Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру (әдістемелік – көмекші құрал) Алғы сөз



бет16/28
Дата04.11.2023
өлшемі379,5 Kb.
#121891
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Байланысты:
гылыми лицензия

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Тіл нақтылы әлеуметтік өмір тәжірибесі, адамдар қарым – қатынасының маңызды құралы, тарихи, мәдени, ғылыми, әдеби ақпараттарды жинақтау мен сақтаудың бай қоры және ұлттың басты белгісі ретінде қоғамдық ғылым саласының бір бөлігі бола отырып, ерекше жаңартушылық рөл атқарады.
Түбір тұлға білдіретін мағына мен сол сөз табының әр түрлі формалары үстелуі арқылы пайда болатын грамматикалық мағыналардың салмағы, қызметтері бірдей емес. Басқаша айтқанда, түбір мен қосымшалар морфема ретінде морфологияның объектісі болғанмен, әр түрлі лексика – грамматикалық қасиеттері арқылы бір – бірінен ерекшеленетіні сияқты олар білдіретін грамматикалық мағына да, яғни, түбірде жалпы грамматикалық мағына да, бір – бірінен ерекшеленеді (С.Исаев. «Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар» 124 бет).
Осы негізге сүйене отырып, омонимдік қосымшалардың ерекшеліктері мен маңыздылығын айқындау барысында:

  • омонимдік қосымшалар арқылы түбір сөздердің түрленуі;

  • жаңа мағынаға ие болуы;

  • қосымшалардың басқа сөз табына қатысты сөздерге жалғану арқылы морфологиялық , синтаксистік өзгерістер тудырады;

  • айтылуы бір қосымшалардың әртүрлі мағынада жұмсалуы;

  • айтылуы бір қосымшалар әр сөз табына жатады;

  • негізгі белгілері мен заңдылықтарына қарай топтастырылады;

Осы ерекшеліктерге сүйене отырып, омонимдік қосымшалар тобына омонимдік аффикстер деп тек ғана жұрнақтарды қарастырмай, жалғаулардың да омонимдік қосымша қызметін атқаратынына мән беру керектігін аңғартады.
Жұмыстың негізгі нәтижесі – айтылуы бірдей қосымшаларды салыстыру әдістері арқылы ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, маңыздылығын табуда;

  • айтылуы бірдей жалғау мен жұрнақтың омонимдік қосымша деп тануға болатындығын дәлелдеуде;

Мектеп бағдарламасында қосымшаның екі түрі, айтылуы бірдей қосымшалардың әр сөз табына жататындығы ғана айтылып қойса, бағдарламадан тыс «омонимдік қосымшалар» деген тақырып қарастырылса, оқушылардың бойында білім мен біліктіліктің мығым орналасуы анық.
Мемлекетіміздің кемелденуінің, мәдени өрісінің кеңеюінің және әлемдік өркениетте өзіндік орнын иемденунің басты формасы, әрине, оның оның білім беру жүйесінің дамуы болып саналады. «Ұлт мен ұлтты, халық пен халықты теңестіретін бір ғана нәрсе - білім екендігін» айтқанда, ғұлама жазушымыз Мұхтар Әуезов ел болашағы мен ұлт табиғаты дарынды, адымы алымды, ойы шалымды жас ізбасарларының білімге ұмтылуына байланысты екенін ескерткісі келгені анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет