ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ
ЖƏНЕ ОРТА БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
БЕРДАҚ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҚАЛПАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
ТҮРКИЙ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
Қазақ тілін оқыту методикасы
(лекция текстері)
Лекция- 26 cағат
Пəн оқытушысы: Ж.Шарипова
Н Ө К І С - 2 0 0 8 ж.
Қазақ тілін оқыту методикасы пəні оның сипаты.
Жоспар
:
1) Қазақ тілін оқыту əдістемесі, жəне оның мақсаты мен міндеттері.
2) Методика сөзінің мағынасы.
3) Технология сөзіне түсінік.
4) Білім беру əдістемесі классификациясы.
Тірек сөздер
: теориялық материалдар, методика, технология,
техникалық құралдар, көрнекті құралдар т. б.
Қазақ тілін оқыту əдістемесі пəнінің негізгі мақсаты орта арнаулы
мектептерде қазақ тілі пəнінің мазмұнын, əрбір салалардың бір-бірімен
байланысын, теориялық материалдарын, сондай-ақ тілдер, орфографиялық,
пунктуациялық дағдыларының жүйесімен берілуін, қазақ тілі сабақтарында
көрнекі жəне техникалық құралдарды пайдалану, тіл дамыту сияқты күрделі
мəселелерді қалай оқытудың əдістерін үйрету болып табылады. Казақ тілін
оқыту методикасы пəнін үйренудегі міндеттері
:
- қазақ тілі сабақтарында көрнекі жəне техникалық құралдарды қалай
пайдалануды үйрену.
-тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізуді үйрену
- қазақ тілін оқытуға байланысты семинар, əңгіме- пікірлесу сабақтарын
оқытуды үйрену.
Қазақ тілін оқыту методикасы мектепте жүргізілетін тиімді
жұмыстарының нəтижесін белгілейді, тілдің теориялық материалының
аумағын сұрыптай отырып, білім беру технологиясына лайықты іске
асырудың өнімді де құнды жүйесіне белгілейді.
″Методика″ - гректің
″
methodiks
″
яғни құралтану, əдістану деген
сөздерден алынған. Бұл оқушыларға жеткізілетін тілдік фактілерді бір жүйеге
келтіруде айқындайтын білім беру құралдары технологиясы жиынтығы
болып табылады. Методика білім беру құралдары технологиясы жиынтығы
болса, ал методология білім беру құралдарын зерттеу жұмыстарда
басшылыққа алатын негізгі тірек. Жер бетіндегі жаратылыстану ғылым-дары
мен гуманитарлық ғылымдардың өз меншігіне тиетін методикалық тірек
методология деп аталады. Яғни зерттеу əдістерінің жиынтығы дегенді
білдіреді.
Қазақ тілін оқыту методикасы - мектеп оқушыларына қазақ тілінен
теориялық білім мен практикалық дағды беру құралдары технологияларын
үйрететін пəн.
1) қазақ тілін оқыту методикасы-оқу пəндерінің бірі
;
2) мектеп - білім алатын орын
;
3) оқушы - білім алатын шəкірт
;
4) қазақ тілі - тіл білім салаларын зерттейтін ғылым
;
5) теория - қағидалар жүйесі
;
-3-
6) қағидалардың өзіндік белгілері.
7) мен - байланыстырушы жалғаулық.
8) практика - күнделікті іске жарату.
9) дағды беру - жаттығу, машық
;
10) құралдар - тұлғалар
;
11) технология - өнер, шеберлік мағыналарын беретін тізбектер.
Білім беру құралдары технологиясына мыналар жатады
: қазақ тілін
меңгерудің заңдылықтары, оқыту принциптері, дидактикалық материалдар,
білім көлемі, оқыту жүйесі, əдістер мен тəсілдері, оқыту қалыптары, оқыту
жоспарлары. Сапалы білім беру жолында методикалық технологияның
қызметі орасан.
Технология - гректің
″techne″ - өнер, ″logos″- ілім деген сөздерден
алынған. Методикалық технология білім мен тəрбие берудің шеберлік өнері
дегенді білдіреді. Технология - шеберлік құралдары мен тəсілдерін жетік
білудің жиынтығы. Методикадағы
″технология″ - шеберлік өнері құралдарын
үйрететін ілім.
Методикалық технология классификациясы
:
1) Макротехнология. 2) Микротехнология.
Макротехнологияға мыналар кіреді
: кино, теледидар, радио,
компьютер, магнитофон, пластинка, лингафон
;
Микротехнологияға мыналар кіреді
: тіл салаларының талқысы
(интерпретация) - мазмұн, аумақ, көлем, жүйе теориясы, хабарлау, сөйлем
құрату, шығарма жаздыру, лекция, практикум, конкурс, конференция, сынақ,
т. б.
Қазақ тілінің білім беру құралдары
:
1) дəстүрлі əдістер, 2) дəстүрсіз əдістер технологиясы болып бөлінеді.
Дəстүрлі əдістер технологиясына: əңгіме, түсіндіру, кітапты пайдалану, тіл
салаларының талдаулары, көшіріп жазу, көрнекі əдістер құралдары жатады.
Дəстүрсіз əдістер технологиясына: сөйлем құрату, шығарма жаздыру,
магнитофонды пайдалану, компьютерді пайдалану əдістері кіреді.
Білім беру қалыптары технологиясы
: дəстүрлі қалыптар: жаңа, біріккен,
бекіту, қайталау, ойын, тексеру қалыптары жатады.
2) Дəстүрсіз қалыптар
: лекция, зерттеу, көрініс, практикум, конкурс,
конференция, сынақ, олимпиада, рейтинг-тест.
Қазақ тілінен білім беру əдістері дидактикалық жұмыстар мақсатына қарай
классификациясы
::
1) Теориялық əдістер технологиясы:
: əңгіме, хабарлау, түсіндіру, тəжірибе,
кітапты пайдалану əдістері.
2) Практикалық əдістер технологиясы: талдау тəсілдері, құрату, шығарма
жаздыру, диктант жазу, мəнерлі оқу əдістері мен тəсілдері т. б.
3) Көрнекті əдістер технологиясы
: сызбаны, кесте-ні, магнитофонды,
радионы, компьютерді пайдалану əдістері жатады.
Жаңа методикалық технологияны пайдаланудың үш процесі бар
:
1) түсіндіру процесінде
;
-4-
2) пысықтау процесінде
3) сынақ процесінде іске асыруға болады.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1) Қазақ тілін оқыту əдістемелерінің міндеттері қандай
?
2) «Методика» сөзі нені аңғаратады
?
3) «Техноголия» сөзіне түсінік беріңдер.
4) Білім беру əдістемесінің классификациясы қандай
?
Қазақ тілі методикасы тарихынан
Жоспар:
1) Ы. Алтынсаринның еңбектері жайында түсінік.
2) А. Байтұрсыновтың еңбектері.
Тірек сөздер: Ы. Алтынсаринның еңбектері, методикаға қосқан үлесі. А.
Байтұрсыновтың еңбектері.
Ы. Алтынсаринның «Қазақтарға орыс тілін үйретудің алғашқы нұсқасы»
жəне араб əрпімен басылған «Мактубат» мұсылман дінінің аят-хадисі
негізінде
жазған
«Шарият-əл-Ислам»
атты
оқулықтары
«Қазақ
хрестоматиясының» сыны-оқымыстылық тəжірибені молайта түскені дейміз.
Қазақ тілінің тазалығын сақтау мəселесіне айрықша мəн берді.
Қазақ тілінің тазалығын сақтау жолындағы күрес Ы.Алтынсариннен
бастаған. Ы. Алтынсарин тілдік сөздік қорын байытатын, түбінде қазақ тілі
жатсынбайтын, лексикалық байлығын арттыратын «қажетті» сөздерден пікір
түйген.
Қазақ халқының əлеуметтік ой-пікірлерінің оянуы ғалымдық, идеялық
тұрғыдан емес, эстетикалық тұрғыдан басталған. Ыбырай методиканы қазақ
тəжірибесіне тұңғыш рет енгізіп, сонда ол төрт түрлі факторды бірге алып
қарайды.
1) материал;
2) соның берілу тəртібі мен методикасы
3) оқушы;
4) Мұғалім;
Методиканы тудыру үшін əуелі программаны белгілеп, оқытушының
мақсат-мазмұнын айқындау керек. Ол, мəселені хрестоматия кітап жасаудан
бастаған. Хрестоматия кітабын жасау арқылы Ы.Алтынсарин қазақ жерінде
тұңғыш рет пəн ретінде қазақ методикасына жол салды. Бұл хрестоматия
мектепке ұлт тілін енгізудің тамаша бастамасы болды.
Мектепте орыс тілін үйретумен байланысты Ыбырай «аударма əдісі»
дейтін жүйені енгізді. Бұл пəнді терең меңгеруге негізделген, оқушылардың
ынтасын арттыратын əдіс болды.
Оның өлеңдері балаларға əрі білімдік, тəрбиелік мəні зор шығармалар
-5-
болды. Ыбырай бүкіл Ресей көлемінде көрінген үлкен педагог, методист
болды. Оны Эфиров:»19 ғасырдағы бүкіл Ресей педагогтарының алдыңғы
шебіндегі тұңғыш педагог-методист»- дейді.
Ыбырай тағы да материалдарды ойластырылған сабақтар жүйесіне құрып,
мөлшерлеп бірте-бірте, содан соң ғана жаңа материалдарға көшу жолын
ұсынды.
Ы.Алтынсаринның тіл саласында істеген жəне бір еңбегі -шағын сөздер
жасауы мен қазақ грамматикасынан мағлұмат берген материал ұсынуында.
Ол орыс тілінің грамматикасын қазақ тілімен салыстыра отыра таныстырады.
« Начальное руководство к обучению Киргизов русскому языку « деген
кітабында тақырыптық топтарға бөлінген кішігірім сөздер береді жəне орыс
тілінің грамматикасын қазақ тілімен салыстыра танытады.
Ахаң - Лингвист ғалым еді. Ол 1929 жылы 8-наурыз күні өзінің жазған.
«Өмірбаянымда» Орынборға келгеннен кейін тілді фонетикалық,
морфологиялық жəне синтаксистік тұрғыдан зерттеумен қазақ алфавитін,
орфографиялық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпа-лынан
тазартумен, іс-қағаз, публицистикалық өңдеу, қазақ сөздерінен термин
жасау арқылы халықтың жанды тілінің арасынан көшіру істерімен айналыса
бастағанын айтады. Ол қазақ балаларын жазуға үйрету қазақ мектептеріндегі
балаларды оқыту, олардың қиындықтары жайлы айтып, өзінің əдіс-тəсілдерін
ұсынады.
Біздің қазақ тілімізді жалғамалы тілдік қатарына жатқызады да, бастауыш
мектептерде алдымен тілдің дыбыс жүйесі, кейін сөз, соң сөйлем жүйелерін
үйрету керектігін айтады. 1929 жылы
5-мамырында «Тіл-құрал» оқулығын жазып шығарады. Ол бірнеше
бөлімдерден құралып алғашқы бөлімінде фонетика, кейінгі бөлімінде
морфология, үшінші бөлімінде синтаксис т.б. тақырыптар бойынша қалам
тебіренткен.
А.Байтұрсынов орфоэпиялық жəне орфографиялық заңдылықтарға сол
дəуірде анықтама берген.
1) Сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жалғау, жұрнақ, сияқты
нəрселерді өз орнына тұтыну; 2) сөйлем ішінде сөздерді дұрыс айтып, дұрыс
орналастыру;
3) сөйлемдерді бір-біріне дұрыс орайластырып, дұрыс орналастыру;
ғылым жолында, мəдени-ағарту саласында Ахаңның көрген қорлығы мен
шексіз азабы жалпы еткен еңбектері халқының мəдениеті, сауат-ты болуына
көп əсерін тигізеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1) Қазақ тілін оқыту əдістемесінде Ы.Алтынсариннің еңбегі қандай
?
2) А.Байтұрсынов қандай еңбек сіңірді
?
3) Методикаға Ы.Алтынсариннің енгізген факторлары қандай
?
4) А.Байтұрсыновтың «Тіл құрал» еңбегі қай жылы жарық көрді
?
Қазақ тілін оқыту методикасының салалары.
-6-
Жоспары
:
1) Қазақ тілін оқыту методикасының пəндік мазмұнына қарай түрлері.
2) Жалпы жəне жеке методика.
3) Методика тарихы.
Тірек сөздер
: теориялық жəне практикалық методикалар, ″Методикаға
кіріспе
″, методика тарихының салалары, т. б.
Дүниедегі барлық ғылымдардың өзіне тəн салалары болады, онсыз ілім
өмір сүре алмайды. Жер бетіндегі ғылымдар бір-бірімен байланысты түрде
дамиды
; оларды бір-бірінен ажыратып тұратын белгі негізгі қарастыратын
меншікті объектісіне қатысты болады.
Қазақ тілін оқыту методикасы пəндік мазмұнына қарай үлкен екі топқа
бөлінеді:
:
1) теориялық методика.
2) практикалық методика.
Теориялық методика қазақ тілінен білім берудегі қағидалар жүйесін
қарастырады. Бұл əр түрлі категорияның бір-бірімен қарым-қатынасын,
өзіндік белгілерін, ішкі құрылымын, жүйесін сұрыптап белгілейді.
Теориялық методика зерттеу объектісіне қарай мынадай түрлерге
ажыратылады;
1) Методикаға кіріспе.
2) Жалпы методика.
3) Жеке методика.
4) Методика тарихы.
5) Методикадан арнаулы курс т. б.
Методикаларға кіріспе пəнінің еншісіне тиетін мəселелер көп
:
Методикаға кіріспе пəні, объектісі жəне мəселелері, қазақ тілін оқытудың
методикалық негіздері, қазақ тілін оқыту методикаcының басқа пəндермен
байланысы,
: тіл білімі, педагогика (дидактика), психология (тіл
психологиясы) жəне логика ғылымдарымен байланысы, қазақ тілін оқытудың
дидактикалық принциптері, қазақ тілін оқыту заңдары.
Жалпы методика - қазақ тілінен білім беру құрадарының құрылымдық
теориясы туралы ілім. Бұл методикалық теориялардың жиынтығын зерттейді.
″Жалпы методика″ білім беру техноло-гиясының мəні мен қызметін, олардың
қарым-қатынастарын, анықтамаларын, топтары мен түрлерін, ішкі
құрылымын, қолдану жүйесін зерттейді.
″Жалпы методика″ пəніне тəн тақырыптар: ″жалпы методика″ пəні, объектісі
жəне қарастырылатын мəселелері, методикалық негізгі салалары, қазақ тілін
оқыту
методикалық
зерттеу
əдістері,
методикалық
ұғымдардың,
терминдердің ажырымы, технология туралы түсінік, қазақ тілінен білім
берудің мазмұны, аумағы, көлемі, жүйе теориялары, қазақ тілі
материалдарын меңгертудің ерекшеліктері.
″Жеке методика″- тілдік салалардың кешенді оқыту методикасын
қарастырады. Бұл тілдік материалдарды оқытудың біртұтас жұмыс жүргізу
-7-
технологиясын белгілейді. Əрбір тілдік салалардағы тақырыптарды толық
меңгерудің методикасы қамтылады. Оқытылатын тақырып белгіленеді,
көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар сұрыпталады, өзіндік белгілері
сараланып таңдалып, анықтама немесе ережелер дайындалады. Əрбір тілдік
тақырыптардың психологиясына сай дағды түрлері екшелеп алынып, өткізілу
технологиясы анықталады.
″Жеке методика″ пəнінің өзіне тəн мəселелері мыналар: жеке методика пəні,
объектісі, қарастыратын мəселелері, лексикологияны оқыту методикасы,
лекция туралы түсінік, сөз жəне оның мағынасы, көп мағыналылық,
сөздердің мағыналық топтары, тілдердің сөздік құрамы, т. б.
1) Фонетиканы оқыту методикасы.
2) Сөзжасамды оқыту методикасы.
3) Синтаксистік оқыту методикасы.
4) Орфография мен орфоэпия тақырыптарын оқыту методикасы.
5) Стилистиканы оқыту методикасы.
Сондай-ақ теориялық методика өзінің зерттелу объектісіне қарай «Методика
тарихы» саласы болып бөлінеді.
Методикалық ой-пікірлердің даму, қалыптасу эволюциясын зерттеген
саласы методика тарихы деп аталады.
Методика тарихы əр түрлі методикалық көзқарастарды дəуірлерге
жіктейді.Кезінде іске асырылған білім беру құралдарының пəрменділігін
методикалық тұрғыдан талдау жасайды. Белгілі бір методика салаларына
байланысты теориялық ұсыныстар береді. Оқыту тарих-ында тікелей еңбек
сіңірген методика мамандары болады.
Ы.Алтынсариннің, А.Байтұрсыновтың, Х.Арғынов-тың, Ə. Исабаевтың т.б.
методикалық көзқарастары методика тарихына көп мағлұматтар береді.
“Методикадан арнаулы курс” жеке білім беру құралдары (технологиясы)
тармақтарынан теориялық байымдаулар ұсынады; көлем теориясы, жүйе
теориясы, əдіс теориясы, білім беру құралдары мəселелері талқыдан
өткізіледі.
Практикалық методика - қазақ тілінен білім беретін мұғалімдердің іс-
тəжірибелерін жинақтайтын сала, яғни методика практикумы деп те
жүргізіледі. Практикалық методика оқытудың топталған, жинақталған тиімді
технологиясын қарастырады.
″Практикалық методика″ пəнінің еншісіне
тиетін тақырыптар мыналар
: методика практикумы жəне оның мəселелері
білім беру құралдары технологиясын, тіл салаларын оқыту технологиясы.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1) Теориялық методика деген не
?
2) Практикалық методика деген не
?
3) Жеке методика мен жалпы методиканың айырмашылығы неде
?
Қазақ тілін оқытудағы əдістер жүйесі.
-8-
Жоспар:
1) Əдіс пен тəсіл туралы түсінік.
2) Білім беру əдісінің методикалық өлшемдері жəне классификациялары.
3) Əдістің қолдану жүйесінің басты процестері.
4) Білім беру əдіс тəсілінің құрылымы.
Тірек сөздер: Теориялық, практикалық көрнекі əдістер, метод, обьектіні
меңгертудің психологиялық басқышы, материалдардың ауыр-жеңіл
характері, материалдарды оқытудағы басты мақсат-тары, толық, аралас
элементті əдістер т.б.
Əдіс (метод, methodas) грек тілінен алынып, зерттеу деген мағынаны
аңғартады немесе белгілі бір пəнді оқытудың əдісі дегенді білдіреді. Əдіс -
қазақ тілінен теориялық білім берудің тəсілдерін, практикалық дағды мен
тəлім-тəрбие берудің амалдарын саралайды, соны практика жүзінде іске
асырудың тəсілі мен жолдарының дəл жүйесін көрсетеді.
Қазақ тілінен білім беру əдістері - оқушыларға білім мен білік жəне
дағды беру жолында жүргізілетін тəсілдердің ішкі əрекеті жиынтығы.
Қазақ тілінен білім беру əдістері сан алуан. Жіктеп көрсетуде,
біріншіден оқушыға берілетін білімдердің сапасы артады, екіншіден,
оқушымен жүргізілетін жұмыстардың дəлдігі нығаяды, үшіншіден,
мұғалімнің істейтін жұмысы жеңілдейді.
Қазақ тілінен білім беру əдістерінің методикалық өлшемдері:
1) Қазақ тілінен білім беру əдістері білім алу көздеріне байланысты
классификация жасалады.
а) оқушылар еңбектің барлық саласында бір- бірімен сөйлеседі,
қарым- қатнас жасау негізінде білім негізін молайтады.
б) тілдік материалдың практикалық қолданысын көркем əдебиет оқу
үстінде түсінеді.
в) білім мен дағды мұғалімнің түсіндіруі бойынша қалыптасады.
2) дидактикалық жұмыстардың мақсатына қарай классификация жасалады.
Оқушылардың терең білім алуы, сапалы меңгеруі, дүниетаным білігінің
кеңеюі дидактикалық жұмыстардың мақсаты болып табылады.
3) Білім беру əдістері ірі методистер-ғалымдардың айтқан методикалық ой-
пікіріне байланысты классификация жасалады.
Қазақ тілінен білім беру əдістерді төмендегіше классификация жасауға
болады:
1) Теориялық əдістер: əңгіме, хабарлау, түсіндіру, тəжірибе жəне кітапты
пайдалану əдістері.
2) Практикалық əдістер: тіл салаларының талдау əдістері, түрін өзгерту,
мазмұндау, диктант жазу, шағын шығарма жаздыру, түсініксіз сөздерді
үйрету, мəнерлеп оқу т.б. əдістер.
3) Көрнекі əдістер: сызбаны, кестені, карточканы пайдалану, магнитофон,
радионы, компьютер пайдалану əдістері.
Əдістердің қолдану жүйесінің басты процестері:
-9-
1) Əдістердің іске асырылу жүйесі материалдардың өтілу дəуірлеріне яғни
объектіні меңгертудің психологиялық басқыштарына қатысты болады.
Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы бойынша оқушыларда белгілі
дəрежеде ұғым, түсінік пайда болады. Бұл кезде өтілген материалдар
оқушылар ойында сəулеленеді. Белгілі бір объекті логикалық ойлаудың
тəсілдері мен екінші сигнал жүйелері нəтижесінде ой қорытындысы
жасалады.
2) Əдістердің іске асырылу жүйесі материалдардың ауыр-жеңіл характеріне
байланысты орындалады. Өтілетін тақырыптың өзіндік белгілері бесеуден
артық болса, меңгеретін оқушыларға ауырлау соғуы мүмкін. Сондықтан да
мұғалім алдымен түсіндіру əдісін талдау тəсілдерімен ұштастырады. Өткенді
еске түсіру жəне жаңа материалмен байланыстыру мақсатында алдыңғы
сабақта не берілгені жинақталады. Соған сəйкес оқушылардың түсінбеген
сұрақтарына жауап беріледі. Қойылған сұрақтарға бірде оқушылар, бірде
мұғалімнің өзі жауап қайтарып отырады.
3) Əдістердің іске асырылу жүйесі материалдарды оқытудағы басты
мақсаттарға қарай жүргізіледі.
Белгілі бір грамматикалық тақырыптарды өту үстінде əдістер кешені бір-
бірімен байланысып отырады.
Мұндайда əдістердің екі түрлі қызметі көрінеді:
1) толық элементті əдіс.
2) аралас элементті əдіс.
Толық элементті əдіс оқушыларға теориялық білім мен практикалық
дағды беруде қызмет атқарып, белгілі бір əдіс жүйесінде дараланып отырады.
Ал аралас элементті əдісте əр түрлі əдістердің іске асырылу жүйесі
лингвистикалық фактілерді тірек етіп психологиялық факторлар негізінде
методикалық принциптер мен заңдар бойынша жүзеге асады. Таза
практикалық жұмыстардың орындау тұсында түсініксіз сөздерді түсіндіру,
сөйлеу тілін дамыту, мəнерлеп оқу, қосымша əдебиеттермен істеу тəсілдер
кешені жұмсалады. Теориялық тілдік материалды оқытуда əңгіме, хабарлау,
тəжірибе, түсіндіру, кітапты пайдалану əдістері жүйесі қолданылады. Ал əрі
теориялық, əрі практикалық мақсатта жүргізілетін əдістер жүйесіне мыналар
кіреді: қазақ тілі тақырыптарын талдау, тілдік материалдың түрін өзгерту.
Əдістердің іске асырылу тəртібі қазақ тілінен білім беру əдіс-тəсілінің
құрылымына
тікелей
байланысты.
Əдіс-тəсілінің
құрылымы
əдіс
элементтерінің қарым-қатынасы ретінде танылуы қажет. Əдістердің
құрылымы, біріншіден, оны құрастырған элементтердің кірігуі тұрғысынан,
екіншіден, осы күнгі дамуы тұрғысынан қаралуы тиіс. Əдіс құрылымында
оның ішкі бірлігі,тұтастығы болатындығы дəлелденіп келеді. Əдіс
құрылымында бірыңғай тұтастық бар, ол тəжірибе негізінде қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |