Ою-өрнек ежелгі халық өнерінің бір түрі. Бұл өнердің пайда болу бастаулары ежелден бері келе жатыр


«Төртбұрышты» ою-өрнек «Шаршы» ою-өрнегі



бет11/12
Дата06.04.2023
өлшемі1,15 Mb.
#80065
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Ою

«Төртбұрышты» ою-өрнек
«Шаршы» ою-өрнегі

Ою-өрнектегі оюдағы басты мәселе — қағазды қалай қаттауда. Тік төртбұрыш қағазды тігінен, одан кейін көлденеңінен бүктеп аламыз. Төменгі бұрыштың бір қабатын қиғаштап, жоғары қарай бүгеміз. Екінші қабатын да дәл осылай келесі бетіне қарай қайыра қабаттаймыз. Үш бұрышталған бөлігін жеке қиып аламыз да, ою үлгісінің жарты сынарын сызып, сол бойынша қиып шығамыз.

Қиындының бүктеуін жазып, тегістеп, қажетті түстегі қағаздың бетіне жапсырып қоямыз. Оюды қиып жатқаңда қайшыны тік ұстап, жүзін қайта-қайта қағаздан ала бермей үздіксіз қырқып шыққан жақсы.
«Бесбұрыш» ою-өрнегі
Бесбұрыш өрнегі пішіннің ішіне өз қалаулары бойынша түрлі элементтерден өрнектерді үйлестіреді.
Алғашқыда төрт бұрышты қағазды тігінен бірі бүктеп аламыз. Бүктелген қырының нақ ортасын тауып, жоғарын бұрыштарына қарай қиғаштап қаттаймыз. Төменгі бұрышына қарай жебе бойынша үшінші рет бүгеміз. Осыны тағы бір қабаттайық. Сонда үшбұрыш пішімі шықты. Үш қабырғасы да сәйкес болуы үшін үзік сызықтары бойынша қайшымен қырқып тастаймыз. Бітеу қырын ою элементінің өрнегін алып, бір бетіне әлгі элементтің сыңарын саламызда сызық бойынша қырқып шығамыз.
Тік бұрышты қағазды тігінен теңдей етіп бір бүктеп алу керек. Бүктелген қырының нақ ортасын тауып, осы нүктеге дейінгі екі жақ бұрышты ішке қарай 45 градус аралықта бүктейміз. Бір жағы үш бұрыш, екінші бөлігі төртбұрыш болып келген пішін шығады. Осыны енді көлденеңінен сыртқа қарай қаттап, үшбұрышты жағын қиып алу керек. Қиындыны тексеру үшін бүктеуні жазып көруге болады.
«Алтыбұрыш» ою-өрнегі

«Алтыбұрыш» өрнегін тік төртбұрышты қағазды тігінен бір бүктеп, бүгілген қағаздың жоғарғы бұрышын төмен қарай елу градуска жеткенше қайырады. Енді төменгі бұрышын жоғары қарай қабаттаймыз. Жеткен жерді қиып, тұмар жасап аламыз. Тұмар тәрізді бұл қағаз алты қабат болып, одан кейін бір жақ бетіне ою үлгісін сызып, қиып шығамыз.
«Сегізбұрыш» ою-өрнегі
«Сегізбұрыш» өрнегін дайындау үшін, тік бұрышты қағазды теңдей етіп бір бүктейміз. Бүктелген қырының нақ ортасын тауып, осы нүктеге дейінгі екі жақ бұрышты ішке қарай 45 градус аралықта бүктейміз. Бір жағы үшбұрыш, екінші бөлігі төрт бұрыш болып келген пішін шығады. Осыны енді көлденеңінен сыртқа қарай қаттаймыз да, үшбұрышты жағын қиғаштап қиып аламыз. Қиындыны тексеру үшін бүктеуін жазып көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет