«Аяз би, әліңді біл, Құмырсқа, жолыңды біл»
( Менің атым Қожа,76 б.) Мұнда жазушы тәкаппарлық, мақтаншақтық туралы айтады.
«Өлімнен ұят күшті»( Менің атым Қожа, 93 б.)
Өлімнен ұят күшті дегендей не істерімді білмеймін. ( Менің атым Қожа, 93 б
«Ер қанаты-ат» (Менің атым Қожа, 52 б.)
«Жақсымен жолдас болсаң,жетерсің мұратқа,жаманмен жолдас
болсаң,қаларсың ұятқа» (Менің атым Қожа, 76 б.)
«Бір айналдырғанды құдай шыр айналдырады» (Менің атым Қожа,117 б.)
«Той десе қу бас домалайды» (Менің атым Қожа,77 б.)
«Күш атасын танымас»
(Менің атым Қожа,43 б.) Мұнда жазушы «Күш атасын танымайды» деп берген.«Жығылған үстіне жұдырық»(Менің атым Қожа, 46-б. )
Жазушы шығарма мазмұнын оқырманға әсерлі жеткізу үшін қолданылған фразеологиздердің барлығы да оқушыға түсінікті.Сонымен қатар, баланың дүниетанымына түсінікті әрі қабылдауына оңай болып келеді.
Қорытынды
Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»повесінің жұртшылықты баурап алуының құпиясы шынайылығында. Бердібек кейіпкерлерін қолдан жасамаған, өмірдің өзінен алынғандығында. Көп шығармаларының ең басты кейіпкері-өзі.Сараптау-сұрыптауы болғанмен қоспасы, әсірелеуі,жасандылығы жоқ. Адам баласына,пенде біткенге тән ерекшеліктерді балаға тән тума қасиеттерден,балаға тән аңғалдықтан, балаға тән тазалықтан іздеді.Сол байқағандарын боямасыз көрсетіп, жалғаны жоқ жасампаз образдар жасайды. Сөйтіп, шынайы өмірді насихаттап өткен жазушының өзі де жаратылысынан жинақы, болмысы таза адам. Өтірікке,көлгірсуге, көпсөздікке о бастан жаны қас.
Автор:«Мен,мысалы, өз шығармаларымды бірінші жақтан жазамын. Бұл өмір құбылыстарын-жақсы мен жаманды, ақ пен қараны бала көзімен көру, бала түйсігімен түйіндеуден туындайды. Содан кейін баланы зеріктіріп жіберетін суреттемпаздықтан,тәппіштеп ұсақ-түйек татымсыздықты тасыта берушіліктен аулақ болам. Бала ойына лайық шығармалар жазуға тырысамын».-деп балалар өміріне арнап шығарма жазудың өзіне тән қыры мен сыры туралы ағынан жарылады. Иә,Соқпақбаев шығармаларының шыншылдығы мен қарапайымдылығының бір сыры осында болса керек.
Қорыта айтқанда, бала жүрегіне оның өз тілі мен өз дүниетанымы арқылы жол тапқан қазақ балалар әдебиетінің жазушысы Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»повесі бойынша да оқырман жүрегінен мәңгілік орын алғанын кез келгеніміз мойындауымыз керек. Ең бастысы баланың тіл байлығын дамытып, ой-өрісін кеңейтуге, айналадағы қоршаған ортамен тереңірек танысуға мүмкіндік туғызады.Жазушының тіл ажары естіген құлаққа жағымды,ойға,көңілге қонымды болып келеді.Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінің тілі баланың жас ерекшелігіне сай,әрі дүниетанымына түсінікті.Оңай оқылады және тез түсінеді. Бұл шығармасында мақал-мәтелдер және фразеологизмдер молынан кездесті. Оны жоғарыдағы мысалдармен дәлелдей алдық. Мәтінге талдау жасай отырып, жаушы кейіпкер мінезін ашуда,адам психикасын беруде фразеологиялық тіркестерді ұтымды пайдалана алғанына көз жеткіздік.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» Алматы, «Атамұра» 2003 жыл.
2. Қазақ мақал-мәтелдері Құрастырушы:М.Аққозин,Алматы,Қазақстан,1990
3. І.Кеңесбаев. Фразеологиялық сөздік. Алматы,Арыс,2007
«Жазушы»баспасы
4. М.Балақаев, Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы,1961
5. Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиұлы Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясы. Алматы,Санат,1995
6. Г.Смағұлова. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени
аспектілері. Алматы:Ғылым,1998
Достарыңызбен бөлісу: |