Мектептегі тәрбие үрдісі және оған жалпы сипаттама Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.
Тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.
"Жас бала — жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді"-дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.
Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет.
Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлығының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.
Тәрбие — халықтың ғасырлар бой жинақтап, іріктеп алган озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы.
Тәрбиелеу — халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дамыту (Әл-Фараби).
"Тәрбие — біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету... Тәрбие — бізге мәлім адамгершілік әдет-ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп, бір адамның екінші адамға ықпал етуі" (Л.Н.Толстой).
"Тәрбие — кең мағынасында — бұл рухани жағынан үнемі жетілу және баюда көпсалалы процесс" (В.А. Сухомлинский).
"Тәрбие, кең мағынасымен қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа божанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі" (М.Жұмабаев).
"Тәрбие — бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры бар" (Иммануил Кант).
"Тәрбие — тұлғаны мақсатты түрде дамуын басқару процессі" (X.Й. Лийметс).
Олай болса, тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, ерік-жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына оң ықпал етеді.
Сонымен қатар тәрбие — адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы әрекеттерді орындауға, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқаруға дайындаудың табиғи заңдылық; процессі
Тәрбиенің мәні мен мақсаты және жүйесі өмір сүріп отырған қоғам саясаты мен экономикалық жүйесіне байланысты туындайды.. Әрбір қоғамдық-экономикалық формацияларда адамдардың материалдық және рухани өмірлерінің үздіксіз өзгеріп отыруына сай, қарым-қатынастардыә жаңа формалары туып, тәрбие мақсаты мен мазмұнына жаңаша идеялар енеді. Демек, әрбір қоғамдық-экономикалық формацияның алмасуымен әлеуметтік, философиялық және діни ой-пікірлер де өзгеріске түсіп, тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне ықпал жасайды.
Тәуелсіз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету кезенінде жеке адам проблемасы жаңа негізде қаралып, жаңа адамды қалыптастыру барысында әрбір жасөспірімнің субъективтік талап-тілегін, бейімін, қабілетін және тіршілік өмір сферасындағы белсенді саналы шығармашылық қасиетін одан әрі дамытады. Осы бағытта тәрбиеге жүктелетін ең басты мақсат – қоғамға қажетті адамгершілік қасиеті жоғары, еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасу үстіндегі, эститикалық талғам-сезімі мен дене күші мығым, белсенді өмірлік позициясы айқындалған жасөспірімді дамытып қалыптастыру.
Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі - өкілдері бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады.
Қашанда тұтас педагогикалық процестіә мәні өте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық-өндірістік қатынастыә дамуы оқыту мен тәрбие бірлестігі принципініә толық іске асуын талап етеді. Орта, жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру мен тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процес немесе оқу-тәрбие процесі деп атайды. педагогикалық процесс дегеніміз оқушылардың мәдени байлықтарды меңгеруге және оларды еңбекке және қоғамдық өмірге дайындаудағы бірлескен іс-әрекеттері, бұл ұстаздардың белсенді араласуымен және басшылығымен жүзеге асады.
Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі педагогикалық міндеттердің төмендегідей бірқатар мәселелерін шешуді қамтиды:
Педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу;
Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру;
Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу;