20
ақырғы нәтижесiн түйсiне бiлгендiктен, оқырман ойынан оқ бойы озық
тұратыны аңғарылады. Ассоциациялық деңгейдi ойлау, әлемдi тұтастықта
қабылдау, сергек сезiмталдық астаса келiп, ақынынң көркемдiк әлемiн
биiктете түседi. Жоғарыда үзiндiсi келтiрiлген өлеңдi автор әдеттегiдей
тосын да заңды шешiммен аяқтайды:
«Сен кiмсiң?»-дейдi
сұрйды Ар
Тазының әлсiз үнiмен
Кеудемдi менiң бiр ойлар
Шығады тырнап түнiмен…
Ақынның әлбiр өлеңiне терең астарлылық тән. Ой мен сезiмдi қатар
ұстап, заман тынысын, Адам болмысын жүрегiмен сезiнетiн шығармашылық
иесi үшiн басқаша болуы де емес. Есенғали ақынның ерекшелiгi
-
астарының
өзi алғаусыз келетiнiнде:
Уай, қайдан бiлейiн,
қинай бердiң менi үдай,
Оты селдiр болса да,
Ссоры қалың өңiр-ай…
Орынсыз күрделiк, жылтырақ жасандылық Есенғали поэзиясына мүлде
жат. Керiсiнше қарапайым, таза, табиғи қисын келедi ақын өлеңдерiнде:
…Күз келдi деп немене.
Қурай акету керек пе?
…Жынды көбелек дейдi оны.
Достарыңызбен бөлісу: