Ою-өрнек мотивтерін түсіндіріңіз. 1 деңгей 1-2 ші сұрақтары Сүйек пен мүйізді ұқсату өнерін түсіндіріңіз


Аппликация жасау өнерін түсіндіріңіз



бет8/11
Дата19.09.2023
өлшемі46,25 Kb.
#108714
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
5) 2 деңгей

5 Аппликация жасау өнерін түсіндіріңіз.
5. Аппликация туралы түсінік Аппликация сәндік қолданбалы өнердің бір түріне жатады. Киімді, тұрмыстық заттарды, сәндік паноларды дайындауда қолданылатын кестелеулердің бір түрі болып табылады.
Аппликация латын сөзінен (бастыру) шыққан бейнелеу техникасының бір түрі, кесіп дайындалған әр түрлі формаларды қойып, екінші материалдарға, фонға бекіту. Аппликация - әр түрлі материалдан дайындалған қөркем шығарма. Материалдардың қасиеттері аппликацияның орындау техникасына әсерін тигізеді.
Мысалы: қағаз, сабан, кептірілген өсімдіктер желіммен жабыстырылса, ал маталар, тері, киіз, әдептеп тігіледі.
Аппликация – тек безендіру жұмыстарында ғана емес, панно, өрнек, картиналар жасауда да қолданылады. Аппликацияның негізгі белгілері: сұлбалығы, бейненің жазықтығы бейнеленуі, түстік дақтардың біркелкілігі. Аппликация мазмұны бойынша тақырыптық, сюжеттік, сәндік, өрнектік, шрифтік және дайындалу технологиясы бойынша жайпақ, көлемді және тағы басқа болып бөлінеді.
Ал енді аппликацияның шығу тарихына келетін болсақ, ол ертеден әр түрлі халықтарда қолданып келе жатқан киім, аяқ киім, тұрмыстық заттарды, үйді сәндеудің ежелгі тәсілі. Аппликацияны дайындау
Сынып жұмысындағы аппликацияны дайындау технологиясын түсіндіру.
• Аппликацияның суретін салып даярлау;
• Түрлі – түсті қағаздарды таңдау, қайшымен қиып алу;
• Түрлі – түсті қағаздардан суреттердің өлшемдерін сызып алу;
• Өлшем бойынша қырқып алу;
• Қырқылған қағаздарды қиыстырып алу;
• Қиыстырып алған суреттерді желіммен жабыстыру.
Түстерді таңдау Аппликацияға түс таңдағанда қанық бояулады қолданса жақсы көрінеді. Мысалы: Ақ – қара Сары - қызыл Қызыл – көк Сары - жасыл Қызыл – жасыл Қызыл – қара Қарама –қарсы түстер композициясы да жақсы үйлеседі. 
Құрастырмалы өрнек түсінігі. Аппликация (латынның жақын қою деген сөзінен шыққан) дегеніміз – құрастырмалы өрнекті матаға немесе материалды әр түсті бөлік қағаздарға желімдеу, тігу арқылы көркем бейне жасау, яғни осындай әдіспен жасалған бейне, өрнек.
Әр отбасында драптан, шұғыдан, киізден жасалған үлкендер мен балардаың пайдаланбайтын киімдерін қайда қою керектігі туралы проблеманың туындауы сөзсіз. Ал бұл бұйымдарды пайдаланудың мүмкіндігі сан алуан әрі қызықты түрлі түсті, жақсы сақталған, әр түрлі қиылған материалдардан ірі ашық композициялы шағын сәндік бұйымдар жасауға болады, жұмсақ және иілгіш құрақтар құрастырмалы өрнекке бедерлі, тіпті көлемді пішін береді.
Қолға түскен құрақтардың көлемі мен сапасына байланысты әр түрлі суреттер салуға, өрнек немесе геометриялық, еркін, жинақы элементтер жасап, жұқа бояу жүгіртіп, белгілі бір бейнелер жасауға болады.
Құрастырмалы өрнек әдістерін пайдалана отырып, әр түрлі сюжетті тақырыптық композициялар құрауға да болады. Стильдері бірыңғай, түрлі түсті бояуға малынып жасалған қабырға кілемі немесе диван жастықтары демалыс бұрышын әдемілеп тұрса, төсекжапқыш және біркелкі матадан жасалған перделердегі өрнекті жиектер жатын бөлмеге сән беріп тұрады.
«Аппликация» атауы латынның « жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққан.
Аппликацияны қолданатын материалына қарай үшке бөліп құрастыруға болады.
Біріншісі – түрлі қағаздармен орындалатын аппликация (сәндік аппликация)
Екіншісі – әр түрлі мата, киіз, тері, шүберек, т.б материалдарды қолдану арқылы орындалатын аппликация.(коллаж)
Үшіншісі – табиғи материал ( сабан, ши, қамыс, дәнді дақылдармен орындалатын апликация) (икебано)
Сурет ретінде қағаздан орындалған аппликация түрі біздің заманымызға дейінгі ертеректе Греция өнерінде пайда болған. Ал әртүрлі мата материалдарында орындалған аппликация түрі 16 ғасырда Италия мен Испанияда, 17 ғасырда Германия мен Францияда пайда болған.
Аппликацияның силуэттік түрде орындалуы 18-19 ғасырда Россияда жақсы дамыды. Аппликацияға аса көңіл бөлген француз суретшісі Анри Матисс (1869-1954) «Қайшыны пайдалану арқылы кереметтей аппликация түрлерін жасауға болады» деген жақсы пікір айтқан.Аппликацияның қай халық өнерінде болса да алатын орны ерекше. Аппликация шығыс пен батыс елдерінде, Орта Азия және Қазақстанда жақсы дамыған. Қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюлап жасалған сырмағының өзі – аппликацияның бір түрі. Әсіресе ұлттық киімдерді ою -өрнекпен әшекейлеуде аппликация озық үлгіде дәріптеледі. Сәндік аппликация түрлері қорап қағаздарды, открыткаларды, қабырға газеттерді, альбом, папкаларды безендіруде қолданылады. Сәндік аппликация үлгісімен әр түрлі түсті қағаздардан гүлдердің алуан түрін жасауға болады. Дала гүлдерімен таныстырып өту.
(қызғалдақ, сарғалдақ, райхан гүл, түймедақ, лала гүл, бәйшешек, раушан гүл, роза т.б гүлдер) Сәндік өрнектік аппликацияны төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер ішінде ою – өрнектерден үйлестіріп орындауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет