112
Көркем әдеби шығармалардағы эстетикалық қабылдауды шығарманың мазмұн
-
идеясын, көркемдiк қасиетiн тану, сезiну деп түсiнсе болады. Эстетикалық қабылдаудың
маңызды ерекшелiгi
-
оның адамның сезiм күйiн, әсерленуiн туғызуында. Сезiм күйi,
әсерлену болмаса эстетикалық қабылдау да болмайды. Студенттер көркем шығарманы
бiлiп, танып, оқып қана қоймай, оқу не тыңдау үстiнде ондағы кейiпкерлердiң тағдырымен
ойша ортақтасатындай, оның тағдыр
-
талабын бастан кешiсiп, онымен бiрге қайғырып,
бiрге жылап, толқып, бiрге қуанатындай күйге келсiн.
Мiне, сонда ғана көркем шығарманың шын бағасы танылады, әрi шын мәнiндегi
эстетикалық қабылдау туады.
Эстетикалық қабылдау эстетикалық сезiммен тiкелей байланысты. Эстетикалық
сезiм деп көркемдiк сұлулық әлемiн сезiм күйi арқылы қабылдап, өзгеше әсер, ләззат алу
деп таниды. Өнер, оның iшiнде көркем әдеби шығарма эстетикалық сезiм күйiн тудыру
арқылы адамдардың жан сарайын байытады, олардың рухани және идеялық жағынан
өсуiне пәрмендi ықпал етедi. Бiздiң көркем шығарманың қандай түрiн болмасын талдауға,
түсiнуге, тануға селқос қарай алмайтынымыз да
осыдан.
Көркем шығарманы эмоциялық қабылдаудан соң, соның заңды нәтижесi ретiнде
студенттерде эстетикалық пiкiр мен баға пайда болады. Студенттердiң көркем шығармаға
деген пiкiрi мен бағасы неғұрлым терең, әрi мазмұнды болу үшiн оларды шығарманың
сапасын, көркемдiгiн танып бiлуге, түсiне бiлуге тәрбиелеу қажет. Эстетикалық тәрбиенiң
мұрат
-
мақсаты да сонда.
Белгiлi мақсатты көздей дамытылған эстетикалық пiкiр мен баға
–
студенттердiң
көркемдiк талғамын қалыптастырады, ұштайды. Қалыптасқан көркемдiк талғам шын
-
шынайы көркемдiк пен жабайы, жасанды көркемдiктен ажырата алады. Адам жанының
сұлулығы, нәзiктiлiгi көркемдiк талғам күшiнiң жетiлгенi осыдан аңғарылып сезiледi.
Мәнерлеп оқудың екi түрi бар. Бiрi
–
дауыстап мәнерлеп оқу, екiншiсi, iштен оқу.
Дауыстап оқу барысында студент әр сөздi, әр сөйлемдi саналы түсiнiп оқуға дағдыланады,
мәтiндегi оқығанын көру және есту арқылы жадында ұзақ уақыт сақтауға бейiмделедi,
оқығанын дұрыс айтып беруге жаттығады.
Мәтiндi iштен оқудың да практикалық мәнi күштi. Өйткенi iштен оқу арқылы
аудиторияда және үйде бiрнеше тапсырмалар орындалады. Мәселен, аудиторияда өтiлiп
отырған теориялық материалдарды iштен тыңдау нәтижесiнде мазмұнын ұғады және оны
жете түсiнедi. Сонымен бiрге өтiлген тақырыпты оқулықтан iштен оқу арқылы дұрыс
түсiнедi.
Сөз, оның мағынасы дыбысталу (естiлу бейнесi) арқылы жанданады. Қандай сөздi
болсын терең мағына, мән берiп, белгiлi мазмұнда айрықша мәнермен айтуға болады.
Соның бiр көрiнiсi студенттерге өлеңдi жатқа айтқызу, баяндама жасату, кездесу
кештерiнде ақын
-
жазушыларға өздерiнiң шығармаларын оқытып тыңдату, театр, радио,
кино, теледидар арқылы артистердiң, көркем сөз шеберлерiнiң, дикторлардың оқуына зер
салып, қадағалап отыруға әдеттендiру
-
бұлардың бәрi студенттердiң сөз мәнерiн,
сөйлеу
тiлiн жетiлдiре түсетiн факторлар болып табылады.
Мәнерлеп оқу дауысты жай ғана құбылту емес, мәтiннiң идеялық мазмұнын сапалы
меңгеруден туған дыбыс үйлесiмi мен мағыналық екпiн, дауыстың әсерi, мәндi ырғағы.
Мәтiндi алдымен мұғалiм өзi оқиды, студенттiң iшiнен оқуына, шығарма мазмұнын,
идеясын, негiзгi бөлiмдерiн анғартуға мүмкiндiк бередi, содан кейiн оны мазмұндап
айтқызады. Осындай жұмыстардан соң ¬ана студенттерге мәнерлеп оқудың сыр
-
сипаты
мен техникасы туралы түсiнiк берiлiп, жаттығу жұмыстары жүргiзiледi.
Мәнерлеп оқу әдебиеттiк оқу сабағының үлесi. Оны студенттердiң қазақ тiлi мен
әдебиетiнен алған бiлiмдерiн ұштастыра жүргiзген дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: