Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата03.03.2017
өлшемі0,68 Mb.
#6655
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

(бастауыш сыныптар)

Әдістемелік құрал

Астана

2013


2

Ы.  Алтынсарин  атындағы Ұлттық білім  академиясы Ғылыми  кеңесімен

баспаға ұсынылды (2013 жылғы 19 тамыздағы № 4 хаттама).

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру  (бастауыш

сыныптар). Әдістемелік құрал. – Астана:  Ы.Алтынсарин  атындағы Ұлттық

білім академиясы, 2013. – 66 б.

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» (бастауыш

сыныптар)

атты

әдістемелік



құралда

бастауыш


сынып  оқушыларының

функционалдық

сауаттылығын

қалыптастырудың

психологиялық-

педагогикалық және әдістемелік негіздері қамтылған.

Әдістемелік құрал мектеп басшыларына, әдіскерлерге, мұғалімдерге, жалпы

білім беру саласының мамандарына арналған.

© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013



3

Кіріспе

Бастауыш 

мектеп 

оқушыларының



функционалдық

сауаттылығын

қалыптастыру

үшін  оның теориялық-әдіснамалық негіздері  анықталуы

керектігі  белгілі.  Ол  теориялық-әдіснамалық негіздер    алға қойылып  отырған

келелі мәселенің бастау көздерін танытады.

Бастауыш 

мектеп 


оқушыларының

функционалдық

сауаттылығын

қалыптастыруда мынадай мәселелердің басы ашық болуы тиіс:

- бастауыш  мектеп  оқушыларының функционалдық сауаттылығын  жүйе

ретінде танысақ, онда ол жүйенің құраушы бөлшектерін анықтау керек;

- бастауыш мектепте  оқылатын әрбір  жеке  пән  бойынша    еліміздегі  және

осы бағытта қарастырылған шетелдік тәжірибені талдап-тану керек;

-

бастауыш  мектеп  оқушыларының



функционалдық

сауаттылығы

қалыптасуының межелерін, белгілері мен шарттарын айқын анықтап алу керек.

Негізінде,  берілген  мәселе  бойынша    осы  кезге  дейін  жарық көрген

әдебиеттерді  талдау  барысында,  көп  ретте,  «функционалдық сауаттылық»,

«функционалдық

сауатты  тұлға»,  «негізгі

құзыреттер»,  «жалпыбілімдік

біліктер» сияқты ұғымдардың көбірек талдауға түсірілетіні байқалады.

Негізінде,  «функционалдық сауаттылық» термині өзінің  1957 жылы

ЮНЕСКО  енізген  уақытынан  бастап  «сауаттылық»

және  «минималды

сауаттылық» ұғымдарымен қатар қолданысқа түсіп келеді.

Осылардың  әрқайсысына  жеке-жеке  түсініктеме беріп  тоқталып  кету  жөн

болмақ.

1)

Сауаттылық дегеніміз – оқу, жазу, санау және құжаттармен жұмыс



жасай алу дағдылары.

2)

Минималды  сауаттылық дегеніміз – қарапайым хабарламаларды



оқу және жазу дағдылары.

3)

Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адам өзінің оқу және жазу



дағдыларын әлеуметтік  ортада қарым-қатынас жасауда қолдана  білу қабілеті,

яғни    адамға өзін қоршаған әлеуметтік  ортамен қарым-қатынасқа түсуге

мүмкіндік беретін және сол ортаға барынша тез әрі жайлылықпен бейімделуіне

жағдай  туғыза  алатын  сауаттылық деңгейі.  Бұл  деңгейде  адам  мәтіндерден

өзіне қажетті ақпаратты,  мәлім  іріктеп  алуы үшін  және  сондай  ақпаратты

басқаларға жеткізе алуы үшін қажетті болатын қабілеттер қалыптасады.

Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай

оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған

білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде

«функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру  мәселесін  негізге  алудың

өзектілігін арттырып отыр.

Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа

түсе  алу қабілеті  және  сол  ортаға  барынша  тез  бейімделе  алуы  мен қарым-

қатынас  жасай  алу  деңгейінің көрсеткіші.  Олай  болса,  функционалдық

сауаттылық тұлғаның белгілі  бір  мәдени  ортада өмір  сүруі үшін қажетті  деп

саналатын  және  оның  әлеуметтік қарым-қатынас  жасауын қамтамасыз  ететін

білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек


4

білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе

жеке  адамдар  тобының мәдени  және әлеуметтік  дамуының  өлшемі.  Осындай

сапалық сипаты  тұрғысынан қарағанда  функционалдық сауаттылық жеке

адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.

«Функционалдық

сауаттылық» 

ұғымына


қатысты

мектеп


оқушыларының

функционалдық

сауаттылығын 

дамыту 


жөніндегі

2012 - 2016  жылдарға  арналған ұлттық іс-қимыл  жоспарын  (ҚР Үкіметінің

2012 жылғы  25  маусымдағы  №832 қаулысы), Қазақстан  Республикасында

білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік

бағдарламасын,  пәндік  сауаттылық, функционалды  сауаттылық, оқытудың

түпкі  нәтижесі  ретінде  оқушылардың игерген құзіреттіліктеріне  байланысты

ғалымдар,  В.В.  Давыдов,  А.А.  Леонтьев,  Д.Б.  Эльконин,    В.А.  Болотов,

О.Е.Лебедев,  И.А.  Зимняя,  А.К.  Маркова,  С.Г.  Молчанов,  Г.К.  Селевко,

В.В.  Сериков,  В.А.  Сластенин,  А.В.  Хуторской,  М.Ж.Жадрина,  С.Д.Мұқанова,

И.И.Бим, 

Ф.Ш.Оразбаева, 

Е.И.Пассов, 

В.Л.Ляховицкий, 

Н.Сауранбаев,

С.Кеңесбаев,  С.Жиенбаев,  Т.Ахметов, Ғ.Бегалиев,  А.Айдаров,  Ж.Д.Адамбаева,

Б.Б.Құлмағамбетова,  К.Ы.Сариева,  М.М.Артықова,

жүргізілген  зерттеулерді

қарастыра  келе,  бүгінгі  таңда  отандық

және  шетелдік

ғалымдардың

еңбектерінде «функционалдық сауаттылық» ұғымын қолдануда бірізділік жоқ

екені байқалды.

Білім  берудегі  сауаттылық мәселесі,  біріншіден,  нақты  бір  елдегі

халықтың  әлеуметтік  жағдайына,  екіншіден,  мемлекеттің экономикалық

дамуына, үшіншіден,  елдегі  мәдени  ахуалға  тәуелді  болатындығы  айқын.

Бүгінгі өркениеттің даму  деңгейі  білімділік  пен  сауаттылық  ұғымдарының

мазмұны  мен  оны  түсінудің сара  жолдарын  іздестіруді қажет  етіп  отыр.

Ғылыми  еңбектерде  сауаттылық  ұғымының белгілі  бір  деңгейде  ана  тілінің

грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру екені

байқалады. Әйтсе  де  адамның  өмір  сүруіне қажетті  деп  танылып,  меңгеруге

ұсынылған  бастауыш  мектеп  деңгейіндегі  белгілі  бір  білім,  білік  пен

дағдылардың жиынтығы  (оқу,  жазу,  санау,  сурет  салу  және  т.б.)  ретіндегі

тілдік  сауаттылық  қазіргі  кездегі әлеуметтік  сұраным  талаптарымен  сәйкес

келе бермейді.

Сауаттылық

тұлғаның


тұрақты

қасиеті 


болып 

табылатындықтан,

функционалдық сауаттылық сол  тұлға  меңгерген  белгілі  бір  білім-біліктерден

көрініс  табады. Өйткені  функционалдық сауаттылыққа  адам  нақты  білім  алу

кезеңдерінен өткеннен  кейін қол  жеткізеді.  Бұл  орайда  білім  белгілі  бір

сауаттылық деңгейін қамтамасыз  ететін құрал  және  нақты  іс-әрекеттердің

нәтижесі  ретінде қарастырылады.  Ендеше,  мемлекеттік  тілді  оқытуда  білімнің

түпкі  нәтижесі  деп  саналатын құзыреттіліктердің біртұтас  бірлігі  ретіндегі

функционалдық сауаттылықтың мәнін,  рөлін  айқындаудың, оны  мектеп

тәжірибесіне  ендірудің

уақыт  талабымен  толық

сай  келуі  де  зерттеу

тақырыбының өзектілігін дәлелдей түседі.

Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы  ортамен

қарым-

қатынасжасау қабілеті,  оқушылардың  өзгермелі өмірге  бейімделуінің шарты,



оқушылардың

жеке  бас

қабілеттерін  дамытудың

тетігі,  оқушылардың



5

әлеуметтік  дағдыларын  дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени    дамуының

өлшемі,  білім,  білік,  дағдыларының  құзыреттілікке

ұласу  жолы.  Ол

оқушылардың  қатысымдық,

ақпараттық,

проблемалардың

шешімін  табу

құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады.

Оқушылардың

функционалдық

сауаттылық

мазмұны 

келесі


құзыреттіліктерден көрінеді:

‒ оқу, жазу сауаттылығынан;

‒ жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан;

‒ математикалық сауаттылығынан;

‒ компьютерлік сауаттылықтан;

‒ денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;

‒ құқықтық сауаттылығынан.

Сонымен, 

педагогикалық-психологиялықжәне

ғылыми-әдістемелік

әдебиеттерді 

талдау 


негізінде 

бұл


ғылыми-зерттеу 

жұмысының

тақырыбын«Оқушылардың

функционалдық

сауаттылығын

қалыптастыру»

(бастауыш сыныптар)деп атаумызғатура келді.

Әдістемелік құралды  жазу  мақсаты: бастауыш сынып  оқушыларының

функционалдық

сауаттылығын

қалыптастырудың

психологиялық-

педагогикалық және әдістемелік негіздерін әзірлеу.



Әдістемелік құралды жазудың міндеттері:

бастауыш


сынып  оқушыларының

функционалдық

сауаттылығын

қалыптастыру жөніндегі шетелдік тәжірибені зерделеу және талдау;

бастауыш

мектепті  бітірушінің

функционалдық

сауаттылығының

моделін құрастыру.

Кіріспе

зерттеуге 

алынған 

мәселенің

көкейтестілігінен,

қарама-


қайшылығы,  проблемасы,  мақсаты,  объектісі,  міндеттері,

әдіснамалық және

теориялық негіздерінен тұрады.

Бірінші  тарау:

«Бастауыш  сынып

оқушыларының

функционалдық

сауаттылығын қалыптастырудың психологиялық негізі»  деп  аталса, екінші

тарау «Бастауыш  сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын

қалыптастырудың педагогикалық негізі», ал үшінші тарауда «Бастауыш сынып

оқушыларына  функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың  әдістемесі»

деп аталады.



Қорытынды:

бастауыш 

сынып 

оқушыларының



функционалдық

сауаттылығын қалыптастыруға  бағытталған теориялық қортындылар  мен

әдістемелік ұсынымдардан тұрады.


6

1 Бастауыш  сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын

қалыптастырудың психологиялық негізі

Сауаттылық  ұғымы – дәстүрлі  түрде    жеке  тұлғаның грамматикалық

нормаларға  сай  оқу,  мен  жазу  дағдыларын  игеру  дәрежесі. Ұлттың мінез -

құлқына  сай – бірден - бір  базалық көрсеткіштер  мен әлеуметтік - мәдени

дамуының бет - бейнесі  болып  табылады.    Сауаттылық  ұғымының мазмұны

тарихи  тұрғыда қоғамдық талаптар  мен  индивидке қойылатын  талаптардың ең

төменгі шектік деңгейінің өзгеруіне байланысты өзгеріске ұшырады.

1969  жылы қыркүйек  айында  Тегеран қаласында өткен  сауатсыздықты

жою  бойынша  ағарту  саласы  министрлерінің Дүниежүзілік  конгресінде

«функционалдық сауаттылық» термині енгізілген болатын, ал 1978 жылы БҰҰ

ұсынысы  бойынша  конгресс  шешімі қайта қаралып,  «Білім  беру  саласы

статистикасын  халықаралық стандартизациялау»  туралы құжатқа өзгерістер

енгізілді.  Термин  мазмұнының  қайта  редакциялануына  орай  функционалды

топтардың тиімді әрекет  етуіне қажетті барлық іс - әрекет  саласына  еркін  енуі

функционалдық сауаттылықтың жаңа көрсеткіші болып табылады.

Қазіргі  кезеңде  «функционалдық сауаттылық»  ұғымы    мағынасы  жан-

жақты  зерттеліп,

қоғам  дамуын  тежеуші  сауатсыздықты  жою  мағынасында

ғана 


емес,

ұғымдық


мағынасы 

іс-


әрекеттің

нәтижесі 

тұрғысында

сауатсыздықты  жою  механизімдері  мен  тәсілдерін  іздеу  мәселесі  ретінде  де

қарастырылады.

Қазіргі 


ақпараттанған 

жаңа


қоғамда 

функционалдық

сауаттылық барлық  қоғамдық деңгейлердің  әрекет  нәтижесінің жетістік  түйіні

болмақ. Жаңа  сипатта  «функционалдық сауаттылық» мағыналық тұрғыда

кеңейіп, мәдениеттілік атрибуты дәрежесіне дейін көтерілді.

Функционалдық сауаттылық  ұғымы ғылыми - техникалық талаптар  мен

әлеуметтік  прогресс  нәтижесінде  пайда  болып,  мағыналық тұрғыда әмбебап

сипатта ғана  емес,  мәдени – тарихи  сипатта  да қолданылады.  Себебі  Кеңестік

кезеңнің

алғашқы  10  жылдығында  азататтың

оқи  білуі,  жаза  білуі,

арифметикалық төрт  амалды  білуі қызметтік әрекетті  игеріп  кетудің негізгі

көрсеткіші  болды. Қазіргі  кезеңде  сауаттылық  ұғымының ауқымы  кеңейіп,

оның көрсеткіштері түрліше сипатталады.

И.А.Мещеряков функционалдық сауаттылық - (ағылшын тілінде functional

literacy) - дағды  мен  білімді қамтамасыз  ететін  жеке  тұлғаны  дамытуға,  жаңа

білім алу мен мәдениет жетістіктерін игеруге бағытталған білім нәтижесі, жаңа

техниканы қолдануды  игеру,  кәсіби  міндеттерді  жетік  меңгеру,  жанұялық

өмірдегі сәтті үйлесімділік құра білу, өмірлік түрлі жағдаяттарды шеше алу деп

анықтама берді.

Бастауыш білім беру деңгейінде өздік ерекшелігіне сай біртұтас орта білім

беру жүйесінде оқу әрекетінің негізгі білігін игертуді қамтамасыз ету маңызды

шарты  болып  табылады.  Бастауыш  сынып  оқушысы  орындайтын  оқу әрекеті

мен  басқа  (ойын,  спорттық, бейнелеу,  еңбек) әрекеттер  кешені  тұлғлық

дамуында  басты  роль  атқарады.  Мектеп  оқушысында

пайда  болған

субъектівтілік қасиеттерінің көрсеткіштері оның функционалдық сауаттылығын

қалыптасуының көрсеткіші  болып  табылады.  Бастауыш  мектеп  оқушысында



7

оқу - әрекеті  арқылы қалыптасатын  сауаттылық оқу әрекетінен  тыс  жағдайда

қалыптасуы  мүмкін  емес.  Сондықтан  бастауыш  мектепте  кез - келген  пәнге

оқытудың


мақсатты  функциясы  оқушыда

өздігінен

әрекет  ету  білігін

қалыптастыру болып табылады. Бастауыш  сынып оқушысы мектепке келгенде

оқуға,  мұғалімменен  ынтымақтасуға  талпынысы  мол  болады.  Ал  келесі

деңгейде мұғалімнің басшылығымен    шағын  топтарда  оқу  ынтымақтастығын

ұйымдастыруымен өздігінен әрекет  етуі  күшейеді.  Ал  келесі  деңгейде  ең

жоғарғы  шектік  мөлшерде өздігінен  оқу әрекетін  орындауға, құрдастарымен

және  білімін  толықтыру  бағытында  мұғалімдермен әрекет құруға,  жеке  оқу

белсенділігінің арту

қабілеті  байқалады.  Соңғы  деңгейде  оқушы  мұғалім

позициясын игереді.

Н.Г.Калашникова  «Идеал  мектеп  оқушысының портретін» қалыптастыру

үшін оқушыда келесі қарым - қатынас сферасы қалыптасуы керек деп атап өтті:

‒ оқушысы тұлғасының мотивациялық - бағалау сферасы;

‒ рухани - көркем- бейнелік сферасы;

‒ қарым - қатынас сферасы арқылы;

‒ білімді игеру әрекеті сферасы.



Кіші мектеп оқушысы тұлғасының мотивациялық - бағалау сферасын

қалыптастыруда бастауыш  мектеп  оқушысында білім  алумен қатар білім

мазмұнын  игеру,  оқыту  процесіне,  білімін  жетілдіруге,  оқыту  барысында

ынтымақтасуға мотивтер пайда болады.

Қоршаған дүние құбылыстары  мен  тіршілік  ортасы  туралы  түсініктер

пайда  болып,  көркем  бейнелеу  арқылы  арқылы өз қарым- қатынасын білдіру

(қуану,  көмек  көрсету, әрекеттену, құрметтеу, өзін - өзі бағалау)  тәжірибесі

пайда болады.

Оқушы өз - өзіне,  Отанына,  басқа  адамдарға, қоршаған әлемге,  еңбекке,

оның ішінде оқу - еңбегіне жағымды қарым - қатынас орната  алады.  Сонымен

қоса  денсаулықтың  құнын  түсінеді,  салауатты өмір  сүру  салтын  мен өмір

қауіпсіздігін  сақтау  керектігін  түсінеді. Өз әректін  сынау,  пікірі  мен әрекетін

өмір  жағдайларға  байланысты өзгерту,  сараптауға  рефлексиялық  қабілеттерін

игереді. Өзін - өзі  тануға, өзі  туралы  жеткілікті  дәрежеде  мағұлматар  бере

алады. Сонымен қоса өзін-өзі бағалауы дифференциациялық және рефлексивті

сипатта болады.



Рухани - көркем  бейнелік  сферасы қалыптасқанда  оқушы өзге  адамдар

мен өз табиғаты мен ішкі әлемі, көркем шығарма туралы пайымдай алады.

Шығарма  мазмұнының  өрбіуін,  кейіпкерлердің жан  дүниесін,  мінез -

құлқындағы өзгерісті, табиғат құбылыстарын түсініп қабылдайды.

Адам  сөзінің  әсерін, әдеби  шығарманың тілін ұғына  отырып,  сипаттай

алады.


Мұғаліммен  басшылығымен

әдеби  шығармалардағы  адам

қарым-

қатынасының эмоционалды - эстетикалық мәнін  түсіне  отырып,  шығарманың



рухани мәнін қабылдайды.

Көркем шығарма кейіпкерлерін өз қиялындағы идеал бейнеге қосып алады.

Әдеби  шығармаларды  эмоционалды

қабылдайды.  Көркем  шығарма

мазмұны  талдай  отырып,  шығарма  мазмұны  бойынша өмірлік  жағдаяттардың


8

шешу  жолдарын  біледі.    Шығармадағы  оқиғаға  байланысты өз  көзқарасын

білдіре алады. Мәтінді талдау кезінде автор сөзін дәлел ретінде келтіре алады.

Кейіпкердің шығармалардағы іс-әрекетіне сәйкес кейіпкерлерге мінездеме бере

алады.

Ғылыми-танымдық



және  публистикалық

мәтіндерден

өзіне

қажетті


мәліметті  табуды  және  оны  берілген үлгіге  (кестеге,  сызбаға  т.б.)  Сай өңдеп,

жүйелеуді.

Көркем  шығармада  суреттелген  оқиға,  кейіпкерлер  іс-әрекеті  мен қарым

қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсетуді.

Мәтін туралы ауызша және жазбаша пікір білдіруді.

Әдеби кейіпкерге, туысқандарына, достарына хат, құттықтау жазуды.

Көркем шығармадан алған әсерін жазбаша түрде (8-10 сөйлем) орындауды.

Ауызша, жазбаша сөйлеуде мақал-мәтелдерді орынды қолдануды.

Сөйлегенде, жазғанда көркем сөз, шешендік сөз үлгілерін қолдануды.

Тақырыбы  бір-біріне үндес  шығармалардың кейіпкерлерін,  оқиғаларын

салыстыруды.

Көркем  шығармада  суреттелген  оқиға,  кейіпкерлер  іс-әрекеті  мен қарым-

қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсетуді.

Қарым - қатынас сферасы

Бастауыш  сынып  оқушысының мұғаліммен,  сыныптастарымен,  басқа

балалармен  ынтымақтасуға  жеке  белсендік  танытуы.  Адамдармен  диолог

құруды әңгімелесудің ерекше  формасы  ретінде қалыпты  мінез - құлық

танытуды қажет етіп, диалог мақсатын ұғынуы.

Мектепте  оқу  еңбегін, қоғамдық тәртіпті  сақтау,  табиғатқа қатынасты,

даулы жағдайды мәдениетті шеше білу қарым- қатынас нормаларын игеруі.

Әңгімелеу  жағдайына  бағдары  бар: әңгімелесуші  сөзін  тыңдай  алады,

әңгімелесушінің коммуникативті  еміренуін  түсіне  алады, әңгімелесуде өзгенің

реакциясын бағалай алады, сөзін дұрыс құра біледі, қажетінше өзгертіп, түзете

алады.

Әртүрлі  топтардың  әрекетіне  (ұйымдастырады,  орындайды,  сынайды,



топтың позициясы жақтап сөйлейді, бақылай) кірісе алады, ым- ишыра, белгіні

диалогке түскенде, сабақ барысындағы пікірталаста көрсете біледі.

Кебір  жағдайларды  анықтау үшін  сұрақ  қоя  алады,    тыңдай,  түсіне, өз

түсінгенін тексере алады.

Автор шығармасын сынай алады, автордың негізгі ойын, идеясын түсініп,

өзге  шығармалармен

ұқсастығын  анықтайды,  ойды

өрбітеді,

қарама-

қайшылықты анықтайды, кемшіліктерді көреді.



Сыныптастарымен шағын топтардың жұмыстарын сараптай алады.

Хат, құттықтау,  хабарландыру  жаза  алады.  Біріккен  іс- әрекетте өзі үшін,

өзге үшін жауапкершілік алады.

Білімді игеру әрекеті сферасы арқылы

Оқушы өзін - өзі  реттеу  мен өз  іс – әрекетін ұйымдастыру  тәсілдерін

меңгерген,  оқу әрекеті  тек өзіне қатысты  екенін  түсінеді, өзін- өзі

ұйымдастыру қабілеті келесі функционалдық әрекетінде байқалады:


9

1. Дене  жаттығуларын  жұмыс қабілетін  жақсарту,  зейінін  шоғырландыру,

ой – еңбегі арқылы, сөз, дене шаршауын басуда қолдану.

2. Әңгімеге  тарта  алады, әңгімені  көзқарасымен,  ым - ишрасымен,

сұрақтарымен қолдай алады.

3. Өз жұмыс орнын, уақытын ұйымдастыра алады.

4. Оқу- әрекетінде белсенділік танытады, өздігінен пікір, байлам жасайды,

түсінбеген тақырыптарды анықтауға талпынады, оқу әрекетінің құралдары мен

тәсілдерін біледі, қажет болған жағдайда көмек сұрай алады.

5. Есте сақтаудың рационалды тәсілдерін біледі.



Оқудың мұғалім  анықтаған  мақсаттарын  түсінеді, өз  бетімен  мақсат

келесі жұмыстарда анықталады:

1. Мұғалімнің басшылығы,  сыныптастарымен  бірге  оқу  жағдаятын  талдай

алады, өз мүмкіндіктерін бағалау мен ондағы мәселелерді көре алады.

2. Біліміндегі  кемшіліктерді өздігінен  түсінеді,  жаңа  міндеттерді  шеше

алады.

3. Сыныптастарымен бірге сызбаға қажетті сұрақты, жетімсіз немесе қажет



амалдың

мақсат  міндетін  түсінеді, өздігінен  оқу  тапсырмасы  мақсатын

анықтай алады.

4. Мұғалім  басшылығымен әртүрлі  оқу  мақсаттарының ара- қатынасын

топтық жұмыста анықтайды, талдайды.

Оқу  мақсатына  жету үшін,  оқу  міндетін  шешу үшін  іс - әрекет

ұйымдастыра алады:

1. Ойластыра  отырып, міндеттерді  шешу үшін өздігінен  бірнеше әрекет

түрін жоспарлайды.

2. Бір  мақсатты  шешуде әртүрлі  жоспарды  салыстырады,  таңдау  жасай

алады.

3. Оқу міндетін шешу үшін ең тиімді құралды таңдай алады.



4. Үлкендердің көмегімен уақытқа тапсырманы бағдарлай алды.

Оқу міндеттерін орындауда қолдану шегін, шешу тәсілі мен шарттарын

нақтылай алады:

1. Мемлекеттік  стандартта  көрсетілген  талаптардан  төмен  емес  деңгейде

таныс өмірлік жағдаяттарды өздігінен тапсырмалық тұрғыда орындайды.

2. Сыныптастарымен  бірге  жаңа  шарттардың белгілі  тәсілдердегі өзгерісі

мен ерекшелігін анықтай алады.

3. Өздігінен  немесе өзімен  жастылармен қолданылатын  тапсырмалар

іріктейді, тапсырманы  орындау  тәсілдерін  түсінеді,  игерген,  игермеген  білім

шегін кіші жастағылармен анықтай алады.

4. Шапшаң, мәнерлеп,  дұрыс  оқи  алады,  оқыту  барысындағы  графикалық

тілді қолданады, кесте, сызба, модельдермен жұмыс істей алады.

5. Қолданыс  жағдайында  пайда  болған,  іс - әрекет  нәтижесіне  жету үшін,

кедергілерді  жеңу  бағытында,  шешуге қатысты    мәліметтер  мен  туындаған

сұрақтарды жинақтайды, тіркейді.


10

6. Заттарды  сөзбен, ғылыми  тұрғыда,  бейнелік  тұрғыда  сипаттай  алады,

шынайы түрде бір - бірне байланысы мен қатынасын түсінеді.

Оқу  ақпаратымен  (оқу  білігі)  жұмыс  атқаруға қажет қарапайым

ептіліктерді игеруі

Бағдарлық (нысаналық) ептіліктер:

1.

Қажеттілігіне  орай  мұғалім,  кітапханашы ұсынған әдебиеттерді



өздігінен таңдай алады.

2.

Оқу  мәтінінің тақырыбымен,  оқу  мазмұны  жайлы  ақпаратпен,



мұқабамен, алғы сөзбен жұмыстар жасай алады.

3.

Автордың негізі  ойын,  мәтін  тақырыбында  тұрған  сөздің тұру



мақсатын анықтап, мәтіннің сезіміне қалай әсер ететінін сипаттай  алады.

4.

Қандай  жаңа  ақпарат  алатынын,  оқудың



барысында

қандай


мақсатқа жететінін, аталған ақпаратты алудың қажеттігін түсінеді.

Ақпарат құрылымы мен  оны оқып- танысу тәсілін игеруі

1. Мәтінмен  жұмыс  істеу  мақсатын  анықтап,  мақсатқа  жету  жолын

жоспарлап, өзбетінше мәтінмен танысып, мазмұнын түсініп, мәтінді мағыналық

бөлімдерге  бөледі,  мәтінді  автордың жазу  мақсатына  сай  негізгі  ойды

анықтайды,  мәтін  мазмұны  бойынша  сұрақтар қоя  алады,  логикалық және

мағыналық байланыстарды  көре  алады,  мәтінді қорытындылап,  жалпылай

алады.

2. Мәтін  барысында  анықталған  оқиға  желісіне  байланысты  мағынанық



ойларды анықтап, оларды бір бөлімге біріктіре алады.

3. Мұғалім  басшылығымен  анықталған  ақпараттың маңыздылығына  баға

бере алады.

4. Мәтін  тақырыбының мақсаты,  тақырып  бойынша  сұрақтардың, оқу

нәтижесімен,  басқа  зерттеу  көздерінен  түскен  ақпаратпен  ара - қатынасын

сыныптастырымен бірге ақпаратты синтездей алады.



Мәтінмен  жұмыс  нәтижесіне  байланысты қорытынды  ойды  жазба

түрінде жаза алу тәсілдерін игеруі

1. Өздігінен жазбаша түрде мәтіннің қарапайым не күрделі жоспарын құра

алуы.

2. Сыныптастарымен 



бірге

оқыған 


мәтін 

мазмұнына 

байланысты

графикалық кескін немесе сурет, сызба түрінде сипаттай білуі.

3. Мұғалім басшылығымен мәтінді игеру алгоритімін құра алуы.

4. Негізгі  мәтін  мазмұнымен    графикалық кескін  немесе  сурет,  сызбаның

ара - қатынасын анықтай алады.

5. Мұғалім  басшылығымен  бір  тақырыппен  жазылған әртүрлі  мәтіндерді

салыстыра алады.мәтін мазмұнына орай сұрақтарды құрай алуы.

Таныс мәтінді еске түсіре отырып,  талдай алу білігі

1. Ауызша    мәтін  бойынша  сұрақтар  жүйесін,  негізгі  ойды қысқаша

сипаттап, баяндай алуы.


11

2. Мәтін  мазмұнын,  оқылған  ақпаратты  жоспар,  сызба  бойынша  кең

көлемде баяндай алуы.

3. Сыныптастарымен  бірге  мәтін  мазмұнының кейіпкерлері  бейнесінде,

мұғалім  немесе  сыншы  көзқарасымен  шығармашылық тұрғыда  мазмұнын

баяндай алуы.

4. Тақырыптары ұқсас  мәтін  мазмұндары  бойынша  оқытылған  мәтін

кейіпкерлер  бейнесін  салыстыра  отырып, өздігінен  мысалдар  келтіре  алуы,

жалпы тақырып құрылымына қолдана алуы.

Оқу әрекеті  нәтижесі  мен  оқу үдерісін  бақылау,  баға  беру  тәсілдерін

игеруі

1. Атқарылған әрекетті үлгіге сай өздігінен бақылай алады.

2. Өздігінен шамасы келмейтін іс- әрекетті анықтап, көрсете алады.

3. Іс- әрекеттегі қателіктерді таба алады.

4. Сыныптастарымен бірге бақылауды қажет ететін әрекет түрлерін жұмыс

жоспарына ұсына алады.

5. Сыныптастарымен  бірге  шағын  мәтіндерді  түсінгенін  тексеру үшін

қажет тапсырмалар мен сұрақтарды құра алады.

6. Сыныптастарымен  бірге  мақсат,  міндет,  жоспарға  сай  оқу әрекетінің

сәйкестігін анықтай алады.

7. Тапсырмалар  нәтежиесіне  жету үшін  алдын  ала    бақылау  тәсілдерін

қолдана алады.

8. Бақылау нәтижелеріне орай оқу – әрекетіне деген өз қатынасын өзгерту.

9. Мұғалім, 

сыныптастарымен 

бірге


өзін

қызықтыратын 

зерттеу

тақырыптарын құру.



10. Өздігінен оқу тапсырмаларын орындау мақсатына жету үшін жағдайы

мен өлшемін бағалай алады.

11. Әртүрлі тапсырмаларды бағалау түрін анықтауға қатысады.

12. Өз ойы мен әрекетін сырттай бақылай алады.

13. Еске сақтай алуын бағалай алады.

М.А.  Холодная  зертеуінде  жалпы  білім  беру  процесін  реформалауда  екі

базалық  ұғымды  анықтауға  болатындығын,  олар  «түйінді құзіреттіліктер»  мен

«функционалдық сауаттылық»  ұғымдары  екені  атап өтті.  Аталған ұғымдар

оқытудың нәтижесі  және  білім  мазмұны  бағдары  ретінде қарастырылады.  Ол

нәтижелер оқу әрекетінде, ақпараттық қолдануда, шығармашылық іс -әрекетте,

спорттық жетістікте,  еңбек

әрекеттері  нәтижелерінде  көрініс  табатынын

қарастырды.

«Түйінді құзіреттілік» ұғымына терминдік  тұрғыда үңілсек    ағылшын

тілінен  еніп, competencе «құзыреттілік»,  «құзырлылық» деген  екі  мағына

береді.  Ал құзыреттілік ұғымы қабілеттілік,  біліктілік  деген  мағына  берсе,  ал

құзырлылық ұғымы іс- әрекет барысындағы құзіреттілік мағынасын береді. Ал

заңдық термин ретінде «құқықты» деген мағына береді. Түсіндірмелік сөздікте

«құзыреттілік»,  «құзырлылық»  ұғымдары  жетістікке,  немесе  жетістікке

жетемін, сәйкес келемін, сай келемін деген мағына береді.



12

Сонымен қоса М.А.  Холоднаяның пайымдауынша  «функционалдық

сауаттылық» пен  «түйінді құзіреттілік» ұғымдары  табысты өмір  сүріп,  білім

алуды  жалғастыру үшін  оқушы  игеруі  тиіс  сапалық  қасиеттер  ретінде

қарастырылады.  Себебі  адам өмірлік,  кәсіби қызметтегі,  жанұялық  өмірдегі,

әлеуметтік  саладағы    түрлі    жетістіктерге  жету үшін  оқушы  бойында  келесі

түйінді құзіреттіліктер қалыптасуы  тиіс  деп  есептейді:  «автономдық  әрекет»

(өзбетінше әрекет  ету  мен  жеке  белсенділік),  «құрал қолдану»  (  физикалық,

әлеуметтік,  тіл,  техникалық т.б.),  «Әртүрлі  деңгейдегі әлеуметтік  топтарда

әрекет ету» (толеранттық таныту, адамдармен біріккен әрекетке дайын болу).

Сонымен қоса  М.А.  Холодная  «функционалдық сауаттылық»  ұғымының

оқу  нәтижесі  ретінде қолданылуымен қоса    келесі  айырмашылықтарын  атап

өтті.  Олар:  1)  тұрмыстық мәселелерді  шешу  бағытында;  2)  жеке  тұлғаның

әлеуметтік жағдайдағы өзін ұстауының сипаттамасы; 3) дәстүрлі, стериотиптік

міндеттерді  шешудің байланысы;    4)  оқу  және  жазу  дағдысы  деңгейінің

элементарлық базалық деңгейі; 6) сауаттысыздық мәселесін  аз уақыт бірлігінде

шешу  мағынасында қолдануы.

С.Г.  Вершилинский  мен  М.Д.  Матюшкина  «функционалдық сауаттылық»

ұғымын  мектеп  түлектерінің сауаттылық көрсеткіштері  ретінде қарастырады:

Жалпы  сауаттылық  (шығарма,  реферат  жазу;  калькуляторсыз  санау,  анкета,

бланк  толтыра  алуы),  ақпараттық сауаттылық  (желіден қажетті  мәліметті  таба

алуы, электрондық поштамен хат алысу, мәтін теру мен шығару),

Жоғарыдағы  ойларды  түйіндей  келе  бастауыш  білім  беру  сатысы

қарапайым  функционалдық

сауаттылықты

қалыптастыруға  бағытталған.

Бастауыш саты кіші мектеп жасындағы оқушының функционалдық сауаттылық

пен


әлеуметтік

құзіреттіліктің  қарапайым  дағдылары  мен

қабілеттерін

қалыптастырудың негізін салады. Осыған орай қарапайым сауаттылық оқу мен

санаудың ауызша  және  жазбаша  тілін, әлеуметтік әрекеттерді  (адамдармен

қарым-қатынасқа  түсу  дағдысы,  біріккен әрекетті  жүзеге  асыру, қоғамның

талаптарына сай өзін - өзі ұстау) дағдылары қалыптасады.

Қоғам  бастауыш  сынып  мұғалімі  алдына  кіші  мектеп  оқушысы  тұлғасын

дамытуды қамтамасыз  ету  шартын қояды.  Ондай  міндеттерді  шешудің  құралы

болып  оқу әрекеті  жатады.  Оқушының функционалдық сауаттылық пен

әлеуметтік

құзіреттіліктің 

қарапайым 

дағдылары 

мен

қабілеттерін



қалыптастыруда  бастауыш  білім  беру  сатысының мақсат  пен  міндеттерінің

басымдығын  анықтау  шарты - осы  жастық кезеңнің психологиялық даму

заңдылығын  есепке  алынуы, қойылған  мақсаттың  қол  жетімді  болуын

қамтамасыз 

етеді.

Осыған 


орай 

бастауыш 

сынып 

оқушыларының



функционалдық

сауаттылығын

қалыптастыруда 

олардың


жастық

ерекшеліктеріне мән берілуі керек.



Бірінші  сынып  оқушысының ерекшелігі. Алғаш  мектеп  табалдырығын

аттап,  бірінші  сыныпқа қабылдану – бала өміріне  күрт өзгеріс әкелетін  кезең.

Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  тән  бейқамдылық пен  ойынға  шектеу

қойылып,  жаңа  талаптар  мен  міндеттер  жүктеледі:  ендігі  уақытта  бала

күнделікті ұйқысынан  ерте  тұрып,  мектепке  бару,  күн  тәртібіне,  мектеп

өмірінің нормалары  мен  ережелеріне  бағыну,  мұғалімнің талабын  орындау,



13

сабақта  оқу  материалдарымен  жұмыс  істеу,  бар  күш-жігерін  салып  еңбек  ету,

үй  тапсырмасын  тиянақты  орындау,  т.с.с.  толып  жатқан  талаптарға  бағынуы

тиіс.


Осы кезеңде 1-сыныпқа келген баланың дүниетанымы күннен күнге артып,

ойлау қабілетінің мүмкіндігі  ашыла  түседі,  эмоционалдық сезімдері  (қуану,

ренжу және т.б.), қарым-қатынас шеңбері өзгереді. Бала мектеп табалдырығын

аттай  отырып,  білім  алу қажеттілігін  сезіне  бастайды  және  білімге  деген

құштарлығы оянады.

Бала өзінің жаңа  жағдайын  жете  түсіне  алмағанымен,  оны  сезеді: үлкен

болғанына қуанады,  оған өзінің  «жаңа  жағдайы» ұнайды.  Бала өзінің  «жаңа

әлеуметтік статусқа», яғни «оқушының ішкі позициясы» – «Мен – оқушымын»

мәртебесіне көтерілгенін, есейгенін сезінеді (Л.И. Божович).

1-сынып  оқушысы үшін  «оқушының ішкі  позициясы»  болуының мәні өте

зор.  Соның  өзі кішкентай  оқушыға  мектеп өмірінің  қиындығын  жеңуге,  жаңа

міндеттерді орындауға көмектеседі.

Сол  себепті  де  кез  келген ата-ана 1-сынып  оқушысы  атанған  баласының

«ішкі позициясын» қолдаудың маңызын түсіне және қолдай білуі тиіс. Олар өз

балаларының мектеп өміріне үйренісіп  кетуіне  ықпал  етіп,  сабақтағы  табысы

мен  сәтсіздігіне  шын  көңілімен,  шыдамдылықпен  төзе  біліп,  ыждағаттылығы

мен  ынтасын  міндетті  түрде  мадақтап,  эмоционалдық тұрғыдан  көмек  беріп

отырса,  соның  өзі  баланың білімнің маңыздылығын  сезінуіне, өзін-өзі

бағалауына және өзіне сенімділікпен қарауына көмектеседі.

Екінші  сынып оқушысының ерекшелігі. Оқушы  2-сыныпқа  «көп  білетін»

бала  ретінде  келеді.  Ол үшін өз құрдастарымен,  сондай-ақ  үлкен  адамдармен

жаңа қарым-қатынас  орнату  кезеңі  аяқталады.  Бұл  уақытта  бала  жүйелі  оқуға

бейімделеді,  оқу,  жазу,  санау  біліктіліктері  мен  дағдылары қалыптасады,  күн

тәртібіне  төселіп,  мектептің ережелерін  орындауға  машықтанады.  Енді

кішкентай оқушы келесі сыныптарда өзін не күтіп тұрғанын біледі.

Бастауыш  мектеп  жасындағы  бала үшін өзін-өзі  бағалауы  басты  рөл

атқарады. Өзін-өзі  бағалауда  2-сынып  оқушылары  мен  1-сынып  оқушылары

арасында  елеулі  айырмашылық бар.  1-сынып  оқушылары өзін-өзі  жоғары

деңгейде  бағалайды.  2-сынып  оқушыларының көпшілігінде  оқу  іс-әрекетіне

деген өзіндік  бағалауы  күрт  төмендеп  кетеді.  Ал  3-сыныпта өзін-өзі  бағалау

деңгейі қайтадан көтеріледі. Бұл құбылыс «екінші сынып феномені» деген атау

алған.

2-сынып  оқушыларында өзіндік  бағалаудың төмендеуі өзіне  сын  көзбен



қарауының және өзінің оқудағы  сапалық нәтижесін  бағдарлау  мүмкіндігінің

өсуімен  байланысты.  Бірақ  өзінің еңбек  нәтижесін  бағалау  мүмкіндігі әлі  де

болса шектеулі. Осыдан келіп өзіне деген сенімсіздігі, өзін-өзі төмен бағалауы

пайда болады.



Үшінші сынып оқушысының ерекшелігі.Кіші жастағы мектеп оқушысының

өмірінде 3-сынып өзгеріс әкелетін кезең болып табылады. Көптеген мұғалімдер

«Үшінші  сыныптан  бастап  оқушылар  оқуға  саналы  түрде қарай  бастайды,

сонымен қатар  білімге  деген қызығушылығы  жоғары  болады»  деген  пікірде

болады.  Мұның барлығы  осы  кезеңде  баланың жалпы  және  интеллектуалдық


14

дамуында  орын  алатын  жаңа  түзілімдермен  байланысты.  Педагогикалық-

психологиялық

зерттеулер  екінші  және

үшінші  сынып  оқушыларының

интеллектуалдық дамуында осындай күрт өзгерістер болатынын көрсетіп отыр.

Оқытудың осы  кезеңінде  ойлау қабілетінің  қалыптасуы  және  оқу  материалын

белсенді  меңгеруі,  вербалды  ақыл-ойдың дамуы,  яғни  түсініктерге  сүйене

отырып ойлау мүмкіндігі жүзеге асырылады.

Ойлаудың жаңа  мүмкіндіктері  басқа  да  танымдық  үдерістерді: қабылдау,

зейін,  жадыны  одан әрі  дамыту үшін  негіз  болады.  Белгілі  психолог  Д.Б.

Эльконин  кіші  жастағы  оқушылардың даму  ерекшеліктері  туралы  былай  деп

жазған: «Память  в  этом  возрасте  становится  мыслящей,  а  восприятие –

думающим». Балада өзінің психикалық  үдерістерін өзі  ерікті  түрде  басқару

қабілеті  де  белсенді  бола  бастайды,  ол  зейінін,  жадын,  назарын  ерікті  түрде

бағындыра білуге үйренеді.

3-сынып  оқушыларының интеллектуалдық дамуындағы  осы  түзілімдерді

шығармашылық, дамытушылық жұмыстарда  белсенді қолдану  оң нәтижелер

беретінін ұстаздар естерінде ұстағаны дұрыс.

Төртінші  сынып

оқушысының

ерекшелігі.

Оқудың


төртінші  жылы

бастауыш сыныптың оқушысы үшін мектеп өміріндегі бірінші кезең аяқталады.

4-сынып оқушылары – бұл бастауыш  мектептің түлектері. Бұл – баланың төрт

жыл  бойы

қол

жеткізген  білім,  білік,  дағдыларының  қорытындысын



шығаратын,  психикалық, физиологиялық дамуының деңгейін  анықтайтын

жауапты  кезең. Сондықтан  да  бұған  ата-аналар  мен  мұғалімдер,  ең алдымен,

4-сынып бітіруші бала келесі деңгейге көшкенде күрделі сабақтарды алып кете

ала ма, жоқ па, қажетті білім, білік, дағдылар жиынтығымен қаруланды ма және

оларды әрі қарайғы өмірінде қолдана ала ма, т.с.с. мәселелерге назар аударып,

жыл  бойы қадағалап, үлкен  дайындықпен,  жауапкершілікпен  келуі  тиіс.  Ол

үшін әр  баланың  өзіндік  ерекшеліктері  мен  мүмкіншіліктері, қабілеттері  мен

дүниеге өзіндік көзқарастары, яғни әркімнің тек өзіне ғана тән дара ерекшелігі

немесе өзіндік мәнері (стилі) болатынын да естен шығармаған жөн.

Көп  жылғы  зерттеулер  көрсеткендей,  4-сыныпты  аяқтаған  оқушылардың

көпшілігінде  оқу әрекетін  орындаудағы өзіндік  жеке  стилі қалыптасады.  Бұл

бала үй  жұмысына  дайындалған  кезде  немесе  сабақ  үстінде,  т.б.  жағдайларда

байқалады. Мысалы, бір бала сабаққа дайындау жұмысын мектептен келісімен

бастаса,  ал  басқа  бала  демалғанды  (әртүрлі ұзақтықтағы) қажет  етеді.  Біреу

жұмысқа  тез әрі  жеңіл  кіріссе,  екіншілері  дайындық кезеңді  керек  етеді.  Бір

бала үй  жұмысын  орындауды  күрделі  оқу  пәндерінен  бастаса,  ал  басқа  бала

жеңіл  пәндерден  бастайды.  Сондай-ақ материалдарды  графикалық бейнелерге

(суреттер,  кестелер  және  т.б.)  сүйене  отырып  меңгеретін  немесе,  керісінше,

ауызша  түсіндіруді қажет  ететін  балалар  да  бар.  Оқу  жұмысын  орындаудың

жалпы  айырмашылығы  балалардың

жеке-типологиялық

ерекшеліктеріне,

олардың жұмыс  істеу қабілеттеріне,  танымдық даму өзгешелігіне,  ақпаратты

қабылдауына  және  оны

қайта

өңдеуіне,



әртүрлі  оқу  пәндеріне  деген

қызығушылықтың бірдей еместігіне және т.б. байланысты.

Оқу  жұмысының жеке  стилі  оқу  тапсырмаларын  орындаудың жалпы

тәсілінде ғана  емес,  оқушылардың  әртүрлі  оқу  білігі  мен  дағдысын қолдануда



15

да  көрініс  табады.  Оқу  жұмысының нәтижелі  тәсілдерін  меңгеру  оқушыда оқу



біліктілігі қалыптасқандығын  білдіреді:  яғни  ол ұсынылып  отырған  білімді

сапалы  игеруге қабілетті  және қажет  болған  жағдайда өздігінен  меңгеруге

дайын.

Бастауыш мектепті тәмамдаған оқушының келесі сыныптарда, яғни негізгі



орта білім беру деңгейінде оқуын жалғастыру барысында жоғары жетістіктерге

жетуі үшін  жалпы қандай  білік-дағдылар қалыптасуы  тиіс?  Мысал  ретінде

солардың ішінен кейбіреулерін атап көрсетейік:

– мұғалімді тыңдау;

– мәлімдемеден басты ойды бөлу;

– мәтін мазмұнын байланыстырып айтып беру;

– мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру;

– мәтінге сұрақтар қою;

– алған ақпараттар негізінде қорытынды жасау;

– өз ойын жазбаша білдіру;

– қосымша  ақпараттар  көздерін қолдану,  анықтамалық  әдебиеттерді

пайдалану (сөздіктер, энциклопедиялар және т.б.);

– өз жұмысының нәтижесін дәл бағалау.

Осы  білік-дағдылардың көпшілігі  ойлау қабілеттеріне  сүйенеді:  заттың,

құбылыстың, т.б. жалпы және дара сипатын салыстыру және таба білу; бастыны

айырып  көрсету,  маңыздыны  болмашыдан  айыру,  логикалық  қорытынды  мен

тұжырымдама жасай алу біліктері, т.с.с.

4-сыныптың көптеген  оқушыларында  оқуға  деген қызығушылықтың

дифференциациясы  байқалып,  оқу  пәндеріне  деген әртүрлі  көзқарас  пайда

болады.


16


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет