«STOP кадр» әдісі оқырмандарға өз ойын жеткізіп, тапқырлығын және жылдамдығын арттырып жалғасын болжайды. Тақырыпты әртүрлі аспектіде қарауға мүмкіндік беретін оқыту әдісі. Мысалы оқырмандарға «М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесінің желісі бойынша кинофильм үзіндісінен сурет бейнелері арқылы сұрақтар қойылады. Бастауыш сыныптар арасында «STOP кадр»әдісі мен қазақ ертегілерінің атын тауып жалғастырды.
«LearningApp» платформасы АКТ оқырмандардың қай әдеби жанрға деген қызығушылығын арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге ынтасы оянады, проблемалық сұрақтарға жауап беруге жетелейді.
«QR код» платформасы. QR-код арнайы орынды қажет етпейді. Жаңа және тез өзгеруші ұтқыр технологиялармен бірлесе қадам басып, әр жастағы оқырмандарда кітапхана қызметтерін пайдалану сезімін ояту үшін кітапханаларда оқырманға арналған қосымша ақпаратты ұсынудың тиімді тәсілі ретінде QR-кодтар белсенді пайдаланылады. Сондай-ақ, кітаптарды, авторларды және кітапхананың өзінің құзыретін дәріптеуге көмектесу үшін жаңартпа технология ретінде де қолданылады. Қолында смартфоны бар кітапхана оқырманы қосымша ақпаратты пайдалану үшін QR-кодты сканирлей алады, кітап авторының сайтына көшеді немесе кітапқа қатысы барларға және осы кітап қамтып көрсеткендердің сайтына көше алады. Мысалы мен кітап қорымда жоқ балалар әдебиеті, көркем әдебиеттердің QR-кодын дайындап оқырмандарға ұсынамын. Өте тиімді әдіс және қол жетімді.
«Wordwall» платформасы Жұмыс жалпы оқырмандармен жүргізіледі. Жеке ойлауды ұсыну. Іс-шараны тиімді өткізудің жолы, оқырмандар лезде сұрақтарға ойлау дағдысын қалыптастырып жауап береді.
«Padlet» - іс-шаралар өтуде тиімді қолдануға болатын қарапайым әрі әмбебап тақта. Бұл әдеттегі тақтаның онлайн түрі. Бұл виртуалды тақта интернет арқылы жасалып, оқырмандардың смартфонды тиімді қолдану негізінде жүзеге асады.
Онлайн тақтаның ерекшелгі: презентация, видеоматериал, аудиоматериал дайындап енгізуге, тапсырмаларды түрлендіріп беру, кері байланыс жасауға, сонымен қатар жүктеу элементтерін жылжытуға, үлкейту мен кішірейтуге, фондық суретті реттеуге болады. Тақта дайын болған кезде оны әлеуметтік желілерде бөлісуге, сайтқа енгізуге болады.
Мен өз іс-шарамда «Padlet» платформасын кері байланыс алу үшін қолдандым.
Қорытынды Ақпараттық мәдениет – ақпаратпен жүйелі түрде жұмыс істей білу және оны іздеп табу, өндеу, тасымалдау үшін жаңа компьютерлік ақпараттық технологиялар мен әдістерді пайдалана білу. Ақпарат ағынында еркін бағыт – бағдар тауып өмір сүру үшін қазіргі оқырмандар ақпараттық мәдениетке ие болуы тиіс. Ол жалпы мәдениеттің қазіргі ажырамас негізгі бөлігі болып саналады.
Оқушыларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау үшін оларды ойша ойлауға, талдау жасай білуге, коммуникативтік дағдыларын дамытуға, ақпараттық сауаттылық пен ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу қажет, олардың әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және олардың өзін-өзі жетілдіре отырып, қызмет субъектісі деңгейіне көтеруін қамтамасыз ету керек.
Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – бұл әңгімелесе білу, теледидар, хабарды талғамды түрде қарау, алған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу.
Қазіргі заман талабына сай оқушылардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған басты міндет.
Пайдаланған әдебиеттер. 1.“Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2007 ж.
2. https://learningapps.org/watch?v=pgxqbjdtt23
3.«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2008 ж.
4.Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
5. https://youtu.be/_uxzy5fqhDg