ОҚушылар, ата-аналар, Ұстаздар газеті. Білім желтоқсан 2015 жыл айнасы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ақуалда,өсім реформалар даму»



жүктеу 485.43 Kb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата06.03.2017
өлшемі485.43 Kb.
  1   2   3   4   5

ОҚУШЫЛАР,  АТА-АНАЛАР,  ҰСТАЗДАР  ГАЗЕТІ.

Білім


ЖЕЛТОҚСАН

2015  ЖЫЛ

АЙНАСЫ


«Қазақстан  жаңа  жаһандық    нақты  ақуалда,өсім

реформалар  даму»  -  атты  Елбасының  Қазақстан

халқына 

арналған 

жолдауы 

әрбір


Қазақстандықтың 

көкейінде 

жүрген 

сан


сауалдарға  жауап  бергендігімен  ерекшеленеді.

Біріншісі  өсім,  алдымен  экономикалық  өсімге

Қазақстанды  дамыған  30  елдің  қатарына  енуді

қамтамасыз  ету  болса,

Екінші,  реформалар  экономика,  қоғам  мен

мемлекет  арасындағы  тұрақтылықты  қамтамасыз

етеді.

Үшінші,  даму  XXI  ғасырда  қоғамның  барлық



саласын  үздіксіз  жаңартуға  дамудың  басты

факторына  айналып  отырған,тікелей  адам

капиталын  дамыту  білім  саласына  үлкен

жауапкершілік  жүгін  артады.

«Тәуелсіздігімізді  алғаннан  бері  елімізде  1700

білім  ордасы  бой  көтерді,  халқымыз  бүгінгідей

бақуатты  заманда өмір сүрген жоқ,ширек ғасырда

осының  бәріне  еңбектің  арқасында  қол

жеткізгенімізді»  Елбасы  айта  келе,мемлекет

қандай  жағдайдада  әлеуметтік  міндеттерін

орындап  отырғанына  баса  тоқталады.  Билік

партиясы    «Нұр  Отан  »  халықтық  демократиялық

партиясының  басты  стратегиясы  халыққа  адал

қызмет  ету  екенін  терең  ұғындық.

Елбасы  жолдауында  2017  жылдан  бастап

«Баршаға  арналған  тегін  кәсіби-  техникалық

білім»бағдарламасы жүзеге  асырылатындығы,Сыр

өңірінде  дуалды  оқытуды  жаңа  деңгейге  көтеруге

үлкен  мүмкіндіктер  береді.             Сонымен  қатар  әр

оқу  жылында      елімізде  төлем  қабілеті    төмен    30

мыңдай  мектеп  бітіруші  түлектердің      оқу

орындары  мен  жаңа  мамандықтар  игеруіне

мүмкіндігі  болмайтын  өзекті  мәселе  шешімін

тапқалы  отырғандығы  қуантады.  Демек  өндіріс

пен  білім  ордалары  арсындағы  еңбек    адамын

белгілі  мамандыққа  дайындау  мемлекеттің    өз

азаматтарына 

қашанда 


қамқорлық

жасайтындығын көрсетеді. Облыс мектеп түлектері

мемлекеттік  «Серпін»  бағдарламасына  белсене

қатысып  мемлекетіміздің    солтүстік    өңірлерді

жергілікті  ұлттық  кадрлармен    қамтамасыз  ету

саясатының  орындалуына  өз    үлестерін  қосып

келеді.  Қазіргі  индустриялық  –  инновациялық

дамуға  негізделген  Қазақстан  экономикасы

қашанда  аймақтардың  дамуына  қарай  табысқа

жететіндегі белгілі. Аймақ  басшысы  металлургия,

машина  жасау,  химия  саласы  сынды  өндіріс

орындарына 

аса  қажетті 

жоғары  кәсіби

мамандарды   даярлау бағытындағы  Ресей жоғары

оқу  орындарымен  екі  жақты  тиімді  келісім  жасап,

қазіргі  таңда    көптеген  Қызылордалық  жастардың

Санкт  –  Петербург,  Мәскеу  университеттерінде

оқуына  мүмкіндік тудырды.  Елбасымыз әрдайым

«аймақтардың    дамуы    Қазақстанның    дамуына

жол  ашады,  -  деп  айтқандай,  ұстаздар  қауымы

өскелен  ұрпаққа    сапалы  білім  беру  мен  өз  кәсіби

біліктіліктерін  артыруды  жадында  сақтауы  тиіс.

Үлгерімі  жоғары оқушыларға қолдау көрсетудің

Ұлы өзгерістерге бастар жолдау

тиімді  жүйесін  құру    туралы

Елбасы  Жолдауында    айтылуы

жастардың  білімді  ғылыммен

ұштастыруына  кең  жол  ашады.

Қазір  өмір  сүруге,  оқуға,  жұмыс

істеуге  барлық  мүмкіндіктер

жасалған тек құлшыныс пен ынта

керек.  Елбасы  өзінің      алғашқы

еңбек  жолын  қарапайым  еңбек

адамынан 

бастап, 


жұмыс

тәжірибесін  мамандығына  сәй-

кес    теориямен  байланыстырып,

бүгінде  «Ұлт  көшбасшысы»

атануы,  халқымыздың  бойын-

дағы тек жоғарғы оқу орының ғана

оқу  керек  деген  менталитетке

үлкен  соққы  берді.    Елбасы

жолдауында  жеке  инвесторларды

мектептер,    әлеуметтік  нысандар

құрылысын    салумен  шектеліп  қалмай,  оларды  қайта  жаңғырту

және техникалық қызмет көрсетуге тартуды басты назарға алуы ,

білім  саласының  материалдық    -  техникалық  базасының        одан

әрі  нығайтуға    мүмкіндік береді.  Экономикалық  тәуекелдерге

қарамастан,  халықты  әлеуметтік  қолдау    іске  асырылып  келеді.

Ішкі  мүмкіндіктерді  тиімді  пайдаланып,  жекешелендіру    мен

бәсекелестікті арттыру,   бюджет шығындарын      оңтайландыру

негізінде    бюджеттік қызметкерлердің  еңбек ақысын 30 пайызға,

білім беру саласының қызметкерлерінің еңбекақысын  29 пайызға

арттыру      жүзеге  асатын  болды.  Бұл    өз  кезегінде  ұстаздар

қауымына  зор  ынта  жігермен  сапалы  білім  мен  өнегелі  тәрбие

беруді  жүктейді.

Ойланар  болсақ,    Қазақстан    экономикасы    әлемдік

рыноктардағы минералды  ресурстар    бағамының құлдырауынан

туындаған сыртқы факторлардың   теріс ықпалын  сезініп отырған

уақытқа  қарамастан  ,  Елбасы    халық  алдындағы      барлық

әлеуметтік    міндеттері  орындап  келеді.  Жаһандық      дағдарыс  -

тек    қауіп  ғана  емес,  сонымен  бірге  жаңа  мүмкіндіктерге  жол

ашады. 

Сондықтан 



Сыр 

өңірі 


ұстаздары 

еліміздің

экономикалық-әлеументтік  дамуы  мен  саяси  тұрақты  дамуына

бір  кісідей  қатысады.

Мемлекеттің  негізгі  байлығы    табиғи  байлық    емес,    еңбек

ресурстарына  бағытталған адами  капитал екенің бүгінгі дамыған

елдер мен  дамушы елдер арасындағы  алшақтық  көрсетіп отыр.

«Дағдарыс  өткінші  ұлт  мұраты,ұрпақ  болашағы  сынды  ұлы

құндылықтар ғана мәңгі», - деп Жолдауда айтылғандай білім мен

ғылымды  алға  жетелейтін  жастарды    қалыптастыру  ұстаздар

қауымына  шығармашылықпен    жұмыс  істеуді  талап  етеді.

«ХХІ  ғасырда    білімі  мен  ғылымы    қатар  дамыған  мемлекет

ғана  өркениет  көшіне ілесе алады», -  деген Елбасы  сөзі  білімнің

қоғам  өміріндегі    орының    айқындап  отыр.  Сыр  өңірінің

ұстаздары    Елбасы  жолдауын    бірауыздан  қолдайды  .    Еліміздің

білім  кеңістігінде    жоғары  деңгейге        жетуге  ,  Облыс      білім

ордалары  бар  күш  жігерін  салады  .

Біздің  тірегіміз-тәуелсіздік,    оны  сақтау  ,нығайту  -

парызымыз,тілегіміз-тұрақтылық  оған  да  жеттік,    бүгінгі  Қазақ

елі  өткен ғасырдың 90 жылдардағы  болашағы бұлыңғыр ел емес,

әлем таныған  дамыған 50-лікке енген елдер қатарында ,білегіміз-

бірлікте    жүзі  басқа.  жүрегі  бір,түрі  басқа  тілегі  бір  Қазақстан

халқы  жасасын!             Директордың оқу ісі жөніндегі  орынбасары

Есимов  Аманғали  Жақсатұлы


А й н а с ы

 2

Білім

Жер  бетінде екі мыңнан аса  халық болатын

болса  ,соның  тек  200  –ден  аса  халқының

ұлттық мемлекеті бар. Ғасырлар бойы аңсаған

тәуелсіздікке жету ата-бабаларымыздың басты

арманы болған еді. Екі мыңжылдық тоғысында

1991  жылы   Қазақ  елі  қызыл империя  Кеңес

Одағы құлағаннан кейін Алланың қалауымен

саяси 

тәуелсіздігіне 



жетті.Халқымыз

тәуелсіздігін  алғанға  дейін  400-ге  жуық

көтеріліске  шығып  Ұлы  Дала    елінің  нағыз

қаһармандары  екендігін  көрсете  алды.Әрбір

мемлекет тарихында  жеке тұлғаның көрегендігі

мен болашақты болжай алатын  саясаткерлігі

өзі  басқарған  халықтың  басын  кез-келген

қиыншылықтардан ,өтпелі кезеңдерден аман-

есен алып шыға алатындығын Елбасы  өмірінен

нақты көруге болады. Сонау өткен ғасырдың

90 жылдары «балапан басына, тұрымтай тұсына

кеткен» қиын  кезеңде Қазақ елін тығырықтан

алып  шығатын    нар    тұлғалар  керек  болған

уақытта, 

халқымыздың 

маңдайына

Назарбаевтай өзіндік феноменді беруі ,біз үшін

үлкен бақыт болды.Жоспарлы экономикадан

нарықтық  қатынастарға  көшу,коммуниистік

идеологиядан ұлттық санаға  өту қанша ауыр

болғанымен    біз  сенім  артқан  Елбасы  халық

көкейіне  қонымды    дана  саясатымен  бүгінгі

дамыған    әлемдегі  50  елдің  қатарына

Қазақстанды жеткізуі айтуға оңай.Түн ұйқысын

төрт  бөліп  ұлттық  қауіпсіздік,мемлекеттік

шекара, 


ұлттық 

валюта 


теңге,әскер

жасақтау,халықтың  әлеуметтік  мәселелерін

шешудегі Елбасы  еңбегі көк байрағымыздың

биіктен  желбіреуі  мен  елдік  тұғырымыздың

мықты  болуын  қамтамасыз  етті.1990  жылы

Елбасы-біреу,  халқы  оған-тіреу

сәуірде  Жоғары  Кеңес  Қазақ  КСР-інде  президенттік  басқару

институтын  енгізіп  Назарбаев  президенттік  қызметке  алғаш

кірісті.Алайда толық халық сеніміне ие болу үшін бүкілхалықтық

президент сайлауын өткізу керек болды.1991 жылғы  16 қазандағы

Жоғары  Кеңес  қаулысымен      1991  жылы    1  желтоқсанда

бүкілхалықтық  Қазақ КСР президент сайлауы  өтіп  сайлау құқығы

бар  азаматтардың  88,23  пайызы  сайлауға  қатысып  ,дауыс

берушілердің 98,78 пайызы Назарбаевты жақтап дауыс беруі елдің

бірлігі  мен  Ұлткөшбасшысына  деген  зор  сенімді  көрсетті.Сол

уақыттарда өзім студент едім дүкен сөрелерінде  ештеңе жоқ,өзге

ұлт өкілдері тарихи Отандарына кетуде еді,пессимистер Қазақстан

болашағы  жоқ  деп  даурығып  жатты,экономика  тұралап

қалған,көптеген  өндіріс орындары жабылған ,бюджетте  қаражат

тапшы болашағымыз бұлыңғыр , электр жарығы да  бір жанып  бір

сөніп тұрған ауыр уақыт еді.Бірақ ештеңеге алаңдамай біз Елбасыға

сеніп  дауыс  бердік,  сенім  ақталды  әрбір  Қазақстан  азаматындай

оқуымымды  аяқтап  мемлекетіміздің  гүлденуіне  білім  саласын

таңдап  өз  үлесімді  қосып  келемін.Қазақстан  халқы  үшін    1

желтоқсан-Президент  күні  ұлы мерекелердің  бірі  деп  санаймын.

Мектебімізде оқушылар  арасында  президент күніне  орай  көптеген

іс-шаралар  өтті.Сынып  сағаттарында  Елбасы    өміріне  қатысты

қызықты мазмұнды  пікірлерге оқушылар белсене араласып, кімге

қарап  бой  түзеу  керек  екендігін  жалындап    тұрған    патриоттық

рухтарымен  көрсете алды.Нұрсұлтан  атты оқушылар  өз өнерлерін

күймен,әнмен,бимен,танымдық қабілетімен жан-жақты  көрсетіп

ұстаздар қауымы мен ата-аналар ілтипатына бөленді..Біз Қазақ елін

әлем    Назарбаев  дегенде    бірден  танитындығы  Елбасы  беделінің

зор  екендігін  көрсетеді.Ұлы жазушы Шерхан Мұртазаның  « Елбасы

біреу,халқы оған тіреу» -деген  қанатты сөзі  әрбір қазақстандықтың

жүрегінде    Ұлт  көшбасшысына  деген  сүйіспеншілікті  одан  әрі

жігерлендіре түсетіндігін соңғы өткен президент сайлауынан нақты

көре  алдық.Елбасымыз  «Сыр  -Алаштың  анасы»  деп  өңір

тұрғындарына зор сенім білдіретіндігін үлкен мақтаныш тұтамыз.

Директордың оқу ісі жөніндегі  орынбасары

Есимов Аманғали Жақсатұлы


3

А й н а с ы

Білім

ХХІ  ғасыр  –  жаңа  технология  мен  ақпараттандыру    ғасыры.  Ел

болашағы жарқын болу үшін ең әуелі сапалы білім қажет. Білім мен

ақпарат дамыған заманда білім беру жүйесі біздің экономикамыздың

негізгі  бөлігі  болып  табылатыны  сөзсіз.  Қазақстанда  білім  беруді

дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлкеттік бағдарламасы

жобасында Қазақстандық білім беру жүйесін жақсарту үшін ең алдымен

педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, біліктілігін дамытуға үлкен

мән  берілген.  Аталған  жобалар  аясында  облысымыздағы  НЗМ-нің

базалық мектептерінің мұғалімдері  Жаңартылған білім бағдарламасын

меңгерту мақсатында 2015 жылдың маусым айында біліктілік арттыру

курстарынан өтті. Бұл курстың басты мақсаты - мектеп оқушыларын

өмірге  бейімдеу болып табылады.

Осы орайда 2015 жылдың 14 желтоқсанында мектебімізде Облыстық

білім  басқармасы  мен    Педагогикалық  шеберлік  орталығының

Қызылорда қаласы филиалының ұйымдастыруымен «Білім мазмұнын

жаңарту  жағдайындағы  инновациялық  тәжірибе»  тақырыбында

облыстық семинар-практикумы  өтті. Оған облыстық инновациялық

мектептердің басшылары, педагог қызметкерлері, химия, биология

бағытындағы НЗМ-нің педагог қызметкерлері, «Өрлеу» АҚ біліктілік

арттыру ұлттық орталығының  қызметкерлері, аудандық, қалалық білім

бөлімдерінің  мамандары,  БАҚ  өкілдері  қатысты.  Семинар-

практикумның мақсаты – білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында

педагог қызметкерлердің  кәсіби дамуына ықпал  ету, мұғалімдердің

кәсіби қоғамдастығының жұмысын жандандыру, НЗМ тәжірибесін

тарату,  инновациялық  мектептердің  тәжірибесіне  қолдау  көрсету.

Семинарға  қатысушылар  арнайы  ұйымдастырылған  көрмені

тамашалаудан  бастады.  Педагогикалық  шеберлік  орталығының

Қызылорда қаласындағы филиал директоры С.Т. Камалова мен №3

мектеп-лицей директоры М.Н.Абдыкаликова сөз сөйлеп, ұстаздарға

сәттілік тілеп, семинарды ашып берді. Семинардың екінші бөлімінде

«Бастауыш  мектепте  оқытылатын  жекелеген  пәндер  бойынша

оқылым,  жазылым,  айтылым,  тыңдалым  дағдыларын  дамыту»

бойынша  курстан  өткен  пән  мұғалімдері  ашық  сабақтар  берді.  Ал

семинардың  үшінші  бөлімінде  «Білім  беру  мазмұнын  жаңарту

бағдарламасы аясында қазақ, орыс, ағылшын, музыка, бейнелеу өнері

пәндерін  оқыту  тиімділігі»  тақырыбында  арнайы    курстан  өткен  6

мұғалім сабақ үлгілерін көрсетті. Әрбір сабақ соңында ашық сабаққа

қатысқан мұғалімдерден «Кері байланыс» алынып отырды. Сонымен

қатар  «Жаңартылған  білім  бағдарламасы  бойынша  инновациялық

тәжірибелер шеберханасы» тақырыбы бойынша «Критериалды бағалау

моделі бойынша жетістік критерийлерін әзірлеу», «Білім беруде смарт

оқыту жүйесін қолдану», «Жаһандық көзқарастар» жобалау жұмысы,

«Тілдік құзыреттіліктер жүйесінің  ерекшеліктері»,  «Жаңартылған оқу

бағдарламасы аясында оқу мақсаттарын айқындау»  тақырыптарында

шеберлік сыныптар мен коучингтер өткізілді.

Семинар-практикумның Ү бөлімі пленарлық отырыспен жалғасты.

Семинар-практикумда мектебіміздің директоры М.Н.Абдыкаликова

«Мектепішілік желілік  қауымдастық: жетістіктер мен қиындықтар»

тақырыбында    баяндамасын    жасады.  Онда    мектеп-лицей

мұғалімдерінің    «Профи»  желілік  қоғамдастық    жұмысы  туралы,

курстан  өткен  мұғалімдер,  оқушы  мен  мұғалімнің  бірлесе  отырып

жасаған жұмыстары мен жетістіктерін  презентация  арқылы  жеткізді.

«Білім  алушылар  қоғамдастығы,  кәсіби  қажеттілік  және  үздіксіз

даму»  тақырыбында  Шиелі  ауданы  бойынша  желілік  қауымдастық

жетекшісі  М.  Г.  Рысқалиқызы  ауданның    білім  саласындағы  оң

өзгерістері мен атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебін берді. Ал

Жалағаш  ауданындағы  №201 орта мектепте жасалып жатқан жұмыстар

жөнінде А. Б. Жақсылықова «Шаңырақ» қауымдастығы, «30 кітап»

акциясы, «Ата-ана жұмысында болған 3 күн» т.б. тәрбие саласында

атқаралып  жатқан игі істері туралы тәжірибе алмасты.

«Жаңартылған білім мазмұны бойынша қолданыстағы әдістемелік



Облыстық  семинар  -  практикум

Озық тәжірибе-ортақ әдіс

А й н а с ы

 4

Білім

кешендер» тақырыбында №2 «Мұрагер» мектебіне осы оқу жылының

қыркүйек айынан бастап енгізілген оқу бағдарламасының әдістемелік

кешендері туралы айтылды.

«Қазақстан  Республикасындағы  орта  білім  мазмұнын  жаңарту»

тақырыбында  ПШО  филиалының  директоры  С.  Т.  Камалованың

баяндамасы мазмұнды болды. Ол Қазақстан мен Сингапурдағы  білім

саласының ерекшеліктерін  салыстыра келіп, әлі де атқарылар істер

көп екендігін айтты.

Оқу  орталығының  басшысы  С.  Қ.  Асқаров  семинарға    келген

ұстаздарға  алдағы  уақытта  атқарылар  істерге  сәттілік  тілеп,  мектеп

мұғалімдерінің  біліктілік  арттыру  курстарынан  өтетіндігін,  білім

саласындағы  болып жатқан өзгерістерге әрқашан дайын болу қажеттігін

айтып семинарды қорытындылап, семинарда озық тәжірибе үлгісінде

ашық  сабақтарын  көрсеткен  ұстаздар  мен  мамандарды  «Алғыс

хаттармен» марапаттады.



Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Ахметова А.Ү

Кез-келген  елдің  болашағы  оның  халқының

денсаулығына  байланысты  екендігі  дәлелдеуді

қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашығымыз-

салауатты өмір салты. Өсіп келе жатқан

ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз

денсаулығына  деген  жауапкершілікті

қалыптастыру-баршаның  борышы.

Өмірге  адам  болып  келген  соң,  адам

болып  өту,  өмірімізді  мәнді  де,  сәнді

өткізу,  келешекке  оң  көзқараспен

қарауға  міндеттіміз.  Бұл  өмірді  дұрыс

өткіземін десең,салауатты өмір салтын

ұстан.


  №3  мектеп-лицейімізде  салауатты

өмір салтын  насихаттап,оқушылардың

денсаулығының  шымыр  болуып

калыптасуына 

атсалысудамын.

Мектепшілік өткізіліп жатқан волейбол

үйірмесі  өз  нәтижесін  беруде.  2014-

2015жылы 

өткізілген 

«Қайнар»


аймақтық  волейбол  жарысынан  біздің

мектеп  оқушылары  көзге  түсіп  II  орын,және

«Мәңгілік  ел»  атты  спорттық  сайысында  жүлделі

III  орын  иеленді.  Алдағы  уақытта  да,

Салауатты өмір салты

оқушыларымыздың  жетістіктері  қөп  боларына

сенемін. Сонымен қатар өз жетістіктерім жайлы айтар

болсам,  Қызылорда қаласының волейбол спортының

дамуына елеулі үлес қосқаным үшін және ересектер

арасында  өткен  облыс  чемпионатында,  2013-2014

жылдың  қортындысы  бойынша  қалалық  спорт

бөлімінің 

үздік 

спортшысы 



громотсымен

марапатталдым.  2015жылы  Қызылорда  қаласының

облыстық білім саласы қызметкерлері арасында өткен

спартакиада  волейбол  және  баскетбол  спорты

бойынша I орын иелендім және сыр өңіріндегі білім

саласының  жан-жақты  дамуына  қосқан  үлесім

үшін,тәуелсіз  еліміздің  мұрат-мүддесі  жолындғы

еңбегім  ушін  Қызылорда  қаласы  әкімінің  «Алғыс

хатымен» марапатталдым.

Көк  байрағы  желбіреген,  бүгінгідей  абыройлы  да

айбынды,беделді  де  берекелі,ынтымағы  мен  бірлігі

жарасқан  еліміздің  тәуелсіздігі  аясында  өсіп  келе

жатқан  жас  ұрпақты  барынша  салауатты  өмір  сүруге  әрбір

мұғалім жетелеуге міндетті. Спорт-денсаулық кепілі.



Дене шынықтыру пәні мұғалімі:   Әмірбеков Азат Берікұлы

Озық тәжірибе-ортақ әдіс

5

А й н а с ы

Білім

О қ у ш ы л а р   ш ы ғ а р м а ш ы л ы ғ ы

Жаңа жыл ертегісі

Халқымызда  көптеген  мерекелер

көп. Соның бірі-Жаңа жыл мейрамы.

Маған  Жаңа  жыл  мерекесі  ұнайды

және мен оны асыға күтемін. Жаңа

жылдың басты кейіпкері Аяз атадан

көптеген  сыйлықтар  күтемін.  Мен

жаңа жылды отбасыммен үйде қарсы

аламын.  Үйге  көп  қонақтар

шақырып,  шырша  безендіріп,

дастарқан  жаямыз.  Ал  биылғы

жылды мектепте достарыммен қарсы

аламын.  Бәріміз  кейіпкерлердің

әдемі костюмдерін киіп, шыршаны

айнала билеп, тақпақтар айтамыз. Жаңа жылда адамдар

көптеген тілектерін айтып, жаңа жылдан жақсылықтар

күтеді. Мен де алдағы жылы елімізге тыныштық, бейбіт

өмір,  отбасыма,  ұстаздарыма,  достарыма  мықты

денсаулық, ұзақ өмір, мол бақыттілеймін!

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай әсем шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқар тау, қарлы шың!

Алиева Жанель 3  «А» сынып оқушысы

Қыс мезгілі.  Бұл мезгіл  бір ерекше мезгіл. Қыс мезгілін

жер  шарындағы  барлық  балалардың  асыға  күтетінін

білемін. Себебі, жаңа жыл мерекесін асыға күтеміз.  Өткен

жылы мен, жаңа жылды отбасыммен дастарқан басында

қарсы алып отырғанда сағат тілі 12 –ні соққанда кенеттен

үйге Аяз ата мен Ақшақар кіріп келеді. Мен таңғалдым

шын Аяз ата. Қуанғаннан жаттаған тақпақтарымды, ән

сабағынан үйренген әндерімді айтып бердім. Ал Ақшақар

болса маған қыс мезгілі туралы жұмбақтар қоя бастады.

Мен  мүдірмей  жауап  бердім.        Аяз  ата  риза  болып

сыйлығын  беріп  тұрып,    былай  деді:  қызым  Сымбат

өркеннің  өссін,  өте  ақылды  қыз  екенсің,  келесі  мешін

жылында  тағы  да  келемін  деді.    Мен  осы  күндері

шынымды  айтсам,  күн  санап  жүрмін.  Күнде  ұйықтар

алдында  Аяз  ата  келгенде  айтар  үш  арман  тілегімді

қайталап жатамын. Балалар, осы үлкендер негізі ойлаған

арманды  айтуға  болмайды,  орындалмай  қалады  деп

жатады  ғой,  бірақ  мен  Аяз  ата  бәрін  орындайтынына

сенемін.  Менің  бірінші  тілегім  жер  шарандағы  барлық

балалар бақытты болса. Екінші тілегім сабағымды үздік

оқысам.  Ал  үшінші  тілегім  анам  ешқашан  ауырмай,

отбасым  бақытты  болса  екен  деймін.  Балалар,  Аяз  ата

сендердің де үйлеріңе барып, тілектеріңді орындасын деп

тілеймін.

№ 3 мектеп – лицей  Бегманова Сымбат

Жылдың  төрт  мезгілі  болса  соның

ішінде  қыс  мезгілі  мен  үшін  ерекше

мезгіл. Себебі, қыс   мезгілі маған жауған

қарымен өте қатты ұнайды. Жаңа жылда

отбасыммен түгелдей дастарқан басында

отырып  өз  тілектерімізді  айтып,сонан

кейін аулаға шығып от шашу ату ерекше

қызық  көрінеді.  Аяз  ата  мен  Ақшақар

келіп, 


сыйлық 

берген 


сәттер

ұмытылмайтын  әсер  қалдырады.

Балалық көңіліммен жаңа жылды қарсы

алуды,  оны  тойлауды  қатты  жақсы

көремін.

Бірнеше  күннен  соң  Жаңа  жыл

мерекесі  келеді.  Әрине,  Жаңа  жыл

мейрамы  бәріне  қызық  болғандай

мағанда  өте  ұнайды.Жаңа  жылда  түрлі

қойылымдар  болады,балалар  жаңа

жылдық костюмдерін киіп, өз өнерлерін

ортаға  салып  әндерін  салып,  жаттаған

өлеңдерін айтуды да ұмытпайды.Әсіресе

балаларға ең қызығы  ол әрине Аяз ата

мен оның көмекшісі Ақшақар.

Менің ойымша Жаңа жыл тек қызықты

сәттердің  бірі  емес,естен  кетпейтін

сәт.Өзіңіз  ойланып  көріңізші,жаңа

жылда  жарқыраған  шыршамыз  көздің

жауын 


алып 

тұрады.Балалардың

тамсандырған  өнерлеріне  Аяз  атадан

түрлі-түсті  сыйлықтар  аласың.Осының

бәрі көңілді  естен кетпейтін  сәт деп  қалай айтпайсың?

Үйіңе  қарасаң  жаңа  жылды  тойлатып  жатады,көшеге

шығып қарасаң да көрші достарың, көрші аға-апаларың

жаңа  жылда  мәз-  мәйрам  болып  жүреді.Көздің  жауын

алған    от  шашулар,  түрлі  жарық  шамдары  кез-келген

адамның әп-сәтте көңілін көтеріп тастайды.Тіпті дүкенге

барсаңда  жаңа жылдық көйлектер мен заттар, Көшедегі

адамдар  да  бір-бірін  көре  қалса  ,  келген  жаңа  жылмен

құттықтап  ,құшақтаса  бастайды.Бір  жағынан  бұл

халқымыздың татулығы мен бейбітшіліктің көрінісі.Осы

кезде біз басқа ұлт өкілдерімен ауызбіршілікте болмағанда

біз  бұлай  көңілді  жаңа  жылды  халқымызбен  тойламас

едік.Бұл мерекенің атын бекер «Жаңа жыл» деп қоймаған.

Яғни жаңа жылда адамзаттың жаңа өмірі басталғандай.Бұл

мерекенің шарты әр адам көңілді болуы қажет.Ешқандай

адам ешқандай уайымды уайымдамай  көңілді тойлауы

қажет.Балалардың  да  асыға  күтетіні  де  осы.Мен  барша

халыққа  жаңа  жылда жаңа  қуаныштарға  кенелуін  шын

жүректен тілеймін.




Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет