Оқушылардың сөйлеуін дамытуға арналған әдістемелік дидактикалық материалдың түрлері, оларға сипаттама


Оқушының оқыған әңгіме ертегісіне сараптаудың жолдары



бет2/2
Дата01.04.2023
өлшемі17,81 Kb.
#78290
1   2
Байланысты:
Оқушылардың сөйлеуін дамыту (копия)

Оқушының оқыған әңгіме ертегісіне сараптаудың жолдары:

  • түсінгенін әңгімелеу

  • сұрақтарға жауап беру

  • кейбір үзінділерді жатқа айтқызу

  • оқыған шығармасы бойнша таныс емес сөздерді сөздік дәптерге жазып отыру

  • кейіпкерлер іс-әрекетіне баға беру

  • әңгімелердің ұқсастығын салыстыру

  • ең соңында сол шығармаға ұқсас әңгіме жаздыру.

Бала – біздің болашағымыз. Болашақ ұрпаққа заман талабына сай білім беру талап етіледі. Бұл мақсат орындалу үшін бағдарламадан тыс қосымша тапсырмалар беру абзал. Алғашқы күннен бастап тілін дамыту үшін өлең, жаңылтпаш т.б.тапсырмаларды ата — ананың көмегімен жаттау қолға алынғаны дұрыс. Сюжетті суреттер бойынша сұрақтар жауап арқылы әңгімелеу, өз отбасы туралы әңгіме құрастыру, осы тақырып бойынша дайын мәтіндерді оқып беріп, суретін көрсету.Баланы өз ойын анық айтып, дұрыс сөйлеуге үйрету. Тереңдетіп оқыту арқылы сөздік қорын байыту үшін, әр оқушының сөйлеу деңгейін, ойлау қабілетін, шығармашылығын зерттеуді қажет етеді. Бұл тұста оқушылардың жазу сауатын да есепке алу керек.Тек диктант түрлері грамматикалық ережелерді әр оқушының қалай меңгергендігін және жазу сауатының қандай дәрежеде екендігін байқатады.Әр сабақтың тақырыбына байланысты диктант түрлері жүргізіледі. Диктанттардың ең күрделісі – шығармашылық диктант. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттырады.Оқушылардың ойын жазуға үйрететін тағы бір әдіс — «Өз ұйқасын тап», «Әңгімені ары қарай жалғастыр» деген тапсырмалардың әсері зор.
Бұл тапсырмалар баланың ойлауына, ойлау қабілетінің артуына, сөздік қорының байуына, шығармашылығына жол ашары анық.Тіл дамытудың басты құралы сөздік қорға жатады.Оқушының сөздік қорының неғұрлым көп болуы және оны тиімді қолдана білуі жүйелі еңбекті қажет етеді.Тіл дамыту жұмыстарында басшылыққа алатын басты мәселелердің бірі-оқушылардың сөздік қорды,ауызекі сөйлеу тілін тиімді ережеге сәйкес құра білуінде жатыр. «Тіл мәдениетінің жоғары деңгейі ол тіл арқылы өз ойын дұрыс,дәл және мәнерлі жеткізе алады».Тіл дамытудағы тиімді тәсілдердің бірі – шығармашылық тапсырмалар.Шығармашылықтың түрі әр алуан,мәні біреу – ол жаңа мазмұн жасау.Шығармашылық жұмыстарды орындау арқылы әрбір бала өзінің таланттылығын,қабілеттілігін,бейімділігін көрсете алады.
Қорыта айтқанда,оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты түрлендіре жүргізілетін жұмыс – оқушылардың жүйелі ойлау қабілетін тудырып,шығармашылық ізденіске бейімделушілігін молайтады,тіл байлығын арттырады. Тіл дамыту жұмыстарында дамыта оқыту жүйесі іске асып әр оқушы өз бетінше жұмыс істеуге қалыптасады.Бала жұмысына сын көзбен қарап, бағалауға,ойын еркін,дұрыс, ашық айта білуге үйренеді.Оқушыға берілген тапсырманы біртіндеп күрделендіре түсіп, шәкірт бойындағы шығармашыл ізденісті тереңдете түсу менің және барлық ұстаздар қауымының негізгі мақсаттарының бірі болмақ деп есептеймін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет