Ою-өрнек ежелгі халық өнерінің бір түрі. Бұл өнердің пайда болу бастаулары ежелден бері келе жатыр


"Айыр". "Ашатұяқ". "айыртұяқ" өрнегі кейде "айыр" өрнегі деп те аталады. Пішен ашалайтын айырға ұқсас келеді. "Ботагөз"



бет8/12
Дата06.04.2023
өлшемі1,15 Mb.
#80065
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Ою

"Айыр". "Ашатұяқ". "айыртұяқ" өрнегі кейде "айыр" өрнегі деп те аталады. Пішен ашалайтын айырға ұқсас келеді.
"Ботагөз" ою-өрнегі — әшекейлі композиция ортасына салынатын немесе бірнеше қайталанып келіп, орамалдың шетін көмкере жиекте-метүзейтін, сырт пішімі ботаның көзіндей, ромбы төріздес геометриялык ою-өрнек.
"Каңқа" ою-өрнегі тоқыма бұйымдарында қолданылады. Малдын қурап қалған сүйегін түспалдайды. Алаша, басқұр, бау т.б. тоқыма бұйымдарында негізгі өрнек ретінде салынады.
"Жылан", "Жыланбас" - балалардың тақиясына "көз тимесін " деп тағатын, жыланың бас сүйегіне ұқсас ою-өрнек. Бұл өрнек жылан бейнесін тұспалдап тұрады.
Омыртқа" ою-өрнегін кестелерден, өрме шилердесүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардан жиі көреміз. Бұл өрнек түрі омыртқаның түрін тұспалдайды, ол өр түрлі үйлесімде түрленіп, ою композицисының ортасына және жиегіне салынады. Ал кілемнің жиегіне "шетою" ретінде де қолданады..
"Тіс" — малдың, аңның тісіне, шахмат тақтасына ұқсас ою-өрнек. Кесте тігуде бұрыштарын қарама-қарсы түйістіріп отыратын тік сынық сирек тігістердің өрнегінде қолданылады. Мұны "тіс", "иттіс" деп те атай береді.
"Таңдай" ою- өрнегі мал таңдайының бедерін бейнелеуден шыққан, диагональ тәрізді өрнек. Бұл ағаш, мүйіз, сүйек заттарының шетіне, киімдердің жағасына, кимешектің жағына салынады. Таңдай өрнегі басқа түркі тектес халықтарда да кездеседі.
"Құсқанаты"мүйіз оюы немесе шахмат шаршылары бейнеленген құстың қанаты тәріздес ою-өрнек. Бұйымдарда көп қолданылатын бұл ою қанатын жайып ұшып жаткан құсты тұспалдайды. Қазіргі кезде құсақанаты" ою-өрнегін басқа өрнектермен аралас қолдана береді.
«Құстұмсық» - құстың тұмсығын түспалдаудан туған. Ол тармақты мүйіздер мен сызықтардан құралады. Мұнда ою ортасындағы сызық ұшы құстың тұмсығына ұқсас етіп қиылады. "Құстұмсық" жүзік немесе "топсалы" жүзік сәлемдеме ретінде туыстар арасында дәнекер қызметін атқарған. Тұрмысқа шыққан қызынан орамалға түйілген "құстұмсық" жүзік келсе, ата-анасы қуанып. көршілерін шақырған. Құс бейнесі — халық түсінігінде азаттықтың белгісі. Жүзікке қарап ата- анасы қызының ұзатылған жерінің жақсы екендігін біледі.
"Қазтабан" ою өрнегін Маңқыстар жағында құлпытастар ды өрнектеуге қолданады, қаздың табанын түспалдаға күрделі таңбасынан тұрады. 8 белгісіндегі "ботамойын" оюынан айырмашылығы — қатар орналасқан екі қаздың бейнесін тұспалдайды. Қаздың басы, мойны анық байқалып тұрады.
"Қарғатұяқ" ою өрнегі. Мұнда өнері мұнда геометриялық және зооморфтық ою бедерлері біріккен. Бұл оюлар алаша, кілем тоқуда пайдаланылады.
"Шетою" ою-өршгін шексіздікке ұластыра ою деп те атайды. Өрнектің бір әлемең шексіз қайталана береді. Есіктің, текемет, сырмақ, кебеже, киім–кешек пен ыдыс–аяқтың жиегіне салынды.
"Ирек" "ирексу" өрнектері кейде түзу сызықтардың сынықтары, кейде доғал сынықтардың үштасуы арқылы жасалады.
Ондай сызықтар бірнеше қатар сызықтар түрінде қатарласа жүреді. "Ирек", "Ирексу" өрнегінің жасалуы кейде бір иректің іші екінші ирекке қарсы келіп, "төртбұрыштар" мен "сағатбау", •"саты" тәріздес өрнектер жүйесін түзейді. Бұл өрнек бешпеттің, камзолдың, шапан мен тақияның жиегіне салынады. Зергерлік бұйымдарда: сақина, білезік, қапсырма, алқалардың жиегінде жөне ши, сырмақ, кебеже, жұкаяқ, табақ ернеулерінде, әдіп тігісте көбірек кездеседі. Ирек немесе толқын жолақтар ағын суды түспалдайды.
"Қос дөңгелек" — мал таңбасына ұқсайтын ою-өрнек. Қос дөңгелек өрнегімен негізінен киіз ұйымдары, текеметтерді, сырмақтарды әшекейлейді. Ежелгі көшпелілер дүниетанымында күнді түспалдайтын дөңгелек таңбасында тылсым бір күш бар деп сенген, сондықтан тұрмыста қолданатын барлық бұйымдардың ортасына Күннің түспал бейнесі қолданған.
"Тұмарша" ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Үш гүл, үш бұрыш, тәрізді тұмарлар тіл-көзден сақтау үшін адамдарға ғана емес, үй жануарларына да бойтұмар ретінде тағылады. Кілем бұйымдарының жиегінде киіз, кілем, текеметтің орта түсын көмкеруде кездеседі.
"Җостұмарша " ,"сызығыштұмарша " ою-өрнегі төбесінен түйістірілген екі тұмарша үшбұрыш өрнегі қосылады да, екі геометриялық үшбұрыш жасайды. Бұл өрнектің түрі "тұмарша" өрнегі секілді тіл-көзден сақтау ұғымын білдірмейді, тек әсемдік әшекей ретінде қолданылады әдетте кілем шетіндегі және ортасындағы оюлардың ортасына салынады, кейде бұл өрнек "аралықгүл" деп аталады.
"Бағанаөрнек "қора төбесінің арқалығын астына тіреп тұратын діңгек ағаш. Бұл ою-өрнекті заттың, бұйымның ортасына келтіреді, оны негіз етіп, жан-жағын басқа өрнектермен бейнелейді. Бағана өрнек" асадалмен, кебежелердің аяқтарына, қырларына, айна қойғыштың шетіне, піспек саптардың жоғарғы жақ басына, адалбақанның бойында жиі үшырайды және текеметтің орта түсын көмкеруде кездеседі.
"Шыныгүл" ою-өрнегі гүлді түспалдап түрады. Бұл өрнек "төртайшық", "итем-шек" оюларына ұқсас келеді. Ол айға, мүйізге, жапыраққа ұқсас элементтерден құралған. Екі мүйіздің қайырылған екі үшына жапырақ қондырылған, сол жапырақтар бірнеше рет сатыланып, қайталанып отырады.
"Гүл" ою-өрнегі барлық гүл түрін түспалдайды. Бұл өрнектің түрі қолөнер бұйымдарында үш жапы-рақтыдан басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін кездеседі. Кестетіккенде және киім-кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады.
"Су өрнегі" деп өрбір өрнекті бөліп тұрған жолақты айтады. Су өрнегі екі қатар сызық аралығында ирек сызық жасай отырып, дөңгелек, төртбұрыш бейнелер жасайды. Су өрнегін "бессаусақ", кейде "бесгүл" деп те атайды.
"Ромб" ою-өрнегінің сыртқы түрпаты геомет-риялық бейнелерден жасалып, ішіне "қошқармүйіз" және "құсқанатты т.б. элементтерінен композиция құралады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет