Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева


Жiгiттер, ойын арзан, күлкi қымбат



Pdf көрінісі
бет64/85
Дата13.10.2024
өлшемі1,27 Mb.
#147956
түріУчебное пособие
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   85
Жiгiттер, ойын арзан, күлкi қымбат
 
Жiгiттер, ойын арзан, күлкi қымбат,
Екi түрлi нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтiн, шын күлерлiк
Ер табылса жарайды, қылса сұхбат.
Кейбiреу тыңдар үйден шыққанынша,
Кейбiреу қояр көңiл ұққанынша.
Сөз мәнiсiн бiлерлiк кейбiреу бар,
Абайлар әрбiр сөздi өз халынша.
Шын көңiлмен сүйсе екен, кiмдi сЇйсе,
Бiр сөзiмен тұрса екен, жанса
-
күйсе.
Қырмызы қызыл жiбек бозбалалар,
Оңғақ пұлдай былғайды, бiр дым тисе.
Керек iс бозбалаға талаптылық,
Әр түрлi өнер, мiнез, жақсы қылық.
Кейбiр жiгiт жүредi мақтан күйлеп,
Сыртқа пысық келедi, көзге сынық.
Кемдi күн қызық дәурен тату өткiз,
Жетпесе, бiрiңдiкiн бiрiң жеткiз!
Күншiлдiксiз тату бол шын көңiлмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткiз!
Бiр жерде бiрге жүрсең басың қосып,
Бiрiңнiң бiрiң сөйле сөзiң тосып.
Бiрiңдi бiрiң ғиззәт, құрмет етiс,
Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып.
Жолдастық, сұхбаттастық 
– 
бiр үлкен iс,
Оның қадiрiн жетесiз адам бiлмес.
Сүйiктi ер бiлген сырын сыртқа жаймас,
Артыңнан бiр ауыз сөз айтып күмес.
Күйлеме жiгiтпiн деп үнемi ойнас,


132 
Салынсаң, салдуарлық қадiр қоймас.
Ер жiгiт таңдап тауып, еппен жүрсiн,
Төбетке өлекшенiң бәр бiр бас.
Бiреудi көркi бар деп жақсы көрме,
Лапылдақ көрсеқызар нәпсiге ерме!
Әйел жақсы болмайды көркiменен,
Мiнезiне көз жетпей, көңiл берме!
Көп жүрмес жеңiске қойлық, әл
-
ақ тозар,
Жаңғырар, жеңiске құмар, жатқа қозар.
Күнде көрген бiр беттен көңiл қайтар,
Қылт еткiзбес қылықты тамыршы озар.
Толқынын жүрегiңнiң хаттай таныр,
Бүлк еткiзбес қалайша соқса тамыр.
Жар көңiлiне бiр жанын пида қылып,
Бiлместiгiң бар болса, қылар сабыр.
Шу дегенде көрiнер сұлу артық,
Көбi көпшiл келедi ондай қаншық.
Бетiм барда бетiме кiм шыдар деп,
Кiм паңдау келедi, кiм тантық.
Ақыл керек, ес керек, мiнез керек,
Ер ұялар iс қылмас қатын зерек.
Салақ, олақ, айнасшы, керiм
-
кербез,
Жыртаң
-
тыртаң қызылдан шығады ерек.
Қатыны сенi сүйсе, сен де оны сүй,
Қоржаң суық келедi кей сасық ми.
Ерi ақылды, қатыны мiнездi боп,
Тату болса,
риаз үстiндегi үй.
Жоқ болса қатыныңның жат өсегi,
Болмаса мiнезiнiң еш кесегi.
Майысқан, бейне гүлдей толықсынған,
Кем емес алтын тақтан жар төсегi.
Жасаулы деп, малды деп байдан алма, 
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар
Ата
-
ананың қызынан ғапыл қалма.
Үйiңе тату құрбың келсе кiрiп,


133 
Сызданбасын қабақпен имендiрiп.
Ер сүйген кiсiнi о да сүйiп,
Қызмет қылсын көңiл таза жүрiп.
Құрбыңның тәуiр болсын өз мiнезi,
Абыройлы қалжыңмен келсiн сөзi.
Сен оған мойын бұрып сөз айтқанда,
Қатыныңда болмасын оның көзi. 
Кей құрбы бүгiн тату, ертең бату,
Тiлеу, жақындығы 
– 
бәрi сату.
Көкiрегiнде қаяу жоқ, қиянат жоқ,
Қажымас, қайта айнымас қайран тату!
Пайда деп, мал деп туар ендiгi жас,
Еңбекпен терiн сатып түзден жимас.
Мелiш сауда сықылды
күлкi сатып,
Алса қоймас, араны тағы тоймас.
Асық ұтыс сықылды алыс
-
берiс 

Тiрi жанның қылғаны бүгiн тегiс.
Бiр көйтке таласып, бiр арам қып,
Төбелескен, дауласқан жанжал
-
керiс.
Жас бала әуелi тату бола қалар,
Ата
-
анадан жақын боп, ертiп алар.
Бiрiн бiрi құшақтап шуылдасып,
Ойын тарқар кезiнде ұрыс салар.
Бiреуi жылап барса үйге таман,
Ата
-
анасы бұрқылдар онан жаман.
Татулығы құрысын ойыны мен,
Дәл соларға ұқсайды мына заман.
Жаман тату қазады өзiне ор,
Оған сенсең, бiр күн боларсың қор.
Ары бар, ұяты бар үлкенге сен,
Өз зордың болады ығы да зор.
Қазақтың қайсысының бар санасы?
Қылт етерде дап
-
дайын бiр жаласы.
Пысықтықтың белгiсi 
– 
арыз беру,
Жоқ тұрса бес бересi, алты аласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет