Оқушылардың өзіндік жұмысының қалыптасуы, даму тарихы мен бүгінгі жағдайы



бет1/4
Дата20.09.2022
өлшемі56,17 Kb.
#39612
  1   2   3   4
Байланысты:
1-2 лекция озиндік


№1 дәріс тақырыбы: Оқушылардың өзіндік жұмысының қалыптасуы, даму тарихы мен бүгінгі жағдайы


Бастауыш сыныптарды оқытудың маңызды мақсаттарының бірі- оқушыларда өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Білімнің негізі бастауыш сыныптарда қаланатыны белгілі. Ендеше осы бастауыш сыныптардан бастап, оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу іскерлігін де қалыптасуы тиіс. Атап айтсақ: жаңа ұғымды, заңдылықты, ережені түсініп, тұжырымдау, есепті талдап, шығара білу, жаңадан үйретілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта білу, өзінің оқу іс -әрекетін бақылау жасай білу т.б. Осындай іскерліктерді қалыптастыру – оқу барысында мақсатты түрде ұйымдастырылған жұмыстар және жаттығулар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл мәселенің зерттелу тарихы көне замандардан бастау алады. Көне грек оқымыстылары Архимед, Аристоник, Платон, Аристотель баланың білімді өз еркімен, белсенді және ізденімпаздықпен меңгеруінің мәнін терең, әрі жан-жақты тұжырымдап берді. Ұлы ғұламалар өз ой-пікірлерінде адамның ойлауы өз бетімен жұмыс істеу әрекетінде ғана дұрыс дамитынын, ал жеке тұлғаны жетілдіру және оның қабілеттерін дамыту өздігінен танып-білудің нәтижесінде ғана мүмкін болатынын (Сократ), мұндай іс-әрекет балаға қуаныш пен ләззат сыйлап, оның жаңа білімді алуға немқұрайлы қарауын шектейтінін дәлелдеді. Бұл қағидалар мектеп пен педагогикалық ой-пікірлер дамуының барлық келесі кезеңдерінде көптеген педагог-ғалымдар зерттеулерінің пәні болып табылды. Өздігінен жұмыс іс-әрекеті проблемасы әрі қарай Франсуа Рабе, Мишель Монтен, Томас Морр, Томаза Компонелла еңбектерінде қарастырылады. Бұл ойлар орта ғасырдағы мектептерде схоластика, догматизм, жаттандылықтан арылу үшін баланың ізденімпаздығын қалыптастыру талабынан туындаған еді. Ол үшін балаға өздігінен жаңа білім алып, заттың дәмін өз бетімен татып көру керек (Монтен), яғни танымның жолын өзі таңдағаны жөн. Өскелең ұрпақтың өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру мәселесі шетел және отандық педагогиканың көрнекті өкілдері мұраларында басты орын алды. Чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменскийдің еңбектерінде оқушыларды өзіндік іс-әрекетке тартудың ұйымдастырушылықпрактикалық мәселелері терең қарастырылды. Мұнда проблеманың негізгі қағидаларының теориялық тұжырымдамасының пәні – оқыту, оқушының іс-әрекетінің табиғатын терең зерттемей және талдамай мұғалімнің әрекет етуі болады, ол бірнеше жылдар бойы жемісті дамытылды және қазіргі дидактикада да белгілі орын алады. Я.А.Коменский «Выход из школьных лабиринтов» атты еңбегінде оқушылардың дербестігі табиғи нышанында дейді. Ол оқушылардың білім дербестілігі мен өзіндік әрекеттілігінің әрбір кезеңдерін грек терминдерімен белгілейді, атап айтқанда: 1. Автопсия (өзіндік бақылау); 2. Автопрасия (практикалық жүзеге асыру); 3. Автохресия (алған білім, біліктілік және дағдыларын жаңа жағдайларда қолдану); 4. Автолексия (өз іс-әрекеті нәтижелерін өз бетімен баяндай білу іскерлігі). Бірақ Я.А.Коменский балалардың табиғи нышандарын оқыту әдістерімен байланыстыра алмады. Оқыту барысында оқушылардың өзіндік іс-әрекеттерінің жекеленген аспектілерін ашып көрсетуге, оқытудың тәсілдерін бірізділікпен сипаттауға, оны оқушылардың өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру мақсатында пайдалануға және оған философиялықпсихологиялық, физиологиялық және дидактикалық тқжырымдама беруге талпыныстар мен ұмтылыстарды ең алғаш рет К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой және ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы озық ойлы педагогтар жасады. 20-30 жылдары педагогика ғылымында өзіндік жұмыстың мәнін айқындауға, өзіндік жұмыстарды пайдаланудағы мектеп тәжірибесін сипаттауға көңііл бөліне бастады. Бұл кезең өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік аспектісін жасау, әсіресе оқулықпен және кітаппен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне бай болды. Дәл осы кезеңде Н.К. Крупскаяның “Кітаппен қалайша өздігінен жұмыс істеу керек” мақаласы жарық көрді, ол педагогикалыө ортаға жақсы танымал болды. Бұл мақалада кітаппен жұмыс істеудің әдістемесі жан-жақты беріледі. Педагог-теоретиктер мен мұғалімпрактиктердің күш салуының арқасында бұл кезеңде кітаппен жұмыс істеудің белгілі бір жүйесі қалыптасып, оның нақты түрлері бөліп көрсетілді: сыныпта оқылған параграфты әңгімелеп беру, оқылған материал бойынша жоспар құру, оқулықтағы суреттер бойынша жұмыс, оқулықтың материалы негізінде схемалар, кестелер, диаграммалар құру және т.б. 30-шы жылдардың аяғы мен 40-шы жылдардың басында алдыңғы қатарлы педагогтар Р.М. Микельсон, Е.Я. Голант, П.Н. Груздев, кейіннен 50-ші жылдардың ортасы мен 60-шы жылдардың басында И.Т. Огородников, М.Н. Скаткин және т.б. сабақта оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын кеңінен қолдануға жүйелі түрде кірісіп, өзіндік жұмыстың дидактикалықәдістемелік аспектілерін ашып көрсетуге көп көңіл бөлді. Осы кезеңде өзіндік іс-әрекет процесі мен құрылымының мәнін зерттеу не жаңа материалды меңгеру барысында оқушылардың психикалық процестерін, не өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдерін қарастыруды көздеді, әсіресе соңғы проблемаға көптеген теориялық және эксперименттік зерттеулер арналды. Мұндай зерттеулердің тақырыптары сан алуан бола отырып, орта мектептегі барлық сыныптарда оқу процесінің білімдерін қамтыды. Мұнда сабақ жүйесіндегі өзіндік жұмыстардың ролін түсіндіруге, жаңа материалды мұғалімнің түсіндіру барысында оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі мен олардың мазмұнын анықтауға, жаңа материалды өздігінен оқып-үйрену, білім, білік, дағдыны бекіту, қайталау, білім, білік, дағдыны кезектегі тексеру, оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу және т.с.с. кезеңдерінде өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға көп көңіл бөлінді. Е.Я.Голанттың «Оқушылардың өзіндік жұмыстарының маңызы» атты мақаласында автор өзіндік жұмыстардың негізгі үш элементін ажыратты: - ұйымдастыру- техникалық дербестілік; - Ойдың дербестілігі; - Іс-әрекеттің, қимылдың дербестілігі. Автордың пікірінше, бірінші элемент оқушының жұмысты жоспарлай білуін, өз уақытын бөлу, жұмыс орнын ұйымдастыра білуін білдіреді. Білімдік жұмыстың техникасын игеру үшін оқушы мектепте рациональды оқуға және кітап материалдарын меңгеруге, кітапхана каталогы, сөздіктерді пайдалана білуге, тәжірибе хаттамаларын жазуға т.б. үйрену керек. Автор ойдың өзіндік жұмысы - бұл материалды іріктеу, оны жүйелілеу, салыстыру, қорытындыны тексеру, алынған қорытындыны жаңа мәліметтермен бекіту, өз бетінше шағын тұжырым жасау, т.б. деп түсіндіреді. Өзіндік іс-қимыл дербес жұмыстың құрылымын заңды түрде аяқтайды. Сондай-ақ Е.Я.Голант оқушылардың дербестіліктерін дамыту мүмкін болатын іс-әрекеттің үш бағытын белгіледі: танымдық, практикалық және ұйымдастыру-техникалық. Е.Я.Голант дидактикалық талап бойынша өзіндік жұмыстың теориялық мәнін қарастырған алғашқы ғалым болды. Бірқатар зерттеулер өзіндік жұмыстарды оқушыларда өзінөзі бақылау тәсілін қалыптастыру құралы ретінде қарау, оларды оқытудың басқа құралдары мен әдістері жүйесінде тиімді пайдалану жолдарын айқындау мәселелерін көтерді. Әсіресе өзіндік жұмыстарды оқушылардың ақыл-ойын тәрбиелеу құралы ретінде жекешелендіруге ерекше көңіл бөлінді. 60 - 70 жылдарда жаңаша өзгерістер байқалды. М.А. Данилов, Б.П. Есипов, П.И. Гора, Н.Г. Дайри, И.Я. Лернер, И.И. Малкин және т.б. өз зерттеулерінде көбінесе оқушылардың өзіндік жұмысы мәселесін терең және тұжырымды түрде қарастырды. Бұл зерттеулерде сабақтың тиімділігі ең алдымен оқушылардың өзіндік іс - әрекетін белсендіруге және сабақтағы оқушылардың іс - әрекетінің дұрыс өзара байланысына тәуелді екендігі көрсетілді. өздерінің эксперименттік зерттеулерінде олар мектептегі оқу барысында оқушылар тек белгілі бір ғылыми білімдерді алып қана қоймай, оларды өздігінен жасай білуге үйрену қажет деген қағиданы ұстайды. Оқыту процесінің осы екі жағы бір-бірімен тығыз байланыста болу керек. Өзіндік жұмыстар мәселелері бойынша зерттеу еңбектерінде Б.П.Есипов дидактикалық міндеттерді ұсынды. Б.П.Есипов теориялық-қолданбалы сипаттағы дидактикалық міндеттерді ажырата білді: - оқушылардың меңгерген білімдерінің беріктілігі және саналылығын арттыру; - бағдарлама талабына сай біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру; - меңгерілген білім, біліктілік және дағдыларды пайдалана білуге оқушыларды үйрету; - ақыл-ой және дене еңбегі мәдениетіне оларды баулу; - өз бетінше еңбек етуге үйрету; - болашақта өз бетімен өз білімдерін көтеру үшін тиімді еңбек етуге оқушыларды даярлау. Б.П.Есипов өзіндік жұмыстардың белгілі бір түрлерін ажыратып көрсетті, атап айтқанда: а) жаңа тапсырманы қабылдау және түсіну ұғымы; б) білімдерді бекіту және жетілдіру; в) білім, біліктілік және дағдыларды қалыптастыру, бекіту және жетілдіру; г) білімдерді шығармашылықпен қолдану және біліктілік пен дағдыларды одан әрі дамыту; д) білім, біліктілік және дағдыларды тексеру. Оқушылардың дербестігін дамыту және олардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру құралдарын іздеу проблемасы шетел дидактикасында да ерекше орын алады (А. Улиг - Германия, М. Марков - Болгария, Дж. Брунер, М.Бедфорд – АҚШ, В. Оконь - Польша, т.б.) Мәселен, А. Улиг оқушылардың өздігінен білімді меңгеру процесінде іс-әрекеттің қайта жаңғыру (репродуктивті) және шығармашылық (өнімді) процестерін бөліп көрсетеді. Мұның ішінде автор шығармашылық процесті оқушының мұғалімнің басшылығымен жасайтын іс-әрекеті және толығымен өздігінен орындайтын іс-әрекеті болып бөлінетіндігін көрсетеді. Осы білудің негізінде оқыту мен оқу әдістерінің жіктемесі оқыту процесінің екі жақты іс-әрекетінің түрлері - мұғалімнің оқытушылық іс-әрекеті және оқушылардың өзіндік іс-әрекеті түрінде беріледі. “Оқыту процесі” атты кітабында ол оқушылардың меңгерген білімін пайдаланудың екі жолын бөліп көрсетеді: 1. Ұқсас тақырыптар бойынша есептер шығаруда бұрын алған білімдерін қолдану (дағды немесе ассоциацияны генерализациялау). 2. Есептердің неғұрлым күрделі түрлерін шығаруда, яғни принциптер мен қатынастардың өзгерісінде оқытудың нәтижелерін қолдану. Дж. Брунер “Таным туралы”, “Оқыту теориясы” еңбектерінде оқытудың ең тиімді құралдары ретінде оқушылардың білімді өздігінен меңгеруін, өздігінен ізденуін атап өтеді. Мұнда ең басты рольді іздену мен жаңалықты негіздейтін болжамдарды құру атқарады. Бұл жағдайда мұғалім дайын білімді оқушыларға баяндамайды, оқушылармен ынтымақтаса отырып, оны іздеуге тырысады. Оқушылардың білімді алу процесінің өзі осы білімді құрайды, жаңа байланыстар мен қатынастарды алғаш рет ашып көрсетеді. Мұндай оқытудың нәтижесінде оқушыда оқудың ішкі мотивтері қалыптасады. Американдық ғалым М. Бедфордтың пікірінше, оқыту үрдісінде бала (5-9 жас) қанағат алуы керек, ол үшін оқыту келесі жағдайларға шоғырландырылуы қажет: 1. Оқушыға (pupil-cente zed), яғни балада мәселені шешу әдіснамасын дамыту керек, ал соңғы нәтижеге ол өз бетінше жетуі керек. 2. Іс-әрекетке (activity-centezed) бағытталуы керектігінің мәні: оқушы өз білімінің қолданбалы болатынына көз жеткізуі. М.Бедфордтың тұжырымы бойынша жеткіншектерге (10-13 жас) оқыту үрдісінде пайда болатын тура жауаптарды бермеу керек. Сабақ құрылымында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруды зерттеуге әдіскерлер де көп үлес қосты. Психологиялықпедагогикалық әдебиеттерде оқытуда баланың ізденімпаздығы алғашқы түйсінуінің, тітіркену, қайта жаңғырту іс-әрекеті ретінде көрсетіледі, бұл балаға эксперименттік тұрғыдан өзінің идеялары немесе ойларын практикада жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл жөнінде Б.П. Есипов, И. Т. Огородников, М.И. Моро, Л.А. Пономорев т.б. жазды. Қазақстанда педагогика ғылымының дамуында да өзіндік жұмыс мәселесі бірқатар ағартушылар мен педагог ғалымдардың зерттеулеріне арқау болды. Көрнекті ағартушы А. Байтұрсынов оқушының өзіндік жұмысының маңызына тоқтала отырып, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керектігін айтқан болатын. Қазақстандық ғалым Р.Г. Лембергтің пікірінше, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мына шарттарға байланысты: а) жұмыстың мақсатын айқын түсінуі; є) жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы; б) жұмысты өз еркімен, қалауымен орындауы. Қоғамның дамуына байланысты білім беруге талаптар күшейді, сондықтан өз бетінше ойлайтын және өз ісіне есеп бере алатын оқушыларды даярлау қажеттігі туындады, бұл педагогика ғылымының алдына оқушылардың өзіндік жұмыстары мазмұнын байыту міндетін қояды. Ғылыми еңбектерді және қазіргі мектептегі оқытудың нақты іс-тәжірибесін талдау дидактардың, әдіскерлердің және мұғалімдердің өзіндік жұмыстардың мәнін оларды орындаудың тәсілдерін, ұйымдастыру формаларын көрсету арқылы сипаттайтынын дәлелдейді. Осыған байланысты бірқатар авторлар өзіндік жұмысты оқытудың әдісі ретінде (Лернер И.Я.), енді біреулері оқытудың құралы ретінде (Л.И. Пидкасистый), үшіншілері оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру формалары ретінде анықтайды (Есипов Б.П.). Кейінгі жылдары педагогикалық басылымдар беттерінде өзіндік жұмыстардың мәнін тапсырмалардың сипаты, оқушылардың орындауы, оқушының жеке тұлғасын тәрбиелеу мен дамытудағы мәні, қол жеткен нәтижелердің сапасы арқылы түсіндіруге талпыныстар жасалынды. Оқушылардың өзіндік жұмыстарына толық анықтаманы өз зерттеуінде Б.П. Есипов береді. Оқыту процесіне енгізілген оқушылардың өзіндік жұмысы - мұғалімнің тікелей қатынасуынсыз орындалатын жұмыс; бұл жағдайда оқушылар саналы түрде тапсырманың мақсатына қол жеткізуге өздерінің күштерін пайдалана отырып және танымдық іс-әрекеттерінің нәтижелері арқылы тырысады. Өзіндік жұмысты оқытудың құралы ретінде А.В. Соловьева, Т.П. Герасимова, Л.И. Пидкасистый қарастырады. Өзіндік жұмыс оқытудың құралы бола отырып, әрбір материалды меңгеру барысында дидактикалық мақсат пен міндеттерге сәйкес келеді, оқушыларда білім, білік, дағдыны қалыптастырады, олардың танымдық процестерін дамытады және оқушылардың өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі басқарудың маңызды шарты болып табылады. Оқыту процесінде өзіндік жұмыс оқушылардың өзіндік ісәрекетін ұйымдастыру мен басқарудың құралы ретінде ғылыми танымның пәні мен әдісін қамтамасыз ету керек. Танымдық іс- әрекеттің пәні кез келген жағдайда білімнің көзі немесе өзіндік жұмыстың әдістемелік қызметі болмайды. Нақты қандай да болсын өзіндік жұмыстың міндеті болады. Ол анықтамасында өзіндік жұмыстың оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіретініне толық баға бере қоймаған. Р.М.Микельсоннан Е.Я.Голанттың айырмашылығы - ол өзіндік жұмыстың ішкі жақтарын ерекше көрсетеді, яғни ішкі жақтар ретінде ойдың, пікірдің, қорытындылардың дербестілігі көрінетінін атап өтеді. Е.Я.Голант өзіндік жұмыстардың мынадай белгілерін бөліп көрсетеді: бірнеше әрекеттерден тұратын белгілі бір амалдардың бар болуы, жұмысты мұғалімінің тікелей басшылығынсыз, әрбір әрекетті тексерусіз орындауы . Дидактикалық әдебиеттерде өзіндік жұмыстарға оқыту құралы ретінде басқа да анықтамалар береді, яғни оқушылардың өзіндік жұмысы деп «олардың жоғары белсенділік, шығармашылық, өзіндік ой-пікір, инициатива таныта отырып, орындайтын іс-әрекетін айтады. Теориялық білімді практикалық жұмыспен ұштастыра білу - оқыту процесіндегі ең өзекті мәселе. Оның бір ұшы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуімен тығыз байланысты. Шәкірттерді өз бетімен жұмыс істеуге баулу олардың білімге ынтасын арттырып, талабын ұштайды, алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйретеді, оқыған материалдарын тиянақты меңгеруге жәрдемдеседі, олардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіреді. Оқушылар өзіндік жұмысты орындау барысында жеткілікті дағды алуға тиіс. Әр оқушы тапсырманы орындау барысында өзінің қандай тәсілдерді қолданатынын білген жөн. Сонда ғана оқушының еңбегі нәтижелі болады. Оқушылардың өздігінен орындаған жұмысы сол бойда-ақ тексеріліп, жіберілген қателер ұқыпты түрде (тексеріледі) түзетіледі, әрі себептері түсіндіріледі. Оқушының өз бетімен орындаған жұмысының сапалы болуына мұғалімнің көмегі және оқушылардың өзін-өзі тексеру әрекеті елеулі ықпалын тигізеді. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде оқушыларды өзіндік жұмыстарының әртүрлі жіктеулері көрсетіледі. Олардың ішінде оқыту теориясы мен практикасында жиі кездесетіндері мыналар:
1. Дидактикалық мақсаттар бойынша: а) оқып-үйренетін; ә) тексеретін; б) диагностикалық; в) алынған білімді баянды ететін және т.б.
2. Даралау дәрежесі бойынша: а) мазмұны әртүрлі, бірақ бірдей тәсілмен орындалатын; ә) мазмұндары бірдей, бірақ әртүрлі тәсілдермен орындалатын; б) мазмұндары әртүрлі және әртүрлі тәсілдермен орындалатын.
3. Білім материалдары бойынша: а) оқулықпен және оқу әдебиеттерімен жұмыс; ә) тапсырмаларды орындау және салыстыру; б) лабораториялық және графиктік жұмыстар.
4. Оқушылардың ізденімпаздық дәрежесіне байланысты жұмыстар және т.с.с.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,3,5,10,20,21,25,30,34,40,43

№2 дәріс тақырыбы: Өзіндік жұмыстардың маңызы және оны ұйымдастыру жолдары




Оқушылардың өзіндік жұмысының педагогикалық тиімділігі - мұғалімнің жұмысқа жасаған басшылығының сапасымен тікелей байланысты. Егер мұғалім жұмысты дұрыс ұйымдастырса, оқушылардың алдына қойылған мақсат айқын болса, онда орындалған өзіндік жұмыстың сапасы да ойдағыдай болады. Өз бетінше жұмыстың негізгі ерекшелігі - оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындауы. Тапсырманы орындауда жақсы нәтежеге жету үшін, мұғалім оқушының іскерлік дағдысын, бақылай білу қабілетін, ойлауын, есепті шешу жолдарын дұрыс таңдай білуін байқап көреді. Егер тапсырманы орындауда қателер жіберсе, онда мұғалім сол қателерді оқушылардың өздері жөндеуіне мүмкіндік беріп, оқушының іс-әрекетін дұрыс жолға бағыттағаны жөн. Оқушылардың өз бетінше іздену жұмыстарының жіктеуін П.И.Пидкасистый жасады. Осы жіктеуге сәйкес оқу процесінде өзіндік жұмыстардың 4 түрі қарастырылады. Олар мыналар: 1. Үлгі бойынша орындалатын өзіндік жұмыстар. 2. Реконструктивті – вариативтік өзіндік жұмыстар. 3. Эврикалық (ішінара ізденуді талап ету) өзіндік жұмыстар. 4. Шығармашылық (ізденуді талап ететін) өзіндік жұмыстар. Үлгі бойынша орындалатын жұмыстарды орындаған кезде мұғалімнің көрсеткен үлгісін оқушы қолдана отырып, белгілі бір іс-әрекеттің жолын ұғынуға ұмтылады. Осындай жұмыстар үшін арнайы тапсырмалар (тапсырма жауабының дайын үлгілері, алгоритмдік ұйғарым, теориялық мағлұматтар, нұсқаулар, ілеспелі нұсқаулар және т.с.с.) дайындалады. Үлгісі арқылы берілген жұмыстар оқушылардың оқу материалын тиянақты игеру мақсатын көздейді. Бірақ олар оқушылардың танымдық, шығармашылық іс - әрекеті тәжірибесін жетілдірмейді, сондықтан оқушылар өзіндік жұмыс тапсырмаларының басқа типтерінің көмегімен іс-әрекеттің қиынырақ түрін орындауға жұмылдырады. Реконструктивті-вариативтік өзіндік жұмыстарға танымдық тапсырмалар кіреді. Оны орындау процесі кезінде оқушылар: а) жағдайды талдау қажеттігін; є) оқу проблемасының белгілерін айқындауды; б) осы проблемаларды шешудің жолдарын іздеуді; в) белгілі амалдардан тиімдісін таңдап білуді және т.б. қолданады. Вариативтік өзіндік жұмыстарды орындау процесінде оқушылар бірнеше ережелерді, алгоритмдерді, формулаларды қолданады, тапсырманы орындаудың бірнеше жолдарын қарастырады, орындау тәсілдерін, ережелерді талдап, қорытады және т.с.с. Сонымен реконструктивті-вариативтік өзіндік жұмыстар оқушылардың алған білімін қолдануға ынталандырады, ал соның нәтижесінде олардың білімі тереңдей түседі. Мұндай өзіндік жұмыстар үшін мұғалімдер проблеманың жаңа шешімдерін іздестіріп, алынған білімді (бірнеше тақырыптар мен бөлімдерден) бір жүйеге келтіруді көздейтін тапсырмаларды іріктеп дайындайды. Өзіндік жұмыстардың ең жоғарғы сатысы эврикалық және шығармашылық өзіндік жұмыстар болып табылады. Мүндай өзіндік жұмыстарды орындау үшін оқушылар өздерінің игерген білімдері негізінде тапсырмаларды орындау тәсілдерін түрлендіріп, басқа жағдайларға ауыстыруы, өз бетінше жаңаша шығару жолдарын көрсетуі, оның мазмұнын, мақсатын, шығару жоспарын дайындауы керек. Оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық қасиеттерін қалыптастыру үшін практикада арнайы дайындалған танымдық тапсырмалар ұсынылады. Өзіндік жұмысты мұғалімнің дұрыс басқара білуі және оқушының дербестік деңгейінің артып отыруы- осы жұмысты ұйымдастырудың негізгі белгілері болып табылады. Өзіндік жұмыстарды орындау барысында оқушылардың белсенді ой-әрекетін күшейтуге мұғалім жұмысты жоспарлы түрде ұйымдастырып, оған дұрыс басшылық жасай алғанда ғана қол жеткізеді. Ол үшін мұғалімге өзіндік жұмыстарды алдын-ала дайындап, мынадай талаптарды басшылыққа алуға тура келеді: 1. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын оқу процесінің барлық кезеңдерінде, әсіресе жаңа материалды түсіндіру процесінде де ұйымдастыру керек. Оқушыларды біліммен ғана қаруландырып қоймай, олардың бойында ой еңбегінің жалпы тәсілдері мен жолдарын пайдалану біліктерін қалыптастыру арқылы білімді меңгеруді қамтамасыз ету қажет. 2. Оқушыларды белсенді ұстанымда ұстап, оларды таным процесінің тікелей қатынасушылары ету керек. Өзіндік жұмыс тапсырмалары жекеленген фактілерді меңгеруге емес, әртүрлі проблемалар шешуге бағытталуы тиіс. өзіндік жұмыстарды орындай отырып, оқушылар проблемаларды көруге және ойлап табуға, оларды өз бетімен шешуге үйренуі тиіс, ол үшін осы уақытқа дейін қалыптасқан білім, білік, дағдыларын пайдаланып, соның негізінде алынған нәтижелерді тексергендері жөн. 3. Оқушылардың ой еңбегін белсендіру үшін ақыл-ой әрекетіне біртіндеп күш түсіруді талап ететін жұмыстар беру керек. Осыдан келіп, мынадай маңызды талап туындайды: оқыту процесінде балалардың алған білімдерін әртүрлі жаттығуларды және тапсырмаларды өз бетінше қолдану және жаңа білімді өз бетінше алу мүмкіндігі қамтамасыз етілетін жағдайлар жасалуы керек. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың шарттары мыналар болып табылады:
 мұғалімнің нақты тапсырмалар, нұсқаулар беруі;
 жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
 мұғалімнің басқаруымен оқушының дербестігінің мөлшері;
 оқушының жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі, оған әсер ететін мотивтердің бар болуы, т.б.. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру бірнеше кезеңдерден тұрады. Өзіндік жұмысқа кіріспе кезеңінде оқушылар тапсырмаларымен және оларды орындау тәртібімен танысады. өткенмен байланыс орнату кезеңінде жұмыстың мақсаты айқындалады, қиындықтар көрсетіледі, жұмыс нәтижелерінің сапалы өлшемдеріне сипаттама беріледі және т.б. Бұл кезеңге 2-3 минут уақыт бөлінеді. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын орындау жүзеге асырылады. Бұл кезеңде әрбір оқушы өз бетінше тапсырмаларды орындайды. Өзіндік жұмыстарды қорытындылау кезеңінде фронтальды әңгіме (10 минутқа дейін) жүргізіледі. Бұл әңгіме барысында өзіндік жұмыстарға бақылау және бағалау жүзеге асырылып, қорытынды шығарылады. Фронтальды әңгіме - өзіндік жұмыстарға қойылатын маңызды талаптардың бірі, өйткені оны жүзеге асыру барысында бірқатар функциялар атқарылады:
 кері байланыс функциясы, оқушы өзінің дұрыс жауабына көзін жеткізеді және қате жауабын түзетуге мүмкіндік алады.
 кері байланыс функциясы, материалды пысықтау арқылы оқушының тілін дамытуға мүмкіндік болады.
 оқушылардың жұмыстарын тексеру функциясы және олардың белсенділігін ынталандыру функциясы.
 мұғалім үшін кері байланыс функциясы, яғни мұғалім оқушы жұмысты қаншалықты орындағаны туралы толық мағлұмат алады.
Бастауыш сыныптың оқу прцесінде өзіндік жұмыстарды сабақтың кез келген кезеңінде тиімді ұйымдастыруға болады, ол мұғалімнен педагогикалық шеберлік пен әдістемелік ізденісті талап етеді. Өзіндік жұмыс негізінен жаңа материалды қамтыған кезде сабақтың төмендегідей құрылымын пайдалануға болады:
1. Сабақтың басында өтілген материалды тексеру.
2. Өзіндік жұмыс (25 минут).
3. Қорытынды шығару, мұғалімнің ұсыныстары (1-2 минут).
Егер жаңа материал фронтальдық жұмыс ретімен оқып-үйренілетін болса, онда бекітуді көздейтін өзіндік жұмыс сабақтың соңына ауыстырылады. Жаңа материалды қайталау жағдайында барлық сабақты өзіндік жұмысқа арнауға болады. Іс-тәжірибеде сабаұта аз уақыттық өзіндік жұмыстар да қолдану кең тараған, олар көбінесе оқушыларда өз бетімен жұмыс істеу іскерлігі қалыптаспаған кезде қажет. Өзіндік жұмыстарды оқушылар орындай алатындай етіп ұйымдастыру керек. Яғни, мұғалім өзіндік жұмыстың мазмұны, формасы және орындау уақыты сабақтың сол кезеңіне сай болатын негізгі оқыту мақсатына байланысты екендігін білуі шарт. Айта кететін жай, оқу процесінде өзіндік жұмысты көп қолдану, оны бағалай да алмау зиянды. Мұғалімнің келесі сабаққа дайындалу барысында негізгі мәселе өзіндік жұмыстарға тапсырмаларды таңдап алу болып табылады. Тапсырмаларды таңдау сол сабақтың тақырыбы мен мақсатына байланысты жүзеге асырылып, оқытудың жалпы мақсаттары мен сол оқу пәнінің өзіне тән ерекшеліктері ескерілуі шарт. Бұл талаптарды орындау оқушылардың білімді меңгеруін қамтамасыз етеді, оларды кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік береді, сонымен бірге санаткерлік қабілеттері дамып, өздігінен жұмыс істеу біліктіліктері мен дағдылары қалыптасады. өзіндік жұмысқа тапсырмалар таңдап алуда ең алдымен оқушылардың жас және дербес ерекшеліктері ескеріледі. Бастауыш сынып оқушыларында еріктік психикалық процестер нашар дамыған. Олардың зейіндері тұрақсыз. Балалар зейіндерін ұзақ уақыт бойында бір әрекетке немесе затқа аударып тұра алмайды. Олардың нервтік жүйесі әлсіз, бас миының орталықтары тез шаршайды және ұзаққа созылған ауыртпалықты көтере алмайды, сондықтан бастауыш сынып оқушыларынан біртектес жұмыстарды ұзақ уақыт бойы орындау талап етілмеуі керек. Тапсырмаларды таңдап алуда оқушылардың танымдық іс - әрекетін белсендіру мүмкіндіктерін алдын-ала ойластырып, көруге тырысу керек. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда проблемалық сипаттағы тапсырмалар және танымдық тапсырмалар бағалы. Олар тек еске түсіруге, жаңа материалды жаңғыртуға бағытталған емес, сонымен бірге оны саналы меңгеруді көздейді. Оқушылардың ойлау іс-әрекетін белсендіру оларға ұсынылатын өзіндік жұмыстардың қиындығына байланысты. Оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге тапсырмалар бере отырып, мұғалім оларға оны қалай орындайтынын, нені біліп, нені жаттау керек, қалай бақылау керек, қалай сипаттау керек, қалай жаттау керек екендігіне нұсқаулар беруі тиіс. Мектепте оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың жай-күйін оқып-үйрену мұғалімдердің өзіндік тапсырмаларды таңдап алу барысында оларды оқушылардың орындау қарқынына көп көңііл бөлмейтіндіктерін байқауға мүмкіндік береді. Соның әсерінен оқушылардың көпшілігі өзіндік жұмысты орындауға берілген уақыт ішінде оларды аяқтай алмай қалады да, оларды үйде орындайды немесе мүлдем аяқсыз қалдырады. Мұндай жағдайға негізінен өздігінен жұмыс істей алмайтын немесе өз жұмысына қалай болса, солай қарайтын оқушылар ғана емес, сонымен бірге нерв іс-әрекетінің жоғарғы типімен ерекшеленетін, яғни тез қарқынмен жұмыс істейтін оқушылар да тап болады. Мұндай оқушыларды оқытуда олардың өз жұмыстарын мұғалімнің қатынасуымен аяқтауларына көңіл қою маңызды, өйткені оқушы өз жұмысының нәтижесін оны аяқтасымен бірден көруі және шынымен бұл жұмысты өздігінен орындауы қамтамасыз етілуі қажет. Сондықтан мұғалім өзіндік жұмыстардың көлемін жоспарлағанда оқушылардың жұмыс істеу қарқынын есепке алуы шарт. Сабақта уақытты үнемдеп, жұмысты жақсы ұйымдастыру үшін мұғалім оқушыларға берілген өзіндік жұмыс тапсырмаларын алдын-ала өзі орындап алуы тиіс. Тапсырманы орындау барысында ол қандай элементтер оқушылар жұмысын тежейтінін немесе тездететінін түсінеді. Мұғалімнің алдын-ала тапсырмаларды орындауы оған жұмыстың нәтижесінде оқушылар неге қол жеткізетініне нақты мағлұмат береді. Бұл мұғалімге өзіндік жұмыстарды тексеру барысында мқғалім олардың неғұрлым қысқа, әрі түсінікті болуын қамтамасыз етуі керек. Қандай да бір тақырып бойынша өзіндік жұмыстардың жүйесін анықтауда бағдар ретінде жалпы әдістемелер мен оқулықтағы нұсқаулар, дидактикалық материалдар, есептер жинағы, диктанттар жинағы қызмет атқарады. Өзіндік жұмыс үшін қандай да бір тапсырманы дайындап отырып, мұғалім оның сыныптағы оқушылардың қанша уақытта орындайтынын көре білу керек. Өздігінен жұмыс істеу дағдыларын оқушылар біртіндеп, практикалық іс-әрекет нәтижесінде игереді. өзіндік жұмыстың барлық түрлері оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес болып, мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылады. Л.С.Выготскийдің «оқыту процесінде оқушының ақыл – ойының дамуы «актуалды даму» аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына ауысуы» туралы теориясы. Бұл ауысу – тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған 1 – ші деңгейден өнімді іс – әрекет арқылы жүзеге асады. Осындай іс – әрекет деңгейлері арқылы оқушылар оқу материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды. В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөлді: бірінші деңгей - «міндетті, оқушылық», екінші - алгоритмдік, үшінші - эвристикалық және төртінші – шырармашылық деңгейлердегі қабылдау. Сондықтан да, оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, оқытудың жаңа технологиясы бойынша, диференциалды және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар; әңгімелесушіоқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері. Әңгімелесуші - оқулық бойынша оқушы жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, аңықтама, ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу-мысалдармен оларды бекіткеннен кейін, жұмыс - дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көнеді. Бұл тапсырмалар оның жаңа тақырып бойынша меңгерген білімдерін өз бетімен жетілдіріп, біліктілігі мен дағдысын дамытуға арналады. Бұл тапсырмалар осы тақырыпты меңгеруге бөлінген уақытқа толық сиятындай шамадағы материалдарды қамтиды және ең дарынды деген оқушының қабылдау деңгейне лайықталып құрастырлады.
Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1. Жаттап алуға лайықталған болуы керек.
2. Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің оны өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.
3. Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек. Мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру сонында шығарған ереже, аңықтама, заңдарын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың таңымдылығы мен қызығушылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн.
Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1. Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады. Математикада мұндай іс-әрекетке келтіретін тапсырмалар; кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалар, т. с. с.
2. Оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілген тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескерліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар; логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.
Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар:
1. Танымдық-іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойыншамеңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, аңықтамалар, формулаларды жаттау, т.с.с.) жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс - анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін аңықтау, қортындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа тапсырмаларға тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа шешу жолдарын іздеуі керек.
2. Әр түрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін тапсырмалар.
3. Өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
Төртінші шығармашылық денгейдегі тапсырмаларға:
1. Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару).
2. Олимпиадалық тапсырмалар, берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар дайындау.
Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Мазмұнның жаңартылуы мен толықтыру деген «оның басқа мазмұнымен ауыстырлуы немесе көлемінің өзгертілуі қажет» - дегенді емес, «оның бір деңгейден бір деңгейге оқушыны дамыта оқыту үшін қызықты да мәселелі, ұлттық нақышпен толықтыратын, байытылған, тапсырмалар беріліп отыруы керек»- дегенді білдіреді.
Сонымен өзіндік жұмыстарды жоспарлай білу, оқушыларды өздігінен қиындықтарды жеңуге үйрету - өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі.
Сондықтан оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда мынадай қағидаларды есте сақтау керек:
1. өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұнының бағдарламалық талапқа сєйкес болуы.
2. оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, танымдық іс-әрекетті белсендіру.
3. өзіндік жұмыстардың формалары мен мазмұнының әртүрлі болуы.
4. әрбір өзіндік жұмыстың тексеріліп, бағалануы. Бастауыш мектепте оқыту процесінде өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керек. Мұғалімнің басты міндеті оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, оларды әрекеттің осы түріне дағдыландырып, оқу еңбегін сүйіспеншілікпен орындауға баулу болып табылады.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,3,5,10,20,21,25,30,34,40,43


1 дәріс тақырыбы:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет