Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру (әдістемелік – көмекші құрал) Алғы сөз



бет18/28
Дата04.11.2023
өлшемі379,5 Kb.
#121891
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Байланысты:
гылыми лицензия

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жалпы қазақ әдебиетінде бой көрсеткен Абай Құнанбайұлының поэзиясы жаңалықтарының заңды жалғасы, оның жаңа реалистік әдебиетімізді өрістетуіне ат салысқан, Абайдың өміршең поэзиясынан қорек алған ізденімпаз замандастары мен жас ұрпағы әдебиетіміздің аспанында жалт етіп, жарық жұлдыздардай сәуле шашты. Соның бірі - Шәңгерей еді.
Қазақ әдебиетінің майталманы М. Әуезов те Шәңгерейдің ақындық қызметіне арнайы тоқталып, Шәңгерей өлеңдеріндегі дарашылдық, эстеттік сарындарды бүкіл тарихи - әдеби үрдіске байланысты қарау керектігін, Абай дамытқан озат дәстүрлермен салыстыра тану қажеттілігін атап көрсеткен.
Абай – ұлт ақыны. Ұлтын ағарту ісіне, өнегелі жолға түсуге үгіттей отырып, ол сол ұлттың бойындағы заман қайшылықтары тудырған ұнамсыз мінездерді аямай сынайды, шенейді. Бұл тұрғыда ол – ұлт психологиясын терең танушы, әрі шебер суреттеуші. Ақын суреттеген ел билеушілер қаншама! Олардың ішінде мақтан үшін билікке ұмтылып иттей қор болып, бас – басына би болған, өз сөзінен басқаны ұқпайтын, ұрлықпен мал табам деп, егессе мал шабам деп жүрген белсенділер де, бір сөз үшін жау болып, бір сөз үшін дос болып, өтірік арыз бергенді мақтан көрген пысықтар да кездеседі. Осылардың бәрі – жақсы мен жаманды айырмай, екі ұртының бірі – қан, бірі – май боп жүрген халқының өкілдері.
Қазақ поэзиясындағы Абай – азамат, қайраткер, ойшыл ақын. Ол - өз халқының перзенті, ағасы, атасы, күрескері, ақылгөйі.
Абай жаңашылдығы осындай ескішілдікке қарсы күресте туды. Ол әдет – салттың кертартпа жақтары мен қараңғылық тудырған қылықтарды шенеумен шектелмей, Адам атын биік дәрежеге көтеретін жаңа идея ұсынды. Адамдық атқа ие бола отырып, надан болуға жол жоқтығын («Атым Адам болған соң, қайтып надан болайын?!») айтты. Адамдар арасындағы достық пен сыйластық идеясының жаңа мазмұнға ие болуы да, әйелге деген жаңа көзқарас, сезім шыншылдығы, адал махаббатты ардақтау – бәрі де Абайдан басталады.
Ал, ақтандақтар қатарына ілініп, көп жылдар бойы халқымыз көз жазып қалған көрнекті ақынымыздыі бірі – Ш.Бөкеев. Ол - ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің ірі өкілі, өз дәуіріндегі ақындық өнерде өзіндік үлесі, өшпес орны айқын қайталанбас қаламгер. Сонымен бірге ол – қазақтың жазба әдебиетін өркендету, оның образдылығы мен көркемдігін жетілте түсу жолында елеулі еңбек еткен шын мәніндегі кәсіпқой жазушы да. Бірақ, жетпіс жылдан астам тарихы бар кеңестік мәдениетіміздің назарына жете ілінбей, шығармашылығы көмескі қалпында қалып, орынсыз кінәлар тағылып, тарихи бағасына ие бола алмаған асыл сөздердің авторының бірі – осы Шәңгерей.
Хандық жолды өркениет деп ұққан, ағарту жолды ұстанған. Міне, Шәңгерей – осындай қандыбалақ төрелерден шыққан, озбыр ортаның түлегі. Оны шын өнер иесі, ақын есебінде тани алмай келуіміздің негізгі себебі де осы тегіне байланысты еді.
Ол барлық шығармаларында өзінің жайын, өмір жолын, дүниеге келгеннен кейінгі бастан кешкендерін айтар ойына ұштастыра отырып, образдар арқылы терең толғайды. Ол айтар ойларын қаз қалпында туралап баяндаудан гөрі бейнелі сурет жасауға әуес. Жазушының мақсаты нағыз көркемдікке ұмтылу, шын мәніндегі көркем сөз өнері туындысын жасап, соны қазақ әдебиетіне енгізу болатын. Шәңгерей әдебиетімізге шын мәнінде бейнелі, пернелі, сұлу суретті поэзиясымен жаңалық қосқандардың бірі болды. Себебі, оның шығармаларында шындықпен қабысқан рәміз мен романтика өріс алған еді.
Зерттеулер бойынша, 1923 жылы Ташкентте жасаған баяндамасында Ж.Аймауытов Абай мен Шәңгерейдің кейбір өлеңдерін салыстырған екен. Мұны түсінуге болады. Өйткені қазақ топырағында арасы қашық емес мезгілде өмір сүріп, қалыптасқан адамдардың өмірді көріп, ұғуы бір тектес болуы мүмкін. (М.Базарбаев «Көрікті ойдан – көркем сөз», 30 – бет).
Абай адамдардың әлеуметтік теңдігін бүкіл шығармашылығына арқау етсе, Шәңгерей өмірдің көріктілігін, сұлулығын бірінші орынға қояды. Яғни, Абайда әлеуметтік уағыз басым болса, Шәңгерейде әдемілік, сұлулықты суреттеу басым. Сонымен Шәңгерей Абай дәстүрін жалғастырушы, онан әрі дамытушы ғана емес, қазақ поэзиясындағы өзіндік өрнегі бар ірі ақын екендігін ұмытпауымыз керек.
Абай жырлаған елдің, халықтың өмірі, өмірдің өтуі туралы топшылау, ғылым - білім туралы ой түю, махаббат, достықты, саятшылықты, табиғат құбылыстарын суреттеу, философиялық терең ой – сезімдері Шәңгерей поэзиясының да өзекті тақырыбы болған.
Абай мен Шәңгерейдің шығармаларына арқау боларлық ортақ бейне – олардың ақындық «мені». «Мен» деген сөзге философиялық мән беріп, оны дүниенің өзгерісімен, дәулеттің тұрақсыздығымен, өмірдің өткіншілігімен байланыстырады. Шәңгерей:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет