Бұлардың ішіндегі негізгілері мыналар: - жекелеген мүғалімдердің сабақтарының сапасыздығы жаңа материалды тиісінше түсіндіре алмауы, бекіту жүмыстың әлсіз жүруі оқушы білімін есепке алудың болмауы, мұғалімнің тиісті дәрежеде талап етпеуі: - үй тапсырмасын орындау жұмысын дұрыс ойластырмау және тыңғылықты тексерудің болмауы. - мұғалімдердің өз оқушыларын дұрыс білмеуі, жеке жұмыстың болмауы, танымдық қызығуын дамыта алмау. - мектепте үлгермеушіліктің алдын-алу жөнінде жүйелі жұмыстың болмауы, мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілерінің, әлеуметтің ортақ жұмыс жүргізбеуі; - тәрбие жүмысындағы олқылықтар, оқушылардың сабақтағы нашар тәртібі, өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі, мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіп бұзушыларға уақтылы және тиісті шара қолданбауы; - бағалаудағы біржақтылық; - оқыту мен тәрбие үрдісінде сабақтастық болмауы; - сабақтан қалдыру, оқушының ауырып қалуы, т.б. Қорытынды: Мұғалімдерге В.А.Сухомлинскийдің еңбекте “Өз еңбегін мақтан тұтпаған нағыз адам бола алмайды” - деген сөздерін ұдайы есте ұстауымыз керек. Оқудағы, үлгерім жолындағы күресу балаларды оқи білуге үйрету, әрқайсысының өз мүмкіндігіне сенуіне көмектесу. Ұйымшылдыққа, дербестікке, жауапкершілікке еңбек тәртібіне тәрбиелеу. Еңбектегі табыс бұл мұғалім мен оқушылардын ата-аналар мен балалардың мұғалім мен ата-ана өзара түсінісу негізі, демек мектеп пен жанұялық қимыл және тәрбиелік күш-жігер бірлігі.