Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Лирика дегенiмiз не?
2. Лирикалық шығармалар қалай оқылады?
3. Ақынның iшкi сезiмi мен көңiл
-
күйiне байланысты жазылған
шығарманың мазмұны қандай?
4. Табиғат лирикасына байланысты жазылған шығармаларды мәнерлеп
оқып, жатқа айту.
БАТЫРЛАР ЖЫРЫН ОҚУ Алпамыс батыр Ендi Алпамыс бақырып,
«Алатаулап» ұран шақырып,
Қалмаққа жалғыз тиедi.
Қойға шапқан бөрiдей
Талқандап қуып бөледi.
Алтын сапты ақберен
Деммен тартып тиедi.
Кейбiрiнiң кесiп кәлласын,
163
Кейбiреуiн тiледi.
Қалмақтар атқан қалың оқ
Жаңбырдай болып тиедi.
Етi түгiл баланың
Терiсiне кiрмедi.
Ғайып ерен қырық шiлтен
Баланы қолдап демедi.
Жанып тұрған жалындай,
Құбылып тұрған сағымдай
Шабылып Шұбар терледi,
Терлеген сайын өрледi.
Ана шетте бiр көрсе,
Мына шетте бiр көредi.
Жүрсiн бала сонымен,
Ерлердiң салған жолымен,
Ауып келген халайық,
Мұнан да хабар алайық:
Шектi деген ел едi…
Ә
дегенде, мәдейтiн
Iшiнде ерлер көп едi.
Қаншама батыр болса да,
Қалмаққа әлi келмедi.
Қорқыныш кетiп, қазақтар
Соңынан бәрi ередi.
Тышқан алған мысықтай
Тамашасын көредi.
Әр жерден сүйреп өлiгiн,
Бiр жерге бәрiн үйедi.
Май құйып отқа ерiтiп,
Жынды адамдай күледi.
Тiзеден шұбар қан кешiп,
Шалпылдап шауып жүредi.
Сол уақытта бiр қалмақ
Барды қашып ханына.
Найза тиiп көк еттен,
Өлмейтiн қылған санына,
Жер
-
жаhанды ластап,
Судай ағып қаны да,
Етпетiнен жығылды,
Ханның барып алдына:
«Ей, қараман, қараман,
Әкiм болдың жасыңнан!
Айдай әлем қараған,
Шұбар атты бiр бәле
Кептi бүгiн даладан.
164
Әскердiң бәрi қырылды
Сол келген жалғыз баладан!
Келбетiне қарадым,
Қалмайды мұнан жан аман.
Бiле алмадым мәнiсiн,
Iрi көрдiм жұмысын.
Айтайын сiзге қылысын,
Әскердiң бәрiн қырысын,
Жапырып барады жалындай,
Баланың түрi құрысын!
Шапқанын ешкiм көрмейдi,
Өлгенiн ешкiм бiлмейдi,
Сiлтегенде қылышын.
Жаралы болып санымнан,
Бiтiп
тұр менiң тынысым.
Гүлбаршынды алам деп,
Сенiң де бiтер жұмысың.
Бiлмедiм өзi қалмақ па,
қалмақ емес, қазақ па?
Егер де қазақ болмаса,
Қалмаққа келген ғазап па?!
Бұған өзiң бармасаң,
Қаласың ақыр ұятқа.
Жасырынған сайменен,
Көкалалы тайменен
Бар екен бәле
бұ жақта.
Халықтың бәрiн қырдырып,
Жатасың ба жырақта?
Сұлуды алма ойыңа,
Бермейдi сенiң қолыңа.
Жанып тұрған бiр жалын
Келiптi бүгiн сорыңа».