-28-
Сабақ процестері толық қамтылып жасалатын жобаны КҮРДЕЛΙ жоспар деп
атайды.
Мысалы:
Сабақ тақырыбы:Үстеу мағыналық түрлері.
Сабақтың барысы:
1) Өткенді еске түсіру;
Өткен сабақтағы тақырыпты еске түсіру үшін, оқушыларға карточкада
сөйлемдер беріледі. Оны оқушылар талдау жасайды.
2) Жаңа материалды түсіндіру;
(Үстеудің мағыналық түрлері бойынша түсінік беріледі.)
3) Дағдыландыру жұмыстарын жүргізу;
(мұнда түрлі жаттығулар жүргізуге болады.)
4) үй тапсырмасын беру;
(үйге 45-жаттығу.§шінен мөлшер үстеуді табу.)
5) Оқушының еңбегін бағалау.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1) Қалып жоспарлары деген не
?
2) Күнтізбе жоспар қалай жасалады
?
3) Тақырыптық жоспар қалай жасалады
?
4) Сабақтық жоспар қалай жасалады
?
-29-
Қазақ тілі сабақтарында көрнекі жəне техникалық құралдарды
пайдалану.
Жоспары:
1) Көрнекі əдістер туралы түсінік.
2) Кестені,сызбаны,карточкаларды пайдалану əдістері.
3) Техникалық құралдарды пайдалану.
Тірек сөздер: кесте, сызба, карточка, магнитофон, теледидар,
компьютер т. б.
Өтілетін материалдардың өзіне тəн белгілерін көзімен көріп, нақтылы
түсіну үшін көрнекі əдістің атқаратын қызметі ерекше. Бұл əдіс оқыту
процесінің барлық буынында қолданылады. Көрнекі əдістер мынадай
дидактикалық талаптарды орындауда үлкен қызметтер атқарады:
1) оқушылар өтіліп отырған тілдік фактілерді өз көзімен көреді;
2) тілдік материалдардың өзіндік белгілерін мысалдармен дəлелдейді;
3) ереже - анықтамаларды өздері түйіндейді;
4) белгілі бір ой қорытындысын шығара алады;
5) өздігінен тілдік объектілерге сай мысалдар іздейді;
Тілді оқытуда жиі қолданылатын көрнекі əдістер мыналар: кестені
қолдану əдісі, сызбаны пайдалану əдісі, компьютер, радио, теледидар
пайдалану əдістері.
Кестеде өтілетін материалдардың жалпы бейнесі сақталып жасалады.
Кесте оқу процесінің қызықты, тіл материалдарының нақтылы болуын
қамтамасыз етеді, сонымен бірге оқушылардың көру мен есту қабілетін
байқағыштығы мен бақылашығын арттырады;
Дұрыс айту нормаларын үйретуде сызбалық көрнекіліктің пайдасы мол. Бұл
көрнекілікте қажетті объектілердің дұрыс айтылу ережелері жазылмайды, тек
дұрыс айтуға керекті формалар түрі сызықтармен көрсетіледі. Мысалы:
дос+тар, -қа,-тың,-пен;
Дұрыс айту нормаларын оқушыларға меңгертуде орфоэпиялық
карточкалардың пайдасы мол. Бұл карточкаларды сабақтың түрлі процесінде
пайдалана беруге болады.карточкалармен жұмыс істеудің методикалық
жүйесі былайша құралады
1) Алдымен мұғалім дұрыс айту ережелерінен мəлімет береді.
2)Тиісті мысалдарды жаттықтыру ретінде тақтаға жазады.
3) Тақтадағы мысалдарға ұқсас сөздерді айтуды жүктейді.
Ìûñàëû 1-карточка: Көп нүктенің орнына (м -н) дыбыстарының тиістісін
қойып көшірің.
От жа... бады, шам сө..беді, т. б.
Техникалық құралдар көру мен есіту қабілетіне байланысты дыбыстық
көрнекіліктің бір түрі болып саналады. Ол арқылы кез келген қазақ тілі
материалдарын теориялық білім мен практика-лық дағды беруде орфоэпия
нормаларын
үйретуде
техникалық
құралдың
мынадай
түрлері
пайдаланылады: патефон пластинкасы, магнитофон, радиоқабылдағыш жəне
-30-
теледидар. Мұғалім магнитофон ленталар да жазылған сөздерді, сөйлемдерді,
мəтін-дерді қай тілдік материалдарға байланысты өткізуді жоспарлайды.
Орфоэпия бойынша магнитофонмен жұмыс істеу тəсілдерінің құрылымдық
элементтері:
1) дұрыс сөйлеу үлгілеріне байланысты алынған мəтіндер тыңдалады;
2) магнитофон пленкаларда оқушы өз сөзін жазып тыңдайды жəне оны
тыңдау процесінде талдау жасайды;
3) дұрыс сөйлеу үлгілері мен өз ісін салыстыра отырып, белгілі бір ой
қорытындысын шығарады;
Оқушылардың ауызекі тілін, дұрыс айту дағдысын қалыптастыруда
радио мен теледидардың мəні үлкен, Радио мен теледидар бойынша жұмыс
істеу əдістердің құрылымдық элементтері:
1) радио мен теледидар арқылы берілетін хабарды оқушылар ұқыпты
тыңдайды;
2) хабарды тыңдау процесінде керекті орфоэпиялық объектіні жазып
жадында сақтайды;
3) дұрыс айтылатын сөздерге еліктей отырып, оқушылардың өзі де
дыбыстарды дұрыс айтып қайталайды.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1) Көрнекі əдістер деген не
?
2) Көрнекі əдісітердің қандай түрлері бар
?
3) Техникалық құралдардың пайдалану маңызы неде
?
Қазақ тілі пəнінен сыныптан тыс жұмыстар,
олардың методикасы
Жоспар:
1) Сыныптан тыс жұмыстар жəне олардың маңызы.
2) Сыныптан тыс жұмыстың түрлері.
Тірек сөздер: оқушылар конференциясы, мəнерлеп оқу үйірмесі,
семинар сабақ, əңгіме-пікірлесу сабақтары, экскурсия т.б.
Сыныптан тыс уақытта жүргізілген жұмыстар оқушылардың алған
білімдік қорын молайтып, ой-өрісін дамытып, дүние тану қабілетін
арттырады. Оқушылардың көзқарасын, сана-сезімін қалыптастыруға көмек
етеді. Мектептің оқу-тəрбиелік, қоғамдық-саяси жұмыстарымен ұштасып
отырады. Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстар əр алуан: кластан
тыс оқу, түрлі үйірме-лер, семинар сабақ, əңгіме-пікірлесу сабақтары т.б.
Бұл жұмыстардың жүргізілуі əрбір оқушымен дұрыс қарым-қатынас
жасауға, оның өзіне тəн өзге-шелік, ерекшелік жақындығын ұғуға мүмкіндік
береді. Мектепте сыныптан тыс жұмысын ұйымдас-тыру үшін оқу жылының
басында конференция өткізеді. Конференцияны өткізу алдында мынадай
мəселелердің бетін ашады:
1) каникул уақытында əрбір оқушының қандай кітаптар оқығаны сұралады;
-31-
2) оқыған кітабына байланысты шығарма жаздырады. (оларды түрлі-түрлі
талдап көрсетсе болады. Мысалы, сөз тіркесіне, сөйлем мүшелеріне,
лексикалық, фонетикалық талдаулар т.б.)
Өйткені əдебиет пен қазақ тілі пəндері бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Екеуі
барлық уақытта бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан əр түрлі
ойындар, жарыстар ұйымдастыратын кезде екеуінің сұрақтарын қатар алып
бару керек.
Семинар сабағын жүргізу- берілетін білімді тереңдету мақсаттарын
көздейді.
Семинар
жұмысы
тілді
тереңдетіп
оқытудың
өзіндік
ерекшеліктерін көрсетеді.Білім мен білік жəне дағдыны толықтыра түсу
мақсатында жүргізілетін жұмыс формасын СЕМИНАР сабақ деп атайды.
Семинар сабағын көлеміне қарай екі топқа бөледі:
1) Семинар сабағында 4-6 сынып оқушылары хабарлама жасайды.
2) 7-9 сынып оқушылары баяндама жасайды.
4-6 сынып оқушыларының жасаған хабарлары 7-9 сынып оқушыларының
баяндамасына қарағанда жеңілдеу болады. 4-6 сынып оқушыларына
берілетін тапсырманың көлемі шағындау , талқылау үшін қойылатын
сұрақтың мазмұны оңайлау болады. Ал 7-9 сынып оқушыларының
баяндамасы тақырыптың өзіндік белгілерін саралап ашып айтуға
бағытталады. Қазақ тілінен өтілетін семинар сабағын жоспарлы түрде іске
асырған мақұл. Семинар сабағын сапалы өткізудің практикалық мəні үлкен.
Семинар сабағы мақсатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Тапсырылған сұрақтарды талқылау сабағы.
2. Хабарлама немесе баяндамалар жасау сабағы.
3. Саяхат əсерлерін талқылау сабағы.
4. Мамандармен кездесу сабағы.
Əңгіме-пікірлесу сабағы оқушының тілін дамытып, пікір айту (ауызша,
жазбаша), сауатты сөйлеу, өз ойын терең жеткізе білу, коммуникативтік
дағдыларды қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
Мектепте əдеби-творчестволық, драмалық, мəнерлеп оқу үйірмесінде,
кештерде, оқырмандар конференциясында кейбір мəселелерді талдауға бай-
ланысты баяндамалар болып тұрады. Оқушылардың сыныптан тыс
жұмыстарының қандай бағытта бара жатқаны туралы байқау мектеп
көлемінде жүргізіледі. Бұл жұмысты мектеп конференциясы дайындайды.
Мұндай конференция мектеп тəжіри-бесінде оқу жылы ішінде 2-3 рет
болады.
Мектепте əдебиет пен тілге байланысты сыныптан тыс жүргізілген
жұмыстардың бір саласы - ТҮРЛΙ үйірмелер.
Бұлардың ішінде мектепте жиі кездесетіні: əдебиет үйірмесі, драмалық
үйірме, мəнерлеп оқу үйірмесі.
Əрбір үйірмеде 15 адамнан артпауы керек. Əрбір үйірменің өзіне тəн
бағдарламасы болады. Бұл бағдарламаны мұғалім өзі жасап алса болады.
Сабақ уақтында өтілген күрделі тақырыптарды үйірмеде кеңінен өтіп
пайдаланса болады.
Ана тілге, қазақ тілге байланысты түрлі жарыстар (мысалы, əлсіз топ,
-32-
ғажайыпттар алаңы т.б.) өткізіп сол жеңіп шыққан оқушыны олимпиадаға
дайындауға болады. Мұндай жарыстарда берілетін сұрақтарды əдебиет
пəнінен араластырып берсе болады. Мəнерлеп оқу үйірмесінің негізгі
мақсаты - оқушылардың көркем сөз тексін мəнерлеп оқу жөніндегі
дағдыларын арттырып, келістіріп оқу техникасын жетілдіру. Мəнерлеп
оқығанда дауыс кідірістерін дұрыс қоя білу керек.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1) Сыныптан тыс жұмыстардың ерекшелігі неде
?
2) Сыныптан тыс жұмыстардың қандай түрлері бар
? 3) Əңгіме пікірлесу
сабағының маңызы неде
?
Қазақ тілін оқыту əдістемесі бойынша
əдебиеттер тізімі.
1. Д.Əлімжанов. Қазақ тілін оқыту методикасы. 1990ж.
2. Ə.Исабаев. Фонетиканы оқыту методикасы. 1991ж.
3. Х.Арғынов. Қазақ тілі методикасы. 1993ж.
4. Ə.Исабаев. Қазақ тілін оқыту формалары. 1990ж.
5. Ə.Исабаев. Қазақ тілінен 4-5 сыныптарға арналған таблицалар.
6. А.Жаппаров. Қазақ тілінің стилистикадан оқыту негіздері. 1990ж.
7. С.Қазыбаев. Қазақ тілі методикасы. 1990 ж.
8. С.Рахметова. Қазақ тілін оқыту методикасы. 1990 ж.
9. Ə.Исабаев. Қазақ тілінен өтілетін сабақтар 1996ж.
10. Ə.Исабаев. Қазақ тілін оқыту методикасының бағдарламасы.
11. Ə.Исабаев. Қазақ тілін оқыту методикасы 2003ж.
12. М.Балақаев. Қазақ тілінің мəдениеті 1992ж.
13.Қ.Ниеталиев. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі 1991ж.
14. И.Ұлықбаев. Тіл мəдениетінің кейбір мəселелері. 1994ж.
15. С.Желдербаев. Мəнерлеп оқу. 1992ж.
Достарыңызбен бөлісу: |