Сұрақтар мен тапсырмалар:
111
1. С.Дөнентаевтың білім алуы жəне «Уақ- түйек» жинағының
басылуы?
2. С.Дөнентаев- мысал жанрлық шебері дегенді қалай түсінесіз?
3. С.Дөнентаев- сатиралық ақын екендігін шығармаларын талдау
арқылы айтып беру?
4. С.Дөнентаевтың кеңес дəуіріндегі шығармалары туралы не
білесің?
5. С.Дөнентаев əйел тендігі мəселесіне қандай шығармаларын
арнайды?
ТАЙЫР ЖОМАРТБАЕВ
Жоспары:
1. Өмір жолы
2. Əдеби мұрасы
3. «Балалар жеміс» кітабы
4. «Қыз көрелік» кітабы
Əдебиеттер:
1. Б.Кенжебаев. ХХ ғ. басындағы əдебиет.1994
2. Т. Əбдрахманов. Жаңа ғасыр көгінде. Алматы, 1990
3. Б. Ақмұқанова. ХХ ғасырдағы қазақ ақын жазушылары.
4. «Қыз көрелік» (роман)
5. Бес ғасыр жырлайды. Алматы, 1984
Тайыр Жомартбаев бұрынғы Семей губерниясының Шыңғыстау
болысында кедей семьясында 1884 жылы дүниеге келеді. Ескіше азды-
көпті сауаты бар əкесі Жомартбай Тайырды жастайынан оқуға береді.
Оның есігін бірінші ашқан оқу орны- Абайдың замандасы белгілі Көкбай
ақын медреселерде де оқиды. Арасында орыс мектебіне де түсіп, орысша
үш кластық білім алады.
Тайыр 1911 жылдардан бастап өмірінің ақырына дейін ұдайы бала
оқытып, ағартушылық жұмыстан қол үзбей өтеді. Ол мұғалімдікпен тек
күн-көріс амалы ретінде шұғылданушы емес, ұстаздық, педогогтік
жұмыста берік ұстаған мақсат, шарты бар ағартушы болады. Тайыр
өзінің ұзақ жылдық оқытушылық тəжрибесінде жаңа бағытты тұтынып
діни оқу тəртібіне қарсы күреседі.
Жаңа Семейде татар медресесінде істеп жүргенде діндар
молдалардың оқыту медресесінде істеп жүргенде діндар молдалардың
оқыту тəсіліне қарсы болып, көп айтысып, тартысады. Осы
келіспеушілік, дауласу салдарынан оны өзімен бірге ұстаздық етіп
жүрген əйелі екеуін молдалар медреседен шығарады. Ескішіл, кертартпа
адамдардан осы сияқты шетқақпай көрсе де, Тайыр өзінің ұстаздық етіп
жолынан таймайды. Əлсіз, жоқ-жітік адамдар балалары мен жетімдерге
112
əрдайым жаны ашып, сүйеу болып жүреді. Берірек келгесін ол кедей
семьялардан шыққан жəне жетім балалар үшін мектеп интернат ашады.
Өзі сол мектептерде балаларға жаңа бағытта пайдалы білім бере
жүріп, олардың эстетикалық тəрбиесіне де көңіл аударады, көркем- өнер
үйірмелерін ұйымдастырады, шəкірттерін өнерге баулап, домбыра,
скрипка, гармон тартуды үйретеді. Қазақ балалары мен жастарының
арасында ойын- сауық кештерін өткізіп, онда Абай шығармаларын
орындатып жүреді. Кейде өзі де осы үйірмелер мен көркем өнерпаздарға
лайықтап шығармалар жазады. Тайыр осы ойын- сауықтарда орыс
классиктері шығармаларының аудармаларын оқып, өзгелерге де
оқыттырып қазақтың тыңдаушылары мен көрермендері арасында
Крылов мысалдары мен Л.Толстой əңгімелерін таратушы болады. Ол
кезде мұндай кештердің мəні көркемөнері жаңа ғана көріне бастаған
қазақ елі үшін белгілі театрдан кем болмайтын. Оларға халық мол
жиналатын. Мұндай мəдени оқиғаларды қазақтың сол кездегі жас
баспасөзі де қадағалай бақылып, оған үлкен мəн беріп, бұлар жөнінде
əрдайым хабарлама беріп отырады. Мысалы, осындай бір суық кеші
туралы «Айқап» журналы 13-февральда Семейдің «Приказчик» деген
клубында 2 бөлімді қазақша əдебиет кеші болды. Ойнаушылар қазақтың
оқыған жастары еді. Онда Нəзипа Құлжанова, Ыбырай Алтынсариннің
«Жазғы сурет» деген сөзін сөйлейді.
Əнші Əлмағанбет ырғақты «Татьяна», «Жарқ етпес» дейтін
Абайдың əндерін домбыраға қосылып айтты. Екі домбыра, бір
мандалинді
қосып
ұлт
күйін
тартты.
Бұл
ойын
кешін
ұйымдастырушылар:
Т.Жомартбаев,
Ə.Сəтбаев,
М.Малдыбаев
декламация оқыды- деп жазды. Бұл Тайыр Жомартбаевтың кезінде
қазақтың өзге де ақын, жазушыларымен театр өнерінің алғаш қадам
басуына ат салысқанын да көрсетеді.
Алғашқы өлең жырлары 1910-1911 жылдары туған Тайыр көркем
тəжірибемен келді. Сондықтан оның шығармаларының негізгі тақырыбы
ескілік пен надандыққа қарсы күрес, елге ғылым- білімнің қажеттігі,
қазақ арасындағы оқу, оқыту, тəрбие жұмысы мен адамгершілік
мəселелері болды.
Жомартбаевтың жеке кітап болып шыққан алғашқы шығармалар
жинағы «Балаларға жеміс» деп аталумен бірге оған енген өлеңдердің
көбінің аты «бала» деген сөзден басталып: «Ыждағатты бала»,
«Балаларға насихат», «Балалардың тілегі», «Жетім баланың мұңы» деген
сияқты болып келеді. Ақын бұл өлеңдерінде жас буынды оқыту, оларға
тəрбие беруге мəн бергенде, елдің болашағы жастар деп мəселеге халық
мүддесі тұрғысынан қарайды. Сондықтан ол оқу, білім қажеттігін уағыз
түрінде ғана айтып қоймай, мектеп медреселердегі оқыту жайына нақты
келеді жəне өзінің мұғалімдік тəжрибесіне сүйеніп бала оқытудың əдіс,
методикасына дейін ескереді. Бөлшекті алуда төрт ереже бар, бөлшек
санды қосуда шығару амалдарын жеңіл тілмен өлеңмен баяндап, оны
балаларға жаттатып, есепке осы арқылы жаттықтырмақ болды.
113
Ақын балалардың мінез- құлқын, психологияслық ерекшеліктерін
сипаттайтын бір топ өлең жазды. Бұл өлеңдерінде кедей балалары мен
жетімдерге мейірімділік, қамқорлық қажеттілігін ескерте отырып,
балаларға деген үлкен сүйіспеншілік сезімін толғайды.
Тайыр өлең-жырларының тағы бір өзекті тақырыбы- адамгершілік,
атаның бала алдындағы, баланың ата-анаға деген міндет парыз жайлары.
Бұл мəселелерді де ол тəрбиемен байланыстыра қарайды. Баланы
адамгершілік, жақсылыққа баулуда үй ішіндегі тəрбиенің, ата-ана
өнегесінің мəні үлкендігін ескертеді.
Педогог ақын кейбір өлеңдерін Л.Толстойдың балаларға арналған
əңгімелерін негіз етеді, орыс тілінен аудармалар жасайды.
ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетінде прозаның бастапқы үлгілері
С.Көбеев, Ə. Ғалымов творчестволарында көрінген болатын.
Осы тұста Тайыр да бұл жанрда өз мүмкіндігін байқап «Қыз
көрелік» атты прозалық шығарма жазады. Бұл жаңа туындысында
жазушы қазақ қыздарын оқыту қажеттігін айтып, əйел теңдігі мəселесін
көтереді. Шығарманың басты кейіпкері Ғайникамал оқып, білім алады,
өзімен тағдырлас құрбылары да оқыса екен деп армандайды. «Қыз
көреліктің» осы тақырыптағы өзге прозалық туындылардан бір
айырмасы бұның бас кейіпкері оқыған қыз Қайникамал өз басының
тағдырын өзгеге билетпейтін, ескі салтқа, мал, дəулетіне сүйенгендердің
ырқына көнбейтін, өмірде қалауын өзі таңдайтын жаңа тұрпаттағы əйел
ретінде кейіптеледі. Шығарманың осы ерекшелігі, осы жаңа үніне
байланысты болуы керек, «Қыз көрелік» өз кезінде ауызға жиі ілінген
туындылардың бірі болды.
Əріне, егер қазіргі кемелденген қазақ прозасы биігінен қарасақ,
«Қыз көреліктің» сюжет желісі адам образын жасауы, көркемдік
тəсілдерінде кем, олқы түсіп жатқан жерлері жоқ емес. Бірақ, əр көркем
шығарма өз кезі, өз жағдайында бағалануы тиістілігін ескермеу əділеттік
болмас еді.
Қорыта келе айтарымыз, сол дəуірдегі ағарту саласында озық ойлы
қайраткерлердің бірі болған Тайыр Жобартбаев əдебиетте де өз хал-
қадірінше еңбек етті.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Тайыр Жомартбаевтың балаларға арналған кітабы, оның аты
жəне тəрбиелік мақсаты неде?
2. Т.Жомартбаевтың педогогтық жəне жазушылық қызметтерінің
бірлігі неде деп білесің?
3. «Қыз көрелік» жанрлық жəне идеялық-көркемдік тұрғыдан
қандай шығарма?
4. «Қыз көрелік» романындағы фольклорлық дəстүр үлгісі жəне
образдар жүйесі қандай дəрежеде көрініс тапқан?
114
ƏКРАМ ҒАЛЫМОВ
(1892-1914)
Жоспары:
1. Əкрам Ғалымовтың өмір жолы
2. Ə. Ғалымовтың лирикасы, оның тақырыптары
3. «Бақытсыз сұлу» поэмасы, оның идеялық мазмұны
4. Ə. Ғалымов шығармашылығының əдебиет тарихында алатын
орны
Əдебиеттер:
1. Б.Ақмұқанова. ХХ ғасырдағы қазақ ақындары.
2. Б.Кенжебаев. ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті. 1994
3. Бес ғасыр жырлайды. (жинақ), 1989
4. «Заман-ай» жинақ. 1990
Ə.Ғалымов өмірі не оның жазушылық журналистік қызметі туралы
арнайы жазылған зерттеу, еңбек жоқ. Оның өмір жолы мен қайда
қызмет істегені жайлы қысқа болса да дерек, мəліметті ақын қайтыс
болған кезде оның қазасына байланысты сол кездегі қазақ, орыс, татарша
газет журналдарында жазылған некропогтар мен көптеген адамдардың,
қазақ, татар журналист ақын-жазушылардың көңіл айтулары жəне
олардың ақынға арналған өлеңдерінен табамыз. Əкрам өмірбаянын біз де
сол газет, журналдардағы мақала, хабар мен оның достарының ақынға
арналған өлеңдерін негіз ете отырып жазып отырамыз.
Əкрам Ғалымовтың əкесі Меңілғалым Уфа губерниясының бұрынғы
Белебей уезіндегі Ақтау деген жерде туған. Ол шəкірт кезінде өз туған
жерінен кетіп, Троицк қаласына келеді де, сонда Мухамеджан хазірет
дегеннің медресесінен сабақ алады. Кейін түркістан жағында біраз
болады да, ақырында Ақмола маңына келіп, қазақ балалрын оқытуға
молдалық жұмысқа орналасады. Осы арада Қазаннан келген бір
адамның қызына үйленіп, біраз мезгіл осында орын теуіп тұрады. Осы
Ақмолада 1892 жылы ноябрьдің 17-де Меңліғалымның тұңғышы Əкрам
дүниеге келеді. Болашақ ақынның балалық шағы Ақмолада өтеді. Бірақ
1905 жылдары Меңліғалым (кейін аты ықшамдалып Ғалым атанып
кетеді) Троицкіге келеді, Əкрамды сондағы медресе Рəсулияға оқуға
береді. Əкрам бастауыш бөлімдерді бітірген кезде, Ғалым енді Қостанай
жағына қоныс аударады. Бунда келгесін əкесінің ізімен Əкрам да қазақ
балалрын оқытумен айналысады. Əкрамның қай жылдан бастап, қанша
оқығандығы, қандай білім алғандығы туралы нақты дерек жоқ. Ал ақын
өзінің 18 жасында жазған бір өлеңінде оқуға 7 жастан барып, он бір жыл
бойы оқып, он сегіздерде ғана оқуын аяқтағанын баяндайды. Бұл өлең
Əкрамның талаптанып ыждағатпен ұзақ жыл оқығаны мен оқуының
нəтижесінде көңілі тоймайтынын танытады. Əкрам өлеңі «Айқап»
журналынан бастап жарияланған сияқты. Өйткені, ол шығармаларын жиі
115
басып тұрған журналдардың ішінде оның өлеңдері бəрінен бұрын
«Айқапта» (1911ж) басылғанын көреміз. Жазушылықпен 17-18
жастарында айналыса бастаған Əкрамның 1912-жылы, жиырма жасында
қазақша «Жастық жемістері» атты бір өлеңдер жинағы, 1913-жылы татар
тілінде «Май мəселесі» атты сықақ пьессасы шығады. Сонымен қатар
«Айқап», «Шора», «Ақмула», журналдарында да бір талай өлең, əңгіме,
мақалалары басылып үлгереді. Міне, осылай жемісті еңбек етіп, көп
ізденіп, екі тілдегі де (татар, қазақ) журналдардағы қатар араласып,
əсіресе, өзі соңғы кезде істеген «Айқап» журналы редакциясының бар
жұмысын атқарып жүрген кезінде Əкрам ауруға шалдығады. Сол
сырқатынан айыға алмай талапты, іскер жас ақын жиырма екі жасында
дүние салады. Əкрам өүлігі өз замандастарына, қаламдас, қызметтес,
пікірлес дос, жолдастары ғана емес, қазақ, татар, орыс баспасөзі
төңірегіндегі саналы азаматтардың қабырғасын қайыстырған қаза
болады.
Ал, қазақтың «Айқап» журналы ақын өліміне жыл толған күнін
ескеріп, оның өлеңін, суретін басады. Тағы бір топ қазақтың көңіл
айтуларын жариялайды. Əкрамның осы шағын өмірбаяны, оның кезінде
өз еңбек, ақындығымен жұртшылыққа жақсы танылғандығын көрсететін
жоғарыдағы фактлердің бəрі ақынның өз дəуіріндегі əдебиет, баспасөзде
сол еткен ісіне лайық орны болғандығын дəлелдей түседі.
Əкрам Ғалымов сол кездегі халық бақытын аңсап, халық мұңын
жырлаған, елді өнер, білім, прогресс жолына жетектеген, халықтар
достығына қазақ халқын өзге елдер еңбекшілермен бауырластыққа
шақырған бұқаршыл ақын- жазушылары жырына үн қосқаен ақын. Ол
ХХ ғасыр басындағы демократияшыл бағыттағы қазақ əдебиеті
өкілдерінің бəріне ортақ тақырыптарды көтеріп отырды. Бірақ ақын
творчествосы оларды жай қайталау емес, олармен бір сарындағы
сырттай үндестік көрінісі де емес. Өз тұтастары, замандастары жанын
толғантқан қоғам өміріндегі əр қилы əлеуметтік мəселлерді бірге
көтергенде ақын оларды өзінше өз ақындық үнімен толғайды.
Əкрам поэзиясындағы өзіндік тырнақалды шығармаларында ескілік,
надандық атаулыға атай сала келеді. Бастапқы туындыларының бірі
саналатын «Өкініш» атты өлеңінде өзінің осыған дейінгі өткен жолын,
соның ішінде ескі оқу үшін медресеге кеткен жылдарын сын көзімен
шола келе
Он бір жыл талап еткен тахсиліңнен,
Айтарлық бар ма пайда болды дерге…
Оқып ең мұхтисарды бастан аяқ,
Көп уақыт түсіне алмай жедің таяқ-
деп ең бір аяулы кездерінің босқа, татымсызға кеткеніне налиды.
Ғұмырдың он сегіз жын кетті жерге,
Оқуды бастап едің жеті жастан,
Сонымен қымбат уақытың өтті бастан,
Қор болды пайдасызға есіл кезің,
116
Үйренді құр зарлауға енді тілің.
Бұл күнде жасың жетті он сегізге,
Татырлық бір тиынға барма білім,
деп, налиды, қатты өкінеді. Он бір жыл бойы алаңсыз, бар үмітін
сала, талмай соңына түскен соңына түскен оқуының бос əуреншілік
екенін, өмірде ешбір керекке жарамайтынын сипаттап, ақын
медреселердегі бүкіл оқу негізін, медреселер жүйесін сынға алады. Сол
кездердегі оқыту тəсілі, оқу жүйесінің бəрі адамға қажетті білімнен
шалғай жатқан надандық нəтижесі деп біледі.
Сол тұстағы оқу, оқытудың зиянын өз басынан кешкен ақын бұл
мəселеге жеке басы тұрғысынан келмей, ел, халық тұрғысынан, заман
биігінен қарай келгені көрінеді. Əкрам жарыққа ұмтылыушы бүкіл
жастар атынан сөйлеп:
Бұл сезім дұрыс болса құп алыңыз,
Қалмасын мойынымда обалыңыз.
Тізгіңді қолға бер де, бер ықтияр,
Өздерінің шіріп-сасып жолғалыңыз,
деп ескіліктен іргесін мүлде аулақ салады.
Өз өмір сүрген ортадағы қараңғылық, ескілік, надандық салдарынан
туған жағымсыз құбылыс, мінез-құлық, ғұрып салттың қандай көрінісіне
де төзе алмаған ақын қазақ арасында көп тараған насыбай ату сияқты
жаман əдетке дейін сынайды. Оны ақын жəй бір бейкүнə қылық деп
қарамай, адам өміріне пайда, кеселді білмеуден, қараңғылықтан туып
отырған кімге болса да зияныды əдет деп қарап, насыбай атқан адамның
сол тұстағы бар қылығын өткір əжуа, мысқылмен, жиренішпен,
оқушысында жиренте суреттейді.
Қысқасы,Əкрамның осы тақырыптасы өлеңдерінің қай-қайсысында
да ескілік, надандық көрінісінің бəрін халықтың алға жылжу,
ілгерлеуінге тұсау, кедергі деп қарау оларға ымырсыз, бұлттарсыз батыл
айту бар.
Енді осыған дейін босқа əуестенгеннің бəріне хош айтып, бұдан
былайғы өмірін, басқаша құруға, шынайы білімге, халық тілегіне
арнауға, жаңаға бағыттауға бел байлаған Əкрамның осы кезде жазылған
«Замандастарға» өлеңі ақынның өмірдегі бетбұрысын танытады жəне
оның бұдан былайғы өмірлік программасы іспетті де көрінеді.
Сондықтан бұл өлеңді кезеңді шығармаларының бірі деп қарауға да
əбден болады. Бұл өлеңінде ақын ең алдымен халық, елдің тілек, мүдде,
бақыты туралы толғанып, осыларға байланысты өз ойын ортаға салады.
Қазақ халқының қоғамның дамуда өзгелерден көп кенже қалғандығына
Жаны қатты ауырып, енді сол кемістік орнын қалай толдыруға, өзгелерге
қалай жетуге болатынын ойлап толғанған ақын:
Ал, жастар! Ойда не бар баяндайық,
Етейік елге қызмет аянбайық.
Соңында біткен жұрттың қапа бермей,
Біз-дағы алға таман аяндайық!
117
Жай жаттық бұған дейін енді жетер,
Келіспесе мұннан былай жүру бекер,
Əркімге өз қəлінен келгенінше
Аянбай келді кезек қызмет етер,-
деп, бəрінен бұрын өз замандастарына, қазақ жастарына мойын бұра
сөйлеп,сөзін соларға арнайды.
Осынша артық қалған елді алға жетектейтін кім бар деп төңірегіне,
айналасына барлай қарағанда ақынның көзіне ең алдымен жастар түседі.
Өйткені елді билеп, төсеуші ақсақал, билер болса, олардың халық
мұңымен мүлде ісі жоқ өзді-өзі мəз жатқанын, қолында байлық, құдреті
бар малдылар болса, мансап соңына түсіп, бір-бірімен қырысып шенге
штатқа таласып, елге қайта бүлік салып отырғанын көреді.
Үміті жоқ өлгендерден көрде шатыр,
Ісі жоқ ақсақалдардың төрде жатыр.
Малдылар штат талас сорда жатыр,
дейді ақын.
«Замандастарға» өлеңі қазақ халқын жарыққа өнерге жетектеу, осы
салдағы қазақ жастарының, көзі ашық қайраткерінің ролі, елге қызмет
етудегі азаматтық биік парыз, ескілікке аяусыз қарсы күресу, қоғам
өміріндегі дау, жанжал, қырсықты жою сияқты мəселелерді көтергенде
соның бəрін жалаң уағыз, жағдай үндеу арқылы бермейді. Өдеңде
автордың ақындық қуатын өзіндік үнін танытатын терең толғаныс,
жалың, жігермен жазылған уытты, отты, өткір жолдар мол.
Ақын:
Келді ғой, замандастар, бізге кезек,
Шығайық біз майданға бойды безеп.
Қазақтың кел майданға, ал жастары,
Қаруғып жауға ұстар алмастары…
деп қызығына, өзгелерге де Қайрат, күш бере толғайды.
Нəрсе жоқ алдымызда талап тоқтар,
Табылар талантпенен талай жоқтар.
Тикем бел тураллыққа байлаған соң,
Тисе де тоқтамайық басқа шоқпар…
Іздейік біз де өнер жай жатпайық,
Тырысып қайратпенен алға аттайық,
сияқты шумақтар жігер, жалынға толы, шарлау, үндеу түрінде
жазылған өлеңнің алғашқы жолдарынан бастап аяғына дейін өршіл үн
мен ақындық от бəсендемейді. «Құрбан айтты», «Қыс мезгілі» атты
өлеңдерінде халық тұрмыс, тірлігіне, оның түрлі өкілдері əлеуметтік
топтары өміріне барлай, ойлана қарайды. «Айт күні» атты өлеңінде елдің
айт күнгі көңіл күй, тірлігін сипаттау үстінде, жас-кəрі, бала-щаға, əйел,
қыз-келіншек сияқты түрлі буын, түрлі жастағы адамдар мен бай, молда
кедей сияқты əлеуметтік топтар өміріне үңіледі.
Сəулесі күннің түскен бүгін өзге,
Қуаныш, шаттық кірген əрбір жүзге.
118
нəрселер дүниедегі жанды-жансыз
Бір түрлі нұрға еніп тұр көрер көзге,-
деп əуелі ақын мереке, мейрамы аз қазақ халқының жылына бір
келетін дəстүрлі айт күнгі жалпы көтеріңкі жарқын көңіл күйін бір
суреттеп өтеді. Оның «мінген ат, үске киген киіміне» шаттанған ақ
жарқын балалармен сыналып, сəнді киінген боз бала жастарды көреміз.
Бəрі де шат, бəрі мəз- мейрам сияқты. Бірақ ақын сырт көрініске
алданбайды, елдің осы мейрам күнгі шаттығының аржағында не
жатқанына назар аударып, ел жағынып, сырттай сыланғанмен еркін
қуана алмайды.
«Қыс» атты өлеңінде де елдің тұрмыс, шаруашылық жайларына
терендей түседі:
Аппақ қар- жайлау жердің түрі кеткен,
Ағаштан жапырақ түсіп сыны кеткен.
Мақтанып жапырағымен əрбір ағаш,
Жел соқса, əн салатын күні кеткен.
Жоғалған əлде қашан үйрек, қаздар,
Қатыпты өзен-көлге қалың мұздар,
деп қысты сиықсыз, сүреңсіз жыл мезгілі етіп сипаттап, сол бір
жайсыз тұстағы халықтың тіршілік жай күйіне назар салады. «Бөкібай
бастарына, күпі киген» əйелдер, «тұмақтарын баса киген шалдар»,
«құлақтарын қорғаған» жастар сиқын суреттеумен қатаң қыс
қыспағындағы бүкіл қазақ елінің мейіріміз табиғат аясындағы жадау,
жұпыны тұрмыстық елесі беріледі.
Өз заманындағы қилы азаматтық мəселелерге үн қосып ротырған
Əкрам Ғалымов сол дəуір əдебиетінің демократиялық бағыттағы өкілдері
аса бір маңызды мəселе деп қараған қазақ əйелі тағдырына бірнеше
өлеңдерін арнады. Оның «Бақытсыз Жамал», «Бір қыз аузынан» жəне
т.б. өлеңдері басында еркі жоқ, мал бергеннің меншігі ретіндегі қазақ
əйелдеріннің қасіретті, аянышты халін суреттейді. «Бақытсыз сұлу» атты
өлеңінде ақын тірлігінде өлімін артық көрген жас қыздың ауыр
тағдырын, оның басындағы айықпас мұң мен шерін, қасірет, қайғыдан
құтылар амалы жоқ шарасыздығы мен үмітсіздігін көрсетеді.
Бөгелмей ұзын кірпік жол бергенде,
Ащы жас қара көзден парлағандай.
Айналған сарғылт түске беттің ағы,
Суалып қалған кеуіп екі жағы,
деген шумақтағы қыздың жүзіндегі қапа мен көңілсіздік сыры оның
жас өмірін өкісітіп, жанын жаншыған балалық, жастық қызығынан
айырып, өмірден амалсыз безіңдірген ауыр қасіретін бейнелеу арқылы
ашылады.
Бейшара ойға батқан қара жерге,
Түскендей құтыла алмас қайғы шерге…
Мəңгіге тірілместей көңілі өлген,
Күл болып жастық оты о да сөнген.
119
Дүниенің қызығынан күдер үзіп,
Келсе де бүгін ожал жаны көнген,-
деп ақын жас қыз басындағы соншалық Жан азабын оқушының
аяныш сезімін оята əсерлі сипаттай отырып, осының бəрінің себебі не
екендігін өлеңнің соңында бір- ақ ашады.
Сөйтіп, қазақ əдебиетінде Сұлтанмахмут, Сəбит Дөнентаев,
Мухамеджан Сералин жəне басқа ірі ақын, журналистер творчествосы
гүлденіп тұрған кезінде келіп ілгерішіл қазақ ақын жазушылары
көтерген əлеуметтік мəселелерге солармен бірге бірдей араласқан Əкрам
Ғалымов қазақ халқы тағдыры мен болашағының қамын оның төл
баласындай ойлап ақындықтарының соның бақыт жолына арнады. Ол
екі бауырлас халыққа бірдей қызмет істеген ақын.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Ə. Ғалымов «Айқап» журналында қалай қызмет істеген, қандай
шығармалар басылған?
2. Ə. Ғалымов өлеңдерінде қазақ тұрмысының сəулеленуі
3. Əйел теңдегі тақырыбына Ғалымов қандай шығармаларын
арнады?
4. Ə. Ғалымовтың татар əдебиеті мен қазақ əдебиетінде қатар қалам
тартуы қандай нəтижелер берген?
БЕКЕТ ӨТЕТІЛЕУОВ
(1883-1949)
Жоспары:
1. Б.Өтетілеуовтың өмірінен мəлімет
2. Б.Өтетілеуовтың төл туындылары
3. «Данышпан қызы» поэмасының идеялық маңызы
4. Бекет Өтетілеуовтың аудармашылық шеберлігі
Достарыңызбен бөлісу: |