Оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудың тиімді



Pdf көрінісі
Дата24.03.2017
өлшемі1,03 Mb.
#10270

Оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге  дайындаудың  тиімді 

жолдары 


ҰБТ- жоғары білім алуға барлық 

бітірушілердің тең дәрежеде қол 

жеткізуі, білім берудің сыртқы 

тәуелсіз бағалау жүйесін құру. 

 

Оқушылардың білім алу 



себептерін айқындау, 

- Пәндік оқытуды 

ұйымдастыру 

- Тиімді технологияларды 

қолдану. 

Сарытоғай орта жалпы білім беретін мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі 

орынбасары: Супугалиев Акат Дайнович 

 

 

ҰБТ өткізудің қажеттілігі: 

– білім беру ұйымдарын объективті бағалау

олардың нақты рейтингісін көрсету, 

оқушылардың және мұғалімдердің білім 

алудағы жоғары нәтижелеріне талпынысын 

тудыруға ынталандыру. 

2013-2014 оқу жылы 



 

 


Кемшілігі 

Артықшы-

лығы 

Ерекшелігі 

- Тест қорытындысында 

кемшіліктер анықталады 

- Тестік бақылауда 

оқушылардың 

шығармашылық қабілетін 

бағалай алмаймыз 

- Уақыттың аздығына 

байланысты кемшілік болады 

- Жауап беру кезінде 

кездейсоқтық болуы әбден 

мүмкін


 

 

- Білім беруші мекемеге 



тәуелсіз бақылау жүйесі, 

- Білім мазмұнына жалпыға 

бірдей білімді бағалау 

шкаласының қолданылуы, 

- Әр оқушының білімі мен әр 

мұғалімнің біліктілік деңгейін 

шынайы айқындап, оларға 

талап қою арқылы сапалы 

білім беруге қолайлы 

жағдайдың жасалуы. 

 

Стандартты түрде жалпы білім 



тексеріледі 

-Әділетті,оқушылар бірдей 

жағдайға қойылады, тікелей сабақ 

беретін мұғалім 

қатыспайды, оқушының мектебі 

тұратын орны ешқандай ерекшелік 

белгісін алмайды. 

-Тестік бақылау кең көлемді оқу 

материалын қамтиды 

-Бағалауы нақты 

-Экономикалық жағынан тиімді 

(тексеретін адамдар саны ,уақыты) 

-Оқушыларды есте сақтау, 

қайталау, белгілі уақытқа оқып, 

үлгіру қасиеттеріне тәрбиелейді 


 

 

Сонымен мұғалім ҰБТ-ға дайындалуда қандай мақсат 



қоюға тиіс?

 

Мақсаттар: 



1. Оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана 

білуге тиіс; 

2. ҰБТ-ға сапалы дайындық ұйымдастыру; 

3. Оқушыларды 100 пайыз оқу үлгеріміне талаптандыру; 

4. ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарылату. 


 

 

ҰБТ нәтижесіне нелер әсер етеді?



 

- Күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру; 

- Интерактивті технологияларды қолдану, 

- Жеке тұлғаның даралығын дамыту; 

- Оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру. 

Мұғалімнің жұмысында көп қиындық тудыратын орташа оқитын 

оқушы емес, потенциалды және қауіп тудыратын балалар, өйткені тест 

сұрақтары орташа оқитын оқушыларға бағытталған. Оқушылардың 

жеке ерекшеліктерін және білім сапасын көтеру жұмыстарын келесі 

кезеңдерден көруге болады.

 

 


 

 

1-кезең. Диагностикалық: 



- Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы 

оқушылардың білім деңгейлерін 

анықтау, 

-Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен 

байқау тестілердің сараптамаларын 

жасау арқыы қиындық тудыратын 

мәселелерді анықтау; 

-ҰБТ-ны өткізу ережелерімен және 

ұсыныстарымен танысу.

 

 



2-кезең. Практикалық: 

- Тест жинақтарымен жұмыс; 

-Күрделі тақырыптар бойынша 

деңгейлік тапсырмалар; 

-Топтық және жеке дайындық; 

-Тестпен жұмыс істеуде тиімді 

тәсілдерді қолдану. 

3-кезең. Синтетикалық (анықтаушылық): 

- Тақырыптар бойынша бақылау тестілері, 

- Мониторинг; 

- Қатемен жұмыс парағын жүргізу; 

- Психологиялық тренинг ұйымдастыру және өткізу.

 

 


 

 

Үш кезең бойынша өткізілетін жұмыстар оқушыларды үш топқа бөлінетінін 



анықтайды: 1-топ үнемі 20 ұпайдан жоғары алатын оқушылар , 2-топ 15 

ұпайдан 20 ұпайға дейін алатын оқушылар, 3-топ 15 ұпайдан төмен 

алатындар. 

Мен 11  сыныбында жұмыс істеймін. Жалпы оқушылардың саны -9 

Жұмысты неден бастадым?

 

Алдын-ала өзім бақылау тест –«Кіріспе тест» өткіздім. Сыныпқа жеке папка 



дайындадым. Оның ішінде: ҰБТ нәтижелерінің жеке парағы, қателерді 

талдау парағы , сонымен қатар әр оқушының жеке ереже дәптері бар. 

Бірінші, әр оқушы мониторинг парағын алғаннан соң, өзіне мақсат 

қояды.Тест нәтижелерін белгілегеннен соң қатемен жұмыс 

жасалады.Қатемен жұмыс парағы бойынша түрлі жұмыс жасауға болады

 

 



 

 

Мектепішілік байқау 



тестілеу нәтижелерінің мониторингі 

өткізіледі. Оқушылардың ұпайлары салыстырылып отырады. 

Оқушыларға психологиялық көмек: 

ҰБТ-мен қорқытуға болмайды 

 



Оқушы өз күшін және өз мүмкіндігін нақты білуі керек 

 



Алдына мақсат қою 

 



Қате жіберуден қорықпау 

 



Тест тапсыру техникасына үйрету 

 



Өз уақытын бақылауға үйрету 

 



Тапсырма қиындықтарын жеңе білу 

 

 

Тест оқушылардың білімін салыстыруға , білім беру жүйесінде 



оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады. 

Бағдарламалық материалдан тыс ауық-ауық өткізіліп отыратын 

осындай жұмыстар оқушылардың пән бойынша сауаттылығын 

арттыруға біршама септігін тигізеді. 

Қорытындылай келе,мынаны айтқым келеді.Әлемдік тәжірибеде ТМД 

елдерінде тестілеу әдісінен артық тәсіл әзірше жоқ екен.ҰБТ-орта 

білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына 

түсу емтиханымен біріктірілетін жалпы орта білім беру ұйымдарында 

білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі. 

 


 

 

ҰБТ тиімділігі мынада деп көрсеткім келеді: 



1.Барлық мектеп бітірушілердің біліміне ортақ талап қояды. 

2.Мектептердің білім сапсына нақты баға беріледі. 

3.Адамның араласуынсыз білімді бағалауды әділетті жүргізуге 

жұртшылықтың көзін жеткізеді. 

5.Тестілеу арқылы бағдарламадағы білім мазмұнын қамту жоғары 

деңгейге жетуде. 

Сондықтан ұстаздар қауымы,қашанда үздіксіз білім бере 

алатынымызды жадымыздан шығармайық.Ел болашағы-білімді 

жастардың қолында.сол себепті білімді ұрпақ,жеке тұлға 

қалыптастыру-біздің ең басты мақсатымыз болсын! 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет