Жүйелеуге және толықтырулар енгізуге жағдай жасалуы;
Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу мүмкіндігінің болуы;
Оқушы портфолиосының негізгі функциялары
1.Жинақтаушы: оқушы жұмыстарының жиынтығы.
2.Үлгілеуші: оқушының жеке кәсіби өсу траекториясын қалыптастыру құралы.
3.Рефлексия-шығармашылық: түрлі технологиялар мен олардың тиімді әдістерін өзіндік талдау мен жобалау.
Оқушы портфолиосының түрлері
1.Мақсаты бойынша: жекеменшік (өзі үшін), есеп (басшылық үшін), жоба (ұжым мен ұйым дамуы үшін).
2.Мазмұны бойынша: жетістіктер (белгілі бір бағыттардағы), рефлексия (мақсатқа жетуді талдау мен бағалау), проблемалық бағдар (жүйе құраушылары мен қажетті шешімдер), тақырыптық (негізгі қызмет салалары бойынша маңызды жұмыстар).
1.Оқушыларды ынталандыру: аттестациядан өтуге немесе қызметтік өсуге қажетті материалдар екендігі, қосымша сыйақы төлеу немесе мадақтау үшін сенімді негіз бола алатындығы. 2.Портфель типін анықтау: жинақтаудың мақсатты бағыттылығын күшейту үшін мақсаты, мазмұны бойынша портфель типін анықтау, жекелеген жағдайлар мен арнайы мақсаттарда аралас типін алуға болатындығы. .
3.Өткізу мерзімі мен сипатын анықтау: жыл соңында өткізу немесе белгілі бір уақыт сайын көрсетіп отыру. 4.Бөлімдер санын белгілеу: жұмыс жоспарына сай міндетті және таңдауы бойынша алынатын бөлімдер саны жетеуден көп болмауы керектігі. 5.Бағалау критерийлерін дайындау: міндетті бөлімдердің көпшілігі талқылауға жатпайтындығы мен қалғандарының бірлесе жасалатындығы
Бақылау-тексеру және тест жұмыстарының қорытындылары.
Топтық және ұжымдық жұмыс қорытындылары.
Өзекті мәселелер мен кәсіби шығармашылық тапсырмалардың шешімдері.
Ұжымдық және жеке ғылыми-әдістемелік жобалар.
Жазбаша шығармашылық жұмыстар (рефераттар мен эсселер).
Аудио және бейнематериалдар, фотосуреттер.
Жалпылау материалдары (сызбалар мен кестелер, графиктер мен диаграммалар).
-Сауалнамалар мен сұқбаттасулар және оларды өңдеу қорытындылары. -Берілген қосымша тапсырмалар. -Бақылау күнделіктері мен өзіндік ой-толғаныстар. -Жасалған баяндамалар мен жарық көрген мақалаларының көшірмелері. -Дайындаған әдістемелік нұсқаулары мен дидактикалық жинақтарының қысқаша аннотациялары мен рецензиялары. -Сабақ жоспарлары мен енген сабақтарға талдау жұмыстары. -Өзіндік зерттеу-сынақ жұмыстарының аралық қорытындылары мен түпкі нәтижелері. -Портфолио авторының жетістіктерін айғақтайтын құжаттар (мақтау қағаздары мен сертификаттар, анықтамалар мен дипломдар).