Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет29/48
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19285
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48
Байланысты:
1410319942356 (1)

Тапсырма 1:

1. Терезеге қарап,  күннiң жарқырап  атқанын  көрдi. Қандай  ақпарат

аласың?

2. Бiз таудағы су ағынының дыбысын естiдiк. Бiз қандай ақпарат алдық?

3. Ас үйде қайнап жатқан сүт тасып кеттi, сен оны қалай байқадың?

4. Егер бiз қолымызды отқа жақындатсақ, онда қандай ақпарат аламыз?

5. Мерекелiк торт пiсiрілдi. Оның дәмiнiң тәттi екендiгiн қалай байқайды?

6. Дыбыстық және көру ақпараттарына өздерiң мысалдар келтiрiңдер.



Тапсырма 2:

1.

Қай  жануарға

қандай


үн  сәйкес  келеді?  Аңдарды  шығаратын

дауыстарына қарап, бiр-бiрiмен жалға және ол суреттердi боя.

2.  Суретте  жасырынған  бейнелерді  тап.  Олар қандай үн  шығарады?

Бейнелердің кескінін  ажыратып,  айналдыра сыз.  Суретте  мысық, ит, қаз

жасырынып қалған.

3.  Сурет  бойынша  ауызша әңгiме құрастыр.  Боя. Әңгiменi құрастыру

барысында  олардың  қандай  дыбыстар  шығаратын  және қандай  түспен

боялатынын да ескер.



5)

Тактильдiк ақпарат.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Оқушыларға  ақпарат  және  оның түрлерi  материалдарын қайталату

ұсынылады.

Жаңа  тақырыпты  меңгерту  мен  оны  сынып  оқушыларымен  бiрге

қорытындылау мына түрде өткiзiледi:

 Адам қоршаған ортадағы барлық ақпаратты  иiс сезу,  сипап сезу  және

дәмдi  сезу мүшелерiнiң көмегiмен қабылдайды.

 Егер  бiз  ақпаратты  сезiм  мүшелерi  арқылы қабылдасақ, онда  ол –



сипап  сезу ақпараты  болып  табылады.  Ал  оның  ғылыми  атауы – “тактильдiк

ақпарат”.

 Егер бiз ақпаратты иiс арқылы қабылдасақ, онда ол – иiс сезу ақпараты

болып табылады.

 Егер  бiз  ақпаратты  тiл  мүшесi  арқылы қабылдасақ, онда  ол – дәмдiк

ақпарат деп аталынады.

 Есту,  көру,  сезу,  иiс  және  дәм  сезу  мүшелерi – бұл ақпаратты  алу

арнасы болып табылады.



Мұғалiмге арналған әдістеме:

Бiз денемiз арқылы сипап сезу ақпараттарын ала аламыз, мысалы, өзендегi

су  жылы  ма, әлде үтiк  ыстық па  және  т.б. әрекеттердi өз  денемiз  арқылы

байқаймыз.

Бiздi қоршаған иiстер де маңызды ақпараттар қатарына енедi. Егер газдың

иiсiн  сезсеңдер,  онда  не  iстер  едiңдер?  Ондай  жағдайда  жедел  жәрдем

қызметiне  хабар  беремiз.  Жаңа  жылда қандай  иiстер  сезесiңдер?  Мәселен,

шыршаның иiсi шығады, анаңның жасаған бауырсақтарынан дәмдi иiс шығады.




39

Бұл ақпараттарды бiз иiс сезу мүшелерi арқылы анықтаймыз. Сондықтан ол иiс



сезу мүшесi арқылы анықталатын ақпарат деп аталады.

Ал  ендi  мына  бiр  көрiнiске  назар  аударайық. Аруна Әлімге  алма  бердi.

Оның сыйлаған  алмасының  қышқыл,  не  тәттi  екенiн Әлім қалай  бiледi?  Бұл

жағдайда, ол дәм сезу мүшесi - тiл арқылы анықтайды. Ол – дәм сезу ақпараты

деп аталады.

Сонымен, ақпаратты мынадай сезiм мүшелерi арқылы қабылдаймыз: есту,

көру, сипап сезу, иiс сезу және дәм сезу. Көру, есту, сипап сезу, иiс сезу және

дәм сезу – бұл ақпаратты қабылдау арналары болып табылады.



Тапсырма1:

1.

Суретте не бейнеленгенін әңгімеле. Боя.



2. Ақпарат түрлерiн талқылау.

1 және 2 суреттер – дәмдi сезу ақпараты.

3 және 4 суреттер – иiс сезу ақпараты.

5 және 6 суреттер – сипап сезу ақпараты.

3. Қайсысы қай тағамды ұнатады? Сызықтар арқылы қос.

тышқан – сыр

қоян – сәбiз

балапан – бидай

ақ тиін – жаңғақ

қонжық – бал

4.  Гүл мен  оның атауын  сызықтар  арқылы қос.  Боя.  Бұл  тапсырманы

орындау барысында гүлдердiң иiс сезу ақпаратына енетiнiн талқылаңдар.

1. Суретте не бейнеленгенiн әңгiмеле. Боя.

2. Суреттерде қандай ақпарат түрлерi бейнеленген?

3. Сөздердi әрiптермен қос.  Бұл  сөздердiң  қандай  ақпарат  түрлерiмен

байланысты екенiн талқылаңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет