достарыңмен жақсы қарым-қатынаста болу сияқты әрекеттердi қамтиды.
1.Компьютердiң қайда қолданылатынын әңгiмелеп бер. Суреттерді боя.
37
а) сурет салу
ә) ойнау
б) есептеу
в) ақпаратты сақтау және тарату.
3.Оқушылармен талқылай отырып, суреттердi боя.
3-4.
«Сатылар» және «Батырмалар»
сияқты жаттығу ойындары
оқушылардың компьютерде жұмыс жасау жылдамдығын дамытуға арналған.
Ойын тәртiбi бойынша батырманы қанша рет басу ұсынылса, саусақты сонша
рет басу керек. Жаттығу, ең алдымен, бiр қолмен орындалса, содан кейiн екi
қолмен бiрге орындалады. «Сатылар» және «Батырмалар» жаттығу ойындарын
әрбiр сабақтың соңында қайталап ойнауға болады.
3.«Батырмалар» ойыны. Батырмаларды алдымен, бір қолмен, содан кейін
екінші қолмен, соңынан екі қолмен бірдей бас. Батырмаларда қандай сан
жазылса, саусақтарыңмен сонша рет бас.
4.«Сатылар» ойыны. Саусақтарыңды перне сатыларымен жоғары және
төмен жүргіз. Батырмаларда қандай сан көрсетілсе, оны саусақтарыңмен сонша
рет бас.
3) Пән барысында техника қауiпсiздiгi ережелерiн сақтау
Әдiстемелiк нұсқаулар:
2) Сабақ басталмас бұрын мұғалiм компьютерлiк сыныпта жұмыс істеу
тәртiбi мен техника қауiпсiздiгi ережелерiн оқушылардың есiне салып, көздiң
шаршағандығын басу жаттығуларын қайталауды ұсынады. Оқушылардың жаңа
тақырыпты меңгеру деңгейi мен оны қорытындылауы мына тәртiппен
жүргiзiледi.
4) Ақпаратты қабылдау психологиясы
Адам қоршаған ортадағы барлық ақпаратты сезiм мүшелерi көмегiмен
қабылдайды, мысалы, көру және есту.
Егер бiз ақпаратты көру арқылы қабылдасақ, онда ол – көру ақпараты.
Егер бiз ақпаратты есту арқылы қабылдасақ, онда ол – дыбыстық
ақпарат.
Мұғалiмге арналған әдістеме:
Адам қоршаған ортадағы барлық ақпаратты сезiм мүшелерi көмегiмен
қабылдайды: көру, есту, иiс сезiмдерi, сезiну, дәм арқылы.
Балалар, бiз теңiздiң
жағалауында тұрғанымызды көз алдымызға
елестетейiк. Не естiдiңдер? Егер ауа райы ашық, күн шығып тұрса, онда
толқындар жай тербеледi. Ал егер аспанды кiшкене бұлттар қаптап, қатты жел
тұрса, онда теңiзде толқындар қатты тербеледi және теңiз жағасында
толқынның дыбыстары естiледi. Бұл екi жағдайда да бiз көру және дыбыстық
ақпараттарды алдық.
Ал егер бiз гүл отырғызатын ыдысқа гүлдiң тұқымдарын сеуiп отырғызсақ,
оны бiрнеше күн су құйып күтетiн болсақ, онда не байқауға болады? Бiрнеше
күн өткеннен кейiн дәндердiң қалай бүршiк атқанын байқайсыңдар, яғни бұл
жағдайда көру ақпараты арқылы ақпараттарды аламыз. Ал көктем айында
құстардың
көңiлдi сайрауынан және сiркiреген жауын тамшыларынан
38
көктемнің келе жатқанын байқаймыз. Бұлардан көктемнің жақындағаны туралы
дыбыстық ақпарат аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: