129
Жасымда ғылым бар деп ескермедiм,
Пайдасын көре тұра тексермедiм.
Ержеткен соң түспедi уысыма,
Қолымды мерзiмiнен кеш сермедiм.
Бұл махрұм қалмағыма кiм жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едiм?
Адамның бiр қызығы
–
бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедiм.
Баламды медресеге бiл деп бердiм,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедiм.
Өзiм де басқа шауып, төске өрледiм,
Қазаққа қара сөзге дес бермедiм.
Еңбегiңдi бiлерлiк еш адам жоқ,
Түбiнде тыныш жүргендi терiс көрмедiм.
Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба, Жамандық көрсең нәфрәтлi
Орын таппай баптанба, Суытып көңiл тыйсаңыз.
құмарланып шаттанба, Жақсылық көрсең ғибратлi,
Ойнап босқа күлуге. Оны ойға жисаңыз.
Бес нәрседен қашық бол, Ғылым болмай немене,
Бес нәрсеге асық бол, Балалықты қисаңыз?
Адам болам десеңiз. Болмасаң да ұқсап бақ,
Тiлеуiң, өмiрiң алдыңда Бiр ғалымды көрсеңiз.
Оған қайғы жесеңiз. Ондай болмақ қайда деп,
Өсек, өтiрiк, мақтаншақ, Айтпа ғылым сүйсеңiз.
Ерiншек, бекер мал шашпақ
–
Сiзге ғылым кiм берер?
Бес дұшпаның, бiлсеңiз. Жанбай жатып сөнсеңiз?
Талап, еңбек, терең ой, Дүние де
–
өзi, мал да
–
өзi,
қанағат, рақым ойлап қой
–
Ғылымға көңiл бөлсеңiз.
Бес асыл iс көнсеңiз. Бiлгендердiң сөзiне,
Махаббатпен ерсеңiз…
Достарыңызбен бөлісу: