. Егер оқушы жалқауланса оны тым қамқорлыкқа ала бермей, мұғалімнің жолдастарының ата-аналардың бастауымен оны жұмыс істеуге көндіру керек.
Мұғалімнің басшылығымен қосымша сабақ беруді көп пайдалануға болмайды. Әсіресе сыныпты түгел қалдыру зиян. Өйткені жұмыс нәтижесі болмайды. Сабақта үлгермеушілікті туғызатын елеулі себептердің бірі - оқу жұмысын жүйелі және жоспарлы түрде жүргізу шеберлігі мен дағдысының жоқтығынан болады. Мұғалім міндеті - әрбір оқушыны оқи білуге үйрету. Әсіресе оқу жұмысындағы талаптың зейін жинақылығы ойланып оқуға әдеттілік және өз бетімен кітап оқи білу, үйге берілген тапсырмаларды дәйектілікпен орындау т.б. қасиеттерге тәрбиеленген жөн. Үлгермеушілік сабақ барысында қалыптасады және оның алдын алуға, күресуге болады. Нашар бағаға әкеп соқтыратын оқушы үлгермеушінің себептері оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырмауда, мектепішілік бақылаудың мерзімді жүрмеуінде, санитарлық-гигиеналық нормалардың бұзылуында жатыр.