Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет77/85
Дата13.10.2024
өлшемі1,27 Mb.
#147956
түріУчебное пособие
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   85
Сұрақтар мен тапсырмалар
 
1. Драмалық шығарма дегенiмiз не және оған қандай талаптар 
қойылады?
2. «
Әпке» пъесасындағы кейiпкерлердiң сөйлеу мәнерiне, олардың 
дикциясына, ондағы кiдiрiске көңiл бөлiңдер.
3. Пъесаны рөлге бөлiп мәнерлеп оқыңдар.
МЫСАЛ ӨЛЕҢДЕРДI ОҚУ 
 
 
 
«Шегiртке мен құмырсқа»
 
Шырылдауық шегiртке
Ыршып жүрiп ән салған.
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүрiп жазды алған.
Жаздыгүнi жапырақтың
Бiрiнде тамақ, бiрiнде үй,
Жапырақ кеттi, жаз кеттi,
Күз болған соң кеттi күй.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ.
Өкiнгеннен не пайда?
Суыққа тонған, қарны ашқан
Ойын қайда, ән қайда?
Оныменен тұрмады,
Қар көрiндi, қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшидi,
Тым
-
ақ қиын iс болды.
Секiру қайда, сүрiнiп,
Қабағын қайғы жабады.
Саламда жатып дән жиған
Құмырсқаны iздеп табады.
Селкiлдеп келiп жығылды,
Аяғына бас ұра:

Қарағым, жылыт, тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра!

Мұның, жаным, сөз емес,
Жаз өтерiн бiлмеп пе ең?
Жаның үшiн еш шаруа
Ала жаздай қылмап па ең?

Мен өзiңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлi ме?
Көгалды қуып, ән салып,


158 
Өлеңнен қолым тидi ме


Қайтс
i
н, қолы тимептi,
Өлеңшi, әншi есiл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкiлде де, билей бер!

Абай Құнанбаев 
 
«Аққу, шортан Һәм шаян»
 
Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бiр күн,
Жегiлiп, тартты үшеуi дүркiн
-
дүркiн.
Тартады Аққу көкке, Шаян кейiн,
Жұлқиды суға қарай Шортан шiркiн.
Бұлардың машықаты аз болмады,
Жұмысы орнына кеп мәз болмады.
Тартса да бар күштерiн аямай
-
ақ,
Асылы, жүк орнынан қозғалмады.
Оншама ол жүк артық ауыр емес,
Құр сырттан пәлен деу де тәуiр емес.
Жүк бiрақ әлi күнге орнында тұр,
Бiрыңғай тартпаған соң бәрi тегiс.
Жiгiттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелi бiрлiк керек болсақ жолдас.
Бiрiңнiң айтқаныңа бiрiң көнбей,
Iстеген ынтымақсыз iсiң оңбас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет