«Информатика» пәні
Соңғы кезде компьютерлік сауаттылық негізін қалайтын информатика
пәнін қай сыныптан бастап оқытылуы қажеттілігі туралы түрлі пікірлер
туындауда. Осының
негізінде оқытуды төменгі сыныпқа көшіру тиімділігі
практика жүзінде дәлелденген. Себебі кез келген мектеп жасына дейінгі
баланың
танып-білуге, оқуға
қатысты
қызығушылығының өте жоғары
болатыны белгілі. Ал психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі
логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады екен. Сондықтан балаларды
ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау үшін бастауыш сыныптан-ақ оларды
логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, ақпараттық технологиялардың
негізіне, ақпараттық сауаттылық пен мәдениетке тәрбиелеу қажет.
Информатика пәнін бастауыш сыныпта 12 жылдық білім стандарты
жобасында және 11 жылдық білім беру жүйесінде вариативтік компонент
ретінде енгізу қажет.
Бастауыш мектепте информатиканы оқыту келесі мақсаттарға жетуге
бағытталған:
- ақпараттық
мәдениеттілігін,
сауаттылығын,
алгоритмдік
ойлауын
қалыптастыру;
- интеллектуалды тұлғалық және эмоциялық - жігерлік сапаларын,
қабылдау түрлерін және есте сақтауын дамыту;
- оқушыны азаматтыққа және дүниетанығыштыққа тәрбиелеу.
Сондай-ақ негізгі білім бағдарламасы мазмұнының міндетті минимумы
«Логика және алгоритм бағыты» және де «Компьютер және ақпараттық
технологиялар бағыты» деген мазмұндық бағытта берілген. Осы минимумға
орай қазіргі кездегі информатика пәнін оқытудың әдістерінің күн сайын
жаңарып отыруына қарамастан бастауыш сыныптарда информатика курсын
оқытудың мақсатын төмендегідей түрде сараптауға болады:
36
- компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;
- ойды логикалық түрде дамыту;
- алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;
- компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.
Жоғары сыныпта информатиканы оқыту жеке бағдарламамен жүзеге асуда.
Ал бастауышта бұл жеке пән ретінде ғана емес, басқа негізгі пәндерді
қолдаушы пән ретінде жүргені тиімді. Өйткені, компьютерді үйрену кезіндегі
мәтін теру, қате түзету, сурет салу, есептің немесе әрекеттің алгоритмін құру
сияқты практикалық жұмыстар мен тапсырмалар қазақ тілі, орыс тілі, бейнелеу
және математика пәндерімен сабақтасады.
1) «Информатика» пәнін игеруде балалардың жас ерекшеліктерін ескере
отырып, оқытудағы пәннің мақсаты мен міндетін, қажеттілігін түсіндіру керек.
Мысалы: Сендер ақпарат әлемiне саяхатқа аттанатын боласыңдар. Бұл саяхат
мектептегі оқудың барлық кезеңдерiнде жүрiп жатады. Сол сияқты мектептi
бiтiргеннен кейiн де жалғасатын болады. Бұл тамаша әлем өте кең, сондықтан
онда адасып кетуiң де мүмкiн. Сондықтан, мұндай қауiптен құтылу үшiн осы
әлемдегi саяхатқа қажеттi тәртiп ережелерiн үйренiп алуың қажет.
2) Ақпараттық мәдениет негiздерiн игеру
Әдiстемелiк нұсқаулар:
Ендi бiздi қоршаған тамаша әлемге қарап, жан-жағымызға зер салайық.
Айналамыздағы түрлi заттарға назар аударайық:
гүлдер жайқалады, құстар
сайрайды, күн шығып тұр, жаңбыр жауып тұр, ыстық жаз өтiп, күз келедi де, ол
қарлы қысқа ұласады. Бiз ақпаратты гүлдiң иiсiн сезу, сiркiреп жауған жаңбыр
тамшысының тырсылын есту, күннiң шыққанын көру сияқты әрекеттер арқылы
аламыз. Оны кiтап оқу, теледидар көру арқылы алу мүмкiндiгiмiз бар. Ал
теледидардан көрген ертегiңдi досыңа айтып беретiн болсаң, онда сен досыңа
ақпарат бересiң. Ертегiнi бейнемагнитофонға жазу арқылы бұл ақпаратты
сақтай аласың. Ақпараттық қоғам жағдайында сендер оны ғаламтор арқылы
алуларыңа және электрондық пошта арқылы алыстағы туыстарыңа хат
жазуларыңа болады. Сондықтан осы айтылғандардың барлығын бiз бiртiндеп
үйренуiмiз керек. Ақпараттық қоғам жағдайында кез келген адам ақпарат
көздерiмен жұмыс жасай бiлудi, оны сақтауды, өңдеудi және дұрыс қолдана
бiлу сияқты әрекеттердi үйрену арқылы ақпараттық мәдениетiн қалыптастыра
алады.
Ақпарат – бұл қоршаған орта туралы мәлiмет болса, ал ақпараттық
мәдениет
–
бұл
ақпарат
көздерiн
(анықтамалармен,
сөздiктермен,
энциклопедиямен, ұшақ кестелерiмен және теледидар бағдарламаларымен)
қолдана бiлудi үйрену. Ақпараттық мәдениет - бұл дұрыс сөйлей бiлу,
теледидарды орынды көре бiлу, компьютермен жұмыс тәртiбiн игеру және
достарыңмен жақсы қарым-қатынаста болу сияқты әрекеттердi қамтиды.
Тапсырмалар:
1.Компьютердiң қайда қолданылатынын әңгiмелеп бер. Суреттерді боя.
2.Компьютермен не iстеуге болады?
37
а) сурет салу
ә) ойнау
б) есептеу
в) ақпаратты сақтау және тарату.
3.Оқушылармен талқылай отырып, суреттердi боя.
3-4.
«Сатылар» және «Батырмалар»
сияқты жаттығу ойындары
оқушылардың компьютерде жұмыс жасау жылдамдығын дамытуға арналған.
Ойын тәртiбi бойынша батырманы қанша рет басу ұсынылса, саусақты сонша
рет басу керек. Жаттығу, ең алдымен, бiр қолмен орындалса, содан кейiн екi
қолмен бiрге орындалады. «Сатылар» және «Батырмалар» жаттығу ойындарын
әрбiр сабақтың соңында қайталап ойнауға болады.
3.«Батырмалар» ойыны. Батырмаларды алдымен, бір қолмен, содан кейін
екінші қолмен, соңынан екі қолмен бірдей бас. Батырмаларда қандай сан
жазылса, саусақтарыңмен сонша рет бас.
4.«Сатылар» ойыны. Саусақтарыңды перне сатыларымен жоғары және
төмен жүргіз. Батырмаларда қандай сан көрсетілсе, оны саусақтарыңмен сонша
рет бас.
3) Пән барысында техника қауiпсiздiгi ережелерiн сақтау
Әдiстемелiк нұсқаулар:
2) Сабақ басталмас бұрын мұғалiм компьютерлiк сыныпта жұмыс істеу
тәртiбi мен техника қауiпсiздiгi ережелерiн оқушылардың есiне салып, көздiң
шаршағандығын басу жаттығуларын қайталауды ұсынады. Оқушылардың жаңа
тақырыпты меңгеру деңгейi мен оны қорытындылауы мына тәртiппен
жүргiзiледi.
4) Ақпаратты қабылдау психологиясы
Адам қоршаған ортадағы барлық ақпаратты сезiм мүшелерi көмегiмен
қабылдайды, мысалы, көру және есту.
Егер бiз ақпаратты көру арқылы қабылдасақ, онда ол – көру ақпараты.
Егер бiз ақпаратты есту арқылы қабылдасақ, онда ол – дыбыстық
ақпарат.
Мұғалiмге арналған әдістеме:
Адам қоршаған ортадағы барлық ақпаратты сезiм мүшелерi көмегiмен
қабылдайды: көру, есту, иiс сезiмдерi, сезiну, дәм арқылы.
Балалар, бiз теңiздiң
жағалауында тұрғанымызды көз алдымызға
елестетейiк. Не естiдiңдер? Егер ауа райы ашық, күн шығып тұрса, онда
толқындар жай тербеледi. Ал егер аспанды кiшкене бұлттар қаптап, қатты жел
тұрса, онда теңiзде толқындар қатты тербеледi және теңiз жағасында
толқынның дыбыстары естiледi. Бұл екi жағдайда да бiз көру және дыбыстық
ақпараттарды алдық.
Ал егер бiз гүл отырғызатын ыдысқа гүлдiң тұқымдарын сеуiп отырғызсақ,
оны бiрнеше күн су құйып күтетiн болсақ, онда не байқауға болады? Бiрнеше
күн өткеннен кейiн дәндердiң қалай бүршiк атқанын байқайсыңдар, яғни бұл
жағдайда көру ақпараты арқылы ақпараттарды аламыз. Ал көктем айында
құстардың
көңiлдi сайрауынан және сiркiреген жауын тамшыларынан
38
көктемнің келе жатқанын байқаймыз. Бұлардан көктемнің жақындағаны туралы
дыбыстық ақпарат аламыз.
Тапсырма 1:
1. Терезеге қарап, күннiң жарқырап атқанын көрдi. Қандай ақпарат
аласың?
2. Бiз таудағы су ағынының дыбысын естiдiк. Бiз қандай ақпарат алдық?
3. Ас үйде қайнап жатқан сүт тасып кеттi, сен оны қалай байқадың?
4. Егер бiз қолымызды отқа жақындатсақ, онда қандай ақпарат аламыз?
5. Мерекелiк торт пiсiрілдi. Оның дәмiнiң тәттi екендiгiн қалай байқайды?
6. Дыбыстық және көру ақпараттарына өздерiң мысалдар келтiрiңдер.
Тапсырма 2:
1.
Қай жануарға
қандай
үн сәйкес келеді? Аңдарды шығаратын
дауыстарына қарап, бiр-бiрiмен жалға және ол суреттердi боя.
2. Суретте жасырынған бейнелерді тап. Олар қандай үн шығарады?
Бейнелердің кескінін ажыратып, айналдыра сыз. Суретте мысық, ит, қаз
жасырынып қалған.
3. Сурет бойынша ауызша әңгiме құрастыр. Боя. Әңгiменi құрастыру
барысында олардың қандай дыбыстар шығаратын және қандай түспен
боялатынын да ескер.
5)
Тактильдiк ақпарат.
Әдiстемелiк нұсқаулар:
Оқушыларға ақпарат және оның түрлерi материалдарын қайталату
ұсынылады.
Жаңа тақырыпты меңгерту мен оны сынып оқушыларымен бiрге
қорытындылау мына түрде өткiзiледi:
Адам қоршаған ортадағы барлық ақпаратты иiс сезу, сипап сезу және
дәмдi сезу мүшелерiнiң көмегiмен қабылдайды.
Егер бiз ақпаратты сезiм мүшелерi арқылы қабылдасақ, онда ол
–
сипап сезу ақпараты болып табылады. Ал оның ғылыми атауы – “тактильдiк
ақпарат”.
Егер бiз ақпаратты иiс арқылы қабылдасақ, онда ол – иiс сезу ақпараты
болып табылады.
Егер бiз ақпаратты тiл мүшесi арқылы қабылдасақ, онда ол – дәмдiк
ақпарат деп аталынады.
Есту, көру, сезу, иiс және дәм сезу мүшелерi – бұл ақпаратты алу
арнасы болып табылады.
Мұғалiмге арналған әдістеме:
Бiз денемiз арқылы сипап сезу ақпараттарын ала аламыз, мысалы, өзендегi
су жылы ма, әлде үтiк ыстық па және т.б. әрекеттердi өз денемiз арқылы
байқаймыз.
Бiздi қоршаған иiстер де маңызды ақпараттар қатарына енедi. Егер газдың
иiсiн сезсеңдер, онда не iстер едiңдер? Ондай жағдайда жедел жәрдем
қызметiне хабар беремiз. Жаңа жылда қандай иiстер сезесiңдер? Мәселен,
шыршаның иiсi шығады, анаңның жасаған бауырсақтарынан дәмдi иiс шығады.
39
Бұл ақпараттарды бiз иiс сезу мүшелерi арқылы анықтаймыз. Сондықтан ол иiс
сезу мүшесi арқылы анықталатын ақпарат деп аталады.
Ал ендi мына бiр көрiнiске назар аударайық. Аруна Әлімге алма бердi.
Оның сыйлаған алмасының қышқыл, не тәттi екенiн Әлім қалай бiледi? Бұл
жағдайда, ол дәм сезу мүшесi - тiл арқылы анықтайды. Ол – дәм сезу ақпараты
деп аталады.
Сонымен, ақпаратты мынадай сезiм мүшелерi арқылы қабылдаймыз: есту,
көру, сипап сезу, иiс сезу және дәм сезу. Көру, есту, сипап сезу, иiс сезу және
дәм сезу – бұл ақпаратты қабылдау арналары болып табылады.
Тапсырма1:
1.
Суретте не бейнеленгенін әңгімеле. Боя.
2. Ақпарат түрлерiн талқылау.
1 және 2 суреттер – дәмдi сезу ақпараты.
3 және 4 суреттер – иiс сезу ақпараты.
5 және 6 суреттер – сипап сезу ақпараты.
3. Қайсысы қай тағамды ұнатады? Сызықтар арқылы қос.
тышқан – сыр
қоян – сәбiз
балапан – бидай
ақ тиін – жаңғақ
қонжық – бал
4. Гүл мен оның атауын сызықтар арқылы қос. Боя. Бұл тапсырманы
орындау барысында гүлдердiң иiс сезу ақпаратына енетiнiн талқылаңдар.
1. Суретте не бейнеленгенiн әңгiмеле. Боя.
2. Суреттерде қандай ақпарат түрлерi бейнеленген?
3. Сөздердi әрiптермен қос. Бұл сөздердiң қандай ақпарат түрлерiмен
байланысты екенiн талқылаңдар.
Тапсырма2:
1. Суреттер ішінен дәмі тәттi, тұзды, қышқыл, ащы заттарды тап.
2. Сөздердi құрастыр: торт, сары, суық, түтін, дыбыс.
3. Қатарды жалғастыр. Тақ сандар – 1,3,5,7,9
4. Жеуге болатын заттарды боя.
5. Тиісті әрiптердi қойып, шыққан сөзді оқы: ма..ал, кі..ап, ж..п
6. Суреттерді сәйкес әрiптермен қос: п, о, ш; Суреттер: піл, от, шырша.
7. Олардың қандай ақпарат түрлерiне жататынын талқылаңдар.
8. Тiзбектi жалғастыр.
6) Графикалық редактормен таныстыру.
Әдiстемелiк нұсқаулар:
Жұмыс дәптердегi және компьютердегi графикалық редактордың негiзгi
құралдары
мен
түрлі-түсті
палитрасының
жалпы
түрiн
қарастыру.
бағдарламаны жүктегеннен кейiн боялмаған суреттерi бар бiр файлды ашып,
«бояу құю» құралын қалай қолдануға болатынын көрсету.
Мұғалiмге арналған әдістеме:
Балалар, бүгiн бiз
өте
қызықты бағдарламамен танысамыз, сол
программаның көмегiмен компьютерде сурет салып үйренемiз. Бiрақ ең
40
алдымен бiз оны жүктеп үйренейiк. Ол үшiн монитордың сол жақ төменгi
бұрышынан ПУСК батырмасын тауып, тінтуірмен оны шертеміз, СІЛТЕМЕНІ,
БАҒДАРЛАМА жолына апарып, содан соң СТАНДАРТТЫ, одан кейiн PAINT
жолын тауып, оны тінтуірмен шертеміз. Экрандарыңызға графикалық
редактордың жалпы түрi шығады. Осы бағдарламада қандай құралдар және
бояулар бар екендiгiн қараңыздар.
Бүгiн бiз аспаптардың бiрi «бояу құю» аспабымен жұмыс жасап
үйренемiз. «бояу құю» аспабына тінтуірмен басыңдар, сол жақ палитраға
қарасаңдар екi квадрат бар – ақ және қара. Егер тінтуірмен қызыл бояуға
бассақ, онда қара шаршы қызылға боялады. Естерiңе сақтаңдар – бұл ЕКПІНДІ
түс, яғни осы түспен бiз бейнелерді бояп және сурет сала аламыз.
Ендi бiзге бiр сурет ашуымыз керек болсын. Ол үшiн тінтуірмен “Файл”-
ды шертеміз де, “ашу” командасын таңдаймыз, ашылған терезеден файлдың
атын таңдаймыз немесе аламыз. Ашылған суреттi бояп көрейiк.
Тапсырма:
1. Нысандарды боя.
2. Кемпiрқосақты боя.
3. Әр топтағы заттарды боя. Жасылмен (шырша), сарымен (күн), қызылмен
(қызанақ). Түс таңдауда жақша iшiндегi сөздер түс таңдау үшiн маңызды болып
келедi.
6) Оқушыларды «Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдарымен
жұмыс істеуге үйрету.
Әдiстемелiк нұсқаулар:
«Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдарының атқаратын қызметiн
компьютер мен жұмыс дәптерi арқылы қарастыру. Аталған құралдармен жұмыс
жасау технологиясы оқушыларға түсiндiрiледi. «Қылқаламның» түрлері мен
“Өшiргiш” құралының түрлерi мен көлемiн өзгерту тәсілдері көрсетiледi.
Мұғалiмге арналған әдістеме:
Бүгiн бiз дайын суреттерi бар файлдарды ашу әрекетiн қайталаймыз.
Содан кейiн «Қарындаш» және
«Қылқалам»
құралдарының атқаратын
қызметтерiмен танысамыз. Құралдар тінтуірді шерту арқылы таңдалады.
«Қылқалам» құралын таңдағанда оның түрлерiне, ал «Өшiргiш» құралын
таңдағанда оның көлемiне назар аударыңдар. Ал ендi жұмыс жасап көрелiк!
Осы құралдармен жұмыс істеу үшiн, тінтуірдің сол жақ батырмасын шертулі
күйде ұстап, оны жылжыту керек. Өз беттерiңмен жұмыс істеп көрiңдер.
Тапсырма:
1. Арунаға жiп шумақтарын тарқатуға көмектес. Әр шумақты түрлi
бояулармен боя.
2. Әлімге нені токқа қосқанын есiне түсiруге көмектес.
14-сабаққа арналған тапсырмалар:
1) Артық нысанды сыз.
2) Жұмбақтарды шешіп, суреттерін сал:
Қысы, жазы бір түсті.
/Шырша/
41
Өзі қызыл, өзі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.
/Құлпынай/
Қыста ақ, жазда сұр. /Қоян/
Үй күзетеді, үрмейді /Құлып/
3) Мағыналары қарама-қарсы сөздердi сызықтар арқылы қос.
Суық – Ыстық
Ауру – Сау
Көңiлсiз – Көңiлдi
Кiшкентай – Үлкен
Мейiрiмдi – Қатыгез
Жарық – Қараңғы
Қатты – Жұмсақ
Тәттi – Ащы
Әдiстемелiк нұсқаулар:
Тапсырмалар оқушылардың жаңа құралдарды меңгере отырып, өткен
тақырыптарын қайталауға ыңғайлы етiп таңдалған. Түрлі сызықтар, сурет
салуды игеру. Ақпарат түрлерін қайталау.
Мұғалiмге арналған әдістеме:
Бүгiн бiздiң танысайық деп отырғанымыз – «Сызық» құралы. Ал ендi осы
құралды тінтуірмен шертіп, экранға әр түрлi қалыңдықтағы сызықтар салайық.
Кез келген түстi және оның қалыңдығын таңдап, сызықтар салуға болады. Егер
сендер сызықтардың экранда көлденеңнен немесе ұзыннан орналасуын
қаласаңдар, онда Shift пернесiн басып тұру керек. Өз беттерiңмен жұмыс жасап
көрiңдер.
1-кесте – Информатика пәнін оқытудың барысында компьютерлік сауаттылық
көрсеткіштері
Білуі тиіс
Білуі тиіс
Білуі тиіс
- Компьютерде жұмыс
жасағанда,
санитарлық-
гигиеналық
талаптарды
- информатика кабинетінде
компьютермен жұмыс
барысында денсаулықтарын
сақтап, техника қауіпсіздік
ережесін қадағалауды
- Мемлекеттік
ақпараттық сақтану
жүйелерін
- компьютердің
қосымша, яғни
перифериялық
құрылғыларын және
олардың
функцияларын
- ақпараттық және
коммуникациялық
технологиялардың қосымша
бөліктері мен олардың
функцияларын
- ақпараттық және
телекоммуникациялық
жүйелердің қосымша
бөліктері мен олардың
функцияларын
42
- MS Windows
стандартты ортасын
- MS Office
элементарлық
негіздерін
- негізгі қолданбалы
бағдарламалар және жүйелік
бағдарламалар: офистік
бағдарламалар, корпоративті
ақпараттық жүйелер,
мультимедиа, интернет
- кең таралған
қолданбалы және
жүйелік бағдарламалар:
жобалау жүйелері,
ғылыми бағдарламалық
жасақтама,
геоинформациялық
жүйелер
- ақпараттық
жүйелердің қолданылу
орны: ролі және
функцияларын
- ақпараттық жүйелердің
мазмұны, құрамын
- ақпараттық жүйелердің
деңгейлерін
- ақпараттық
технологияның ролі
мен функцияларын
- ақпараттық технологияның
мазмұны және құрамын
- ақпараттық
технологияның
деңгейлерін
- Интернеттің
элементарлық негіздері
- веб-сайт,
электрондық пошта,
веб-форум, веб-чат,
электрондық дүкен
- Ethernet, Extranet, Intranet
және Internet желілік
жүйелері - Google, Yandex,
Yahoo, Aport ақпараттық-
іздеу жүйелері
- e-Learning дистанттық
оқыту
- бейнеконференц
иялық
байланыс
- интерактивті технология
- электрондық сауда
- WWW – World Wide
Web дүниежүзілік
ақпараттық портал
- компьютер көмегімен
өлшеу және есептеу
технологияларының
принциптері
- компьютер мониторингі
- интеллектуалды
машиналар мен роботтар
- электрондық үкімет
- алгоритмдер мен
бағдарламалар
- моделдеу, құрастыру,
жобалау және басқару
бағдарламалары
- компьютерді басқару
нысандары мен
жүйелерінің негіздері
- Интернет желісінен
қосылу
- мәтіндік, графикалық
ақпараттарды құру,
сақтау
- аудио және бейне
ақпараттарды көрсету
- Интернет желісінен қажетті
ақпараттық ресурстарды
іздеу және табу
- инновациялық
технологиялар білімін
қолдана білу
- құжаттарды талдау және
топтау
- қажетті ақпараттық
ресурстар кітапханасын
дүниежүзілік ақпараттық
портал
- Интернет желісі арқылы
жіберу
- графикалық
бағдарламалар Photoshop,
Corel Draw, Adobe
Illustrator
- AutoCAD БҚ
43
«Жаратылыстану» білім саласы
«Дүниетану» пәні
Бастауыш сынып оқушыларында «Адам–Табиғат» жүйесіндегі қоршаған
әлем тұтастығы туралы білім алып, адамзаттың табиғатпен қарым-қатынас
туралы, жалпыадами құндылықтар туралы білігі қалыптасады.
Туған жері, табиғат туралы, табиғат құбылыстары туралы түсініктері
қалыптасып, қоршаған ортаның әр алуандығы, тұтастығы, құндылығы, ондағы
адамның орны, қызметі туралы білім алады.
Күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарда, табиғатқа саяхат кезінде,
тұрмыс-тіршіліктегі өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау дағдысы қалыптасады.
Қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиеленеді. Картадан өз Отаны
мен туған жерінің өзен-көлдерін, тауы мен пайдалы қазбаларын көрсету
дағдысы қалыптасады. Тірі және өлі табиғат нысандарын ажырату білігін
дамиды.
Пәндік білімдерін тұрмыс тіршілікте қолдана білу, туған жердің табиғи
байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы ақпараттар іздестіре білу
дағдылары қалыптасады.
Табиғат құбылыстарын бақылау, ауа температурасын өлшеу, маусымдық
өзгерістерді салыстыру, қарапайым тәжірибелер жасау, гүл егу, оны күтіп,
баптау дағдылары жетіледі.
Адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысы, қоршаған орта
заңдылығы мен құбылыстары, нысандары туралы, адамның қоршаған ортамен
өзара қарым-қатынасы туралы, адамның денсаулығы – ең жоғары құндылық
екендігі туралы, аурудың алдын алу мен денсаулықты сақтау шараларының
міндеттілігі туралы, ағзасын күтудегі гигиеналық талаптарды орындаудың
қажеттілігі туралы, денені шынықтыру туралы, салауатты
өмір сүру
дағдыларын сақтау туралы түсініктері қалыптасып, пән бойынша және өмірлік
функционалдық сауаттылығы қалыптасады.
«Жаратылыстану бағытында 1-4 бастауыш сыныптарда «Дүниетану» пәні
оқытылады. Пәннің ерекше мәнге ие болу себебі ол – барлық жаратылыстану
пәндерінің, оның ішінде биология, география, химия, экология пәндерінің
бастамасы болғандықтан, сол пәндер бойынша элементарлық білім негізі
қаланады. Бала дүниеге келегеннен кейін өзін қоршаған барлық дүниені тануға
талпынады. Бастауыш сынып бүлдіршіні – белсенді дүниетанушы. Сондықтан
осы пәнді оқыту арқылы оқушы тұлғасын тәрбиелеуге басты назар аударылады.
Кез-келген ғылым саласы сияқты жаратылыстану бағытындағы пәндер
оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, ғылыми білім жүйесіне
негізделіп, танымның логикалық–саналы тәсілдеріне арқа сүйей отырып,
оқушыға берілетін теориялық біліммен сипатталып, ғылыми категориялар мен
дәлелдерді кеңінен пайдалануға машықтандырады.
Дүниетаным – әлемге және адамға деген жалпылай көзқарастар жүйесі, ол
адам мен қоршаған әлем арасындағы қарым-қатынастар жүйесі. Дүниетаным
жеке тұлғаның өмірлік бағдарламасын, сенімін және арман-мұраттарын,
құндылықтары мен мүдделерін анықтайды.
44
Дүниетанымның негізі ретінде философияның барлық құбылыстары,
жайлары, салалары бір-бірімен тығыз байланыста және бір-біріне кірігіп
жатқандықтан бастауыш мектепте қарапайым түсініктер ретінде қалыптасады.
«Дүниетану» пәнін оқыту мақсаты: оқушылардың дүниеге біртұтас
көзқарастарын қалыптастыру және ондағы адамның орнын түсінуге көмектесу.
Көзқарас қалыптастыру – дүниені танудың бір амалы. Осы тұрғысынан
алғанда 1-сыныпта дүниетанудың бастамасы балалардың күнделікті өмірімен
байланысты, күнде көріп жүрген
қоршаған ортаны
ғылыми тұрғыда
таныстыру болып табылады. Бізді қоршаған табиғаттың өлі және тірі
заттарымен таныстыру қарапайым тұрғыда, бірақ ғылыми ұғымдармен және
қарапайым терминдермен (ағаш, құс – тірі зат, күн, ай т.с.с. тірі, өлі табиғат,
зат) жүргізілуі тиіс.
Бұл ұғымдар 2, 3, 4-сыныптарда бірте-бірте дамытылып, кеңейіп,
тереңдетілуі керек.
Жаратылыс құбылыстарын толыққанды ұғыну үшін ғылымилылығы
ескерілген практикалық тұрғыда орындалатын тапсырмалармен алмасады.
Табиғат жөнінде білім беру бала санасында ғылыми әлем бейнесін
қалыптастыруда маңызы зор.
Адам қайдан шыққан? Оның өмірінің маңызы, мақсаты неде, адамның
табиғатындағы биологиялық және әлеуметтіктің ара қатынасы, байланысы
қандай деген мәселелерді талдауға материал береді. Онда, адамгершіліктің,
өнердің, діннің қайнар көзі қандай? Адам әрекетінің табиғатқа әсері қандай?
Жерде тіршілікті, адамды қалай сақтап қалуға болады?,- деген мәселелерге
үйрету арқылы сауаттылығы
қалыптасады. Ал төменгі сыныпта осы
мәселелерге бастама болатын биологиялық көзқарасты дамытудың тұғыры
мықты қалануы қажет. Табиғатта болатын өзгерістер, табиғат құбылыстары
(көктем, жаз, күз және қысқы мезгілдердегі маусымдық өзгерістер, туған
жердің табиғаты, табиғатты қорғау т. с. с.) «Дүниетану» пәнінің 1-сыныптан
бастап ұғымдардың қалыптасып, бірте-бірте дамуы тұрғысында оқытылуы
қажет.
Тірі табиғатты оқып үйрену жалпы педагогиканың негізгі құрамдас бөлігі
ретінде қарастырылып оқушыларға эстетикалық тәрбие беру жолдарын шешуге
мүмкіндік береді.
«Дүниетану» пәнінде алғашқы «кірпіші» қалануы тиіс бір жағдай әсемдік,
әдемілік сезімдері. Әдемілік (сұлулық) сезімді адамның рухани әлемін байытуға
бағыттау керек, табиғатты эстетикалық (әсемдік) тануды оны игерудің бір қыры
ретінде пайдалану керек. Оқушыға қызықтыра отырып, көрсете отырып
берілген білім оқушы санасында мықты бекіп, іскерлік дағдысының
қалыптасуына әсерін тигізеді. Ал білім мен іскерлік дағдысының қалыптасуы -
функционалдық сауаттылық қалыптастырудың көзі болып табылады.
Ендеше,
дүниетануды
оқытуда
функционалдық
сауаттылық
қалыптастырудың келесі шарттарын анықтайды, ол оқушыларда сұлулықты
көру мен түсіну, бағалау және оны қолымен ұстау, тәжірибе жасау біліктілігін
дамыту шарттары болып табылады. Егер осы шарттар бастауыш сыныпта
орындалғанда оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасады.
45
Егер дүниетану пәні бойынша келесі бағыттағы білім негіздері меңгеріліп,
іс-әрекетте
қолдана
білуге
машықтанса,
жаратылыстану
бағытында
функционалдық сауаттылықтары (немесе құзыреттіліктері) қалыптасады. Олар
келесі құзыреттіліктермен сипатталады:
1. Табиғат пен әлеуметтік өмір танымының арасында тығыз байланыс
«адам-табиғат-қоғам» жүйесіндегі өзара тәуелділікті түсіну.
2. Қоғамдық
тәртіп ережелерін орындау
қажеттілігін, адамгершілік
тәрбиесі мақсаттарының мәнін түсіну, экологиялық мәдениеттің алғашқы
дағдыларын меңгеруі мен іс-әрекетте көрінеді.
3. Өзінің жеке даралығын сезіну, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін түсіну,
өзін өзгерту, салауатты өмір салтының маңыздылығын игеруі.
4. Табиғат құбылыстарын салыстыру, олардың жалпы және ерекше
белгілерін ажырату мен өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіне қажетті
жағдайларды білуі.
5. Жергілікті жердегі әртүрлі белгілер бойынша бағытты анықтай алу мен
картадан, глобустан елдерді, құрлықтарды, мұхиттарды таба білуі.
6. Өз
өмірі мен денсаулығын сақтау және
қарапайым
қауіпсіздік
ережелерін білу мен қолдана алуы.
7. Қазақстанның табиғаты және мәдениеті туралы білуі, оған ұқыпты
қарым-қатынас жасау ережесін қолдана алуы.
Достарыңызбен бөлісу: |