«Өзара ауыстырымдылық, стандарттау және техникалық өлшеу» машина құрылысында, пайдалануда және жөндеу саласындағы практикалық ғылымның туындысы


Тапсырма 1. Тегіс (жылтыр) цилиндрлі қосылыстың элементтерін анықтау және олардың бөлшектері үшін өлшейтін құралдарды таңдау



бет2/3
Дата09.06.2023
өлшемі51,83 Kb.
#99959
1   2   3
Тапсырма 1. Тегіс (жылтыр) цилиндрлі қосылыстың элементтерін анықтау және олардың бөлшектері үшін өлшейтін құралдарды таңдау.

Тапсырманың мақсаты:


1. Курстың негізгі терминологиясын игеріп, дәлдік шек өрісінің, шектік және негізгі ауытқуларын, дәлдік өлшемдерін, квалитет өлшемдерін, қосылыстың шектік саңылауларын немесе керулерін, қондырудың дәлдік шектерін дұрыс анықтауды үйрену.


2. Бөлшектер сызбаларында немесе құрастырма сызбаларында дәлдік шек өрісі мен қондыруларды дұрыс белгілеуді үйрену.
3. Өлшеуді бақылауға арналған өлшеу құралдарын дұрыс таңдай білуді үйрену.

Тапсырманың талабы:

1. Тесіктің және біліктің негізгі және шеткі ауытқуларының таңбасын (оң немесе теріс) және шамасын, дәлдік шек шамасын анықтау.


2. Тесіктің және біліктің шектік өлшемдерін анықтау.
3. Берілген қондыруына қарай, дәлдік шек жүйелерін анықтау.
4. Қондырулар топтарын, қондыру дәлдік шектерін, саңылаулар мен керулердің шектік шамаларын анықтау.
5. Берілген қосылыстардағы бөлшектердің дәлдік шегі өрісі сұлбасын ыңғайлы масштабта анықтап сызу.
6. Қосылыстарды құрастырма түрінде және оның бөлшектері сұлбасын дәлдік шек өрісімен, ауытқулармен және бет бүдір параметрлерін белгілеумен сызу.
7. Берілген қосылыстар бөлшектерін қажет дәлдікпен өлшеу үшін өлшеуіш құралдарын таңдау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.

1. Егер мөлшер дәлдігі, дәлдік шек өрісімен шартты белгілеумен (әріппен) берілсе, дәлдік шек шамасы МЕСТ 25346-98 кестесі бойынша анықтаймыз.


Бұл кесте келтірілген дәлдік шек шамасы, нақтылы өлшем және квалитет нөміріне байланысты.
Әрбір негізгі ауытқу бір немесе екі латын әріпінің алфавитімен белгіленеді: тесік – үлкен әріппен, ал білік - кіші әріппен. Екі ауытқудың қайсысы-нақтылы өлшем сызығына жақыны негізгі ауытқу болып есептеледі.
Ол үстіңгі немесе астыңғы ауытқу болуы мүмкін, ол тақырыбында көрсетілген. МЕСТ 25346-89 осы кестеден нақтылы өлшем тармақ жолына сәйкес шартты белгіленген оның графы қиылысында негізгі ауытқудың мәнімен және таңбасымен табады. Өлшемнің екінші ауытқуын, осының алдына белгілі болған негізгі ауытқу және дәлдік шек арқылы табады.
2. Шектік өлшемдерді, нақтылы өлшемге олардың шектік ауытқуларын өз таңбалары арқылы қосу көмегімен анықтайды. Жоғарғы ауытқу ең жоғарғы шектік өлшемді, ең төменгі шектік өлшемді анықтау үшін қажет.
3. Берілген қондырулар жағдайында дәлдік шектер жүйесін келесідей түрде белгілейді.
Негізгі білік - біліктің жоғарғы ауытқуы (es) нөлге тең. Мұндай біліктің дәлдік шегі негізгі ауытқу «һ» арқылы құрастырылады.
Негізгі тесік - тесіктің төменгі ауытқуы (ES) нөлге тең. Мұндай тесіктің дәлдік шегі негізгі ауытқуы арқылы «Н» құрастырылады.
Егер әртүрлі саңылаулар мен керулер негізгі білік қосылысында әртүрлі тесіктермен алынса, онда қондырулар білік жүйесінде болып есептелінеді.
Әртүрлі біліктерді негізгі тетікпен қосқанда, қондырулар негізгі тесік жүйесінде болып есептелінеді.
4. Қосылыстар сипаты бойынша қондырулар тобын саңылаумен, керумен және өтпелі деп айырады. Қондыруларда саңылауларды немесе керулерді анықтау үшін алдымен тесіктің және біліктің сәйкестік шектік өлшемдерін салыстыру керек.
Тек қана содан кейін анықтап алған соң шектік саңылаулар немесе керулер шамасын анықтаймыз. Белгілі шектік саңылаулар немесе керулер мәні арқылы қондырулардың дәлдік шектерін анықтаймыз.
5. Қосылыстар дәлдік шек өрісі сұлбасын салудың негізгі міндетін нөлдік сызық атқарады, қайсысы қосылыстың нақтылы өлшеміне сәйкес келетін. Дәлдік шек өрісі сұлбасын салғанда нөлдік сызыққа өз бетінше перпендикулярлі, бірақ - та бірдей масштабта өлшемдердің таңбасына қарай шектік ауытқуларын салады. Нөлдік сызық бағытында дәлдік шек өрісі шамасын қабылдайды. Дәлдік шектер өрісіне дұрыс талдау жасау үшін мынаны есте сақтау керек, нөлдік сызық тек қана ауытқулар үшін есептеудің бастауы, ал осы сызыққа сәйкес өлшем, нақтылы өлшемге тең.
1-суретте Ø70 G8/m6 қосылыстың дәлдік шек өрісінің сұлбасы көрсетілген.
6. Бірінші тапсырманың есептемелерін қысқарту үшін қосылыстар элементтері және олардың бөлшектерінің мәндерін 1-кестеге енгіземіз.
7. Бөлшектер сызбалары және құрастыру сұлбаларында дәлдік шек өрістері және берілген қондырулардағы ауытқулар белгілеулерінің мәндері 2-суретте келтірілген. Сызбада және сұлбаларға өлшемдерін қойған уақытта, ауытқулардың сандық мәндерін толығынан қою керек, жоғарғы және төменгі ауытқулардың толмаған сандық орындарына нөлді қосумен біркелкі қылу керек.
Өлшеу құралдарын таңдау метрологиялық, конструктивтік және экономикалық факторларды есепке ала отырып ӨЭК СТ 303-76 өлшеу өлшемдерінің – (δ) босатылған қателік мәндері бұйымның дәлдік шек шамасына байланысты келтірілген. Өлшеудің босатылған қателігі мынаны көрсетеді, берілген дәлдіктегі өлшем өлшеуі қаншаға қателесетінің, яғни ( δ) кіші және үлкен жағына.
Барлық өлшеу құралдарда қателіктер бар. Қателік негізгі параметр, өлшенетін өлшем дәлдігіне байланысты өлшеуіш құрал таңдайды.
Өлшеуіш құралдардың шектік қателіктері – ең үлкен шама, қайсысы өлшеуіш құрал ақиқат өлшемді дұрыс көрсетпеуі мүмкін. Шектік қателіктер өлшеуіш құралдардың паспортында және аттестаттарында көрсетіледі.
Өлшеу құралдарын таңдағанда, қажет нәрсе олардың шектік қателіктері тең немесе өлшеудің босатылған қателіктерінен кіші болулары керек, яғни өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары келесідей шарттың орындалуын қанағаттандыру керек:
lim δ; ( )
Өлшеу құралдарын таңдап алу келесідей жағдайда жүргізіледі. Қашан нақтылы диаметр және өлшенетін өлшем дәлдік шегі белгілі болғанда 4 - кесте бойынша әдістемелік нұсқаның қосымшасынан нақтылы өлшем және дәлдік шек мәні IT қиылысынан ( δ) мәнін табамыз.
Босатылған қателікті біле отырып (δ) 2 - қосымша 7 - кестесі бойынша ( ) шартты еске ала отырып тесік және білік өлшеуге сәйкес өлшеу құралдарын таңдаймыз.

  1. тапсырманың алғашқы мәліметтері:

Нақты мөлшер, мм - 70
Теcік дәлдік шек өрісі – G8
Білік дәлдік шек өрісі – =m6
Ø70G8/m6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет