Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім министрлігі



бет52/97
Дата05.06.2023
өлшемі0,55 Mb.
#98990
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   97

Емле ережесін тҥсіндіру


Емле ережесін тҥсіндіруде мҥмкіндігінше оқушылар-ы мысалдарды талдауға, қорытынды шығаруға еркін қатыстырып отыру керек. Ол ҥшін мҧғалім, мысалдар мен кӛрнекі қҧралдар дайындап, қорытынды шығару ҥшін Оқушыларға қоятын сҧрақтарды әзірлеп келуге тиіс.
Бір грамматикалық қҧрам тӛңірегіндегі сӛздерді фонетикалық және графикалық ерекшеліктеріне қарай екшелуі тиіс. Мысалы: тәуелдік жалғауларына байланысты алдымен жалғау жалғанғанмен, тҥбірдің ӛзгермейтіні ӛтіледі, содан кейін тҥбірдің соңындағы қ,к,п дыбыстарының ғ,г,б 6олып ӛзгеріп айтылып, ӛзгеріп жазылатыны тҥсіндіріледі. Оқушыларға емле ережесін есте сақтауға мынадай жаттығулар ҧйымдастыруға болады.

  1. Ӛтілген емле ережесіне қатысты, объектілерді жеке беріп, оқушылардан оның қиыншылығын сҧрау.

  2. Берілген сӛйлем ішінен жаңа ӛтілген емле объектілерін тауып, жазылу ережесін тҥсіндіру, тексті кӛшірту.

Оқушылардың ӛздеріне ӛтілген емлеге сай мысал таптырып, оларды жаздыру, жазылу ережесін айтқызу.
Емлені меңгерту бірнеше кезеңнен тҧрады:
Бірінші кезең - емле ережесін тану, білу.
Екінші кезең - емле ережесін жазу кезінде пайдаланып, жаттығу.
Ҥшінші кезең - емле ережесін пайдалануда еркін, ырықсыз әрекет дәрежесіне жеткізу, яғни ережені оқушы автоматты тҥрде пайдаланатын ету.
Емле ережелерін есте саңтап, сауатты жазуға машықтандыру ҥшін, қателер бойынша жҧмысты дҧрыс ҧйымдастыра білу керек. |Қате бойынша істелетін жҧмыстардың тҥрлері:

  1. Қате жіберген сӛзді кӛшіртіп, қате жазылған әріптің, буынның астын сызғызу.

  2. Қате жіберген сӛзді кӛшіртіп, сӛзді дҧрыс жазуға қатысы бар емле

ережесін қайталату, ауызша айтқызу, оқулықтан қайталату.

  1. Қатені тҥзетпей, тек астын сызып кӛрсетіп, оны оқушылардың ӛзіне жӛндету, емле ережесін айтқызу.

Қазақ тілінен мектепте сабақ оқытудың аса жауапты кезеңі оқушыға жаттығу, талдау материалдарын таңдаудан басталады деуге болады. Жаттығу материалдарын таңдауға мынадай талаптар қойылады:
Біріншіден: жаттығу материалдары мазмҧнды болуға тиіс: материалдағы жеке дыбыстар, әріптер, буындар сӛз ішінде, сӛздер, сӛз тіркесі сӛйлем ішінде алып талданады. Осы мақсатпен алынған мысалдар мен мӛтіндер ойдан шығарылған сӛйлемнен қҧралмай, мҥмкін болғанша, Кӛркем әдебиеттен алынған сӛз, сӛз тіркесі, сӛй-лем, ҥзінділер болуға тиіс. Қалайда олар балаға дҧрыс тәрбие беру нысанасын бағдарлауы керек.
Екіншіден, әрбір мысал, ҥзінді, әңгіме, ӛлең, сӛз, сӛйлем тіл (стиль) жағынан мҧлтіксіз, әдеби норманы ҧстауы тиіс. Сонда олар баланы әдеби тілдің жҥйесін меңгеруге, ӛз тілін дамытуға кӛмекші бола алады. Мҧндағы басты талап - балаға грамматикадан, орфографиядан білім беру кезінде оның тіл мәдениетін де арттыруға кӛзделуі тиіс.
Ҥшіншіден, алынған жаттығу, тағы басқа материалдар қҧрамынан керекті сӛздер мен дыбыстар, әріптер, грамматикалық тҧлғалар жиі кездесетін болсын. Жаттығу материалдарын талдауда негізгі кӛз тігетініміз осы талап тҧрғысынан болғанмен, алдыңғыларсыз мҥның са-пасын дҧрыс бағалауға болмайды.
Грамматикалық материалдармен оқушыларды таныстыру барысында балалар әрбір жаңа материалдың негізгі, басты ой тҥйінін ҧғына ал алдымен тақырыпқа кӛңіл аударылады. Оқушылар әрбір тақырыптағы тақырыпшалардың мәнін, тақырыпшалардағы әрбір абзацтың мәнін аңғарып, сол әрбір абзацтағы айтылған мәселелердің негізгі ойы тақырыпшаны, әр тақырыпшалардың барлығына ортақ негізгі ойдың тақырыпты қҧрастырып тҧрғанын айыра алатындай болуы керек. Грамматикалық ережелердің кӛпшілігі оқулықтарда анықтама ретінде
беріледі. Оқушыларға осы сияқты анықтамалардың әрқайсысының қандай бӛліктерден тҧратынын кӛрсеткен жӛн:

  1. Әрбір анықтаманық міндетті тҥрде термині болады.

  2. Әрбір анықтамада сол ҧғымның ӛзіне тән басты белгісі кӛрсетіледі. Бҧл басты негізгі белгі арқылы ол ҧғым басқа ҧғымдардан ерекшеленеді.

  3. Кей анықтамаларда тҥсіндірілетін ҧғымның қандай топқа жататыны кӛрсетіледі.

  4. Анықтамаларда әрбір категорияның негізгі мағыналарынан басқа формалық белгілері де кӛрсетіледі.

Формалық белгілерді жинақтап, топтап сол категорияның басқалардан семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктерін кӛрсету ҥшін пайдалану керек.
Әрбір анықтаманы оқушылар саналы меңгеру ҥшін мҧғалім:

  1. Оқушының грамматика оқулықтарынан ғана мысал келтіріп қоюымен қанағаттанбай, ӛз ойынан немесе "Ана тілінен", оқыған кітаптарынан ойланып мысал айтуын талап етеді.

  2. Анықтама ӛтілгеннен кейін дайын мәтін береді де, соның ішінен анықтама бойынша қажетті сӛзді немесе сӛз тіркестерін тапқызады, кейде ӛздері ойлап тапқан мысалдарды талдатқызу арқылы пікірлерін дәлелдеуді талап етуге де болады.

  3. Анықтама бойынша берілген ҧғымның негізгі белгілерін санап беруді ҧсынады.

  4. Анықтамалар мен ережелерді дәл, анық, толық айтуға ҥйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет