Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет49/85
Дата13.10.2024
өлшемі1,27 Mb.
#147956
түріУчебное пособие
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85
 
Сұрақтар мен тапсырмалар:
 
 
Бүгінгі күнде қазақ әдебиетінің әлем деңгейіндегі орны жайлы.
 
Қазақ әдебиетi және модернизм
 
Жоспар
 
1.Постмодернизм туралы түсінік
2. Постмодернистік шығармалардың ерекшелігі 


106 
3. Постмодернизм үлгісіндегі қазақ туындылары
 
Тірек түсінік:
Қазіргі әлем әдебиетіндегі негізгі әдеби үрдіс 
постмодернистік деп аталады. Модернизм XX ғасырдың басында 
қалыптасқан. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін модернистік бағыт 
«ревизиялауға» ұшырап, соның әсерінен заман талабына сай жаңа әдеби
-
мәдени, философиялық, эстетикалық жаңа ағым пайда болды.
 
Постмодернизм 
– 
көп мағыналылықты ішіне қамтыған және әрқашанда 
өзгеріске бейім тұратын, құбылмалы тіршілікті бейнелеу түрінің жаңаша 
тәсілі. Бұл ағымның тарихи контекстік және жалпы халықтық, ұлттық 
түрлері де болуы мүмкін. Постмодернизмді белгілі бір шартқа жүйелендіру 
қиын, бұл әлемдік мәдениеттегі тарихи, көркемдік бейнелеу жүйесінің осы 
заманға сай бейнелеу формасы. Әр түрлі ұлттар әдебиеті мен мәдениетінде 
өзінің көрінісін тапқанымен, ғаламдық деңгейдегі өзіне ғана тән қағидалары 
мен көркемдік шарттары бар. 
Бұл 
әдеби 
ағым 
өзінің 
бастауын 
конструктивизм 
мен 
деканструктивизмнен алған. Оның өзіне тән сөздері мен терминдері бар.
Постмодернистер әлемді адам санасына бағынбайтын «хаос», 
маңайымыздағы әлем тек мәтіндерден ғана тұрады деп есептейді. Бұны 
– 
«дискустық мәтіндер» деп атайды. 
Постмодернизм белгілі бір тарихи кезеңді немесе шектеулі нәрселерді 
ғана сипаттайды. Бұл көркем мәтіндердің авторы болуы да мүмкін, болмауы 
да ықтимал. Сол мәтіндерді жазып отырған адам «мен» деп жазбайды, 
жазушы маска киіп жазуы (авторская маска) мүмкін. Өзінің кейіпкерін 
мазаққа, күлкіге ұшыратып, өзі сырттан аңдушы ретінде қадағалайды және 
өздерінің кейіпкерлеріне әсте жаны ашымайды. 
Постмодернистердің туындыларында астыртын ойы (двойной код) 
маңызға ие. Қазіргі көркем мәтіннің негізгі шарттарының бірі 
– 
постструктурализмге тіреледі (породиный модус повествования). Автор 
кейіпкерін шығарманың жеке меншігі деп емес, кейіпкердің санасы тек 
көркем мәтінде ғана деп ойлайды. Мәтін таусылған тұста кейіпкердің санасы 
бітті деп қарау басым. Ал ары қарай не болатынына автор жауап бермейді. 
Постмодернизмнің келесі бір түсінігі 
– 
интертесктуалдылық 
(интертекстуальность). Мәселен, Абай, Қасым Аманжолов, Мағжан 
Жұмабаев немесе жыраулар толғауларындағы оқырманның есінде қалған бір 
шумақ өлеңдерін кейіпкерлердің аузына салып береді. А.П.Чеховтың 
«Вишнёвый сад» шығармасындағы кейіпкерді Акунин өз туындыларында 
сауық
-
сайран орындарында жүрген адамдар ретінде сипаттайтыны 
– 
соның 
дәлелі. Ресейдің сыншылары бұны: «Чеховты сыйламау» деп бағалап жүр. 
Немесе бүгінгі жазылған романда Толстойдың «Анна Каренина» 
шығармасындағы сюжеттер қайталанып жүрсе, бұған таңқалудың қажеті 
жоқ. Олардың негізгі қағидасы: «Өзіне дейінгі әдебиетті сынға алу, қазіргі 
әдеби процесті жаңа өмірге бейімдеу». 
Бұл ағымдардың белді өкілдері Хассан, Джеймсон, Лоч, Батлер, Факкем, 
Дан. Батыс европалық постмодернистер: «Бүгінгі күнге
дейін жазылып 


107 
келген классикалық үлгідегі әлем әдебиетінің таңдаулы өкілдерінің 
дүниелері адам санасына жеткіліксіз, осы дүниелер біздің көркемдік 
түсінігімізге қажет емес. Автордың жазғаны қысқа әрі нақты болуы қажет. 
Классиктер кезінде оқылды, бірақ олар жаңа заман ағымында өмір кешіп 
жатқан біз үшін (авторитет) бола алмайды және оларды сынау 
– 
түбегейлі 
жоққа шығару емес» деп есептейді. Бұны «тұлғалардың тоқырауы» деп те 
атайды. 
Постмодернизмнің келесі бір шарты дискреттілік және фрагментальдық 
(дискретность и фрагментность). Мысалы, кейіпкер бір нәрсені ойлап 
отырып, көңілі басқа бір дүниеге ауып кетеді. Дәлізге шығып келеді де, үйіне 
кірген соң қайтадан әуелгі ой ағымына беріледі. 
Постмодернизм 
– 
қазіргі зымырап бара жатқан заманның көркем жүйесі. 
Мәтіндегі фрагменттік дегеніміз, қарапайым айтқанда, бір талды төртке бөліп 
бейнелеу. Талдың өзін, тамыры, топырағы, жапырағына бөліп қарастыру. Бұл 
ағымның бізге дейінгі классикалық әдебиеттен негізгі айырмашылықтары 
осындай. 
Постмодернизмнің 
теориялық 
түсініктерін 
АҚШ
-
тың 
Йел 
университетінің әдебиеттанушы мамандары қалыптастырған. Мәселен; 
ренессанс дәуірінде «адам ғаламның ортасы (центр вселенной) адамның 
қолынан келмейтін нәрсе жоқ» деп пайымдаса, қазіргі кезде 
постмодернистер: «адам ғаламның кішкентай ғана бөлшегі, элементі. 
Сондықтан да адамның санасы ғаламды тануға жеткіліксіз» деп түсіндіріледі. 
Қазіргі постмодернистердің кейіпкерлері дискустық, санасы шектеулі 
шеңберден шыға алмайтын адам ретінде сипатталуда. Ағым өкілдерінің 
шығармаларын оқып отырсаң кейіпкерлері қырықаяқ, космостан келген 
гумонойд ретінде өмір сүреді. Құдайға шүкір, қазіргі қазақ әдебиетінде ондай 
кейіпкерлер жоқ. Мысалы; Асылан Жақсылықовтың «Сын окаянных» деген 
төрт томдық шығармалары бар. Кейіпкер жасадам ба, кәрі адам ба

түсініксіз. 
Ол кейіпкер өзімен
-
өзі тіршілік етіп жатады. Өз ойларымен өзі алысып, 
сандырақтап жүреді. Бір жерге кіреді, бір жерден шығады. Арман
-
аңсары, 
сезімі жоқ. Әйтеуір тіршіліктің адамы, пенде. Біздің қазаққа ортаның ондай 
романдарды қабылдай қоймасы анық.
Оның себебі, біріншіден, қазақ 
оқырманы оған дайын емес, екіншіден 
– 
біз классикалық әдебиетпен 
тәрбиеленбегенбіз. 
А.Байтұрсынов 
айтпақшы: 
«Біз 
әдебиетімізде 
жыраулардан келе жатқан асыл сөздің» мағынасы болуы қажет. Қазақ бос 
сөзді ешқашан айтпаған. Әдебиетіміздегі қисса
-
дастандарда, батырлар 
жырында, қиял
-
ғажайып ертегілерінде үлкен ғибратты ойлар бар. Біз 
мәдениеттанушы, әдебиеттанушы ретінде талдап, ерекшеліктерін көрсетіп 
береміз. Қазір оқырманның құлаш
-
құлаш томдарды оқып отыруға уақыты 
жоқ. Жас жазушылар қысқа жазуға машықтануы қажет, бірақ, мағынасыз, 
құдайсыз әдебиеттен қашып, өзінің түпкі идеясын көрсете білуі керек. 
Постмодернистік үлгіні алғанымен де бос сөзге ұрынып қалмағаны дұрыс. 
Жас жазушыларымыз шетелден үйренейік деп мақсатты түрде жазып
отырған жоқ, заман талабы сондай. Біздің жастарымыз 10 ғасырлық асыл 
поэзиямыздың асылын теріп алса, өздеріне керегін алып отырса, құба
-
құп. 


108 
Бүгінгі жастар шығармаларындағы стилистиканы осыдан 10 жыл бұрын 
жорыққа шыққан әдеби зерттеулер мен өлшей алмайсың. Жаңа ағымдағы 
жазушыны зерттейтін жаңа зерттеуші дүниеге келуі шарт. Маған: «Дидар 
Амантайдың кейіпкерлері дұрыс сөйлемейді» деп жатады. Нег ол кейіпкер 
дұрыс сөйлеу керек. Егер сол кейіпкер әдеби тілмен сөйлесе, бұл нанымсыз 
болады ғой. Қазіргі қазақ қоғамындағы кейіпкер бүгінгі тілмен сөйлеуі шарт. 
Қалай болғанымен де әдебиетімізде жақсы құбылыстар орын алып жатыр. 
Тұрсынжан Шапайдың «Қазақтың жаны» атты кітабы постмодернистік 
ағымның талаптарына сай келеді. Бұл кітапта тек қана автордың емес, өзінің
замандастарының мысқылы да бар. 
Қазақ әдебиетіндегі постмодернизм ағымының бастауы 
– 
Тұрсынжан 
Шапай. Оның әңгімелерін уақыты тапшы оқырманға оқып беруге де 
ыңғайлы. Одан кейін осы ағымға бейімделген шоғырлы топ деп мына 
авторларды атауға болады: Жүсіпбек Қорғасбек, Гүлзат Шойбек, Дидар 
Амантай, Асылан Жақсылықов, Нұрғали Ораз, Мадина Оралова, Мәди 
Алжанбай, Мақсат Мәлік т.б. Мысалы: Нұрғали Ораздың кейіпкерлері 
әлемдік мәдениетті меңгерген парасатты адам ретінде сипатталады. 
М.Мағауиннің «Қыпшақ аруы» шығармасы 
– 
осы ағымның сарынымен 
жазылған туынды. М.Мағауин бұрынғы классикалық әдебиетті қорытып, 
мақсатты түрде осылай жазуға бекіген. Ал, Тұрсынжан шапай алдына ондай 
белгілі бір мақсат қоймай 
– 
заман сұранысына сай көркем бейнелеу тәсілі 
мен түрін тапқан. Сонымен қатар, Тынымбай Нұрмағамбетовтың жарық 
көрген соңғы дүниелері де осы ағым үлгісінде жазылып жүр. Бұл да көңіл 
қуантарлық нәрсе. 
Постмодернистерде өз қоғамына көңілі толмаушылық жиі кездеседі. Жас 
қаламгерлер шығармаларынан осы дүниенің іздері байқалады. 
Батыс европа постмодернистерінің шығыстық үлгіде жазылған 
жазушылар шығармалары мойындалмай жатқан себебі, олар тудырған 
әдебиетте құдай жоқ, ал ондай шығармалар бір күні оқырманды таң 
қалдырса, екінші күні ұмыт болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет