Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет40/85
Дата13.10.2024
өлшемі1,27 Mb.
#147956
түріУчебное пособие
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   85
Бексұлтан
 
Нұржекеевтің «Бір ғана 
махаббат» әңгімесі. 
Мұнда автор махаббат, сүйіспеншілік секілді нәзік те 
пәк сезімнің тұтастығын айта отырып, оны уақыт шындығымен үйлестіре 
бейнелеуге ұмтылады. Жазушы осы арқылы махаббат атты жұмбақтың жеке 
адамдық құбылыс, жүрек әміріне байланысты іс екенін баса көрсеткен. 
Сөйтіп, махаббат туралы толғанысқ түсіп отырған кейіпкер жан
-
дүниенсінің 
қозғалыс
-
эволюциясын, нәзік иірімдерін, психологиясын шынайы суреттей 
алған. Жақыптың сонау естияр бала кезінен бастап жақсылыққа, пәктікке, 
сұлулыққа ұмтылуының кейін жігіттік шақта махаббатқа ұласуын, сөйтіп, 
«бір адамның ғұмыры
-
бір махаббаттың тарихы» екенін, адам бойындағы осы 
ізгі сезімнің бастамасы, тәй
-
тәй басқан тұңғыш қадамы, толысуы сияқты 
сатылары болатынын пайымдатады автор. Қысқасы, «бір адам өмірінің 


67 
балалығы, жігіттігі, қарттығы, сәттігі мен сәтсіздігі болатыны сияқты, бір 
махаббаттың да бірнеше өмір жасы, ессею кезеңі бар».
Біз де ойға қаламыз. Адам өмірі махаббатпен, бір
-
біріне деген кіршіксіз 
сүйіспеншілікпен, пәктікпен нұрлы екен. Адам осы асыл сезімдердің аясында 
тербеліп өседі екен. Бұларсыз өмір мағынасыз, сәулесіз қалады екен.
Осы әңгіменің бір олқы тұсы
-
автордың аракідік әңгіме тұтастығын 
босаңсытып алатыны, негізгі айтпақ идеясын қорытып, түйіндеуді 
оқырманның еншісіне қалдырудың орнына, кейіпкер ойымен тәптіштеп, 
тиянақтап кетуі дейміз. Өйткені шығарма сюжеттің дамуы, шарықтауы 
кейіпкер характері оқырманды Жақып түйген ой
-
пікірге онсыз да алып 
келетіні даусыз.
Қазiргi қазақ әдебиетiнiң ауыр жүгiн шама
-
шарқынша нық та қайыспай, 
құмбыл да келiстi көтерiп жүргендердiң қуатты бiр буынын пайғамбар 
жасына жеткен немесе соларға тетелес қаламгерлер легi құрайды. Сындарлы 
суреткер, Қазақстан Жазушылар Одағының халықаралық «Алаш» 
сыйлығының лауреаты 
– 
Мархабат Байғұтов. Оның есiмi мен кiтаптары 
әдеби жұртшылық пен қалың оқырманнан қағыс қалмағынаны белгiлi. 
Қаламгердiң соңғы жиырма жылда халқына ұсынған «Шiлде» (1973), 
«Сырбұлақ» (1980), «Интернаттың баласы» (1985), «Нәуiрзек» (1988), 
«Дауыстың түсi» (1993), «Машаттағы махаббат»(1995) атты әңгiмелерi мен 
повестер жинақтарын айтар едiк. Ал бұл кiтаптарда негiзiнен оның әдебиетке 
келу, өсу, толысу, орнығу, төселу, кемелдену тәрiздi заңды кезеңдерден 
сүрiнбей, шалдықпай, шабысынан жаңылмай заңды өтуi тайға таңба 
басқандай сайрап тұр. Сондықтан шығар мұның баршасы ең алдымен 
әдебиетке абырой болды. 
Мархабат Байғұтовтың сындарлы да сыпа суреткерлiгiнiң құдiретiн бiр 
сөзбен түйiп айтар болсақ, онда оның бiрталай дүниелерi ұдайы мәңгiлiк 
махаббат құдiретiне құрылатын әрi қарапайым, әрi жұмбақ иiрiмдерiнде 
жатады. Соны нақтылы сөз етiп көрейiк. 
Мархабат Байғұтов ұлттық төл әдебиетiмiздiң тума бастауынан 
– 
ауыз 
әдебиетiнiң теңдессiз үлгiлерiнен күнi бүгiнге дейiн арнасынан 
профессионалдық парасатынан мол нәр алған. «Шiлде» мен «Сырбұлақ» 
жинақтарындағы әңгiмелердiң бiрталайы осының дәлелi. Заманның, өмiрдiң 
әралуан кемшiлiктерi мен дерттерi Мархабат Байғұтовтың өз қаламынан тыс 
қалған емес. Оның «Интернаттың баласы», «Нәуiрзек», «Дауыстың түсi»,
«Қорғансыз жүрек», «Машаттағы махаббат» атты кiтаптарындағы 
дүниелерiнiң басым денi 1965
-
1995 жылдар аралығында қоғам картинасын 
мейлiнше өркем, мейлiнше шыншыл жеткiзген, суреттеген қомақты да кесек 
туындылар болып табылады. 
«Дауыстың түсi», «Айып», «Жалбыздының жағасында», «Доланай 
шахтасы», «Ақ орамалды қыз», «Жанымайдың жотасы», «Машина мәселесi», 
«Кандидат» және тағы басқа әңгiмелерiнде соцреализмнiң эстетикасынан әлi 
де қол үзе қоймағанмен, әсiресе әлеуметтiк колта 

өмiрге шындыққа 
мейлiнше сыншыл қарау, шыншыл қарау, көркемдiк шифрлардың мол 
байлығын жемiстi пайдалану, дiттеген мақсатқа шырғалаңсыз шынайы жету 


68 
жүзеге асқан. Ысылған машықтың кәнiгi суреткерлiкке батыл қол артқан 
нышаны ерекше сүйсiнтедi. 
Мәселен, бiр ғана мысал «Дауыстың түсi» әңгiмесiнiң әлеуметтiк
-
рухани аясы белгiлi бiр кезеңде белгiлi бiр адамдардың азып
-
тозуға 
ұшырайтынын әдемi суреттейдi. Қара бастың ғана құлы болу, қара бастың 
ғана артықшылығын көздеу, қара бастың ғана мансабын биiктете түсу бүкiл 
жұлын
-
жүйкеңдi, жан дүниеңдi, жүрегiңдi өрмекшiнiң торындай торлап 
алғанда көзi сау бола тұра айналаны, ешкiмдi көрмейтiн басыр болу оп
-
оңай
-
ақ екен. Еңсебектiң трагедиясы мiне, осындай трагедия. есмақан мен Еңсебек 
екеуi дос. Бұл 
– 
Есмахан пiкiрi, шыны. Арада жылдар өттi. Есмаханның 
қызметi өрлей түстi. Бiрақ ол өзгерген жоқ…
«Дауыстың түсi» атты әңгiменiң көркемдiк қуаты да, көркемдiк мазмұны 
да опындырмайтын iс
-
әрекетке жетелейтiн мақсатшыл нысананы 
мегзейтiндiгiнде деп қараған жөн. 
Мархабат Байғұтовтың сындарлы да сыпа суреткерлiгiн, әсiресе, 
мәңгiлiк махаббат құдiретiне 
– 
Квант генераторына, мәңгiлiк тiршiлiк 
талқысына 

Тағдырлар геммасына құрылатын шығармалары тым 
жоталандырып, тым асқақтатып көрсетедi. Бұған оның «Патефон» 
повесiндегi 
– 
Есқали мен Камиланың, Айсұлу мен Есқалидың, «Дос пейiлi» 
повесiндегi 
– 
Иван мен Марияның, Наурыз бен Назипаның, Сұлтан мен 
Талшынның, «Ақ шымылдық» повесiндегi Бағдат пен Зылиханың, 
«Машаттағы махаббат» повесiндегi 
– 
Санжар мен Саяның мөлдiр 
махаббаттары поэзиядағы прозалық пен қамтудың, прозадағы тұтастықты 
поэзиялық ырғақпен суреттеудiң өзара кемел қабысып, өзара ажырамас 
тұтастыққа айналып кеткендiгiнiң толық көрiнiсi дер едiк. 
Қазіргі қазақ әңгімесінің ең таланты шебері
– 
Оралхан
Бөкеев еді. 
Алдымен Оралханның суреткерлік даралығы сол
– 
ол
өмірдің әлдебір әсерлі 
деталын, жүрегіңді шымырлатар құбылысын дәл байқап, оқырманның 
алдына жайып салады. Қалада
оқып ғылым жолын қуған қыздың алыстағы 
ауылдағы механизатор жігітке ғашық болуы (Аспирант қыздың тракторшы 
жігіті) бәлкім таңдандыра қоймас, бірақ Қалқаштың шынайы ғашық сезіміне 
иланамыз. Ол қаза тапқан жігітінің арманын да, суреттегі бет
-
бейнесін де 
өмір бойы аялап өтетініне еш күмән туғызбайды.
Осындай жайдан туындап жататын тағы бір ерекшелігі
-
Оралхан 
әңгімелерінің нәзік лиризмге толы болып келетіндігі. Әсіресе, «Ауыл 
хикаялары» цикліндегі новеллалары мұның айқын дәлелі. Айталық 
«Апамның астауы» әңгімесінде тумаған баланың анаға, ананың балаға деген 
үлкен жүректі махаббатын келістіре суреттеумен бірге сол әженің он 
саусағынан өнері тамғанын көрсету арқылы да ұлттық этнографияға қатысты 
салихалы ой толғайды.
Тағы бір айта кететін жай
-
автордың шығармалары өлеңмен жазылғанда 
жеңіл оқылады, соның өзінде орынсыз асып
-
төгілу жоқ, салмақтылығымен, 
ойлылығымен қымбат.
Мұның бәрі сайып келгенде, шағын келгенде, шағын болса да қойылар 
міндеті үлкен жанрдың тақырыптық, стильдік тұрғыдан жетіле түскенін 


69 
аңғартады. Жанрдың үлкен
-
кішісіне қарамастан, әдебиетке жүктелер 
міндеттің әрдайым ауыр да абыройлы екені баршаға мәлім.
Бұл тұрғыда әңгіме ұшқыр да ұтымды, белсенді жанр. Мұның өзіндік 
проблемалары, шешімін күткен мәселелері көп
-
ақ. Әдебиеттен бүгінгі күннің
көкейтесті мәселелерін көтере алатын, өмірдегі сан алуан сауалдар мен 
оқиғалар төңірегінде тебірене толғанатын терең сезімді, парасатты 
қаһармандарды іздейміз. Ал, қазіргі қазақ әңгімелерінен де күтеріміз осындай 
алдыңғы қатарлы замандасымыздың толыққанды
тұлғасы, бедерлі бейнесі 
болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет