Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет23/48
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19285
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48
Байланысты:
1410319942356 (1)

«Әдебиеттік оқу» пәні

Мәтінді дұрыс,  мәнерлеп  және  шапшаң оқуды  меңгеруі,  шығарма

авторының

көзқарасын  түсіну,  мәтінді  оқырман  ретінде

қабылдауға

тәрбиеленеді, көркем-шығармашылық  қабілеттері  дамиды.  Сөз өнеріне  деген

қызығушылық, тілдік  эстетикалық талғамы қалыптасады.  Сөйлеу әрекетінің

түрлері жетіліп, ұлттық және  жалпыадамзаттық  құндылық пен рухани-

адамгершілікке тәрбиеленеді.

Мәтінді  оқу  сапасы  дұрыс,  түсініп,  шапшаң,

мәнерлеп  дағдысы

қалыптасады.  Ауыз әдебиетінің жанрлары,  отандық және әлемдік  балалар

әдебиетінің озық үлгілерімен танысады.

Ақын-жазушылардың балаларға  арналған  шығармалары  туралы,  басты

тақырыбы,  басты  кейіпкерлері  және  негізгі  мазмұны  жайлы  түсінік

қалыптасады. Мәтінді талдап, жанрлық сипаты туралы түсінік қалыптасады.

Шығарма  сюжеті  ізімен  немесе  еркін  тақырыпта

әртүрлі


әдеби

шығармашылық жұмыс  түрлері: өлеңді  мәнерлеп  оқу, әңгіме құрастыру,

мәтінді  сахналау,  мәтін  бойынша  сурет  салу,  мақала  жазу,  шағын үзіндіге

сценарий жазу т.б. орындау машықтары қалыптасады.

2-4-сыныптарда әдеби  функционалдық сауаттылығы «Ауыз әдебиеті

үлгілері»,  «Жазба  балалар әдебиеті үлгілері»,  «Әдеби-теориялық білім»,

«Мәтінмен  жұмыс»,  «Оқу  дағдысы», әдеби  тілде  еркін  сөйлеу  бағытында

қалыптасады.

Сонымен қоса оқырмандық мәдениеті, кітапханада жұмыс істей алу, кітап

дүкендерінде қажет  кітапты  таңдай  алу  дағдысы,

ана  тілінде  ауызша  және

жазбаша дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқу, білім сайыстарына қатысу, өз ойын анық

нақты баяндау білігі мен функционалдық сауаттылығы қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет