Бірінші топ өз алдына: белгілеп қоюшылық (фиксирующая), бағралаушы (ориентирущая), бақылаушы (контролирующая) болып келеді. Бұл топтың қызметі білім, білік және дағдыны бағалауды, әрбір бағаның көрсеткіштері мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады.
Екінші топ: ұйымдастырушылық (организующая), реттеушілік (регулирующая), дәлдеп түзетушілік (корректирующая) болып келеді. Осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты, бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол жеткізілген нәтиженің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш.
Үшінші топ: қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық (развивающая), ынталандырушық (стимулирующая) болып келеді. Бұл топтың қызметінің нәтижелі болуының кепілі, баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей білуде.
Оқушының дамуы мен тәрбиесіне және оқу жұмысындағы мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы, ізгілендіру ұстанымдары негізінде ұйымдастыруға ерекше беріліп отырған қазіргі кезеңде бағалаудың ролі, қызметі түбегейлі өзгеріп, ол диагностикалық, тәрбиелеуші, дамытушы және басқарушы қызмет атқаруы тиіс.
Бақылау процесінде оқушылардың алған білімді игеруі және оны баянды етуі бойынша оқу жұмысының сапасы туралы толық хабар алуы өте қажет. Осыған байланысты бақылаудың бірнеше түрлерін атауға болады. Олар тақырыптық бақылау, ағымдық бақылау, қорытынды бақылау, емтихан немесе сынақ.бақылаулары болып бөлінеді.
Жеке
Әрбір оқушыға өз алдына жеке тапсырма беріледі, білімі тексеріліп бағаланады
Жаппай
Жалпы топ бойынша тексеру, бір тапсырма бойынша түгел топ оқушылары жұмыс істейді.
Тексеру түрлері Тексеру формасы Топтық
Тапсырманы топтағы оқушылар ішінен азғантай топ мүшелері ғана орындайды.