25
бибi» поэмасын бiр ғана қырынан
–
көне түркiлiк әдеби жәдiгерлiктермен
сабақтастығы тұрмысынан ғана талдап
–
таразылауға мүдделi ғылыми
жұмыста белгiлi бiр дәрежеде шектеушiлiктiң де болуы заңды.
Әдеби туындыны талдаудың сыртқы композиция элементтерiн
саралаудан басталуы орынды. Жанрын өз тарапынан «поэма» деп белгiлеген
иуындысына автор «Ғайша бибi» де пат қойыпты. Аты аңызға айналған
ғашықтар пiрiнiң ел жадында да, тарих деректерiнде де «Айша бибi»
есiмiмен сақталғаны белгiлi. Автор түбiрi араптық «Айша» есiмiн ұлттық
ұғымға жақындатып, қазақы дыбыстау жүйесiне бейiмдеп, «Ғайша бибi» етiп
алған секiлдi. Ертеректегi қазақ әйелдерiнде тазка түбiрлiк күйiндегi «Айша»
есiмiнен гөрi «Қайша», «Ғайша» деген аттар жиiрек кездесiп отырған. Әрi
«
Ғайша» есiмiнiң дыбысталуының өзiнде поэтикалық реңк бар. Бұған
әдебиетiмiздегi «Ғайша» есiмiмен сомдалған аяулы жарлар бейнесi
(С.Көбеев, М.Шаханов шығармашылығын еске алыңыз) арқылы қалыптасқан
ассоциацияның да әсер ететiнi анық. Екiншi жағынан, көркем шығармадағы
оқиғалар тарихы дәуiр шындығын қаз қалпында бейнелеуi шарт
болмағандықтан, автордың Айша бибi есiмiн көркемдiк шешiм ретiнде
өзгертiп алу мүмкiн. Қай тұрғыдан келгенде де ақынның ел құлағына сiңiстi
есiмнiң дағдылы қолданылысына мақсатты өзгерту енгiзiп отырғаны айқын.
Поэма эпиграфы ретiнде алынған «Дiлiм
-
қанағат, дiнiм
–
табиғат»
деген ой
-
түйiндi «Түркi мақалы» деп көрсетедi автор. Көне түркiлiк
дүниетаным ерекшелiктерiн саралай отырып, автор шығарманың айтар ойын
осындай қалыпқа құйып берудi жөн көрген секiлдi. Өйткенi, «Дiлiм
-
қанағат» ұғымы түркiлердiң түп санасына әзелден ұялағанымен, «Дiлiм
–
табиғат» тұжырымы тарихи
-
әдеби мұраларда осы таза күйiнде кездесе
қоймаса керек. Байырғы бабаларымыз тұтынған Тәңiрлiк дiннiң табиғатпен
етене жақын екендiгi даусыз, дегенмен жоғарыда келтiрiлген ой қалыбы, сөз
саптау мәнерi бүгiнгi шығармашылық сананың жемiсiне көбiрек келiңкiрейдi.
Поэманың кiрiспе бөлiмiн ақын «Тiзгiн қағар» деп атапты. Автордың бұл
ретте көнеден жеткен, ұлттық уыз дарыған ұғымдарға ұйып отырғаны
аңғарылады. «Мақал бар: «Түбiм
–
түркi, түлiгiм жылқы», Ал тарттық сол
түркiден көштi берi» деп, шығармада
баяндалатын оқиғаның қай кезеңнен
бастау аларын ақын «тiзгiн қағарда» аңдатады. Дегенмен, «Ғайша бибi»
поэмасының сюжетi
-
қағанат тарихының көркем көшiрмесi емес, сол дәуiрге
тән атрибуттарды негiзге ала отырып, шартты уақыт пен шартты кеңiстiкте
ұйымдастырылған оқиғалардың
-
ақынның көркемдiк қиялы мен
шығармашылық iзденiстерiнiң жемiсi. Уақыт аралығы ұзаған сайын тарихи
дәуiрдiң табиғи бейнесiн тап басып танытудың қиындай беретiнi белгiлi.
«Түркi кiм? Бiзге дерек жетпедi нақ» Дей отырып, ақын суреттеген
айбыны
асып, байлығы тасыған қанағаттың басынан құс ұшпаған, атағынан ат
үрiккен дүбiрлi дәуренi өз кезеңiне лайық бояу
-
нақышымен
өрнектелгендiктен, көркем шындық көрiнiсi ретiнде көңiлге бiрден ұялайды:
Достарыңызбен бөлісу: