Адам есту мүшесінің көмегімен қоршаған ортадан әртүрлі
дыбыстарды
қабылдап, талдайды. Есту
мүшесі дыбыстарды анықтап, ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы
қарым-
қатынас
жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс
пен тепе-теңдікті сезеді.
Құрылысы: есту мүшесі —
құлақ
. Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ.
Тапсырмалар
1.Көздің жалпы құрылысы мен маңызы.
Көз —
оптикалық жүйе.
Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы, диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш
қабықтан қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе
ақ қабық деп
аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі
– қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес,ақ түсті,
ол
белок
деп аталады.
Склераның ішкі жағынан көзді қоректендіретін күрделі өрімделген қан тамырларынан тұратын
тамырлы қабық жанасқан. Бұл екінші қабық – көздің алдыңғы бөлігіндегі әр адамда әр түске
боялған сұр, қоңыр, көгілдір, қызыл және т.б. түсті қабыққа өтеді. Көздің сыртқы мөлдір
қабығының ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Жарық қарашық арқылы көз
алмасының ішіне өтеді. Түсту қабық – күрделі тамырлы бұлшықет тарамдары. Ол
деформациялану арқылы қарашықтың диаметрун өзгерте алады. Көздің қарашығы – ерекше
келген тірі
диофрагмалар
.
Тамырлы қабықтың ішкі бетінде торлама немесе торламалы қабық орналасқан. Ол көздің
алдыңғы бөлігінен басқа түбін толық жабады. Артқы жағынан қабық арқылы көзді мимен
жалғайтын көру жүйкесі кіреді.Торлама негізінен көрі жүйкесі мен олардың ұштарындағы
талшықтардың тармақталуынан тұрады және көздің жарық сезгіш бетін құрайды.
Түсті қабықтың артында мөлдір серпімді дене –
көз бұршағы
бар. Ол өзін склерамен жалғайтын
бұлшық еттермен қоршалған. Көз бұршағының диаметрі- 8-10 мм кішкентай көздөңіс
линза
.
Қасаң және түсті қабықтардың аралығында су тәрізді сұйық зат бар, ал көз алмасы қоймалжың
затпен - шыны тәрізді денемен толған.
2.Көз өткірлігі, анықталуы, оқушылардың жасына байланысты өзгеруі. Акселерация.
3.Көру мен есту гигиенасы.