Оқушылардың даму физиологиясы


Қанның жастық ерекшеліктері және жүрек-қан тамырлары жүйесінің дамуы



бет8/18
Дата15.04.2023
өлшемі186,5 Kb.
#82716
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
Дәріс тезистері ОДФ 2022 (4)

Қанның жастық ерекшеліктері және жүрек-қан тамырлары жүйесінің дамуы.


Қан – организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның қызметтері: тасымалдау, дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады, мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады. Қанның мөлшері ересек адамдарда 4,5-6 л., яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Организмдегі барлық қанның 50 %-ы қан деполарында (бауырда, көк бауыр, өкпе және тері) қор болып сақталады.
Қан туралы ғылымды гемология деп атаймыз. Бұл ғылымның дамуы өте ұзақ та қиын тарих-процесс. Оның негізгі жетістіктері тек соңғы жылдары ғана белгілі бола бастады. Қан тарату жүйесінің басты мүшесі жүрек екені жұртқа белгілі. Тек сол жүректің дұрыс қызметінің арқасында ғана бүкіл денеде үздіксіз қан жүріп, организмге қажетті оттегі мен қоректік заттар уақтылы жеткізіп отырады. Жүректен алыстаған сайын қан тамырлары тарылып, бірте-бірте аса жіңішке түтікшелер талшық капиллярларға айналып кетеді. Олар адамның шашынан 10 еседей жіңішке болады. Қан денедегі үлкенді-кішілі тамырлар арқылы үнемі қозғалыста болады.
Қанның құрамы өте күрделі. Ол пішінді элементтерден (қан клеткалары) және сұйық плазмадан тұрады. Пішінді элементтер қанның 55-60 %-ын, плазма 40-45 %-ын құрайды.
Пішінді элементтерге эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер жатады. Плазманың құрамы да күрделі: 90 % - су, 7-8 % - белоктар, 2 % - органикалық және бейорганикалық заттар. Қанның меншікті салмағы ересек адамдарда 1,055-1,063 кг/м3.
Эритроциттер – пішінді элементтердің ішіндегі ең көб, қанның қызыл клеткалары. Олардың саны адамның жасына байланысты: ер адамда 1 мкл. Қанда 4,5-5 млн., әйелде 4-4,5 млн. Эритроциттер ядросыз, диаметрі 7-8 мкм, ал қалыңдығы 2 мкм. Пішіні 2 жағы ойыңқы келетін линза іспетті болады. Эритроциттердің құрамында белок заты гемоглобин болады. Ол күрделі зат: құрамында темірі бар бояулы зат гем және глобин белогынан тұрады. Эритроциттердің өмір сүру ұзақтығы 90-120 күндей, бірақ олар үнемі жаңарып отырады, ескілері бауырда ыдырап, жаңалары сүйек кемігінде өндіріледі.
Лейкоциттер – ядросы бар қан клеткалары. Ересек адамның 1 мкл. Қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Балалардың иммундық қабілеті лейкоциттерге байланысты. Ол бала организмінің жұқпалы ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Саны сыртқы және ішкі әсерлердің ықпалынан үнемі өзгеріп тұрады, шамамен 6-8 мың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет