Фразеологизмдер. Фразеологизмдер- орын жағынан әбден қалыптасып қалған,екі немесе одан да көп сөздерден тұратын,сонымен қатар құрамы жағынан тұрақты,дайын күйінде қолданылатын,кез келген тұста қолдануға келмейтін талғампаз, мазмұны мен мағынасы терең,бейнелілігі терең тілдік құбылыс. Фразеологизмдерде ұлттың байырғы дүниетанымы,түсінік-түйсігі жеке сөздерге қарағанда көбірек байқалады.фразеология фразалық тұрақты тіркестерін,мақал-мәтелдерді қамтиды.Фразеологияның негізгі мақсаты тілдің және өткендегі тарихи даму кезеңдеріндегі фразеологиялық жүйенің сыр-сипатын,оның лексикалық және грамматикалық жүйемен байланысын ашып айқындау болып табылады.
Фразеологизмдерді қазақ тіл білімінде арнайы теориялық тұрғыдан зерттеу ХХ ғасырдың ортасынан бастап қолға алынып келе жатыр.Күні бүгінге дейін зерттеу әлі тоқталған жоқ.
1. ХХ ғасырдың ортасы мен 60 жылдардың арасы-қазақ тіл білімінің фразеологиясын зерттеудің алғашқы кезеңі.
2. 60-70 жылдар- фразеологизмдерді классификациялау кезеңі.
3.ХХ ғасырдың соңғы 10 жылы-фразеологизмдерді этнолингвистикалық, этномәдени тұрғыдан зерттеген жылдар болса,
4.90-жылдардан бері қарай қазақ тілінің фразеологизмдері толықтай терең зерттеліп шықты.
Фразеологизмдер көркем сөздің ең құнарлы саласына тән ойлау нәтижесі мен халық даналығының туындысы болып саналады. Тіліміздің бұл байлығы ғасырлар бойы қорланып, толассыз дамып, толығып отыратын, әрқашан да қолданысқа дайын тұратын көркем сөз құралы болып саналады. Көркем сөз авторлары өз шығармаларында түрлендіріп, сан құбылтып, әсем де әсерлі, көркем де бейнелі сөз өрнегін жасайды.
Көркем шығарма тіліндегі фразеологизмдерді талдау, сараптау арқылы әдебиеттану жағынан қаламгердің жеке даралық стилін тануға болады.Фразеологизмдер арқылы қаламгерлер өз туындыларына ұлттық сипат беріп, стиль жасаудағы тілдік тәсілдерді колдану ерекшелігін айқындай түседі. Фразеологиялық оралымдар авторлық баяндау болсын, кейіпкер тілі болсын не табиғат суреті болсын, бәріне де өзіндік стильдік әр береді. Қаламгер жалпы халықтық тілдегі тұрақты тіркестерді қолданысқа түсіріп, оларды көріктеуші құрал, стильдік жағынан да пайдаланылады. Фразеологизмдер көркем шығарма тіліне айрықша мән беріп, мазмұн дамытады, ұлттық реңк береді. Образды фразеологизмдер кейіпкер мінезін беруде авторлық баяндау кезінде жұмсалып, тілдің стильдік өрнектерін дамытады.
Ғалым Х.Қожахметова фразеологизмдердің жазушы тілінде қолданылуын былайша жіктейді:
1. Фразеологизмдердің кейіпкерді мінездеуде қолданылуы.
2. фразеологизмдердің кейпкерлердің психологиялық сезім күйлерін суреттеуде жұмсалуы.
3. Фразеологизмдердің әзіл-сықақ қызметінде жұмсалуы.
4.Кейіпкердің портретін және тілдік мінездеме беруде қолданылуы.
5. фразеологиялық түйдектер- мақал–мәтелдердің кейіпкер тілінде қолданылуы. «Көзге түсетін фразеологизмдерді көркем шығармада мол қолданудың өзі ұлттық хараткер жасаудың белгісі болады ,» - деп түйіндейді ғалым өз ойын.
Фразеологизмдер- ғасырлар бойы қорланып, дамыған халық даналығы,көркем сөз құралы
Осыған орай белгілі жазушы, сөз зергер і, қазақ балалар әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаевтың шығармалары бойынша фразеологизмдерді қолданудағы стильдік ерекшеліктерін қарастырсақ,Соқпақбаев кейіпкердің жан дүниесін бейнелі тілмен, қуатты сөзбен ашады.Жазушы шығармаларындағы ұтымды қолдана алған тілдік қолданыстар-фразеологизмдер деп сенімді айта аламыз Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінде қолданған фразеологиялық тіркестерді мына төмендегідей мағыналарға жіктеуге болады:: 1.Адамның жеке басына тән қасиеттері туралы жасалған фразеологизмдер.
Достарыңызбен бөлісу: |