79
мемлекет және қоғам қайраткерi, ғалым
-
ағартушы, тұңғыш кәсiби дипломат
өмiрiнiң түрлi бұралаңды кезеңiн Жан
-
жақты сөз етедi.
Ал Төлен Қаупынбаевтың «Қыран тағдыр» атты «Жарық жұлдыз туралы
жырына» ғалым Шоқан Уәлихановтың Жетiсу өңiрiндегi iзденiстерi
ұшырасып, араласқан адамдардың өмiрi әңгiме арқауына айналған.
Жазушының п iзденгенi көрiнiп тұр.
Сондай
-
ақ, Серiк Әбдiрайымұлының «Бес мүшел белесiнде» атты
шығармасы арнайы сөз етудi қажет ететiн салмақты кiтаптың бiрi.
Жоғарыда деректi прозаға деген талап мүлде өзгергендiгiн ескердiк. Бұл
шарт әсiресе, алдымен тарихи танымға өзiнiң тереңдiгiмен ықпал ете алатын ,
сол арқылы қоғамның дамуына себi тиетiн философиялық категория
негiзiнде ұлттық тәуелсiздiктiң қамын жейтiн ерекше мәндегi шығармаға ғана
тән талап. Ондай шығарма әп дегеннен қалың бұқараға түсiнiктi бола да
қоймас, тiптi оны кез келген оқушының оқып, пайдаға жаратуы да екiталай
шығар, бiрақ ұлттың өзiн зиялы санайтын кез келген кiсiсi ондай шығарманы
бiр емес, бiрнеше қайтара оқуы мiндеттi.
Достарыңызбен бөлісу: