Оқушылар және ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жазбаша түрде өтініштерін қарауға арналған «сенім жәшігінің» ережесі



Дата26.10.2022
өлшемі19,26 Kb.
#45444



Сенім жәшігі
«Бекітілді»
«Ақмола облысы білім басқармасының
Ерейментау ауданы білім бөлімі бойынша
Торғай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»
КММ директоры: Айтбаева М.Ж.
_______________________
_____ «_________» _____

Оқушылар және ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жазбаша түрде өтініштерін қарауға арналған «сенім жәшігінің» ережесі


І. Жалпы ережесі
Осы ереже оқушылардың және ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарайтын «сенім жәшігінің» жұмысын реттейді.
«Сенім жәшігі» мектептің ІІ қабатының психолог кабинетінің жанында орналасқан.
Осы ереже педагогтардың оқушылар мен ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалармен тығыз байланыста болу мақсатында жасалған.
Өтініш өтініш берушінің аты-жөнімен, барлық байланыс телефондарымен жазылу мүмкін, сонымен қатар жасырын түрде де болады.


ІІ. Негізгі міндеттері
2.1. «Сенім жәшігі» жұмысының негізгі міндеттері:
1) оқушының құқығы бойынша берілген өтініштерін жедел түрде тіркеу және қарау, сонымен қатар мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жүргізілуіне ұсыныс білдіру.
2) өтініштерді қарау ҚР заңнамасына сай шараларды қабылдау;
3) сенім жәшігініе келіп түскен өтініштерді талдау, өтініштегі мәселені болдырмау мақсатында шаралар қолдану;
4) оқушының мәселесін жедел түрде шешіп, қарастыру.


ІІІ. «Сенім жәшігі» жұмысын ұйымдастыру тәртібі
3.1. Сенім жәшігінің жұмыс уақыты ақпараттық қабырғаға ілінеді, сонымен қатар мектептің сайтында жарияланады және әрбір оқушыға «сенім жәшігі» туралы ақпарат беріледі.
3.2. Сенім жәшігіне өтініш беру жұмыс күндері сағат 08.00.-19.00.дейін жүргізіледі.
3.3. Өтініштерді күнделікті мектеп психологы сағат 17.00.-де алады.
3.4 Мектеп пчихологы өтініштерді ДТЖЖО бірге қарастырады.
3.5. Өтініш 5 күнде қарастырылады.


ІV. Өтініштерді қарау
4.1. Келіп түскен өтініштерді, ұқсас өтініштермен қосып қарастырады.
4.2. Қарастырылған өтініштер кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және оладың ісі жөніндегі комиссияға қарауға жіберіледі.
4.3. Комиссия қажет болған жағдайда алдын-алу органының маманын жұмысқа тартады.


V. Жауапкершілік
5.1. «Сенім жәшігіне» келіп түскен ақпараттармен жұмыс істейтін жауапты тұлғалар өтініштердің құпия түрде сақталуына жауапты.

«Сенім жәшігінің» тақырыптық жоспары
Қыркүйек
Сынып сағаттарын өткізу
Сауалнама алу
Келіп түскен өтініштердің жауабын қабырғаға ілу
Менің ата-анам-менің тірегім?
Сізде ата-анаңмен ұрысып, үйден кетіп қалған жағдай болды ма?
Ата-аналарымен ұрысып үйден кетіп қалған достарың, таныстарың бар ма?

Қазан
Сынып сағаттарын өткізу


Сауалнама алу
Келіп түскен өтініштердің жауабын қабырғаға ілу
Әлді әлсіз жақтарын көрсету, өзін-өзі бағалай білуін, қызығушылығын анықтау.
Сіздің әлді, және әлсіз жақтарын?
Мереке, демалыс күндерін қалай өткізесіз?

Қараша
Бос уақытын қамту бойынша қаладағы мәдениет және спорт бөлімдері туралы ақпарат беру.


Діни экстремиз дегенді қалай түсінеміз?


Қазіргі заманда құдайға сену орынды ма?

Желтоқсан


Сынып сағаттарын өткізу
Оқушылардан сұрақ-жауап алу
Келіп түскен өтініштердің жауабын қабырғаға ілу
Компьютерге тәуелділік мәселелерін талқылау, себебін анықтау.
Компьютер қолдану қазіргі жасөспірімге пайдалы ма? немесе зиянды ма?

Қаңтар
Оқушылардан сұрау


Ата-аналар жиналысында қарастыру
Оқушыларға арналған жаднама ілу
6
Денсаулық сақтауды қалыптастыру.
Сізде өзіңнің дене бітіміне байланысты медбике қояр сұрақтарың бар ма?

Ақпан
Арнайы мамандармен кездесу ұйымдастыру


Әңгіме жүргізу
Күш көрсетіп ақша талап ету- оның соңы мен жазалау.
Күш көрсетіп ақша талап ету жағдайымен кездестің бе? бопсалаудың құрбаны болған таныстарың бар ма? кім әлімжеттік көрсетеді білсең аты-жөні мен сыныбын жаз

Наурыз
ГЮП инспекторларымен кездесу ұйымдастыру


Сауалнама
Мектептегі құрбы-құрдастары мен жанжал оқиғаларда оларды шешу жолдары.
«Мен және менің отбасым» отбасылық салт-дәстүрлер дегеніміз не?

Сәуір
Отбасының құндылықтары туралы қабырғаға ілу


Мамандық таңдау менің болашағым!


«100 жолдың біреуі сенікі» сен болашақ мамандығынды таңдадың ба?

Мамыр
Ата-аналар жиналысы


Кездесулер колледж, ЖОО мамандарымен

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет