Ою-өрнек ежелгі халық өнерінің бір түрі. Бұл өнердің пайда болу бастаулары ежелден бері келе жатыр



бет2/12
Дата06.04.2023
өлшемі1,15 Mb.
#80065
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Ою

Қазақ оюында қандай сыр бар?


Egemen Qazaqstan
​"Қуанышты қалып" фэн-шуй жобасының авторы әрі жетекшісі Елена Гомер ою-өрнектердің магиялық күшке ие екенін дәлелдеп келеді. Ал ғылыми тұрғыдан алғанда ою-өрнектердің тотемдік, сиқырлы символдар мен мазмұндық мағынасы толығымен әлі күнге дейін зерттелген жоқ.

Түркітанушы Мұрат Әджи оюлар түркі тектес халықтардың барлығына ортақ екенін алға тартады. Қазақтың ою-өрнектерінен «крест» пен төртбұрыш, өмір шиыршықтары анық көрініс тапқан. «Крест» ұғымының «қайқы қылыштан» туындағанын өзінің еңбектерінде түсіндірген.

Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы Әлкей Марғұлан да «қазақ халқы кілең ою-өрнек ортасында өмір сүреді» дейді.


Расымен де, бала кезден тұтынған бұйымдардан оюларды көріп өссек те, әрқайсысының өз мағынасы мен қолданылу ерекшеліктері бар екенін ойламайтынбыз. Бүгінде заманауи стильдегі киімдерден оюды байқағанымызбен, кейде орынсыз қолданылған, тек эстетикаға мән берген оюларды кездестіретініміз де бар.
Бұрын жазу, компас, сағат қолданылмайтын кезде ою-өрнек болды. Сол ою-өрнек арқылы халқымыз өз тыныс-тіршілігін, мәдениетін, өнерін, мәдени құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізді.
Елімізге белгілі этнограф С.Қасиманов қазақ ою-өрнектері үш түрлі ұғымды білдіреді дейді: біріншіден, мал шаруашылығын, аңшылықты; екіншіден, жер, су, көшіп-қону көріністерін; үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін əртүрлі заттардың сыртқы бейнесін.
Оюлардың бояуының да өз сыры болады. Ашық, анық емес түспен боялған болса, құпия жазу екенін аңғара аласыз. Ою композициясына сай көк – аспан түсі; ақ – шындық символы; сары – даналық, адамгершілік, мұң белгісі; жасыл – жастық пен көктемнің белгісі. Ою-өрнектерді салған кезде түстердің бір-біріне сәйкес келуі жіті қадағаланады.
Оюлар симметрия заңымен қатар, бір немесе бірнеше элементтің қайталау ритмін сақтайды. Мысалы, «қошқар мүйіз» элементінен қошқар мүйізінің бірнеше рет қайталанғанын көреміз. Егер, «қошқар мүйіз» бестен көп, шексіз қайталанса – «шетой» жиекті ою-өрнек деп аталады. Ою-өрнек кесеге салынатын болса, ол үлкен де, кіші де болмай, асқан дәлдікпен жарасым табады.

Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған құмыралардың біразы геометриялық ою-өрнекпен, дәлірек айтсақ ирекпен өрнектелген. 
Ал неолит және қола дәуірінен белгілі "ұлу" өрнегі қоғам таптық құрылысқа бөліне бастаған кезде бедерленген. Кейіннен киізге, текеметке, кілемге таңбаларды бейнелеген.
Қолмен тоқылған кілем, шымшида немесе алашада табиғаттың төрт мезгілін көруімізге болады. Осылайша қоршаған орта көріністерін тұспалдап, ұтымды жеткізген. Табиғаттың тылсым құбылыстарын ою арқылы түсіндіре білген.
Қазақтың төрт құлақ өрнегі бесінші Пазырық қорғанынан табылған кілемде кездеседі. Ал лашын қанат өрнегі көбінесе тұс киіздерде кездеседі.
Сонымен қатар төсеніште қолданылатын оюлар бас киімдерде қолданылмайды. Себебі, онда тек зооморфтық кескіндер («қошқармүйіз», «қосмүйіз», «арқармүйіз», «сыңармүйіз», «қырымүйіз» т.б.) пайдаланылады. Осы оюларды үй жиһаздарында, ер-тұрман, қару-жарақтарда кеңінен пайдалануға болады.
«Ит құйрық» аталатын өрнек ешқашан бас киімдерге қолданылмаған. Мұның астарында «дұшпаның кеудеңнен жоғары өрлемесін» деген ырым жатыр. Ол өрнек «дұшпаның төмен болсын» деген ниетпен көбінесе ер адамдар шалбарының жырық балағына өрнектелген.

Кілемнің ортасына қолданылатын ою-өрнектер
Кейде үйге келген қонақ алаша мен басқұр, текемет пен сырмақ оюларына қарап, сол отбасының қай рудан, қандай әулеттен шыққандығын сұрамай-ақ біледі. Кәнігі шеберлер төселе келе, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізген. Әрбір елде, әрбір руда есімі мәшһүр оюшылар өз өнерінің озық үлгілерін таратып отырған. Өнер зерттеушісі Сейсен Мұхтарұлы "Оюды оқуға бола ма?" атты мақаласында: "Дулаттың "бүтін ай", Жалайырдың "тарақ", Қоңыраттың "босаға", Қыпшақтың "қос әліп", Найман руының бір шақасы Бағаналының "үш айрық алау" таңбасы ретінде суреттеледі" дейді. 

Тағы бір айта кетерлігі, бозбала қыздың қолындағы білезікте бедерленген өрнегіне қарап, оған құда түскен-түспегенін ұғынған. Жас келіншек тұрмыс құрғаннан кейінгі ахуалын ою-өрнекпен бейнелеп жіберген. «Құсмұрын» сәлемдемесі жіберілсе, құстай ерікті екенін ұғынып, уайымдамайтын болған. Ал бойы ұзын, талдырмаш жан бедерленіп, жанында дөп-дөңгелек адамның бейнесі жағдайының мүшкіл екенін сөзсіз-ақ ұғыныпты. 

Үшбұрыш ішінде бейнеленген «қошқармүйіз» өрнегі жанға жылу, қуат беретін от ұғымын, молшылық пен байлықты білдірсе, ромб тектес өрнегі ер мен әйелдің қарым-қатынасын білдіреді. «Шеңбер» оюы – жарық өмір жолын ұғындырса, «аққу қанаты» – өрнегі бақыттың, сұлулықтың, тазалықтың, адалдықты насихаттайды. 
Алыс жолға шыққан жолаушының киіміне «түйетабан», «түйемойын», «ботакөз» оюларын салған. «Су», «ирек», «арық», «тасқын», «тоғыз төбе», «арпа гүл» өрнектері тоқшылық пен молшылықтың нышаны ретінде қолданылған. Адамның өмір жолының бұралаңнан тұратынын нышанмен жеткізген.

Белгілі зергер Болат Атыраубаевтың айтуынша, зергерлік бұйымдарға көбінесе қошқар мүйіз, шаңырақ, кереге белгісін, өсімдік ою-өрнектерін пайдалануға болады. Геометриялық өрнектерден үшбұрыш аспан, жер, адамды білдірсе, төртбұрыш «төрт құбылаң тең болсын» дегенді білдіреді.
Кей мамандар бойжеткен мен ерлердің киімдеріне екі бөлек оюлар бедерленетінін айтады. Мысалы, қыз балалардың бешпетіне, көйлегіне гүл тәрізді немесе қанатты қарлығаш секілді өрнектер бейнеленген. Ал ер баланың киміне найзаның ұшы, бүркіт, қошқар мүйіз секілді өрнектер батыр, алғыр болсын деген ырыммен салған.
Бірақ бұл тұжырыммен келіспейтіндер де бар. Олар ою кеңістік арқылы түрленеді және көлемге ғана бағынады дейді.
Киім үлгілерін тынымсыз зерттеген атақты шебер Сабыркүл Асанова: «Кей уақытта подиумнан анық көріну үшін сәнгерлерімізге оюлардың айшықтарын үлкендеу, түрлерін өте жарқын етіп жасау керек болады. Оюдың көлемі кіші болып қалса, мінбеден көрінбей қалуы мүмкін. Бірақ дәл қазір маңыздысы, ою-өрнектің орналасу ретінде емес, оның кең көлемде насихатталуында» дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет